Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Жаңа буындық вакциналардың жалпы сипаттамасы

Вакцина

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1

2

3

Пептидтер

Жабайы пептидтерден тайырмашылығы бар эпитоптарға иммундық жауапты шектеуге болады.

Эпитоптарды шектеуге болады

Жеңіл синтезделеді, стабильді

Құрамын көбейтіп, комбинирлеуге болады.

Спецификалық эпитоптар туралы білімді қажет етеді.

МНЖ тиісті типтеріне байланысты иммуногенділігі шектеген.

Адьюванттармен бірге енгізуді қажет етеді.

Рекомбинантты ақуыздар

Гендік инженерия әдістері жақсы қамтылған

Стабильді

Трансляцияланудан кейінгі ақуыздардың модификациясы табиғи варианттарына сәйкес келмейді

Плазмидалық (жалаң) ДНҚ

Мақсаттағы бағытына конструкциялау мүмкіндігі.

Алуы жеңіл, ситабильді.

Организмге тікелей немесе арнайы жабдықпен енгізуге болады.

Гендік анитигендерді дәл білуді қажет етеді.

Тиімділігі төмен (әлсіз).

Иммундық жауаптың Th2 типіне ығысу қауіпі бар.

Вирустық векторлар

Әр түрлі антигендерді және иммунды стимулдеуші молекулалармен және циптокиндермен қосатын экспрессиялау мүмкіндігі.

Әр түрлі вирустық вениторларды пайдалану мүмкіндігі.

Кейбір вениторлар үшін жасушалық иммундық жауаптың сипаты белгілі.

Векторлық вирус антигендерінің доминанттық көрініс беруі.

Векторлық вирусқа ізашарлық иммунитент қажеттілігі.

«Тірі» векторлық вирустардың дыштылық көрініс беру қаупі.

Модифицирленген ДЖ

ДЖ-ің әртүрлі типтерін және әртүрлі жолдармен миграциялануын пайдалану.

Үлкен көлемде ДЖ-ті көбейту мүмкіндігі.

Антигендердің белгілі және сипаттамасыз бөлу мүмкіндігі.

Жетілген ДЖ-ті антигендердің әртүрлі типтерімен жүктемелеу (загрузка) мүмкіндігі.

Жасушаларды зақымдандыру қажеттілігі.

Бағасының қымбат болуы.

Антигеннің әрбір типі үшін опитимальды жағдай жасау қажеттілігі.

Толеризациялау мүмкіндігі.

Ақырғы өнімді стандарттау критериінің болмауы.

Вакцинамен алдын-алудың қауіпсіздігі.

Вакцинация кезінде қолайсыз жағдайлар пайда болуы ықтимал. Олар келесі жағдайлармен байланысты:

Вакцинаны өндірістік жағдайда дайындау кезіндегі олқылықтармен.

Вакцинаның өзімен және немесе оның микроорганизммен өзара әсерлесу ерекшеліктермен.

Вакцина егу ережесінің бұзылуымен және немесе қолдану нұсқауын орындамаумен.

Егу жүргізу кезінде қосымша (ілеспе) патологиялық процестермен қатар келуі.

Медициналық иммунды-биологтялық препараттарды- қолдану негізінде болуы мүмкін жағымсыз әсерлерді (эффекті) шартты түрде үш топқа бөледі: А-препаранттың өзінің әсерімен байланысты ;В- препаратқа әрбір жеке тұлғаның реакциясымен байланысты; С-«статистикалық» деп аталатындармен байланысты.

А-типті жағымсыз әсерлер – препараттардың өзінің нағз қолайсыз (жанама) әсер етуі. Олар дозаға байланысты, біраз уақыттан кейін пайда болады, сондықтан клиникалық сынақтау кезінде анықталмайды.В-типті жағымсыз әсер ету (пациенттің жеке басына тән реакция) әдетте кенеттен басталып, жылдам және ауыр түрде өтеді. Оған нағыз және жалған аллергиялық реакциялар жатады.С-типті жағымсыз реакциялар-ол «статистикалық эффектілер» жағымсыз жанама әсерлердің жиілігін статистикалық әдістермен бағалауды пайдаланған кезде анықталады.

Вакцина егуден кейінгі кезеңде байқалатын жанама әсерлер.

Жергілікті реакциялар:

Енгізген жерде абсцесс пайда болу(бактериалық,стерильді).

Лимфаденит(соның ішінде іріңді қабыну).

Жергілікті ауыр реакция(буыннан тыс жердің ісінуі, 3 күннен артық уақыт терінің қызаруы, ауыру байқалу,ауруханаға жатқызу қажеттілік туындауы).

ОЖЖ (ЦНС) жағынан пайда болатын жанама реакциялар:

Жедел солғын салдану (паралич): жедел солғын сал болу (алы, бәрі соның ішінде вакцинды-ассоциацияланған полиомиелит, Гейнс-Барр синдромы(бет нервінің оқшауланған салдану болуынан басқалары).

Энцефалопатия (6 сағат ішінде айқын есінен танумен қабаттасатын тырысулар және \ немесе 1 тәулік және одан да артық уақытта байқалатын мінез-құлқының өзгеруі).

Энцефалит (вакцинациядан кейін 1-4 апта уақыттан кейін пайда болған өзгерістер –энцефалопатия кезіндегідей, және жұлын сұйықтығында –пиноцитоз және немесе вирус табылуы).

Менингит.

Тырысулар (ошақтық белгілері жоқ-фибрильді және фибрильсіз).

Басқа жанама реакциялар:

Аллергиялық реакциялар(анафилактикалық естен тану,анафилаксикалық реакциялар- ларингоспазм, ангионевротикалық ісіну, есекжем,теріде бөртпе пайда болу).

Артралгиялар (персистирлеуші, транзиторлы).

Жайылмалы(генерализованная) БЦЖ – инфекция.

Дене қызбасы (жеңіл- 38,5оС–ке дейін, ауыр -40оС дейін және гипертроксия-40оС жоғары).

Коллапс(кенеттен бозару, бұлшық ет атониясы, есінен тану-1 күн ).

Ұзақ уақыт жылау (3 сағаттан астам).

Остеит/остеомиелит: БЦЖ-дан соң, 6-16 сағаттан кейін.

Токсикалық шок синдромы(бірнеше сағаттан кейін басталып 24-48 сағаттан кейін өліммен аяқталуы).

Сепсис.

Вакцинадан кейін 4 сағат ішінде байқалатын басқа жанама реакциялар (соның ішінде ешқандай себепсіз өліммен аяқталатын жағдайлар).

Диагностикалық препараттар. Иммундық жүйенің жұмысының өзгеруімен байланысты туындаған жұқпалы және жұқпалы емес аурулар кезінде, иммундық дәрежені бағалау үшін медицинада көп диагностикалық препараттар мен жүйелер табылып, тәжірибеде қолданылды. Олардың әсер етуі механизімі in vitro және in vivo сынақтары арқылы ашылған жасушалық және гуморалдық реакцияларға негізделген.

Рекциялар кешені әртүрлі және оған кіретіндері төменгідей:

спецификалық табиғи антиген, немесе рекобинантты ақузыдар, спецификалық пептидтер және моноклоналды антиденелрге негізделген антиген-антидене реакциялары;

амплификация мен молекулалық гибридизацияға негізіделген генетикалық титрлеу;

иммундыкомпетентті жасушалардың сан-сапасын анықтайтын жасушалық реакциялар;

табиғи төзімділіктің факторларын анықтау ( компелемент, интерферон, лизоцим, т.б.);

иммунитетті реттеуге қатынасатын иммундыцитокиндер мен басқа биологиялық белсенді заттарды анықтау;

тері сынамасы және реакциялар, мысалы, аллергиялық..

Реакцияларды жүргізу техникасы және оған қажетті саймандардың саны өте көп: қара-пайым пробиркадан бастап автоматталған, компьютерленген жүйелермен аяқталады.

Кейінгі уақытта биосенсорлық тест-жүйелер жемісті дамып келе жатыр. Олардың жұмыс істеу принципі - детекторлар арқылы физикалық (опалесценция, агглютинация т.б.) және химиялық (жаңа өнімдер мен қосындылардың пайда болуы) арнайы иммунды реакциялар жүрген кезде пайда болатын көрністерді тіркеу.

Аллергиялық, иммунологиялық және қатерлі ісік процестерінің, органды ауыстыру жұмыстарының диагнозын қою үшін жүздеген препараттар мен жүйелер табылып жасал-ған.

Иммунологиялық прициптерге негізделіп жасалған диагностикалық препараттардың сезімталдығы, спецификалығы және мәліметтілігі басқа сынақатарға қарағанды өте жоғары. Моноклоналдық антиденелерді, тазартылған және арнайы антигендерді қолдану аталған реакциялардың сапасын одан әрі жоғарылатты.

400