Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Древ лит.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

10 Тақырып

Eжелгi Еврей әдебиетi

Б.з.д. XII-II ғғ. аралығындағы көне еврей әдебиетінің ескерткіштері бізге жалпылама нормативтік жинақтар мен Інжіл заңдары арқылы жетті. Оған діннің күшті ықпалы болды. Бірақ бұл жайт діни заңдардың құрамына зайырлы жанрдағы шығармалардың, тарихи шежіренің, күнделікті өмірдегі скептикалық афористиканың, махаббат өлеңдерінің енуіне кедергісін тигізген жоқ. Діни көзқарастарға қатысы әр түрлі текстерден тұратын бұл Канон кішкіне әдеби әлем ретінде құрылып, пайда болғаннан бастап, екі діннің киелі кітабы ретінде екі мың жыл өмір сүрді: иудаизмнің «Інжіл» («Библиясы») мен христиандардың «Көне өсиет» («Ветхий завет») кітабы. Ұрпақтан ұрпаққа кітаптың текстері дінтану мен құлшылық ету, құқықтар мен мораль нормалары ретінде жетті. Олар көптеген өзгерістерге ұшырап, заманға сай маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Оған күнаһарлар кінәлаушыдан шындықты сұрай отырып жалбарынды, ал кіналаушылар күнаһарлардың мойынсынуын сұрады. Бұл кітаптарға деген қарым-қатынас зайырлы және рухани биліктің әсерімен, оған қоса, мысалы XVІ ғ. Германия шаруаларының талаптары мен XVIІ ғ. Англиядағы төңкеріліспен түсіндірілді. Монархияны жақтаушылар монархиялық билікте құдайға табыну ілімдері бар деп есептеді. Ал Монархияға қарсы адамдар кітаптарды құдайға қарсы деп түсінді. Шіркеу кітаптардың ішінен күпірлерге қарсы тұжырымдар іздесе, өз кезегінде күпірлер де шіркеуге қарсылықтарын көрсетті. Өзінің әдеби-эстетикалық аспектісінде көне еврейлер әдебиетінің ескерткіштерін халық ұзақ уақыт бойы қабылдап жүрді, бірақ оларды нақты ешкім түсіне қоймады. XVIII ғ көне поэтикалық шығамашылықтың керемет ескерткіштерін көру үшін неміс философы әрі жазушысы И.Г.Гердердің ой тапқырлығы қажет болды. Көне шығыс мәдениеттерінде заңдарға бағыну қарапайым нәрсе еді. Көне Үнді мәтіндері де, Авестаны құрған Иран мәтіндері де ғасырлар бойы діндік қауымдастықтардың киелі жазбалары құқығында жүрді. Қытайда көне жарлықтар мен өлеңдердің нұсқалары діндік сипат алмаса да, нормативті заңдарда ол анық көрініс тапты. Көне өсиетті (Ветхозавет) канон үш үлкен циклға бөлінеді:

1) Тәурат немесе Бес кітап, Моисейге қатысты шежірелі заң шығарушы бес кітап. 2) «Пайғамбарлар» бөлімі. Бұл бөлімнің ішіне көне шежірелер, Исайе, Иеремий, Иезекиль мен 12 «кіші пайғамбарларға» қатысты шығармалар кірді. 3) Әр түрлі жанрға жататын жазбалар. Бұл жіктеу шартты түрде жасалған. «Иисус Навин кітабы» «Кету Кітабын» («Книга Исхода») жалғастырса, үшінші цикл шежіресі екінші циклдағы «Патшалықтар кітабы» тақырыбын жалғастырады.

Інжілдің ғылыми сыны «Девори әндерінен» бастап Қасиетті Кітаптың басқа да кітаптарының құрылу мерзімін белгілегенімен, кейбір көне еврей әдебиеті ескерткіштерінің шыққан уақыты нақты емес.

Археология інжіл шежірелері мен дастандардағы күнделікті өмірді зерттеуде көп жұмыс атқарды. Мысалы, «Болмыс Кітабында» («Книга Бытия») суреттелген патриарх отбасының құрылымы ғылымда соңғы уақытта белгілі бола бастаған орта қола дәуіріндегі Месопотамия мен Ханаан туралы ақпаратпен сәйкес келеді.

Мысалы, бала көтере алмайтын әйел өзінің үйіндегі қызметші қызды күйеуіне нәресте сыйлау үшін табыстауы жайлы дәстүр Сарра мен Агари, Рахилла мен Балл, Лия мен Зелф туралы інжіл әңгімелеріне ұқсас келеді. Бұған қоса бұл оқиға б.з.д. ІІ мыңжылдықта қолданылған неке келісім-шарттарымен дәлелденеді. Авраамның өзінің құлы Элиецерді асырап алуы тұралы ойы, израильдік-иудейлік құқыққа сәйкес келмесе, хуррит Тупкийа ұстанған зандық нормалар бойынша бұл заңды болды. Әлеуметтік тарих үшін «Самуил кітабында» суреттелген варварлық «әскери демократиядан» таяушығыстық үлгідегі озбыр монархияға өтуге байланысты қақтығыстардың себептері анық болды.

Таптық бөліну мен патриархалдық нормалардың бұзылуы афиналық мемлекет қайреткері әрі жазушы Соломонды сол замандағы көне еврей пайғамбарларынан кем толғандырмады. Сыртқы ақпарат пен мәтінді сараптау арқылы Інжіл кітаптарындағы өзгерістердің тарихи жағдайлары мен бұл кітаптың шумер-аккадтық, угариттік әдебиеттері сияқты басқа да көне шығыс әдебиеттеріне қатыстылығы анықталды. Бұған қоса, Інжіл мен басқа кітаптарды үқсас ететін типологиялық белгілер анықталды. Осылайша, Өсетті кітаптағы (Ветхозавет) канонның үш бөлімдік құрылымы дәстүрлі өркениеттің ұстанымдарын көрсетеді. Әдеби дамудың кезекті сатысы алдыңғы кезеңдегі ескерткіштерге түсінік береді. Мысалы, «Бес кітапты» игеру тарихы жазба цикліне кіретін «Неемии кітабында» айтылған. Үшінші циклдың біраз кітаптары екінші циклдың негізгі кейіпкерлері, Сүлеймен (Соломон) және Дәуіт (Давид) патшаларының есімдерімен байланысты болды. Жазба циклындағы «Иереми зары» «Пайғамбарлар» циклындағы Иеремиге қатысты. Біз осындай «түсіндірмелі дәстүрлерді» қытай және үнді әдебиеттерінде де кездестіре аламыз. Көне еврей әдебиеті мен шығыс әдебиеті байланысының тағы бір белгісі түрлі жанрлар мен замандардағы ескерткіштерде көрініс тапқан екі тенденция: діндік – рулық және жалпы адамдық ендіктердің шиеленісуі болып табылады. Басқа дін өкілдеріне қастық, өз құдайларын басқа ұлт өкілдерін жек көретіндей етіп елестету, өз құдайы үшін соғыстан тайынбау сияқты оқиғалар «Иисус Навин кітабында» анық көрсетілген. Керісінше, Амос пайғамбарының құдайы әрбір халықты жақсы көреді және барлығы бірдей құқыққа ие болып табылады. Исайя соғыс заманында бейбітшілік туралы үгіт-насихат жүргізіп, халықты бейбітшілікке шақырды. «Иона пайғамбар кітабында» бір пайғамбардың өз дұшпандарының қаласын жек көргені үшін Құдайдың жазасына ұшырағаны туралы жазылған. «Яхве кітабы» әр түрлі ру арасындағы некеге тыйым салса, «Руфь кітабы» оны жоғары бағалады.

ІІ мыңжылдықтың орта кезеңіне жататын шығыстан табылған құжаттарда «хапиру» немесе «апиру» есімдері айтылады. Олар Ханаан мемлекетінің жерінен шөлдер мен далалар арқылы ел қоныстанған жерлерге өтіп жүрген көрінеді. Иври сөзі сол «хапиру» терминінің осы кездегі формасы екені көрінеді және бұл сөзде этникалық мағынаға қарағанда әлеуметтік мағына басым. Інжілдегі «Болмыс Кітабында» көне еврей халқының ата-бабалары дәл сол көшіп жүрген малшылар ретінде сүреттеледі. Олар жергілікті халықтан құдықты пайдалануға рұқсат алып отырған және кей кезде жер телімін сатып алатын болған. Авраам: «Мен сіздерге көшіп келушімін», - деп Кирйат-Арба хеттеріне айтқан екен.

Б.з.д. XIII ғ. еврей тайпалары, батыс семит тайпаларының бір бөлігі мен Яхве құдайына табынатындар Палестинаға басып кірді. Інжіл аңызы олардың бұл жерге басып кірместен бұрын Египеттен кетіп, шөлде ұзақ жүргендерін айтады. Бұл оқиғаның соңы олардың жергілікті халықтармен және батыстан келген басқыншылармен арпалысып, «Израиль» деп аталатын он екі тайпадан тұратын одақтың құрылуымен аяқталады.

Б.з.д. ХІ ғ. соңында шофеттер басқарған әскери патриархалдық демократияның орнына монархия келді. Ауыр қақтығыс арқылы жүзеге асқан еркіндіктен озбыр көне шығыс мемлекетіне ауысу Інжілдегі «Патшалықтар кітабында» айтылған. Дәуіт пен Сүлеймен патшаларының кезеңі мемлекеттің нағыз күшейген шағы ретінде қарастырылып, інжілдік дәстүрде көне еврей мемлекетінің «алтын ғасыры» деп аталды. Жақын жатқан халықтар мен тайпалар одақтастарға немесе салық төлеушілерге айналды. Египетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, патшалық еш қауіпсіз, бейбіт өмір кешті. Қоғамның жоғарғы табы ханаандардың, финикийліктердің және египеттіктердің материалдық және рухани жетістіктерін пайдаланып, басқа жердің өмірімен танысты. Дәуіт басып алған Иерусалим қаласында өздерінің астанасын орнатса, ал Сүлеймен патша кезінде патша резиденциясы Яхве құдайының құрметіне арналған керемет сарай мен шеркеуге ие болды. Бірақ Дәуіт патшалығының өрістеуі мәңгі болған жоқ. Шамамен б.з.д. 928 ж. патшалық Дәуіттің ұрпақтары Иерусалимнен басқаратын оңтүстік Палистинадағы иудейлік патшалық пен солтүстік Палестинадағы израильдік патшалықтарға бөлінді. Екі мемлекет арасындағы мүліктік қақтығыстар өте қауіпті болды, бұл египеттіктер, ассирялықтар мен вавиллондықтар сияқты халықтар үшін оңай олжа болтын.

Б.з.д. IX-VIII ғғ. өмір сүрген пайғамбарлар байлықтың өсуін мінейтін патриархалдық нормаға қайта келуге шақырып, әлеуметтік қиын мәселелерді шешу үшін діни-этикалық идеалды ұсынды. Кей кездері пайғамбарлардың әсерінен патшалар уақытша тұрақтылықпен қамтамасыз ететін санаулы реформалар жасайтын. Бірақ екі патшалықтың да түбі жақсы болмады.

Б.з.д. 722 жылы ассириялық патша ІІ Саргон Израиль патшалығын басып алып, Самарияның тас талқанын шығарды. Ал б.з.д. 587 жылы вовилондық ІІ Навуходоносор Иудей патшалығы мен Иерусалимді қиратады.

Ерекше атақты кісілер, оқыған және бай тұрғындар тұтқынға алынып, көне Еврей әдебиетінің кейінгі тағдыры армандағыдай емес, ашшы шындық негізінде өрбіді.

Пайғамбарлардың уағыздарындағы саяси және қоғамдық мәселелердің діндік көзқарастағы шешімдері жиі айтылып отырды. Халықтың басындағы қайғысы Яхве құдайына толық сеніммен бағынбаушылық кесірінен болғаны түсіндіріледі. Иудейлер тұтқында жүргенде ғана Яхве құдайының құдіретін түсінеді. Мемлекетті қайта құру, талқандалған Иерусалимді қайта қалпына келтіру мен Дәуіт патша ұрпақтарының таққа қайта отыруы туралы армандар мистикалық деңгейге жетеді: құрылатын мемлекет жай мемлекет емес, қасиетті, теократиялық мемлекет, таққа отырғызылатын Дәуіт ұрпағы да жай монарх емес, Яхве құдайының таңдаулы адамы ретінде суреттеледі. Осы кезде Вавилон империясының жері парсы шапқыншыларының иелігіне өтіп, олар иудейлердің елдеріне оралып, Иерусалимді парсылардың қоластындағы храмдық қала ретінде қайта салуға мүмкіндік береді. Қаланы қалпына келтіруді Эзра мен Неемия қолға алып, барлық нәрсеге діндік-этникалық ұстанымдар бойынша қарап, қатал тыйымдар қояды.

Б.з.д. ІV ғ. Парсы империясының басқа да жерлері сияқты, Палестинаны да Александр Македонский жаулап алып, бұл мемлекеттер эллиннистикалық өркениетті ортаға кіреді. Иудейлік қоғамның жоғарғы табы гректердің жүріс-тұрыс нормаларын қабылдап, Яхве құдайларынан бас тартады. Бұл жағдай Селевкид династиясынан шыққан Сирия патшаларына, әсіресе, иудаизмді ұстанғандарды қуғын-сүргінге ұшыратқан IV Антиохқа қатты ұнады. Б.з.д. 167 ж. мұндай қуғын-сүргінге қарсы Иуда Маккавей көтеріліс ұйымдастырды. Күрес тең дәрежеде болмады, бірақ кенеттен жеңіске ұласты. Б.з.д. 140 ж. Иудея тауелсіздік алды, бірақ бұл мемлекет ұзақ өмір сүрмеді. Б.з.д. 63 ж. Иерусалимге Помпей әскері басып кіреді. Ал б.з.д. 6 жылы Иудея Рим империясының провинциясына айналып, римдіктерді тақтан түсірудің сәтсіз әрекеттерінен кейін Иерусалим толығымен талқандалды. Бұл көне еврей мәдениетінің соңғы кезеңі еді.

Көне еврей әдебиеті Египет, Месопотамия, Ханаан мен Финикия мәдени дәстүрлерімен байланыса отырып, басқа халықтардың мифологиялық жүйесіне ұқсамайтын иделогияның ерекше бір түрін дүниеге әкелді.

Біз көне шығыстың рухани өмірінде бір құдайға сенушілік, шексіз сенім мен құлшылық етуді көреміз. Бұған мысал ретінде Египеттегі IV Аменхотептің (Эхнатон) діндік реформасын келтірсек болады.

Ұлы мәдениеттермен салыстырғанда, дәстүрге айтарлықтай бай емес, жас көне еврейлік мәдениетте ғана монетеизмге өту үдерісі жүзеге асып, онда ішкі қақтығыстар мен қайшылықтар орын алды.

Көне Египеттік мәдениеттке қарсы келетін Ехнатонның бастамасы жемісті болғанымен, қысқа уақытқа ғана созылып, күйреуге ұшыраса, керісінше, Дәуіт пен Сүлеймен патшаларының кезіндегі мемлекеттің өркендеуі, онымен байланысты әскери қауіп, Иосияның реформалары сияқты көне еврей тарихының әрбір тұсы манотеистік ұстанымдар негізінде тура әрі нақты қызмет етті. Б.з.д. VI ғ. тәуелсіздіктің жойылуы және оның кесірінен болған саяси-патриоттық құндылықтардың діндік құндылықтармен ауыстырылуы монетеистік принципті құру бағытында жұмыс істеді. Монетеистік ұстанымдар қиял әлемінің қалыптасуы мен жалпы әдеби топиканың сипатына әсер етті. Егер Египет, Ассирия, Вавилон, Финикия мен Грециядағы құдайлардың өзіндік шығу тегі, өмір тарихы болса, Інжілдегі құдай туралы ешнәрсе айтылмайды. Яхве құдайына қатысты тек оның әлем мен адамды жаратқаны туралы белгілі болды. Бұл мифологиялық дәстүр мен жаңа діндік идеология арасындағы ерекшілік болды. Кейіннен пайғамбарлар Яхве құдайының жалғыз құдай екені және басқа құдайлармен сәйкестенбейтіндігі туралы жазды. Яхве Зевс сияқты үлкен патриархалдық отбасының басшысы емес, Яхве тек біреу ғана, оған тектес ешкім жоқ. Құдайға деген мұндай көзқарас адам танымының жаңа сатысы еді. Бұндай құдай алдында адам өзін оның құлы ретінде сезінді. Адам танымының және мистикалық историзмнің поэзиясы жоқтан пайда бола қойған жоқ. Ол генетикалық тұрғыда табиғаттың алғашқы мифтерінен бастау алған етін. Яхвеге стихиялық белгілер тән болды. Ол ашуланғанда жерге дүлей күш түседі. Яхвенің басқа стихиялық белгісі жел. Бұндай стихиялықтан жекелікке өту әлемнің пайда болуы тұралы аңыздар мен басқа да мәтіндерде кездеседі.

«Сандар кітабында» «Леп» («Дуновение») термині қатты желді білдіреді. Дегенмен, бұл жел Яхве құдайының рухы ретінде суреттеледі. Сонымен Яхведен шыққан жалындаған дүлей жел мен күркіреген күшті дауыс, бұның бәрі нақты бір бейнені құрайды. Яхвенің стихиялық белгілерін аллегория ретінде түсіну үлкен қате болып саналушы еді, бірақ оның бейнесінің басқа мифтік бейнелерден ерекшілігін көрмеу де одан кем қате емес. Бірақ жоғарыда аталғандар Яхвенің мәңділігін дәлелдеді. Жердің қимылсыздығы Яхведен алыстатылды да, оның жерде белгілі бір мекені жоқ деп сипатталды. Дегенмен, Яхвенің жердегі киелі орындары болды, әдетте ол жерлер таулар етін. Бірақ Киелі Кітап Яхвенің бұл жерлерге тәуелді емес екенін, оның кез келген кеңестікте жүре алатынын дәлелдеді. Себебі ол жел сияқты, оның тұрақты жері жоқ.

Мұндай түсініктердің тұрмыстық негізі ретінде еврейлердің көшпенді ата-бабаларын мысалға алса болады. Бірақ құдайлардың құдіретін түсіну үшін адамдар өз бейнелерін оған қарсы қою керек болды. Яхве өзінің табынушыларының онымен қарым-қатынасқа түсуі үшін олардың орынықты жерінен басқа бір белгісіз жайларға орын ауыстыруын талап етті. Адамдар өздерінің өмір сүруі серпінінен шығып, содан кейін Яхвемен қарым-қатынас кеңестігіне түсетін болған. Осындай қатал құдіретіне қарамастан, Яхве грек мифтарындағы басқа құдайларға қарағанда адамдарға жақын болды.

Зевс пен Апполонның өздеріне табынушыларылардың ішкі әлемімен байланыстары болмады. Олар адамдардан бөлек бір кеңестікте өмір сүреді. Керісінше Яхве адамдардан махаббат талап етеді. Бұған қоса Яхве құдайының жалғыз мақсаты - өзіне толық бағынатын адамды табу. Бұл құдайдың көңілінен шығу, оған толық бағыну, құлшылық ету деген сөз.

Орта ғасырда еврей жазушысы (Мидраштың авторы) Інжіл сөздерін былайша түсіндірген: сендер менің куәларымсындар, мен сендердің құдайларыңмын. Яхве өзіне куәларды жеке адамдар арасынан немесе түгелдей бір халықты алып отырған. Тілдік идеология тұрғысынан құдай мен адам арасындағы қарым-қатынасты түсіну мүмкін емес: Мардук вавилондықтарға жақсырақ қарым-қатынас ұстанса, Амон Фивы тұрғындарын сүйеді, Афина тіпті гректерге жылы шыраймен қарайды. Ал Яхве өз ұлтын таңдайды және оның таңдауы еркін болады. Адам құдайға қажет және сол қажеттілікті ол сезінеді. Осы еркіндікті сүю мен адамның таңдау маңыздылығынан мистикалық историзм мен оптимизм шығады. Гомердің әр поэмасы эллиндердің аңыздарының тек бірғана тұйықталған көрінісін суреттейді. Інжілде тарихи қозғалыстың ырғағы көрініс тапқандықтан, ол тұйықталған бола алмайды. Көне еврей әдебиетінің дамуы барысында бұл мистикалық тарихилық неғұрлым анық және түсінікті бола бастап, пайғамбарлық пен ақырзамандық мәтіндерде ол өзінің шарықтау шегіне жетті.

Басқа халықтар сияқты көне еврейлердің де ұрпақтан ұрпаққа таралған өлеңдері, дұғалары мен нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, мысалдары мен жұмбақтары болған. Олар бізге жету үшін сол кезде жазылып, Інжіл канондарынан орын табуы керек еді. Сондықтан тарихи оқиғалармен байланысты шығармалардың жолы болып, ондай шығармалар каноннан орын тапты.

Жоқтаулардың кейбір нұсқалары белгілі бір тарихи оқиға мен атақты тарихи адамдармен байланысты. Оның негізгі оқиғасы - Израильдің бірінші патшасы Саул мен оның ұлы Ионафанның өлімі. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, оның авторы, Саулдың қарсыласы және Ионафанның досы Дәуіт патша. Осы жанр көне еврейлердің фолклорында «кина» деп аталды. Әрине, бұл өлеңді Таяу Шығыстағы басқа да халықтар жақсы білген. Өлеңдегі Дәуіттің Ионофанды жоқтап, көзіне жас келген кезі аккадтық эпостағы Гильгамештің мерт болған Энкидуді жоқтап жылаған кезіне сәйкес келеді. Бізге жеткен Самсон батыр туралы жазылған көне еврейлік жұмбақты үлгі ретінде қарастырсақ, онда Самсон арыстанды өлтіріп, кейіннен сол арыстанның аузынан аралар жинап қойған балды алады. Жұмбақ белгілі бір ырғақпен жазылып, өлең түрінде берілген.

Израиль патшасы Ахав Дамаск патшасы Венадалдтың мақтау сөзін естіп, елшіге былай дейді: «Сауыт-сайманыңды киіп жатып мақтанба, оны шешіп жатып мақтан». Осыған қарағанда бұл нағыз еврейлік мақал болған. Көне еврей мысалдарымен танысу мүмкіндігі мына екі жағдайдан туындайды: біріншісі - Дәуітке дейінгі кезеңіндегі жағдай. Бұл кезде қоғамда бұрын соңды болмаған патшалық билікке байланысты мәселелер туындап, билік басына таққа лайықты емес адамдар келе бастайды.

Екінші мысал басқа кезеңге тән. Бұл кезде Дәуіт патша болады да, өз қағидалары бойынша әрекет ете бастайды. Біреудің әйелін ұнатып, өзінің билігін пайдаланып, оның күйеуін мерт қылып, әйелін өзінің гареміне алады. Пайғамбар Нафан оған өз кінәсін түсіндіру үшін бір байдың кедей кісіден кішкіне кезден бастап өсірген қойын тартып алғаны туралы аңызды айтып береді.

Фольклордан әдебиетке өту әдетте батырлар жыры арқылы жүзеге асады. Көне еврей әдебиетінің тарихы біз үшін б.з.д. ХІІ ғ. әскери эпикалық өлеңнен басталады. Бұл өлеңнің әйелге қатыстылығы оның өте көне архаикалық кезеңге жататындығын айқындайды. Ол әйелдің аты Девора. Інжілде баяндалған мәтіндер бойынша, ол төреші, яғни тайпа көсемі болған.

Хананейлік қолбасшы Сисера оның әскерін талқандағанда Девора Нафтали тайпасынан шыққан Барак көсемді көмекке шақырады да, соғыс толыққанды жеңіспен аяқталады. Сисера қашып бара жатқанда оны тағы бір батыл әйел Ианль өлтіреді.

«Бес кітап» негізінен адам мен халықтың өмірін реттейтін нормалар жинағынан тұрады. «Тәурат» заңдар жинағы болып табылады. Әлемдегі бүкіл мифологиялардан адамның өзінің ішкі әлеміндегі міндеттерін түсінудің жалпыадамдық мұқтаждығы байқалады. Сондықтан бүкіл адамдардың заңдары әлем тұтастығынан шығарылуы тиіс болды, ал әлемнің тұтастық заңдары әлем тұтастығының басынан негіз алуы керек етін. Архаикалық ақыл-ой үшін «бастау» идеясы мүлдем ерекше мағынаға ие: «бастау» ол тек басталу нүктесі ғана емес, белгілі бір негіз, бастаудың пинципі ретінде қарастырылады. Ол бұрын болған және дәл сол болып жатқан уақытпен бірге жүреді, яғни «дұрыс жолмен» жүргісі келмеген адам, «бастауға» қарап үлгі алуы тиіс.

Міне, «Заң» мен «Бастаудың» тоғысатын жері осында және бұл екеуін бір-бірінен ажыратып айтуға болмайды. Тәурат заң шығарылымы негізделген «Бастау» екі бейнеге ие: бірінші - өмір бастауы, екінші - халық бастауы. Осыған сәйкес «Бескітап» екі кітаппен ашылады: «Болмыс Кітабы» мен Кету Кітабы.

«Болмыс Кітабының» орыс тіліндегі аудармасы гректік Genesis-ке қарағанда сәтті шықпаған. Сентуагинта корпусында берілген гректік атау түпнұсқа мәтінінде мына сөздерден негіз табады: «Міне, жаратылыс барысында Жер мен Көк пайда болды». Бірақ иудейлік аудармада ол бірінші сөз бойынша атау алды. Яғни Тәураттың «басында» тұрған кітап, өмірдің «басында» не болғанын айтады.

Інжіл әңгімелері бойынша бұл ұлыстардың орта атасы жарты мыңжылдық өткен соң еврей халқының негізін құраған. Бұл жерден бүкіл көне еврей әдебиетінің құндылығы жоғары болғанын түсінеміз. «Болмыс Кітабында» Яхвенің Авраамға, кейін Иаковқа, Иаковтың балаларына қайырым айтып уәде беруі құдайлық бақыт құнының өсіп бара жатқанын көрсетеді. Бірнеше рет Авраам, Исаак пен Иаковтар сияқты мифилологиялық тұлғаларды, яғни тілдік Палестинаның тайпалық құдайларын монетеизм принципіне сәйкес жай адамға айналғандығы айтылады. Бірақ бұл тұжырым дәлелсіз болды. Жалпы алғанда, Інжілдегі патриархтардың әлемі қазіргі қолда бар Месопотамия мен Ханаан туралы ақпаратқа сәйкес келеді. Патриархтар туралы ақпаратқа қол жеткізу «Болмыс Кітабындағы» бөлімдердің жанрларын анықтауға мүмкіндік береді. Мазмұндау сипаты жағынан бұл шығарма миф ретінде емес, тарихи аңыз, ертегі ретінде қарастырылады. Патриархтар туралы әңгімелердің ішіндегі ерекшесі - Иосиф туралы көрініс. Оның негізгі мазмұны былай суреттелген: Иаков балаларының ішінде Иосифті ерекше жақсы көреді де, басқа балалары әкесін қызғанып, сүйікті баласын саудагерлерге құлдыққа сатып жібереді. Ал саудагерлер оны мысырлықтарға қайта сатып жібереді. Кейін бауырлары оның киіміне лақтың қанын жағып, оны арыстан жегенін айтады. Иаков өте қатты қайғырады. Балалары оны жұбатқысы келеді, бірақ ол ешкімді жолатпай былай дейді: «Воистину скорбящим сойду я к сыну моему в преисподнюю». Бұл кезде жас Иосиф Потифардың құлы болып дәрежесі көтеріліп, оған қоса оның әйелі Иосифты ұнатып қалады. Ол өзінің қожайынын сатпайтынын және Яхве құдайының алдында күнә жасамайтындығын айтқанда, Потифардың әйелі арыма нұсқан келтірді деп, күйеунің алдында оны кінәлі етеді. Ол зынданға тасталады, бірақ зынданның бастығын да өзіне жақтас етіп алады. Кейіннен зынданға оның жанына шарап жасаушы мен егінші түседі. Ол біреуі өлім жазасына кесілетінін, ал екіншісінің ақталатынын өзінің түс жору қасиеті арқылы болжап береді. Кейін перғауының (фараон) өзі түс көріп, сарайдағы түс жорушылар ешқандай шешім таба алмайды. Кейін шарап жасаушы зынданнан шығып, перғауынға бірге зынданда отырған адамның керемет қасиеті туралы айтады. Ол тек жеті жыл жақсы өсімнен кейін, жеті жыл жұт болатынын айтып қана қоймай, оған қоса Мысырда перғауыннан кейінгі екінші адам атанып, жұтты болдырмау тапсырмасын алады. Жұт тек Мысырда емес, Ханаанда да басталып, Иаковтың балалары Мысырға астық жинап қойған інілеріне келуге мәжбүр болады. Олар онымен кездеседі, бірақ оны танымай қалады. Ол шыдамай ағаларын оның алдынан алып кетуін бұйырады. Ол бауырларының алдарында ашығын айтып жылап жібергенде, оның жанында бөтен ешкім болмайды. Оның жылаған дауысын перғауынның үйіндегілер мен мысырлықтар естиді. Оның әкем тірі ме деген сұрағына бауырлары ұялғанынан жауап бере алмайды да, ол бауырларына жақындап, Мысырға сатып жіберген інілері екендігін, оларға ренжімейтінін айтып, оларды құшақтап сүйеді. Бұл әңгімеден әр текті әдеби тағдырлар қосылған әңгімелер желісін көреміз. Иосиф пен «Екі ағайындылар туралы ертегідегі» басты кейіпкердің ұқсастықтары көп. Иосифтің тағдыры Інжілдегі жекелеген көріністер сияқты бүкіл халықтың тағдырымен байланысты. Ақырында Иосифтің мақсаты жұт кезінде әкесі мен баурларына көмек көрсету болғаны анықталды. Иосифті, міне, осындай барлық жағынан жағымды кейіпкер ретінде көреміз. Басқа шығыс әдебиетінде оған ұқсас кейіпкерді табу өте қиын. Інжілдегі Иосифтің тарихы ислам, христиан, иудаистік дәстүрлердің негізіндегі әдеби кезеңдерге зор әсер етті. Тіпті б.з. алғашқы ғасырларында Иосиф туралы шығармалар жазыла бастады. Бұндай шығармалармен халық зиялылары орта ғасыр бойына жұмыс істеді. Құран Кәрімде Йусуфқа арналған сүре кездеседі. Евфраттан Атлантикаға дейін Иосиф ең танымал кейіпкер болады. Тіпті жаңа заман кезінде де Германияда Иосиф туралы пьессалар пайда болып, жас Гете де ол туралы шығарма жазуды армандайды.

«Болмыс Кітабының» соңында Яковтың Мысырда дүниеге келгені туралы суреттеліп, осы оқиғадан «Кету Кітабы» басталады. Оның бастапқы бөлімінде көшіп келген жатжұрттықтардан сескенген пеғауынның оларды ауыр жұмысқа жегіп, олардың әйелдерінен туған ер балаларды өлтіруді бұйырғандығы туралы айтылған. Кейін эпикалық әңгіме халық көсемдері Аккадтық І Саргон мен Кир, Ромул мен Рем сияқты кейіпкерлер кездесетін аңыздарға ұқсас болады. Әйел кішкене сәбиді дүниеге әкелген соң, оны үш ай жасырып, содан кейін оны Ніл суына ағызып жібереді. Оны Перғауынның қызы тауып алып, атын Моисей қояды. Бірде Моисей озбырлыққа ұшыраған яһудейді құтқармақ болып, мысырлық бақылаушыны өлтіріп қояды да, Мысырдан қашуға мәжбүр болады. Ол қаңғырып жүріп Хорев тауына жетіп, сол жерде пайғамбар атанады. Онымен сөйлескен құдай өзін Авраам, Исаак пен Иаковтың құдайымын деп таныстырады. Бірақ сол жерде ол өзіне патриархтарға белгісіз жаңа есім қояды. Ол есім - Яхве. Яхве қайғырған тайпаның дауысын естіп, оларды Мысырдан босатуды шешіп, оны Моисейге бұйырады. Пайғамбар өзіне жүктелген тапсырманы орындауда қорқынышқа жол бермей, бұйырықты орындауға міндетті болды. Ал Перғауын өзінің жұмысшыларын босатқысы келмеді де, сол сәтте «Мысырлық өлім жазалары» басталды.

Моисей басқаруындағы халық қауіпті аяқ өткелден Қызыл теңіздің көлтабандары арқылы өтеді. Яхве желдің көмегімен теңізді шөлге айналдырып, халық түн жамылып теңізден ойдағыдай өтеді. Ал таңертең шөл қайта суға айналып, египет қуғыншыларын шайып кетеді. Апаттан аман қалған еврей халқы Қызыл теңіз бойымен Синай тауына дейін жетіп, сол таудың бойында халық Яхвамен өмірлерінің соңына дейін келісімге отырады. Бұл халықтың қасиетті қоғам ретінде қайта пайда болуы «Кету Кітабының» шарықтау шегі етін. Найзағай ойнап, күн күркіреп, керней тартылған кезде Моисей Яхведен заңдар жинағын алу үшін от жалынындағы Синай тауының шыңына өзі жалғыз шығады. Бұл заңдар жинағы «Он өсиет» деп аталады. Бұл заңның алғашғы төртеуі сакральды құқұққа, ал қалған алтауы әлемдік құқұққа жатады. Бұл заң бойынша құдай - жалғыз.

Моисей Синай тауында ұзағырақ тұрып қалғанда, халық оның бауыры Аароннан: «Біздің алдымызда жүретін, бізді жетелейиін бір құдайды бізге көрсетші» дейді. Араон бұған жауап ретінде сол кездегі Таяу Шығыстағы халықтар үшін еркек күшінің символы болып тыбылатын алтынмен апталған бұқаның мүсінін тұрғызады да, халық оның айналасында ойын-сауық құра бастайды. Моисей таудан түсіп, бұл сұмдықты көргенде халыққа қатты ызаланады. Күнәһарларды жазалап, Яхведен халық үшін кешірім сұрайды. «Сандар кітабында» Моисей халқы көпқұдайға сенгендіктен, олардың қалай жаза тартқандары жайында айтылған.

Көбіне бұл эпос сакральды және әлемдік құқыққа орын береді. «Сенің ұлың сенен «бұл Яхве бұйырған қандай құқықтар мен шектеулер?»-деп сұрағанда, сен ұлыңа: «Кезінде біз Мысыр перғауынның қол астында болғанымызда, Яхве бізді өзінің мықты қолымен аман-есен шығарып алды. Яхве Мысыр халқын жазалап, бізге жер беріп, амандығымызды сақтады. Моисей бізді Яхве заңдарымен таныстырып, бізге сол заңдарға сүйеніп өмір сүруге бұйырды» де. Тәураттың қасқаша мазмұны осындай. Заңдарды халыққа ұсыну оңай, ал халықты өмір бақи сол заңды ұстануға бейімдеу қиын.

Кезінде Бес кітаппен бір тұтас болған Иисус Навиннің жетекшілігіндегі Палестинаны жаулап алу туралы кітабы тек Інжілде ғана кездесетін ерекше батырлық эпос болып табылады. Кейіпкердің батыл істеріне толық қызыға алмаймыз, себебі, бұл эпоста Яхве үшін жасалған ерліктері жайында айтылған. Керек жерінде ғажайыптар да іске қосылып, Иерихон қаласын жаулап алуда сиқыр қолданылады. Өздерінің басты сыйынушылары Ковчег Завет деп санайтын жаулап алушы халық Иерихонның қорғаныс қабырғаларын жеті күн бойы айналып, салтты дауыстау өлеңдері мен кернейлерінің дауыстары арқылы қорғаныстың қирауына әкеліп соққан жер сілкінісін тудырады. Келесі одан да қызық таңғажайып оқиғада хананейлік бес патшаның одағына қарсы күрестің жеңіспен аяқталғанан кейін, оның нәтижесі жер бетін қараңғы басқанда жоқ болып кеткендігі баяндалады. Иисус Навин аспанға қарап: «Гаваонды жарқыратып тұратын күн жарқыра, Айалон айдаласындағы ай да тұр!» деген өзінің ырғақты сыйынуын бастағанда, күн жарқырап, ай бір орнында тұрады.

«Иисус Навин кітабы» ханнан жерлерін жаулап алу туралы әңгімемен аяқталады. Ал Еврейлердің Палестинаға келгеннен кейінгі өмірлері Інжілдегі тілі мен стилі жағынан ең көне «Израиль Төрешілерінің кітабында» суреттеледі.

«Төрешілер кітабында» кездесетін көріністің бірі Иеффаяның хикаясы болып табылады. Бұл заңсыз дүниеге келген, мұрасынан айырылған батыр ары қарай өмір сүруі үшін жеңіл қарақшы жолын таңдайды. Израильге дұшпандар жақындаған кезде, оны қолбасшы ретінде әскерге шақырады. Ол сапарға шығар алдында оқыстан ант беріп, егер әскер жеңіске жетсе, өзінің алдынан шыққан кез келген тірі жанды құрбандыққа шалатынын айтады. Ол адам оның жалғыз қызы болып шығады. Иеффая уәдесінде тұрып, Израильмен соғыс кезінде патша Моава өз баласын құрбандыққа шалғандай, ол да туған қызын құрбандыққа шалады.

Көне еврейлер жайындағы мистика-ритуалдық сипаттағы Самсон туралы туынды да ерекше көзге түседі. Самсон дүниеге келмей тұрып, құдайдың таңдаулысы болып, оған «назорей» (құдайға арналған өмірдің бір формасы) ретінде қызмет етеді. Ол өзін құдайға берілгендігін көрсету үшін өмірнің соңына дейін жеңіл жүрістен бас тартып, ешқашан шашын алдыртпайды. Бұл ерекшелік оның орынсыз әзілге құмар, дұшпан әйелдерінің алдында әлсіз әрі қарапайым батыр болуына кедергі бола алмады. Ол Газа қаласының бір жеңіл жүрісті әйелдің үйінде қонғанда, Газа тұрғындары оған шабуыл жасамақшы болды. Самсон оларды күлкі етіп, Газаның басты қақпасын йығына салып, Хевронға әкетеді. Екінші Далила атты филистимдік қыз Самсонның құпиясын, оның күштілігі құдайға берілгендігімен байланысты екенін, ең бастысы, оның шашын кессе, ол күштен айырылатынын біліп қояды да, Самсон ұйықтап жатқанда, оның шашын кесіп алады. Филистемляндықтар оны тұтқынға алып, көзін ойып, оны шынжырлап, ауыр жұмысқа салады. Құлдық кезінде оның шашы өсіп, өзіне қайта күш жинап, назорей атағын қайта қайтарады. Ешнәрседен хабары жоқ дұшпан халықы мейрам кезінде ойын-сауық үшін Самсонды халық ортасына шығарады. Сонда Самсон: «Жаным менің, филистилян халқымен бірге өл!» деп, тастан жасалған мұнараны өзі мен маңындағы халықтың үстіне төңкереді.

Сәуегейлік әдебиет

Пайғамбарлар кітаптары ежелгі еврей әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерге толы ең маңызды жанрының бірі болып саналады. Бұл кітаптарсыз әдебиеттің болмысы мүлдем өзгеше болар еді. Мұндай сәуегейлік кітаптар бізге VIII-VI ғғ. тоқырау кезінде еврейлердің рухани өмірінің негізі болған бір ғана қоғамдық ерекшелік болып табылатын пағамбарлық қозғалыстың рухын түсіндіреді. Әр халық өз дамуында шамандық, бақсылық бейнелерді білетін. Мұндай қасиетті бар адамдар Ежелгі Палестинада да болды. Қалыпты адамдар олардан қорқып, кейде тыңдайтын, бірақ мұндай «қасиеттілерді» тіпті сыйламайтын.

Шамандық желігудің көне стихиясы біртіндеп мүлдем жаңа оймен сипаттала бастайды. Пайғамбар мұнда зұлым күшке қарсы тұрмайды, керісінше жалғыз мейірімді Яхве құдайына өмірінің соңына дейін тәуелді болады. Яхве үшін ол жердегі күштермен күреске шығып, тіпті Дәуіт патшаның уәзірі ретінде қызмет еткен пайғамбар Натан да патшаға қарсы шығып, патшаның өз беделін жаман істер үшін қолданып жүргеніне қатты ызаланады. Пайғамбарларлар өздерінің парызын өтеу үшін әлемде барлығын ұмытуға дайын, олар адамзат баласын тура жолға түсіруді өздерінің парызы деп санайды.

Мінекей, пайғамбарлар жайындағы әңгімелерден кейін, біз олардың өздерінің дауыстарын естиміз: б.з.д. VIII ғ. бері олардың насихаттары жазылып келе жатыр. Амос, Исая, Иеримия, Иезиккиль сияқты пайғамбарлық қозғалысқа қатысушыларды ежелгі еврей әдебиетінің негізін қалаушылар ретінде тануымызға болады. Олардың өмір сүрген кезеңі шығыс Палестинада жаңа діни-философиялық жүйелер пайда болып, Грециядағы Гомер мен Гесиод сияқты алғашқы философтар мен лириктердің пайда болу кезеңімен сәйкес келді.

Пайғамбарлардың әр сөзі Яхвенің атынан айтылатын. Пайғамбарлардың құдайы Таяу Шығыстың халқы бұрын-соңды білмеген мүлдем басқа құдай болатын. Ол өзіне құрбандық шалып, сый тарту етуін немесе мейрамдар жасауды талап етпейді. Керісінше оның елшілері құдайға жақындау үшін құрбан шалып, діни жоралғыларды орындаған адамдарды келеке еткен.

Осылаша, пайғамбарлардың насихаттары - бұл адамдардың рухани, ішкі жандүниесі мен парасаттылығының белгісі. Пайғамбарлық кітаптарды жазушылардың алғашқылары ретінде Иудейдің солтүстігінен шығып, б.з.д. VIII ғ. Израильде көзге түскен Амос малшыны айтуға болады. Ол Израильдің гүлденген кезеңінде өмір сүрді. Бірақ Амостың ойынша мемлекеттің гүлденуі шын мәнінде өтірік пен зұлымдылықтың негізінде қалыптасты.

Амостан кейінгі пайғамбарлар адамдарға Яхвенің опасыздыққа байланысты үкімін түсіндірген Осия (Хошеа) мен үш «ұлы пайғамбарлардың» бірі Исаия болды. «Исаия пайғамбардың кітабы» 66 тараудан тұрып, оның тек отыз бесінде ғана шамамен б.з.д. 740 жылы өзінің уағызын айта бастаған Исаия туралы жазылған. Сол кезде оның қоғамы мен айналасы өшпенділік, соғыс пен адамдардың жазықсыз қанына толы еді.

VI немесе V ғасырда «Исаия кітабының» соңғы тарауларын жазған авторды немесе авторларды Тритоисаия деп атау қалыптасқан. Гебраист А.Вейзер бұл кітапта түрлі дәуірлерде жазылған тарауларға қарап, оны әр кезеңде түрлі адамдардың қолына алып отырғанын байқайды.

Иеремия халқы арасында ең мұңды пайғамбар әрі ақын ретінде танылғандықтан, өзі жазбаған жоқтау («кина») үлгілеріндегі Иерусалимнің құлауына арналған «жоқтау өлеңдерін» де оған таңады.

Пайғамбарлардың өздерінің шәкірттері 2 ғасырға кеш болса да пайда бола бастады. Олар Исайдың идеялары мен ойларынан тәжіребие алып, кейін олардың насихаттары Исай кітабына енеді. Оның 40-55 бөлімдерінің авторы II Кир кезінде, яғни б.з.д. 6 ғасырда өмір сүрген. Ол ғылымда Дефтероиса деп аталады. Кирдің елді шыдамдылықпен басқарып отырғанына ризашылығын білдіріп, сол кездегі заманға қанағаттанбай, болашаққа көз жүгіртеді.

Міне, менің құлым!

Менің жүрегім қалап таңдаған адамым.

Мен оған үміттенемін,

ол елге шындықты жеткізеді.

Лирикалық жанрлар

Дәуітттің болашақта құдайға қызмет ететін әншілерден тұратын бірлестік құрғаны туралы көне жазбаларда айтылған. Осы бірлестіктің билігінде үш жоғарғы шебер отырды. Бізге Дәуіт кезеңіндегі жоғарғы шеберлердің бірі Этане туралы, оның жергілікті адам, яғни Палестина елінде туылған ханандық екені белгілі болды. Сол кезде Хананей-финикийлік аймақ музыка жанры жақсы дамыған аймақ болатын.

Жоғарыда келтірілген діни жырдың өзіне тән «Яхвенің алдында мұңын шертушінің дұғасы» деген аты бар. Осдан басқа да бірқатар діни жырларды осы тәрізді атауға болады. Мұндай дұғаларды айтуда Таяу Шығыстың зор ықпалы болды (вавилондық «тәубе» діни жырлары), алайда ежелгі еврей діни лирикасында адам қасіретін жеткізудің ерекше, нақты деңгейін көре аламыз.

«Мадақтар кітабының» тағы бір ерекшелігі - ондағы эпитамалар (некелесушілерді құттықтайтын өлеңдер /106, 46-псаломдар/). Бұлар тақырыбы жағынан «өлеңдердің өлеңіне» жақын. Адамның ұлы жаратылыс екендігі жайлы айтылатын сегізінші діни жыр секілді басқа да кейбір жырлар философиялық-медитативті тұрғыда болды.

Діни жырлардағы келесі тақырып ешнәрсенің себепсіз жаратылмағанын, жануар, өсімдікке дейін өз жүйесімен тіршілік ететінін (104-псалом) көрсететін ғарыштық, әлемдік құрылысқа байланысты. Оның кейбір жерлері ІХ Аменхотептік кезіндегі мысырлық күн тәңірі туралы жырланған гимндерді еске түсірсе, кейбір жерлері угарит аңызына да көп ұқсасайды. Дегенмен «Мадақтар кітабының» Таяу Шығыс елдерінде алатын орны ерекше болғандықтан, онда айтылған нәрселер аңыздардан жоғары тұрады. Өйткені Құдай бұл халықтар үшін жәбірленушінің қамқоршысы мен әділеттіліктің кепілі.

Діни жырлар жанры кейінірек еврей әдебиетінде де кездеседі (Кумран ұйымының «Гимндер» жинағы). Бұл ежелгі еврей жанры басқа да тарихи-әдебиет салаларына әсер етті. Мәселен, христиан діни лирикасында кеңінен қолданылады, соның ішінде б.з. І-ІІ ғғ. Гностигі Бардесан 150 жырдан тұратын жинақ құрып, осы арқылы христиандық гимногрфия бастау алды. Ортағасырлық шіркеу поэзияда өзіндік бағыттаушы рөлін атқарды. Әіресе VI ғ. Византия ақыны Роман Сладкопевц, Андрея Критскийдің «Ұлы каноны» т.б. жырлары тіпті еуропа прозасының туындауына ықпал етіп, кейін оның аз ғана өзгеріске ұшыраған түрі жаңа дәуірге дейін жетті.

Христиан елдерінің діни уағыз тілінен ұлттық тірі тілдерге көшу процесіндегі діни жырларға айтарлықтай еліктеу болып, ол жаңа шығармаларға негіз бола бастады. Көптеген жазушылар өздерінің туындысыда жырлардан үзінділер келтіретін (атақты М.Лютер, орыс поэзиясында - М.В.Ломоносов, Г.Р.Державин, Н.М.Языков сияқты тұлғалардың жырларға еліктеуін көре аламыз).

«Өлеңдердің өлеңі» көптеген оқырмандардың мақтауларын шумақтардың аты арқылы білдіріп жатады. Ол көңілді той-думандармен қоса жалғызсыраған адамдардың терең ойларын білдіреді. Бұл жағынан алғанда кітап ортағасырлық таяу шығыс ақыны Хафиздің шығармаларына ұқсас.

Дәстүрге сай «Өлеңдердің өлеңі» атты туындының авторы Сүлеймен патша делінеді. Өйткені ол халық арасында өте данышпан, парасатты адам болып, дәл соның кезінде сарай маңында поэзия, махаббат лирикасы жақсы дамиды. Сол замандарда Нил жағасында ер жігіттер мен қыздарды өзара «аға», «қарындас» дейтін. Бірақ бұл салт еврейлер арасында түсініспеушілік тудырғандықтан, өлеңдерде «қарындасым, қалыңдығым» деген түсіндірмелер қосуға тура келді. Алайда, ол кезде Сүлейменнің атын бүркеніп, басқа да ақын-жазушылар өз туындыларын жазатын. Соған қарағанда бізге жеткен «Өлеңдердің өлеңі» жай ғана халық фольклоры емес, ол б.з.д. IV не ІІІ ғғ. жоғарымәдениетті әдебиетшінің қолынан өткен.

«Өлеңдердің өлеңі» деген туындының негізгі кейіпкерлері – ер жігіт мен бойжеткен қыз. Бойжеткен қыз көбіне қой бағушы ретінде сипатталса, ал жігіт кей жерде қойшы, кей жерде патша деп көрсетіледі. Жалпы Таяу Шығыстың салты, аңыз-әңгімелері бойынша үйленгендерді патшалармен салыстырады. Ал Сирияда жас жұбайлардың некелескен алғашқы аптасын патшалық деп атайтын көрінеді. Себебі оларды туған-туыстары, жақындары патшадай күтіп, сыйлайды, қалыңдық пен күйеудің киімдерінің сұлулығын мадақтап, өлең айтып, ән салатын болған. Әрине мұның барлығын қорыта келе, «Өлеңдердің өлеңі» жай ғана көңілді өлеңдер жинағы деуге болар еді, дегенмен үйлену ол қоғамда зор орын алып, жаңа белестерге көтерілудің белгісі іспеттес.

Сонымен, «Өлеңдердің өлеңі» негізінен үйлену туралы көңілді өлеңдерден құралған. Бірақ олар өте көркем өрнектелгендіктен, кейбір ғалымдар оны драмамен шектесіп жатыр деп баға береді. Ғалымдар бұл жартылай драмалық жинаққа эллиндік әсер болғанын көрсетеді, алайда вавилондық және мысырлық шығармаларды саралай келе, таяу шығыстың эллиндік әдебиетке әсерін байқаймыз. Бұл жинақ негізгі үш оқиғадан тұрады.

Бірінші оқиғада бас кейіпкер бойжеткен қыздың махаббаттан алатын ляззат сезімі мен оған деген үрей сезімі арасындағы қайшылықтар туралы айтылады. Оқиға қыздың сөзімен басталады:

Ол қыз ғашығын өзіне шақырып қана қоймай, өзі де соған ұмтылып, түнгі қарауылдардан ол туралы сұрастырады (әлбетте шығыс қызы үшін бұл ойға кіріп-шықпайтын нәрсе, бірақ бұл элемент мысырлық өлеңдерде шартты түрде жиі кездеседі). Ол махаббаттан басы айналып, сезіміне ерік бергендей болады.

Екінші оқиға күйеу жігітті ең әдемі сөздермен мақтаудан басталады. Шығыстың ең жақсы салттарымен ол – бейне бір патша Сүлеймен, ал қыз – әлемдегі ең пәк, сұлу қыз. Оны бейнелеуде жабық құдық, адам баспаған бұлақ, кіруге болмайтын бау-бақша сияқты аллегориялар қолданылған. А.С.Пушкіннің аудармасы орыс тіліндегі ең сапалы аударма саналады.

Алайда қыз арманына жете алмай, ғашығын өзі іздеуге қайта шығады. Ол қайтадан түнгі қарауылдардан сұрастырғанда, бұл жолы олар қызды жыққыға алады. Барлық қиындықтарға қарамастан ғашықтар бірін-бірі тауып, жазық далаға аттанады. Қыз қайтадан қылығымен көріне бастап, махабат оты жалындай түседі.

Бұл жырдың сөздеріне қарай отырып, арада өткен мыңжылдықтар сезілмейді де. Оның себебі ақынның шеберлігі мен тақырыптың тозбастығында болуы мүмкін. Бірақ қазіргі оқырманға жырдың поэтикасын терең түсіну қиынға соғады.

«Жинақтардың жинағы» деген туындының мазмұны Таяу Шығыс елдеріне өте жақын. Онда хахам данышпандарының ақыл-кеңестері, адамның өмір сүру қағидалары мен күнделікті өмірде өзін қалай ұстау керек, «патшаның алдында сақ бол», «нашар әйелдердің алдында қаржатыңа сақ бол», т.с.с. ойлар қозғалады. Олар дүниедегі жалпы мәселелерді үшке бөліп қарастырған: Құдай алдындағы тақуалық, адамдармен қарым-қатынас және өзіңді түсіну. Осылайша «Иоһва кітабында» осыған байланысты басқа да дау тудыратындай афоризмдер, терең ойлар мен сарказм діндар «даналыққа» қарсы пікірлер, жалған дүниеде қарапайым өмір сүрудің кілті келтіріледі.

Иов (Ийов) – Таяу Шығыс елдеріндегі танымал кейіпкер. Өз заманында Иезекиил үш ең тақуа адамдардың атауы керек болғанда, ол Нұхты, Даниил және Иовты атаған. Ол нағыз үлгі тұтарлық ақыл-парасаты мен адамгершілігі кемеліне жеткендерден еді. «Иов кітабы» осылай оны бейнелеуден басталады. Әдеттегідей ол өте бай, ауқатты, өзін күнадан алыс ұстап, арын таза сақтаған адам болған. Бірақ «жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, Құдайдың өзі оны сынаққа алып, шайтанды жібереді-міс. Көптеген шығармалар бойынша, шайтан Яхвенің дұшпаны емес, бірақ адамдардың қас жауы. Ол өте ақылды әрі қу. Ол Яхвеге Иовтың тек мал-дәулеті толып тұрғандықтан ғана тақуа болып жүр дегенді дәлелдегісі келеді.

Осылай сұрақ өткір қойылады. Тақуалық, адамгершілік шынайы ма, Иов соңына дейін Яхвеге берілген бе әлде жоқ па? Нәтижесінде Яхве сүйікті құлын сынау үшін оған төрт үлкен апат жібереді: алдымен өгіздері, есектері мен қызметшілері, кейін қойлары мен қызметшілері, одан соң түйелері мен қызметшілері, ең соңында бала-шағасы мен қалған қызметшілері. Енді Иов байлықтан айырылып, не үйі, не күйі жоқ жападан жалғыз қалады. Осы кезде ол өз тақуалығының шыңына жетіп, өз мұңын сабырмен жеңеді.

Енді шайтан бәстен жеңілгендей. Бірақ бұнымен де сынақтар аяқталмай, бұл жолы Яхвенің рұқсатымен дүни-мүлік те түк емес, маңыздысы адамның тәні деп, оған басынан аяғына дейін алапес ауруын жібереді. Ол кезде бұл еврей халқындағы тек емі жоқ ауру емес, сонымен қатар баяу азпаты өліммен тең еді.

Енді Елиуй басқа тақырыпқа, яғни Яхвенің ұлылығын сипаттауға көшеді. Яхвенің табиғатты басқаруы, бұлттардың көшуі, жаңбыр, дауыл, аяз, найзағай – барлығы оның ұлығығын дәріптеуде. Ол тек қана Яхве жайлы емес, оның Өзінің алдында тұрып сөйлегенін сезгендіктен, сөзі толқып шығады.

Бұлардың әңгімесін Яхве сырттай бақылағанымен, ол құлдары күткендей өз жауабын бірден бере салмады. Дегенмен, сол мезетте Елиуй де сұрақ қоюын тоқтатпады. Егер Яхве адмға осыншалық азап пен қасіреттерді жібере отырып, өз ұлылығын паш еткісі келсе ше? Дегенмен бір қайшылық Иов Яхвенің ұлылығына шүбә келтірмеген еді, дәл осындайда Яхвенің терең хикмет иесі әрі асқан данышпан екенін байқаймыз. Еске сала кетсек, о баста шайтан бәстескенде адамның риясыз сезіміне бәс тігіп еді. Міне, осыны дәлелдеу үшін Ол адамға барлық қиыншылықтарды басынан кешіртіп, тек жалғыз Яхве ғана әр нәрсені билей алады және оның ғана күш-қуаты сол мәселелерді шешуге жететінін сана-сезіміне сіңірген адам бүкіл азаптарын ұмытып, жаны жай тауып, асқан қуаныш сезіміне бөленеді.

Адамның қу тіршілігінен алыс бір жақта өзінің заңдылықтарымен, өз жүйесімен өмір кешетін жабайы әлем бар. Оған барлық кезде адамның қолы жете бермейді, сол үшін де оны түсініп, мөлшерлеу қиын әрі жабайыны қолға үйретуге келмейді. Адамның бар нәрсеге үстем еместігінің ең басты дәлелі ғажайып екі жануарды (бегемот пен левиафан) сипаттағанда көрінеді. Екеуі де өмірде бар гиппотам (иврит. бегемот) мен Нил крокодилі. Осылай олардың бейнесі бастапқыдағы өршіген аласапыранның мифологиялық таңбасына айналады.

Левиафанның суреттемесі өте әсерлі әрі вавилондық Тиаматқа жақын келеді. Егер адамның пікірі бойынша, бұлар үрей тудырарлық хайуандар болса, Құдай үшін бұл бір ғажап, сұлу жануарлар. Осылай Яхве Иовка бұл дүниеге енді өзінің көзқарасымен қарауға мүмкіндік береді. Ол дүние болмысының өте кең екенін, онда бегемот пен левиафан сияқты хайуандарға дейін орын бар екенін көреді.

Иов бірде-бір сұрағына жауап алмағанымен, жанының жай тауып, жүрегінде тылсым күшпет тыныштық орнағанын сезеді. Енді ол Яхвенің тек діни кітаптардан оқыған шындығы емес, кәдімгі өмірде бар Хақ екеніне көзі толық жетеді. Оның жігері аяққа тапталмады, бірақ ол өз еркімен Яхвеге деген қарсылығынан бас тартты.

Иовтың сынақтары аяқталаып, адамның Яхвеге риясыз сиынуы мүмкін екені дәлелденеді. Шайтанның ойы жүзеге аспай, толығымен жеңіліс табады. Онымен бірге жаза мен сыйға бөлену теориясының жақтастары, өздерін данышпан санап жүрген - Элифаз, Билдад және Цофар да жазаларын алады.

Яхве Иовтың мал-дәулетін бұрынғыдан екі есе арттырып береді, сөйтіп, оның бауырлары оған қайтып келіп той-думанда өмір сүреді. Оның 7 ұлы мен 3 қызы дүниеге келіп, қыздарының атын Йомима («Горлица»), Кециа («Корица»), Кэрэн-Гапух («Рожок-с-Притираниями») деп қояды. Әлемде олардан асқан сұлуларды табу қиын еді. Бұдан кейін Иов 140 жыл өмір сүріп, төрт ұрпағының қызығын көреді. Бұл кітаптың авторы шығарманы көтеріңкі сарынмен жазғанмен, соңына қарай әзілді де қолданады. Оны Иовтың үш қызының атынан-ақ байқауға болады.

«Иов кітабы» мазмұны қалай қызықты болса, лексикалық жағынан да солай күрделі әрі ауқымды болып табылады. Онда көптеген архаикалық ұмытылған аңыздардан алынған метафоралар мен иврит тілінің әлі күнге дейін бірде-бір еңбекте жетпеген қаншама сөздері пайдаланылған (hapax legomena). Бұл еңбекте әлі сыры ашылмаған қаншама жұмбақтар бар десеңізші...

Кітаптың әлемге қосқан үлесі зор болып, ортағасырларға дейін оның маңызы арта түсті. Себебі бұл туынды Ежелгі Таяу Шығыста орталық орында болған мәселелерге жауап беріп, өмірдің мәнін ашып көрсетті. Тек қана яһудейлер емес, христиандар мен мұсылмандар (Аюб, 21,38-сүрелер) да бұл оқиғаны «Иов кітабынан» гөрі, басқа діни кітаптардан жақсы білетін. Ондағы негізгі түйін сабырлы болуға шақырады.

«Кохэлэт» өмірдегі қуаныш пен қайғыны үлкен мәселе ретінде қабылдамай, оны тек жел соққан бір самалдай қарастырады. Бұл ежелгі еврей әдебиетіндегі ерекше көзқарас болғандықтан, ғалымдар бұл шығармадан көбіне эллиндік ықпалды көреді.

Автор өзіне қайтып келе беретін дүние тұрақтылығына уәж айтады. Егер ежелгі грек ойшылдарына бұл бір жоғарғы дәрежедегі тылсым күш болып көрінсе, «Кохэлэт» одан жалыққан, оны мүлде қиындық деп те қарастырмайды. Осыдан-ақ оны эллиндік емес, таза иудейлік шығарма деуге болады.

Інжіл заңдарын құрастырғандар бұл кітапты киелі деп санауға байланысты біраз пікір таластырғаннан кейін, оны киелі деп тапқаны түсінікті, әйтпесе ол қазіргі дейін бізге жетпес еді.

Бұнда тағы бір Інжілдік принципті көруге болады. Автор Құдайдың бар екенін жоққа шығармай, оны – құпия көреді. Оның жасағандарын жөндеу қолдан келмейтінін түсінеді.

Б.з.д. І ғасыр мен б.з. ІІ ғ. аралығында, драмалық кезеңде ақыр замандық әдебиет жалпыға мәлім бола бастайды. Бұл әдебиет халықты қайғылы уақытта қолдап, ұлы жеңіске қол жеткізетініне септігін тигізіп, сонымен қатар халықтың білімге деген құмарлығын қанағаттандырып, астрономиялық және физикалық энциклопедиялар ұсынады. Дәл апокалиптік әдебиет арқылы Таяу Шығыстағы әлем бейнесі христиандық апокрифтерге ене бастайды. Апокалиптік шығармалардың ең басты тақырыбы қазіргі заманның құпиялары емес, болашақтың құпиясы еді.

Апокалиптиканың жарқын нұсқалары 1947 жылы Өлі теңіз маңындағы үңгірден табылған.

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Көне Өсиет каноны және оның циклдары

  2. Яхве құдайының культі және еврейлер ортасындағы рөлі

  3. Псаломдарға тоқталыңыз

  4. Бескітаптың негізгі мазмұны

  5. Сәуегейлік әдебиетті қалай түсінесіз?

  6. Ежелгі еврейлік лирикалық жанрлар

  7. Апокалиптикалық әдебиетті сипаттаңыз