Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

12.3. Преципитациялық реакциялар

Преципитациялық реакцияПР ( лат. praecipito – тұнбаға түсіру). Реакцияның негізіне ерітілетін молекулалық антигенмен антидененің комплекс құрып преципитат деп аталатын лайлану пайда болуы жатады. Бұл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырғанда ғана құрылады. Егерде біреуінің өлшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс құрылуының мүмкіншілігі төмендейді.

Преципитациялық реакцияны пробиркада (сақиналы преципитация), қоймалжыңда (гель), қоректік орталарда тағы басқада қоюға болады (25-сызбанұсқа).. Күнделікті жағдайда преципитациялық реакцияның кең тараған түрлеріне жартылай сұйық агарда, не агароза қоймалжыңында қойылатын Оухтерлонидың қос иммундыдиффузиясы, радиалдық иммундыдиффузия, иммундық электрофорез жатады.

Сақиналы преципитациялық реакция. Реакция иммунды сарысу бар арнайы жіңішке пробиркаға ерітілетін антигенді қабаттап қосу арқылы жүргізіледі. Антиген мен антидененің капталы теңесінде екеуінің арасында сақина тәрізді күңгірт преципитат пайда болады. Антигеннің артық өлшемі реакцияның нәтижесіне ешқандай зиянды әсер етпейді. Егерде реакцияға колданылатын антиген зерттелетін заттан қайнатылып сорынды түрінде алынса, бұл жағдайда термопреципитация реакциясы деп аталынады (Асколи реакциясы).

Оухтерлони бойынша қойылатын қос иммундыдиффузиялық реакция. Реакцияны қою үшін ерітілген агар қоймалжыңын шыны пластинкасының бетіне жұқа қабыршақ ретіне кұяды. Агар қатайғаннан кейін оның бетінде диаметірі 2-3 мм мөлшерінде щүңқыр жасайды. Ол шұңқырларға жекелеп антиген мен иммундық сарысу құяды. Уақыт өткеннен кейін антигенмен антиденелер қоймалжыңға сіңіп, біріне бірі қарама-қарсы жылжыйды. Олардың теңбе-тең өлшемі кездескен жерде преципитаттың ақ түсті тілкемі пайда болады. Антигенмен антидененің сәйкес тілкемі бірімен бірі жалғастырылып қосылады, ал сәйкес болмаған жағдайда қайшыласып жатады.

Радиалдық иммундыдиффузия реакция. Иммундық сарысу қосылған агар қоймалжыңын шынының бетіне біркелкі құяды. Қоймалжың қатайғаннан кейін антиген мен антидененің әртүрлі өлшемді ерітіндісі құйылатын шұңқыр жасайды. Антиген қоймалжыңға сіңіп, антиденемен байланысып, шұнқырдың айналасын бойлайтын шеңбер тәрізді преципитат тудырады. Преципитат шеңберінің диаметірі антигеннің концетрациясына пропорционалды. Реакцияны қан сарысуындағы иммундыглобулиндердің сыныптарын, комплемент жүйесінің құрамын анықтау үшін қолданады.

Иммундық электрофорез. Электрофорез және иммундық преципитация тәсілін үйлестірген реакция. Антигендердің қосындысы агар қоймалжыңындағы шұнқұрға құйылып электрофорез арқылы жекелендіріледі. Сонан кейін электрофорездің зонасына параллельді жасалған өзектерге иммундық сарысу құяды. Иммундық сарсудағы антиденелер қоймалжыңға сіңіп антигенмен «кездескен» жерінде преципитат сызығы пайда болады (26-сызбанұсқа) .

Флоокуляциялық реакция (Рамон бойынша) ( лат. –flocus - жүннің жапалағы). Токсин+антитоксин, не анатоксин+антитоксин байланысқан кезде пайда болатын күңгірт жылтырауық, немесе жапалақ масса. Реакцияны антитоксикалық сарсудың, немесе анатоксиннің белсенділігін анықтауға колданады.

Иммундыэлектрондық микроскопта қарау тәсілі. Сәйкес иммундық сарысумен өңделген вирустарды электрондық микроскоппен қарау қолданылады. Иммунды сарысумен өңделген вирустар иммунды агрегаттарға (микропреципитаттарға) айланады. Фосфорлы-вольфрам қышқылымен, не басқа электронды-оптикалық тығыздығы бар препарттармен қарама-қарсыластырылған антиденелер вирионның айналасында гүлді тәж құрады.