Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Древ лит.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

6 Тақырып

Ежелгі Қытай әдебиеті /жалғасы/

«Луньюй»

Қытай Ескілігінің орта кезеңінде осы шығарманың орны қандай еді? Осы сұраққа жауап беру әрі оңай, әрі қиын. Шығармаларды санамалы және суреттеп шығу оңай: олардың барлығы ежелден және жақсы таныс. Бірақ бұл шығармалардың қашан пайда болғанын, қалай пайда болғанын айту қиын, әдеби тұрғыдан сипаттау да оңай емес. Сонымен қатар, бұл жерде жалпы сұрақ туындайды: ол дәуірде «автор» дегеніміз бар ма еді, шығарманың туындау кезеңі дегенді біз қалай түсінеміз және жалпы әдеби шығарма сол кезеңде нені білдірді, осыған байланысты, әдебиет деген сөз сол заманда қандай мағынаны білдірді?

Ежелгі уақытта ең танымал болған, әрқайсысы өзінің табынушы ортасына – аса жоғары болған, жалпы классикалық ежелгі дәуір ұсынған – «Луньюй» және «Лао - цзы» деген екі шығарманы алайық.

Нағыз тарихи тұлға – Конфуций. Біз оның біздің дәуірімізге дейінгі 551 жылы туылғанын білеміз. Біз оның өмірінің көп бөлігін - Циде болған 517-516 жж. санамағанда – Лу патшалығында, өз елінде өткізгенін, онда бірнеше қызмет шенін атқарғанын білеміз; 497 жылдан 56 жастағы Конфуцийдің 14 жылға созылған «жаһангерлік жылдары» басталады; бұл жылдары ол сол заманның он шақты патшалықтарында болады; сөйтіп, 484 жылы, яғни, 69 жасында еліне қайтып, бес жылдан кейін, 479 жылы 74 жасында қайтыс болады. «Луньюй» -сол жаһангерлік жылдарындағы «талдау мен әңгімелесудің» нағыз өзі.

Бірақ оны кім жазды? Тек Конфуций өзі емес: шығармада ол туралы үшінші жақта айтылады және осыдан өзге белгілерге байланысты да «Луньюй» автобиографиялық жазба емес. Жазбалар шәкірттердің қолымен жазылған деп есептеледі. Кімнің қолымен? Белгісіз. Қашан? Тағы белгісіз. 400 жылдары «Луньюй» кітабы, күмәнсіз, осы немесе өзге атпен жұртқа белгілі болған.

Бұл кітапты ашқанымызда, бізде тағы да жаңа сұрақ туындайды: бұл талдаулар мен әңгімелесудің жазбалары ма не? Конфуций пікірлестеріне бір нәрсені баяндаған жоқ, олармен әңгімелесті деп қарастырған жөн. Бірақ кей жерлерде мұндай түрдегі әңгімелесулер де мәтінде кездесіп жатады (мысалы, тоғызыншы кітаптағы оның бірнеше шәкірттерімен әңгімелесуі), алайда Конфуций «Луньюйде» әңгімелеспейді, өсиет етеді: «Адам баласы өзі туралы бір нәрсені білмегендіктен қайғы жемейді; ол бір нәрсені жасай алмағандықтан қайғырады». «Шебер сөйлеу, түр-әлпеттің келісті болуында нағыз адамдық белгі аз» (I, 3). «Оқып отырып ойланбау – қараңғылық. Ойлап отырып оқымау – қауіп» (II, 15). «Айтатын кезде айтпаса - жақындарын жоғалтады. Орынсыз жерде сөйлесе - сөзді жоғалтады. Данышпан ешқашан жақындары мен сөзін жоғалтпайды» ( XV, 8 ). «Егер адам алысты ойламаса, міндетті түрде жақынды жоғалтады» ( XI, 11 ).

Диалог «Луньюйда» көп берілгенмен, көп жағдайда ол кез-келген монологтік ойдың әсерлі жетуі үшін қолданылған әдеби тәсіл.

«Цзы-гун мемлекетті басқарудың мәні неде жатады деген сұрақ қояды. Конфуций сонда: Оның мәні - астың жеткілікті болуы, қару-жарақтың жеткілікті болуы, халықтың соған сенуі. Сонда Цзы-гун: егер осы үшеуінің біреуіне қол жеткізе алмасақ, ең бірінші неден бас тарту керек? – деген сұрақ қояды. Оған Конфуций: қарудан – деп жауап береді. Цзы-гун тағы да: ал егер тағы бас тартуға тура келсе ше? - дегенде, Конфуций: астан – деп жауап береді. Өйткені, ертеде де адамдар өлген ғой, ал егер халық сенімі болмаса, онда бар нәрсенің құрығаны» ( XII, 7).

Жоқ, «Луньюй» «талқылау мен әңгімелесудің» жазбалары емес. Бұл – жасалынып, әдейі өңделген, қысқаша айтқанда, өз кейіпкері /Конфуций/ бар әдеби шығарма. Кейіпкер шығармада әдетте жан-жақтан және әр түрлі тәсілмен айқындалады. Конфуций «Луньюйде» – бәрінен бұрын, өзінің сөздерімен айқындалады: сөз арқылы оның көзқарастары, тіпті мінезі беріледі. «Ең қарапайым асты жеуге, қара суды ішуге, басыңа тек қолыңды жастанып ұйықтауға болады және нағыз қуаныш тек осы болуы мүмкін. Ал егер өзіңді дұрыс ұстамасаң, онда байлық пен атақ – тек жүзіп өткен бұлт тәрізді» (VII, 16). «Фань–чи Конфуцийдің өзіне нан өсіруді үйретуін сұрайды. Конфуций бұл сұраққа: – Бұл істі менен гөрі егінші жақсы істейді –деп жауап береді. Фань-чи шығып кеткеннен кейін Конфуций былай дейді: – Осы Фань-чи кішкентай адам сияқты! Егер патша заңды ұстанса, халық оны құрметтемей тұрмайды. Ал егер бәрі осылай болса, адамдар оған жан-жақтан балаларын арқалап өздері келеді. Оған астық өсіру туралы ойлап не керек?» (XIII, 4).

Конфуций сырт жағынан да суреттеледі: «Конфуций жұмсақ, бірақ қатал; қаһарлы бірақ дөрекі емес; ақжарқын бірақ ұстамды» (VII, 38). «Конфуций әрқашан балықты аумен емес, қарамақпен аулайтын; қонақтап отырған құсты атпай, ұшып бара жатқан құсты ататын» (VII, 36). «Конфуций өзгелермен ән салғанда, егер біреудің даусы ерекше жақсы шықса, оған міндетті түрде бөлек ән айтқызатын және тек содан кейін сол әншіге қосылатын» (VII, 32).

Оның тек қаһарманы ғана емес, сюжеті де бар, ол – қаһарманның «Жаһангерлік жылдары». Конфуций кіммен кездессе де есімдері бар, жиі–жиі мінездемелер ұшырасады, ондағы суреттеулер жасанды емес – жанды, дерексіз емес – деректі.

Бұл шығарманың өз тақырыбы да бар – конфуцийшілдік көзқарас тұрғысынан, қоғамдық қалып тұрғысынан идеалды насихаттау, мінсіз адамды және адамдық бастаманы насихаттау. Бірақ мұның бәрі – адамдарды дұрыс жолға бағыттаудың шынайлығын суреттеу;

Конфуцийлік көзқараспен қарағанда бұл туындының тақырыбы - адам қолымен жасалған қоғамдық құрылыстың идеальды уағызы. Сондықтан бұл шығармадағы ерекше тәсілмен бейнеленген «алтын ғасыр» және оның кейіпкерлер (Яо, Шу, Юй, Тан ван, Вэн ван, У ван, Чжоу гун) картинасының шындығы көрсетілген.

Олардың кейбіреуі белгілі деңгейде тарихи тұлғалар: Вэн ван – Чжоудың көсемі, ол Иньмен қақтығысады; У ван, оның ұлы – Чжоу патшалығының алғашқысы патшасы; Чжоу гун У Ванның мұрагері кішкентай Чен ванның атынан осы патшалықтың билеушісі. Яо, Шунь, Юй секілді тарихи аңыздың кейіпкерлері, бірақ олар айтарлықтай нақты суреттелген. Жалпы, «алтын ғасырдың» барлық көріністері де нақты.

«Алтын ғасырда» шығу тегіне қарамастан, нағыз лайықты адам елді билеген екен. Сондықтан ежелгі патшалық тағы мұрагерлікпен берілмеген. Билік қартайған патша арқылы тек нағыз лайықтыға берілген. Бұл заңды «алтын ғасырдың» алғашқы патшасы Яо енгізді. «Луньюйда» оның салтанатты сөзі берілген: «О, Шунь! Тағдыр саған қол созды. Барлық нәрсенің ортасын алып жүр! Егер халық қиналса, Аспан жақсылығы мәңгілікке таусылады!».

Ары қарай былай баяндалады: «Шунь тағдырды Юйге тапсырады» (ХХ, 1).

Юй тарихта аңызға айналған алғашқы патшалықтың билеушісі болады және бұл патшалық Яо, Шунь, Юй насихаттарын бұзған Цзе ван патшаға дейін өмір сүреді. «Тағдырдың» өзгеге ауысқаны анық. Ол – арамза Цзе ванды және оның патшалығын жер қылып, орнына Шан патшалығын орнатқан Тан ван еді; кейін ол Инь деп аталды. «Луньюй» Тан ванның мына сөзін келтіреді: «Мен, түкке тұрмайтын құлын, қара бұқаны құрбандыққа шалуға батылым барды. Ұлы Жаратушы, мен өзіне ашық айтуға батылым барды: қылмыскерге мен аяушылық көрсете алмадым. Сенің құлың өзіңе адал. Таңдау өз қолыңда. Егер мен қылмыс жасасам, айналамның ешқайсысына зардабын тигізбесінші. Егер айналамның бәрі қылмыскер болса, кінә менде ғана болсыншы!» (ХХ, 1).

Ары қарай, бірақ оқиға қайталанады: Тан ванның асырандыларының бірі Чжоу ван да қылмыскер билеуші болып шығады және тақтан алынып тасталады. Инь патшалығының орнына Чжоу патшалығы келеді, бұл патшалық туралы былай делінеді: «Чжоу үйінде ұлы байлық болды: жақсы адамдар – міне, оның ең басты байлығы.» Ары қарай У ванның, Чжоу патшалығының алғашқы билеушісінің, сөздері келтіріледі: «Бұл Чжоудың ең жақын туысы болсын, ол кез – келген нағыз адамнан кіші (жэнь– жэнь әрпі – жэньді, нағыз адамдық бастаманы алып жүруші). Егер халық қылмыс жасаса, ол тек менің мойнымда болсын».

Осындай белгілермен мінсіз билеушінің бейнесі суреттеледі. Ары қарай енді Чжоу патшалығының заңдары туралы айтылады: «Чжоу кезінде шектеулер мен таразының дұрыстығы басты орында тұрды; заңдар мен жарлы отарды егжей–тегжейлі қарастырып, шығарып отырды; жойылған шендер қайта орнатылды және билік жүргізуге барлығы қатысты. Құлдыраған патшалықтарды, үйлерді қайта көтерді, қашып кеткендерді жинады және Аспан астындағы халық Чжоуға өздерінің көңілдерін бұрды. Ең бастысы – халыққа тамақ беру, өлгендерге құрмет, тірілерге ізет» (ХХ, 2).

Жалпы қорытынды ретінде келесі сөздер келтіріледі:

Егер жүрегің кең болса – адамдардың жаны саған жақын.

Егер шыншыл әрі шынайы болсаң – адамдардың сенімін аласың;

Егер табанды және тапқыр болсаң – жұмыс жүреді

Егер адал әрі мейірман болсаң – жан-жағыңның бәрі риза (ХХ, 3).

«Луньюй» - әдеби шығарма ретінде өзінің ішкі композициясына да ие. Оны көрсету – барлық шығарманы талдап шығумен бірдей. Сондықтан композицияның екі тәсілі – басталу және аяқталуын қарастырумен шектелейік.

Бұл екеуі шығарманың жалпы тақырыбымен анықталады. Байқағанымыздай, шығарма тақырыбы – адамның қажырлы еңбегінің нәтижесіндегі мінсіз қоғамды құруы және өзін әрі қоғамды дамытуда мінсіздікті жоғалтпай қадағалуы. «Луньюйді» ашқан әр пенденеден «оқу әрі білгенді жаттықтырудан талмауды» талап етумен басталады (І, 1).

Бұл «Луньюйдің» композициялық бастауын анықтайды. Адамгершілік құндылықтар мен оны үйрену жолдары көрсетілгеннен кейін былай қорытынды жасалады:

«Цзы чжан Конфуцийден сұрады:

  • Қалай елді дұрыс басқаруға болады?

Конфуций былай жауап берді:

– Бес жақсы нәрсені есте ұстап, төрт зұлымдықты жойып керек. Осылай мемлекетті дұрыс басқаруға болады, - деп жауап қайтарады.

Цзы чжан сонда :

– Ал бес асыл нәрсе дегеніміз не? – дейді

Конфуций:

– Қайырымды бола отырып, артық кетпе. Жұмыс істеуге күште, бірақ артық кетпе. Тілеулес бол, бірақ сараң болма. Жаның кең болсын, бірақ менмендікті білме. Күшті бол, бірақ қатыгез болма».

Цзы чжан сонда :

– «Қайырымды бола отырып, артық кетпе» деген нені білдіреді? – деп сұрайды.

Конфуций:

– Адамдарға шынымен пайда әкелетін нәрсені дұрыс деп түсіну. Міне, қайырымды бола отырып, артық кетпе деген – осы. Жұмыс істеуге күште бірақ қорқудан қалтырау болмасын. Сонда кімнен қорқып қалтырау керек? Адамды жақсы көруге ұмтылу және адамды жақсы көру. Сонда сараңдық қайдан пайда болады?

Цзы чжан:

–Ал төрт зұлымдық дегеніміз не?

Конфуций оған:

– Өсиеттемей, қатыгездікті өлтіру. Алдын алмау, бірақ кездейсоқ болып қалғанды соттау – заңсыздық. Бұйрық бермей жатып, керек уақытында қуу – қарақшылық. Адамдарға бере отырып, сараңдық жасау – билік өкілдерінің болмысы.

Бірақ «Луньюйдің» соңғы сөздері бұл емес:

«Егер тағдырды түсінбесең (жалпы заңдылықты), цзюнцзы бола алмайсың. Егер ережені білмесең (ли – қоғам заңдылығы), өзіңе қиын болады. Егер сөзді білмесең (адамдардың өз ойын және сезімін білдіретін нәрсені), адамдарды біле алмайсың» (ХХ, 3). Міне, осылай шығарманың «соңы» заңды түрде «басталуымен» әр уақыт байланыста көрінеді.

Енді өзге, луньюйлік емес қоғамдық ойды көрсетейік.

Басты қалпы «Луньюйдегідей» күйде қалады. Айталық қоғамдағы болып жатқан нәрселерге көңілдің толмауы – ұрыстар, соғыстар, халықтың аштығы. Осылардан арылып шығу, сол күйден шығуды іздеу - соңғы мақсат.

Осы зұлымдықтың бәрін жоюға жеткізетін жол – олардың бастапқы шығу себебін анықтау. Конфуций бұл себепті, адам тұлғасының, содан шығып, бүкіл қоғамның жетілмеуінен деп таниды. Демек, ол үшін дұрыс қоғамды құру жолы адамның өзінің дұрысталуынан шығады деген ой дұрыс. Ал адамды дұрыстауға, оны (адамның) негізін құрайтын, адамның өзіндегі жэньге (адамдық бастама) сүйеніп қол жеткізуге болады. Адамдық қасиетті жоғарылату құралы ретінде вэн қызмет ете алады, ол – білімділік, ағартушылық, жоғарғы моральдік және интеллектуалдық мәдениет. Ал адамдық бастама адамдық табиғатта жатқындықтан, іс–әрекетте, қимыл–қозғалыста көрінетін белсенді фактор бар болғандықтан, рухани мәдениет дегеніміз – сол адам шығармашылығы арқылы жасалатын нәрсе. Конфуций үшін Дао деген осы (жол).

Жетілмеген қоғамының өмір сүру себебінің бастамасын басқадан да көруге болады. Әлемді соғыстар түнертеді. Бірақ неге? Өйткені қақтығыс жүріп жатады. Ол қақтығыстардың себебі не? Ұрыс-керістер. Ал ұрыс- керістер дегеніміз не? Керек ету нәсіптері: біреулер бір нәрсені, екіншілері екі нәрсені керек етеді; нәсіп табиғатының өзі адамдардың әрекет етіп, нәтижесін көруге ұмтылуға итермелейді.

Ал әрекет ету дегеніміз не? Адамдардың өз бойындағы болмасын көрсетуі. Білімділік, ағартушылық, мәдениет – табиғи құбылыс емес, ол қолдан жасалынған, демек, жасанды нәрселер. Барлық зұлымдықтың тамыры – адамның іс–әрекеттері: олар арқылы адам баласы табиғи нәрселерге қол сұғып, оны бұзады. Ал бұл әрекет адамның өзі үшін қауіпті.

Конфуцийге бір ғана білімділікке, бір ғана мәдениетке жүгінген бір жақты бағыттың заңдылығы да таныс. Мәдениет үстірт қана, сырттай нәрсеге айналуы мүмкін; мұны болдырмау үшін адамдық табиғи қасиеттерді (чжи) ұмытпауымыз керек: бір тепе-теңдік екіншісімен жұптасып, жарасып тұруы қажет. Алайда бұлай вэнді ақтағанға қарамастан, адамға және қоғамға өсу үшін өте керекті факторлардың маңызы өзгеріссіз қала береді. Мәдениет тек «әшекей» дегенді білдіретіндігін алға тартсақ, яғни жасанды екенін және мұнымен табиғат пен адам болмысына дақ түсіретін ойды айтсақ, мәдениеттен, «данагөйліктен», бір нәрсені қалап, әрекет етуден бас тартуға шақырудан басқа ешнәрсеге қалмайды. Конфуций адам болмысының бір жақты бағытталуы жабайылыққа алып келеді, ал басқаша болған жағдайда, ол табиғаттың болмысымен, өмірдің болмысының өзімен үйлесімді бітісуге әкеледі, ал бұл бітісуде дұрыс қоғам жалпы жатыр деп есептейді. Лао цзы үшін де Дао (жол) осыны құрайды.

Осы жолда Аспан–Жер өздігінен құрастырылады, барлық заттар өздігінен пайда болады.

Барлық біртұтас болмыс ретінде өмір сүретіндер өзіндік қалыпқа ие, өзіндік бейнеге ие; Дао жалпыға ортақ болмыс сияқты формасы да, кейпі де жоқ. Егер ол бұларға ие болған болса, ол барлық заттармен тең дәрежеде тұратын еді. Сондықтан сол уақытта, әр заттағыдай тәрізді, әрбір жаратылыста өзіндік «бар» өмір сүреді, ал Даода «жоқ» бар. «Бар» нәрсе өзгереді: онда өзгеретін заттар бар. «Жоқ» нәрсе өзгермейді: онда өзгеретін зат жоқ. Өзгеру деген – қозғалыстың көрінуі. Барлық қозғалыс болмысы аяқталуға әкеліп соғады, сондықтан «барлық заттардың» өмір сүруінің аяқталуы бар. Дао өзгермейді: демек, ол қозғалыста емес, тыныштықта тұрады, сондықтан, ол уақытша емес – мәңгілік.

Бей – жайлықты уағыздау дегеніміз не? Жоқ, Лао цзы және одан кейінгілер мұны үгіттеуден аулақ.

Дао – «жоқ», бірақ «жоқ» тек «бармен», «барлық заттарға» қарама–қарсы қойылғанда ғана мағыналы, жалпы жағдайда, ол «жоқ емес». «Қозғалыссыздық» – «әрекет етпеу» емес, керісінше «қозғалыс».... Және дәл осындай «қозғалыс» жоғарғы нәтижеге – адам мен қоғамның табиғатпен, барлық болмыспен тепе–теңдікте өмір сүруіне жеткізеді. Осы бірлікте ғана адам мен қоғамның нағыз өмірінің негізі жатыр.

Мұндай ойлар Қытай Ескілігінің классикалық дәуірінің авторларымен араға көп мыңжылдықтар салып, «Даодэцзин» деген атаққа ие болған, бірақ содан бастап біздің күнге дейін «Лао цзы» деп, автордың атымен жиі алатын шығармамен берілген.

Автор жайлы мәселені әзірше қоя тұрып, шығарма мәтінінің өзіне жүгінейік. «Лао цзыдің» мәтінін ежелден келе жатқан сансыз алдыңғы зерттеушілердің жұмысын жалғастырушы осы күнгі ғалымдар бұл мәтінді түсіну қиын екенін, ал толық зерттеу мүмкін емес екенін алға тартады.

Шығарма мәтініне жүгінген сайын жобалау барысында дұрыс емес ау деген жерлері өзгертіліп не алынып тасталған, сондықтан бұл шығарма біраз өзгерістерге ұшыраған. Енді бірде мәтінге қателікпен қосылған деген жерлері өшіріліп отырған. Сол себепті осы күнгі оқырмандар көбіне бұл шығарманың кей жерлерін түсініксіз дейді. Ғылыми сын «Лао цзыда» б.з.д. IV ғасырда «Луньюйден» жүз жыл кейін пайда болды деп есептейді. Алайда мәтін тілі жағынан VI ғасырға жақын екендігін, ал кейбір жерлері «Шицзинге» ұқсайтыны анық. Сондықтан «Лао цзы» б.з.д. IV ғасырда пайда болды деп ойлауымызға болады. Жалпы шығарма «Луньюймен» бірге Қытай Ескілігінің классикалық дәуіріне жататын шығармаларға жатады.

Шығарманың әдеби жағына жүгіне отырып, бәрінен бұрын мәтіннің белгілі бір көлемдегі бөліктерден тұратынын көреміз. Мысалы, шығарманың ең басы мынадай мөр белгілерімен келесі сандық жолдарға бөлінеді, олардың әрқайсысы былай берілген: 3-3, 3-3, 2-4, 2-4, 3-4, 3-4, 4-4, 4-4, 4. Шығарма жолдарын қарастырғанымызда, жолдардың көлемінің өзгеруі мәтіннің мағынасының дамуымен ұштастырылған. Алғашқы төрт жол тақырыбының мазмұны берілген және бұл жолдар екі ырғақтық жұппен тұтасып, бірдей үш бөліктен құралған. Келесі төрт жол «басталудың» жалғасын құрайды: осында тақырып ашылып, аяқталады. Олар екі ырғақтық жұппен тұтасып, екі бөліктік және төрт бөлікпен берілген. Ары қарай үзіндінің үшінші бөлігі жалғасады: алғашқы тақырыптан алыстамаған, бірақ оны жаңаша интерпретациялаушы, келесі тақырып ұштасады. Бұл ұштасу үшбөліктік және төртбөліктік екі ырғақтық жұппен тұтасқан, төрт жолды құрайды. Енді шығарманы аяқтап тұрған соңғы бөлім, мұнда енді жолдар басқаша көлемде төртбөліктік. Бұл бөлімде барлығы бес жол бар және соңғы бесіншісі барлық бүтіннің мағыналық ритмикалық аяқталуы. Егер қытай жолының әр морына қазақ /орыс тілінен аударылған/ мәтіннің маңызды сөздердің санын сақтап бір екпінді комплексті қоятын болсақ, сөзбе-сөз аудармада «Лао цзыдың» басы мынадай түрде болады:

Жол, «Жол» болатын жол,

Мәңгілік емес жол.

Есім, «есім» болатын есім, -

Мәңгілік емес есім.

Есім жоқ –

Аспан –Жердің бұл басы

Жалпы «Лаоцзы» мәтіні - ырғақ пен метрикаға негізделе біріккен тіл. Мысалға келтірілген үзіндідегі бастамада әрбір қатардың ішкі ұйқасы берілген. d’au - d’au алғашқы нұсқада; miwong - miwong екінші нұсқада, сосын әр екі тармақтың соңғы екі тармақтарындағы соңғы буындар ұйқасады. А б в б сызбасы бойынша (siug - mug); келесі айналымда да солай; әрбір сыңарда соңғылары а-б-в-б (miag -kiag); соңғы жолдары жұп-жұп болып ұйқасады, яғни а а б б (d’ong - miong, jiwen - jiwen); дәл осындай жолдармен өлеңнің соңғы жолы аяқталады. Көбіне өлеңде әрбір сыңардың соңғы бунақтары а б в б ретімен ұйқасып отырады. Ұйқас орындары жойылады, алайда мәтіннің қазіргі үлгісіндегі үштен бір бөлігі дерлік ұйқаспен жеткізілген.

«Лао цзы» өлеңінің табиғаты жөнінде эфматикалық шылау (заманауи айтылым бойынша – си ); жиі ауызша қайталаулар да кездеседі дейді. Мысалы, келесі үзіндіде қытайша эфматикалық сөз соңындағы шылау, мысалы орыс тіліндегі сөзбе-сөз аудармада эфматикалық «да» арқылы жеткізіледі.

Осылайша «Лао цзыны» ұйқасты өлеңге құрылған ауызша өнер туындысы деуге болады. Ауызша өнер табиғаты шығармадағы ауызша материалдарды өңдеудің өзге де тәсілдерінде де көрініс табады. Осылайша, мысалы проза тілімен аударғанда, былай шығады (Ян Хин–шун аудармасы): «Мағынасыздық (дао) – мәңгілік және ол өте терең бастама саналады. Терең бастамаға енуді Аспан және Жер тамыры делінеді. Ол тіршілік секілді мінсіз, ешбір күш салусыз–ақ әрекеттенеді».

Түпнұсқада мұның бәрі өзгеше. «Лоа цзы» үшін де «мағынасыздық» – образ болып табылады. Алайда мұнда ол басқамен ауыстырылған, онысы өте айқын, мәнерлі – «алқаптың руханинилығы». Сондықтан берілген аудармада «терең бастама», «барлық заттардың анасы» секілді ол да «қараңғылықтың ұрғашысы» тіркесімен түсінікті етіп берілген. Сонымен қатар түпнұсқада бұл проза емес, өлең болатын: көлемі алты жол 4—4—4—/2—4/—4—4 жолдары а—а—б—б—б—б ұйқасты болып келеді. Әрине аударылғанда образдардың түсінігі ашылғандай. Мысалы, «алқаптың руханилығы» тіркесі «мағынасыз-ықтың» образы қызметін атқарады, себебі алқап құдайы оның орталығында өмір сүреді деп ойлайды, ал егер алқаптың айналысын тау қоршап жатса, онда оның дәл ортасы тегіс, яғни ештеңе жоқ.

«Лао цзының» ауызша сөз өнеріне қарама-қарсы қоюшылық тән. Осы қарама-қарсы қоюшылық жиі парадоксқа (тосын пікірге) айналып кетеді.

Таза парадоксқа мына нақылдар да мысал бола алады: «Ұлы мейірімді адам – мейірімді емес. Сондықтан да ол – мейірімді адам. Кішіпейілді жан мейірімді болудан шаршамайды. Сондықтан да ол – мейірімді емес», «Қисық – яғни түзу. Бос– яғни толы. Ескі – яғни жаңа. Аз – яғни көп. Ауыр – жеңілдің негізі. Тыныштық – шудың билейшісі».

Бұл философиялық поэманың авторы кім? Дәстүр Лао цзы деп көрсетеді. Бірақ бұл есім емес, «қарт» деген лақап ат. Сыма Цяньның көрсетуінше, оның фамилиясы – Ли, аты – Эр; Сыма Цянь Ли Эр өмірі уақытын есептеуде болады, тарихшы оның Конфуциймен кездесуін айта отырып, оның Ли Эрге оқу үшін келгенін жеткізеді. Ли Эр Конфуцийдің жасы үлкен замандасы болған. Конфуцийдің өмір сүрген уақыты 551-479 жж., ал Ли Эр есептеу бойынша одан ертерек туылуы қажет ( б.з.д. VI ғ. І жарт.) Кейбір зерттеушілер Лао цзы өмірінің нақты уақытын б.з.д. 551-479 жж. көрсетуге болады деп есептейді,

Ли Эрдің қоғамдық жағдайы туралы Сыма Цян оның Чжоу патшалығының сарай архивін сақтаушы болған деп жеткізеді. Тарихшы чжоулық архивариустың патшалықтың күйреуін көріп, ол қызметінен босауын өтініп қана қоймай, қоғамдық өмірден мүлдем бас тартқан. Сөйтіп батысқа кетеді. Шекара бекетінде оның басшысы отаны үшін тым болмағанда бір нәрсе қалдырып кетуін сұрайды. Ли Эр оған «5000 иероглиф» қолжазбасын беріп, кетіп қалады. Міне, сол қолжазба бүгінгі талданып отырған шығарма болып табылады. Ол адамның соңғы өмірі белгісіз» – деп аяқтайды Сыма Цянь. Бәрі түсінікті сияқты. Бірақ олай емес. Ең алдымен, Ли Эрдің өмір сүрген уақыты анық белгісіз. Егер ол Конфуциймен кездескен болса, ол сол уақытта тым болмаса б.з.д. VI ғасырда өмір сүруі керек. Егер ол «чжоу патшалығының құлағанын көруге шыдамай» (бұл жерде патшалықтың тарихи құлдырауы айтылып тұр) Отанын тастап кеткен болса, ол б.з.д. ІІІ ғасырда өмір сүруін тоқтатқан болатын. Дегенмен, Сыма Цянның көрсеткен ескертулерінде жеткізген мәліметтерінің тарихи дәлдігінен сенімсіздік байқалады.

Бізге оның шығармаларының авторы ретінде тарихқа енген Лао цзы: одан артық қандай да бір жаңа болжам жасау екі талай. Әдебиет тарихын зерттеушіге, дегенмен, әрқашан да осы поэмадағы жұмбақ формуларды қолданған адам қызық екені рас, «Жол, жол болуы мүмкін, бірақ ол мәңгі жол емес...» сияқты, біресе «қисық - яғни түзу» сияқты парадокспен шатастырады.

Танымал болған Ежелгі Қытай классикалық шығармаларының бізге қандай атаумен жеткеніне назар аударып көрейік: «Лао цзы» сәл алдыға жүгіртсек, «Мэн цзы», «У цзы», « Сунь цзы», «Ле цзы», «Чжуан цзы», «У цзы», «Сюнь цзы.» Бұның бәрі жеке есімдер. Бірақ бұл шығарма авторларының есімдері ме? Мүмкін олай емес. Бұлар біз білетін ескерткіштер. Біріншіден, бір адам туындысы емес, ал екіншіден бір уақыт жемісі емес.

«Мэн цзы» - жиһангез, данагөй ұстаз Мэн Кэнің сөздері мен істері енгізілген кітап. «Сунь цзыда» Сунь У қолбасшының соғыс өнеріне үйретуі айтылады. «Чжуан цзы» немесе «У цзыда» Чжуан Чжоу данышпаны мен У ци қолбасшының ойлары мен көзқарастары белгілі бір деңгейде көрініс тапқан. Сонымен автор есімі мен шығарма атауының арасындағы байланыс күмәнсіз. Бұл шығармалар авторлары Мэн Кэ емес – Мэн цзы, Сунь У емес – Сунь цзы, Чжуан Чжоу емес – Чжуан цзы, У ци емес – У цзы берілген. Мэн Кэ – әлде бір шындық бейне, Мэн цзы – әдеби кейіпкер. Басқалары туралы солай айтуға болады. Бұл парадоксты айқандау үшін өзімізге белгілі «Луньюйға» жүгінейік. Мұнда Конфуцийдің «сөздері мен істері» баяндалған. Біз Кун Цю деген әлде бір адамның болғанын білеміз, дәл осы Кун Цю Кунцзы екеніне сенеміз немесе «Луньюйдан» табылатын «цзы – ұстаз». Луньюйдің өн бойындағы мазмұны Кун цзы жай ғана көшірілмей, жасалғандығын көрсетеді. Кунцзы бейнесінде сол уақытта қытай қоғамының белгілі кезеңін көрсететін данышпан, ұстаз кейпі іске асырылған. Басқаша айтқанда Конфуций - «Луньюйде» осы шығарманың әдеби кейіпкері. Бұл кейіпкер бейнесінің негізінде Кун Цю есімді өмірде болған адамның қырлары жатуы әбден мүмкін, бірақ оның өзі әдеби өзгеріске ұшырап, нағыз әдеби кейіпкердің жасалуына қызмет еткен. Мұны ескерткіштің Х бөлімінен айқын көруге болады, онда кейіпкер күнделікті тұрмыстық өмірде бейнеленген. Кун цзы сарай маңындағы қызметте болғанда, төменгі сатыдағы төрелермен сөйлескенде сәл икемделіп, ал жоғарғы сатыдағы төрелермен керіліп, менсінбей сөйлесетін болған (X, 2). Сарай салтанаты уақытында патшалық скиптерін алып жүруге тура келді, қиналған сыңай танытатын. Скиптерді көтеру керек болғанда, ол мәртебелі тағзым ететін, ал оны түсіргенде, бағалы зат әкеле жатқандай болушы еді, сонымен қоса түрі қорыққандай өзгеріп, аяқтары кісенделгендей әрең жүруші еді (Х, 5). Конфуцийдің «пікірлері мен әңгімелерінің» маңызды тақырыбының бірі – қоғамдық тәртіп нормасы, қоғамдық этикеттің ережесінің маңызы туралы сұрақ қойылғанын еске саламыз. Конфуций бұл нормалар мен ережелердің сақталуына үлкен мән берген. Көріп отырғанымыздай, осы тақырыптың жоспарындағыдай кейіпкер таза әдеби қолданыстармен бейнеленген.

Лао цзы мүлдем басқа әдеби кейіпкердің типіне жатады, әдеби Кун Цзыдың артында нақты өмірдегі Кун Цю тұр, ал Лао цзының артында Ли Эр тұр деп айтуға болмайды. Лао цзы өзінің атымен аталған, толығымен әдеби поэманың кейіпкері, Кун Цзыдан «Луньюйдағы» немесе Мэн цзыдан «Мэн цзыдағы» мүлдем басқа, оларда кейіпкер қатысады, ал Лао цзыда басқа кейіпкер жоқ. Бірақ барлық жерінде оның сөздері бар. Бұл сөздер керемет өзгеше сөздермен берілген.

Ол – Лао цзы, жоғарыда айтылғандай, қарт. Не үшін қарт? Өйткені анасы оны құрсағында 81 жыл көтерген, ол дүниеге ақсақал болып келген. Неге оның фамилиясы Ли? Өйткені оның анасы Ли (алхоры) астында туған. Неге есімі Эр - құлақ? Өйткені құлағы өлшеусіз ұзын болған. Жоқ, «Лао цзы» кейіпкері мәртебелі Чжоу архиварусы болмаған және оның ойлары шығармада көрсетілмеген. Ол шығарманың кейіпкері тек ерекше адам бола алады. Және тағдыры да өзгеше болу керек.

Мемлекет шекарасының алыс бір жерінде, «Батыстың Сиванму есімді әйел билеушісі» басқаратын елге баратын жолындағы әскери бекеттің қарауылы қызық құбылыс байқайды. Шығыстан, мемлекеттің орталығынан Дао Жэнь (жолаушы) жақындап қалғанын жеткізеді. Шынымен бекетте ақсақалды ұлы қарт көрінеді. Бұл Лао цзы болатын. Қарауыл Елін тастап бара жатып «Дао дэ цзин» (Дао және Дэ туралы кітап) беріп кеткен ақсақалға тағзым етеді. Ол бекеттен өтіп, мәңгі ғайып болады. Міне, осылай Лю Сянудың (б.з.д. І ғ.) «Лесянь Чжуан» (Сиқыршылар өмірі) атты кітабында айтылған, оның бұл кітабы шамамен б.з.д. IV-V ғғ. жарыққа шыққан. Дәл осы өгіз мінген ақсақал, құпия қарт, қытай кескіндемешілерінің суреттеуіндегі «Лао цзы» поэмасының көрінбес кейіпкері болған.

Ежелгі Қытай классикалық кезеңінің І жартысына «Гуань цзы» және «Сунь цзы» деген екі шығарма да жатады. Бұл екі ескерткіштің уақытын белгілеу аса қиын. Басқа әдеби ескерткіштер секілді олардың құрастырылуы да ұзақ мерзімді қамтиды. Бұлардың құрастырылуы б.з.д. VІ–V ғғ. аралығы болуы әбден.

Дегенмен осындай ұзақ мерзімнің өзін көрсету шартты, ол тек мәтіндердің алғашқы бөліктеріне ғана қатысты болуы мүмкін, әсіресе, бұл «Гуань цзыға» қатысты. Шығарманың белгілі бір тарихи кезеңге жатқызуға оның тақырыбы да негіз болады. «Гуан цзы» және «Сунь цзы» жеке есімдер, түрлі деректер бойынша екі қайраткердің есімдері. Гуан Цзы - бұл Гуань Чжун, Ци патшалығының даңқты Хуань гун министрі. Сун цзы – бұл Сунь У, У патшасы Хэ люяның қолбасшысы қызметінде болған.

Сонымен Гуань Чжун өмір сүрген уақыты б.з.д. VІІ ғ. ІІ жартысы, Сунь У б.з.д. V ғ. І жартысы – VІ ғ. соңғы ширегі. Бұл дәуірдің жалпы тарихи үрдісінің ерекшелігі - әр түлі қоғамдық ойлардың тұжырымдамаларының көбеюі және олар бәрі әлеуметтік және саяси өмірді дамытуға бағытталған шешімдер. Маңызды шешімдерінің бірі – мемлекетті экономикалық және әскери қарым–қатынаста мықты етуге жол табу. Бұл туралы осы дәуірде пайда болған мына: «Бай ел, күшті әскер» нақылы дәлелдейді. Экономикалық жетістікке жету мақсатында «Гуан цзы» болса, әскери мақсатта «Сунь цзы» аталынады.

Әрине «Гуань цзыда» берілген экономикалық жүйені толығымен жеткізуге мүмкіндігіміз жоқ, алайда:

Мемлекет күшті болу үшін, ең алдымен, «халыққа тамақ пен киім» жетклікті болу керек. Мемлекетті басқарудағы бастысы – халықты байыту. Егер халық бай болса, оны басқару оңай; егер кедей болса, басқару қиын. Тамақты және киімді ауылшаруашылық жердегілер өндіретін болса, онда, ең алдымен соларды ойлау керек: «Елдің байлығы және астық молшылығы егін шаруашылығымен келеді. Сол себепті ертедегі басқарушылар егін шарушылығына құрметпен қараған».

Жермен айналысатын еңбекшілерге өз астық қорын толтыруға қандай мүмкіндіктер бар? Ол үшін бірінші шарт – табиғат заңын дұрыс сақтау: әсіресе, тұқым себу, астық жинау шаруашылық жұмыстарының тәртібіне, табиғи ағымына кедергі келтірмеу. Былай болуы да мүмкін: басшы керемет жабдықталған кемемен серуендеп, зәулім сарайда тойлауы үшін оған жаңа қажеттілік туады; сол кезде ол халықтан салық жинап, уақытынан көп жұмыс істетіп, өз жұмыстарынан айырады. Ол мұнымен егін шаруашылығының ырғағын бұзып, халықтың күшін сарқып, төзімін тауысады. Сол себепті басшы өзінің тілектерін тыйып, ұстамды, салмақты болып, халықтың күшін, төзімін сақтауға тырысуы керек.

Халықтың экономикалық жағдайы – мемлекеттің күшеюі мен гүлденуінің алғышарты.

Екінші – халықты «төрт негізде» қадағалау: қоғам өмірінің заңдары (и), тәртіп, намыс және ұят. Басшы барлық жағынан өзі жеке үлгі көрсетуі тиіс: осы негіздерді өзі қатаң қадағалау керек. «Гуань цзы» тілінде бұл халықты «оқыту» деп аталады. Адамдар өз басшысынан үйренсе, «отбасында бәрі тату», қоғамда «төрт негіз» жүзеге асады. Тек осы жағдайда басшысының әмірі жан-жақты орындалады.

Мемлекеттің жақсаруының келесі бір шарты: міндетті түрде құдайларды ұмытпай, оларға табыну керек. Жердің, таудың, өзеннің өз құдайы бар деп есептесек, басқа сөзбен табиғат заңдарын сақтау қажеттілігін айтады.

Сондай бір классикалық туындылардың біріне б.з.д. IY ғасырдың жемісіне «Ле-цзы» айналған. Бұл әдеби ескерткіш жолдарының басынан-ақ Ле-цзы ұстазы жөнінде сөз қозғалады. Ол Чжэн патшалығына тиеселі Юаньпу мекенінде 40 бойы өмір сүргенмен ешбір адамның оның данагөйлігі жөнінде хабары болмаған делінеді. Ле Юй-коу Ұстазының атын алғаш шығарған оның шәкірті болатын. Көптеген зерттеушілер де Ле Юй-коудың Чжэн патшалығының Жу-гун билігі /422-396/ кезеңінде болғандығын айтқан.

«Ле-цзы» фольклорлы қара сөзді шығарма. Қай кезеңге жатпасын, әдебиет тұрғысынан аса бағалы, қытай ауыз әдебиеті үлгілерінің жиынтығы саналады. Мына бір үзінділерді орыс тілінде Л.Поздневаның аудармасынан береміз:

«Сун патшалығында маймылдар өсіретін бір адам өмір сүріпті. Оларды жақсы көргені соншалық, үлкен үйір маймыл асырапты. Маймылдар да оны жақсы түсініпті-мыс. Өзінің жақындарына бермесе де маймылдарына тапқан-таянғанын берген дейді. Уақыт өте жағдайы әлсіреп, маймылдарға беретін азығы қалмағанда, бір қулық жасамақ ойда: - Сендерге таңертеңгілік 3, ал кешкісін 4 каштан берсем, жетерлік пе? - десе. Маймылдар ренжігенгендерін білдіріп секіріп қоя беріпті, сонда иелері: - жарайды, жарайды, таңертең 4, ал кешкісін 3 каштан беретін болып келіскен екен».

Б.з.д. IY- III ғғ. тарихқа «Чжуан-цзы» туынды келеді. Ал соның екінші бөлімінде жоғарыдағы айтылған ауыз әдебиетінің үзіндісі қайталанады.

Бұл салыстырудың нәтижесінде әңгіме уақытқа қарай тарй берген, қытай халқында, тіпті, осы жөнінде «Таңертең үшеу, кешкісін төртеу» мәтелі де пайда болған.

«Ле-цзы» әңгімесі айтылған кейін, ақылдының ақымақ алдындағы деңгейі жөнінде ешбір нәрсені: азық атын да, санын да өзгерпей, бірінде «ашу мен ыза» туғызса, енді бірде «қанағат пен ризашылық» туғызғанын өнеге етеді..

Бұл астарлы әңгіме екі шығармада өнегелік мәнге айналған. Мұндай әңгімелер «Ле-цзыда» да «Чжуан-цзыда» да көптеп кездеседі.

Осындай ерекшелікке ие екі тау туралы өнегелік өсиеті де кіреді: «Айналасы 700 ли, биіктігі 10000 жэнь болатын екі Тайхань және Внаъу таулары Цзычжаудан оңтүстікке қарай және Хэйяннан солтүстікке қарай көтерілген. Солтүстік таудан шыққан бір аңқау 90 жыл бойы осы таулардың, етегінде өмір сүріпті. Қайда барса да, қайдан қайтса да, жолына бөгет болған тауларды айналып өтуден шаршап, отбасын жинап кеңесе бастайды. «Бәріміз бірігіп бұл бөгетті жермен жексен ете алмаймыз ба екен?» Юйчжаудың оңтүстігінен Ханьның оңтүстік жағалауына дейін тегіс жол сала алар ма екенбіз? Бәрі келіседі, тек әйелі ғана күмәндана: «Сенің күшіңмен бір төбешікті де құрта ала алмаймыз». Тайхань мен Ванъу туралы не айтуға болады! Оның үстіне соншама жер мен тасты қайда жібермексің?» - Бохай шығанағына тастаймыз. Қыс өтіп жаз болды, ал олар тек бір рет ғана барып келді. Өзен айналмасының Ақылдысы аңқауға күліп, оны айныта бастайды: «Ақымақ!» Сен сияқты шалға тауды бір қарысқа да кішірейту мүмкін емес! Осыншама тау мен тастың қуатымен қалай күресе аласың?». Ал аңқау шал былай дейді: «Сен ештеңе түсінбейсің! Сенің ақылың жесірдің кішкентай ұлынан да аз. Кішірейте алмасам, несі қайғы екен? Мен өлсем балаларыма қалады. Балаларымның немересі болар. Немелерінің өз балалары болады. Ол балалардың өз балалары болады. Балалар мен немерелер ешқашан таусылмайды. Ал, тау болса, өспейді ғой!»

Ақымақтың сөзін аруақ-жыландар қожайыны естіп қойып, оны айтқанынан қайтпай қояды екен деп қорқып, барлығын Әміршіге айтып барады. Ақымақтың ақкөңілдігі Әміршіге әсер етіп, ол үлкен құмырсқалар тайпасынан екі ұлына екі тауды арқаларына салып, біреуінің орнын Шо шығысына, екіншісінің орнына Юннан оңтүстікке қарай ауыстыруды бұйырады. Сол уақыттан бастап, Цзичжоудың оңтүстігінен Ханьның оңтүстік жағалауына дейінгі аралықта ешқандай бөгет қалған жоқ» (V б).

Мұнда әңгімелеушіден берілген айтарлықтай алатын өнеге жоқ, бірақ үлгі-өнеге әңгіменің аяғында қосымша түрінде берілген. Мүмкін ол сюжеттің өзінде де қамтылған шығар. Осы сынды өсиет-әңгімелер «Ле-цзы» мәтінінің көп бөлігін құрайды.

Анекдоттар, тұрмыс-салт әңгімелері, өнеге-өсиеттерімен қатар «Ле-цзы» ғажайып мәліметтер желісімен құралған, мұнда ойдан шығарылған тарихи кейіпкерлер туралы мәліметтерден құралған сиқырлы ертелер де бар. Мысалы, ежелгі Чжоу патшалығының билеушісі Му-ван туралы және оның таңғажайып саяхаттары туралы ертегі осылар қатарынан. Олар туралы «Ле-цзының» III бөлімінде айтылады. Саяхаттардағы Му-Ванның жолсерігі «отпен суға түскен, темір мен тастан өткен, өзен мен тауды аударған, ауада қалықтаған» сиқырлы болыпты. Патша бұл сиқыршыға үлкен құрмет танытқан. Оған арнап «мыңдаған жэнь» биіктіктегі сарай салдырып, ішін сымбатты арулармен толтырыпты. Олар саяхатқа теңдесі жоқ сегіз кербез атпен патшаның арбасында аттанады екен. Мыңдаған иен жолдар жүріп, алып-аңшылар еліне жетеді. Алып-аңшылар патшалығы аққудың қанын тарту етеді, ал аяқ жууы үшін бие мен сиыр сүтінен тарту жасайды. Содан кейін олар «жолға аттанып, сиқырлы тау Каньиуннің төбесінде қонады. Келесі күні Хуань-ди сарайын көру үшін, Каьиуннің төбесіне шығады (Ляо-цзы және оның мектебінің көзқарасы бойынша бүкіл мәдениеттің патшасы әрі атасы)». Сол жерден фольклордың атақты кейіпкері, жер қиырдың Әміршісі – Сиванмуға («Батыстың билушісі») қонаққа аттанады. Олар Сиванмумен Яшма тоғанының маңында тойлайды. Сиванум патшаға ән айтып, патша оған қосылады».

Ертегі осы жерінен бітіп қалуы мүмкін еді, бірақ «ЛецЦзыда» былай делінеді: «Патша оған қосылып әндетті, ал ән мәтіні мұңды болды. Ол күннің шыққанын көрді. Ол бір күнде 10000 ли жүрді. Патша күрсіне: «Мен өз табиғаттан ләззат алумен ғана шектеліп келем. Менің ұрпақтарым осы ісім үшін мені ұялтады ма екен?» - дейді. Му-ванның бұл сөздері не білдіреді? Кейде мұны Му-ван тек осы сиқырлы патшалықты ғана, шынайы ләззаттың жерде екенін түсінген деп түсіндіреді. Егер бұл топшылауды қабылдасақ, Ле-цзыдың, Му-ванның Сиванмуға қонаққа барғандығы турасындағы ертегісіне неге жүгінгендегі түсінікті болады. Сонымен қатар, оның әңгімесінде ерекше мән-мағына үстейтін тағы бір қызығарлық нәрсе бар».

Бір саяхат кезінде сиқыршы Му-ванды «аспанында не күні, не айы жоқ, ал жерінде не өзені, не теңізі жоқ» жерге алып келеді. Мұндай биіктікте Му-ванның көзі қарауытып, құлағы дыңылдай бастайды, ойлары адасып өмірлік қуаты әлсіреп, үйге қайтаруын өтіне бастайды. Сиқыршы патшаны итеріп жібереді, ол кеңестікке құлайды. Бірақ патша сол баяғы орнында оянады, айналасында баяғы адамдар, алдында тұрған әлі суымаған шарап, тағамдар әрі сол қалпында. Патша: «Мен қайдан келдім?» - деп сұрайды. Айналасындағылар: «Түсінбей, Сіз осында үнсіз отырдыңыз» - дейді.

Осы сәтте Му-ван есінен танып, тек 3 ай өткен соң өзіне келіп, сиқыршыдан не болғанын сұрайды. Сиқыршы: «Мен және сіздің рухыңыз екеуміз саяхаттадық. Денеге қозғалудың не қажеті бар? Біз екеуіміз болған жер сенің сарайың емес пе?» - дейді. Осылайша патша үлкен ой түйеді.

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

1.Конфуцийлік оқу кітабы - «Өлеңдер кітабы»

2.Қытайдың Чжоу патшалығы тұсындағы әдебиет?

3.Цинь Ши Хуа деген атпен белгілі, б.з.д. ІІІ ғ. алғашқы Қытай империясын құрған адам тұсындағы империядағы жағдай және оның әдебиетке әсері?

4. «Ле-цзы» туындысы, мазмұндық еркшелігі?

5. Лао цзы ілімі?

6. «Ле-цзы» мен «Луньюй» шығармалары арасындағы ұқсастық?

7.Қытай әдебиетінің сан ғасырлық өзіне тән ерекшлігі?

8. «Мэн цзы», «У цзы», « Сунь цзы», «Ле цзы», «Чжуан цзы» туралы не айтасыз?

9.Конфуций және оның ілімі?