Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

9.2.2.2. Иммундық жүйенің активтенілуі.

Иммундық жүйенің активтенілуі деп аллогенді факторлар (антигендер) мен макроорганизмге тінінің ыдыраған заттарына қарсы туған өнімді иммунды жауаптың дамуын атайды.

Ол күрделі, көп сатылы , ұзақ уақытқа созылатын ( 4 тәулікке жуық) процесс. Бұл уақыттың кезінде антигендерді бейспецификалық қорғаныс факторларымен заласыздандырылуының мүмкіншілігі жоқ..

Иммундық қорғаныстың осы түрін іске қосатын механизмі - Т-лимфоциттердің рецепторларының антигендерді тікелей «өзімдік не бөгде» деп ажыратуы. Антигендердің бөгделігі дәлелденген кезде иммунды жауап берудің екінші сатысы іске қосылады, яғни бөгде заттардың енуіне қарсы тұруға мүмкіншілігі жоғары қатаң спецификалығы бар лимфоцит-эффекторлардың қарқынды өсіп-өнуі басталады. Сонымен қатар, болашақ өмірдің кепілдігі, Т- және В- лимфоциттердің қоры жинала бастайды. Бұл көрніс клонның экспансиясы деп аталды. Айтылған процестен кейін иммундық лимфоциттердің реттелуі басталады.

Сонымен, иммундық жүйенің өнімді белсендірілуі иммунды жауапты жасушалар мен антигенге қарсы тұра алатын жасушалардың көбеюі және дифференциялануымен байланысты. Ал, антигендердің бұл процестердегі рөлі – жасушалардың тітіркендірушісі және клоналды сұрыптаушысы болу. Иммундық жүйенің белсендірілу механизмінің негізгі сатылары төменгідей.

Т-хелперлердің белсендірілуі. Бұл процесте міндетті түрде антиген-танушы жасушалар (АТЖ-АПК), дендритті жасушалар, В-лимфоциттер мен макрофагтар қатысады. Аталған жасушалар антигенмен кездесіп, оларды өңдеп, МНСll молекуласымен қостырып өздерінің сыртқы мембранасының үстіне шығарады. АПЖ беткейінде ко-стимулдеуші факторлар (СД40, 80, 86..) экспрессияланады. Солардың салмақты әсерінен спецификалық иммундық қабынудың алғашқы кезеңінде туындайтын сыртқы тіннің (тері, шырышты қабықша) заттары солардың күшті индукторы болып табылады. Егерде жоғарыда айтылған процестердің нәтижесінде антигеннің бөгделігі расталса, онда Т-хелперлер белсендіріліп, интерлейкиндер мен цитокиндерді шығара бастайды, одан әрі, басқа Т1-, не Т2-хелперлер түріне айналады. Айтылған процестердің қандай да болмасын сатысы өзгерсе Т-хелперлер дамуын доғартып апоптозға душар болады ( 10-сызбанұсқа).

В-лимфоциттердің белсендірілуі.

В-лимфоциттерді белсендіру үшін бірінің артынан бірі жүретін үш сигналдың қосындысы болуы қажет. Бірінші сигнал антиген молекуласынан ВЖР (В жасуша рецепторы) арқылы келеді. Алғашқы рет антигенмен байланысуы сол ВЖР арқылы өтеді. Екінші және үшінші сигналдар белсендірілген Т2-хелпермен түйіскенде туады (интерлейкиндер ИЛ-4,-5,-,т.б.;). Түйіскендіктің тыянақтылығын молекулалардың көп түрлі адгезиялық қасиеті анықтайды. Белсендірілу нақтылы спецификалық антигендерге В-лимфоциттердің көбеюін және дифференцияналуын ынталандырады. Соның нәтижесінде лимфоидтық фоликулалрда спецификалық антидене синтездейтін жасушалардың клоны пайда болады. Дифференциялану М және D сыныбындағы иммундыглобулиндерінің биосинтезделуінің үнемді А, G, Е (сирек жағдайда) сыныбына ауысуына мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде синтезделген антиденелердің аффиндылығын және В-жасушалардың иммунологиялық жауап тудырушылығын күшейтеді. В-лимфоциттерді белсендіру өте сезімтал процесс. Демеуші жасушалардың біреуінің жоқтығы антидене арқылы өтетін иммунитет жауабын тежейді. (11-сызбанұсқа)

Т- киллерлердің белсендірілуі.

Т-киллерлер бөгде заттарды, генетикалық өзгерген жасушаларды, немесе залалданған жасушаларды іздеп табу жолында организмде үнемі көшіп-қонып жүреді. Бағалау белгісі жасушаның «биологиялық паспортының» құрылысы, яғни МНС1 сыныбының кешені болып табылады.

Бақылау ісі мұқият дәлділікті қажет етеді, сондықтан Т-киллерлер табылған бөгде заттармен тығыз байланысқа түсіп қана ажырата алады. Іс атқаруда олар СД3, СД8 және МНС1 антигендік комплексімен бірлеседі. Қандай зат болмасын бөгделік қасиеті табылса сол уақыттан бастап Т-киллер белсендіріліп ИЛ2-ні арнаулы биологиялық заттарды шығаруға мәжбүр етеді (перфрин, гранизимы, гранулизин). Олар нысана-жасушаны жояды. Айтылған процестер Т-жасушалық иммундық есте қалудың қалыптасуын күшейтеді.

Т- киллер жоғарғы айтқан процестерді тек қана жеке өзі ғана атқаруы мүмкін, бірақ бұл бағыт сирек кездеседі. Көбінесе процесс барлық факторлардың бірлесіп жұмыс істеуімен атқарылады. (12-сызбанұсқа).