Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Древ лит.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

11 Тақырып

Ежелгі Грек әдебиеті

Евро-Афро-Азиаттық аймақтың балқан және аралдық бөлігінің ежелгі әлемге өтуі тарих сахнада көне ахейлік гректердің мәдениетін жоққа шығарған жаңа халық - дорийлық - гректер келді. Алайда ахейліктердің әлемі жаңа халықтың өміріне өз әсерін тигізбей қоймады. Сол кезеңде орын алған тарихи жағдаяттарды көпшілігі аңыздардың, тарихи жазбалардың құрамына енеді және жаңа халықтардың әлемге деген көзқарасын анықтады. Міне, осы күрделі үрдісте грек әдебиеті қалыптасты.

Ежелгі грек әдебиетінің дамуының елеулі кезеңдерін, әдетте, ірі үш: ерте – архаикалық, орта – классикалық, кейінгі – эллиндік кезеңдер деп бөліп қарастырады.

Бірінші кезең – Рулық-тайпалық көне дәуірден б.з.д. VIII ғ дейінгі әдебиет. Оған архаикалық туындылар мен қаһармандық эпостар жатады. Сол секілді осы кезең еншісіне Гомер эпостары да кіреді.

Екінші кезең – Полистер /б.з.д. VI-VII ғғ./ тұсындағы әдебиет. Лирика мен драма дамыған. Архилох, Анакреон, Сапфо, Пиндар, Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан, Герадот, Фукидид, Ксенофонт, Исократ, Демосфен, Сократ, Платон, Аристотельдердің кезеңдері.

Үшінші кезең - жаңа аттикалық комедиялар, александриялық поэзия, эллиндік проза кезеңдері.

Грек және рим әдебиеттері қалыптасып, өркендеген кезеңді антикалық дәуір кезеңі деп те атайды. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим елдеріне байланысты қолданған. Бұл атау «ежелгі» мағынасын беретін «атиквус» деген латын сөзінен шыққан. Антикалық әдебиеттің негізін қалаушылар өздерін «эллиндер», ал елдерін «Эллада» атаған.

Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары ежелгі грек халықтары тұрмысынан мағлұмат беретін құнды еңбектер саналады.

Антикалық дәуір ұстазы саналатын Гомер шамамен б.з.д. VII ғасырда өмір сүрген. Жеке тұлғалық мәдениеттің нормаларына бағытталғанымен де Гомер дәуірі ерекше. Ақын кейіпкерлерінің мінез-құлқы, тәртібі күрт жекеленген, негізгі құндылығы жауынгерлік айбын («арете»), ал оған қол жеткізу «ержүректік кодекспен» өлшенеді. Даңққа қол жеткізгеннен кейін, қоғамдағы алатын орны мен байлығын ұлықтау басталады. Ержүрек жауынгердің кері шегінуін кінәлайтын халықтың әсерінен «ұят мәдениеті» пайда болған. Ол қоғамдық бақылаудың негізгі түрі болып ссептелінеді.

Мінез-құлық рационалдыққа бейімделіп, оның негізгі және тиісті өзіндік сана-сезімі қалыптасады. Құдайлар табиғаттың бөлігі ретінде бағаланады, адам құдайларға бас ие отырып, олармен қатынасын рационалды түрде қалыптасты-руға міндетті болады.

Гомер дастандарының құдіреттілігі осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгенінде болса керек. Оның эпостары халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады.

Архаикалық кезеңде әдебиет саласында бұдан басқа бірқатар тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоқтығы биігі - ақын Гесиод болды. Ол жазған «Теогония» (Құдайлардың шығу тегі жөнінде) және автордың өзінің өмір жолына арналған «Еңбектер мен күндер» атты дастаны гректердің көңілінен шықгы. Әдебиет саласында басты орынға шыққан лирикалық поэзияның өкілдері адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бұл жаңа жанрдың көрнекті өкілдері Архилох (б.з.д. VII ғ.), Алкси (б.з.д. VII ғ. аяғы мен V ғ. 1 жартысы), Анакреон (б.з.д. 570-478 жж.) және тағы басқалар болды.

Архаикалық дәуірде әдебиет саласында басында лирикалық жанр үстемдік етсе, кейіннен трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында «трагедия» деген сөз - «ешкілер әні» деген ұғым береді. Ол ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақ сарынында хормен өлең айтудан шыққан Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі трагедияның мерейін жоғарылата түскен. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны - халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Традегия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Ефрипид сияқты үш ұлы драматургтың есімімен тығыз байланысты болды.

Гомер (б.з.д. XI-VIII ғғ.)

Гомер - Ежелгі Грецияның аты аңызға айналған ақыны. Көне деректерде кезбе, соқыр жыраудың тарихи, нақты шынайы болмысы ойдан шығарылған, фантастикалық бейнемен ұласып кеткен де, соның салдарынан Гомер туралы анық мәлімет көмескіленіп, бізге жұмбақ күйде жеткен.

Гомердің Отаны атануға кезінде «жеті қала» (Смирин, Хиос, Колффон, Саламин, Ролос, Аргос, Афина) таласқан еді. Қазіргі Хиос қаласында Гомердің отырған тасы сақталған. Бұл қалалардың Гомердің Отаны болуға таласып, оны анықтауға талпынуларының басты себебі мынада еді: Шын мәнінде Гомер деген адам болған ба және оның қаламынан «Илиада» мен «Одиссея» тәрізді поэмалар туған ба? Әлде, бұл шығармалар халық аузынан алынып бірнеше автордың бірігуімен жинақтала жазылып шыққан шығарма ма деген күдікті ойлардың бетін ашу үшін керек болды. Гомер деген есімнің өзін көне дәуірде де бұл «аманат жанға» не «соқыр» кісіге берілетін есім деп айтушылар да аз емес еді. Дегенмен, бұл есім әдеттегі кісі аты болуы да мүмкін.

Ерте заманда эпостық жырлардың көпшілігін Гомердікі келген. Кейінірек ежелгі дәуір сыншылары сапасына карай сараптай зерттеп, зерделей отырып «Илиада» мен «Одиссея» деген атақты екі эпостық дастандарды, сондай-ақ бірнеше шағын шығармаларды («Гомердің ел ұраны», «Моргит» комедиялық поэмасы және т.б.) Гомердің өзінің төл туындысы, өзі шығарған, ел аузында ерекше сақталған атақты шығармалары, эпостары деп танып, өзіндік баға беріп, ара жігін ажыратқан. Сол ерте кездің өзінде бұл екі поэманың («Илиада» мен «Одиссея») бір адамның, яғни жалғыз ғана Гомердің қаламынан туған шығарма екеніне күдік келтірушілер, өзіндік теріс пікірлерін айтушылар да болған. Бірақ сол тұста Аристархтың /б.з.д. ІІ-І ғғ. Александрия ғалымы/ «Гомер «Илиаданы» жас шағында, ал «Одиссеяны» қартайған шағында өз қаламынан тудырып, жазып шыққан шығармасы» деген тұжырымды сөзі барлығын жеңіп шыққан болатын.

Бұл екі дастан төңірегінде онан бергі кезеңдерде де қарама-қайшы пікірлер бас көтерген тұстар жоқ емес. Француз ғалымы Обиньяк, неміс ғалымдары Ф.А.Вольф (1759-1824) және К.Лакман бұл екі шығарманың бір ақын жазған шығарма, тұтас дүниелер екеніне өзіндік көзқарастары тұрғысынан шүбә келтіріп, бұрыннан ел аузында бар өлеңдердің жиынтығын Писистраттың комиссиясы (б.з.д. 6 ғасырдағы Афина билеушісі) дастан етіп біріктіре салған жазуы жоқ, адамдар хат танымайтын заманда осыншалықты тарих пен тағылымға құрылған, сюжеті ұзақ дастандар мен жырлар жазылып, қағаз бетіне түсіріліп, өмірге келуі мүмкін емес жағдай деп топшылау жасайды. Гомердің аталған туындыларын жоққа шығарып, шүбә келтірген адамдарга қарсы жауап ретінде ғылыми дұрыс тұрғыда пікір айтқан Ф.Шиллер, В.Гете, Г.Гегель тәрізді ақындар мен философтарды атап өтуімізге болады. Бұл ғалымдарға қоса Вольфтың қателігін жан-жақты талдай келіп, жазуы жоқ дәуірде де мұндай үлкен шығармалар туындауға болатынын тарихи мысалдармен түйіндеп, бұл екі дастанды талассыз Гомердің қаламынан туған өзіндік төл туындысы деп дәлелдеп шыққандардың бірі - В. Нич (1830).

«Илиада» поэмасының оқиғасы Троялық соғыстың Оныншы жылында көрініс табады, бірақ дастанда соғыстың себебі туралы да, басталуы жайында да айтылмайды. Бұл бөлімдегі басты тұлғалар оқырманға таныс болып келеді. Бұл дастанның мазмұны гректік және троялық батырлардың бейнесі жинақтала көрініс тапқан бір ғана бөлімнен тұрады. «Илиада» дастаны антикалық ғалымдар грек алфавитінің саны бойынша 24 кітапқа бөлген 15700 өлеңнен тұрады. Дастанның тақырыбы да, мазмұны да дастанның бірінші өлең жолдарынан-ақ байқалады:

Құдайым, Пелейұлы Ахилестің ашуын шырқа

Ахейліктерге мыңдаған апаттарды жасаған

Сол күнгі ұрыс ызасы оттай лаулады

Халық көсемі Атрид пен ержүрек батыр Ахиллес арасында3

Оқиға Ахейліктер Троя маңында жасалынған жорықтардың бірінде Агамемнонның еншісіне Апполон ғибадатханасының абызы Христің қызы қолға түсетінімен баталады. Хрис сыйлықтарымен гректердің лагеріне келіп, Агамемноннан қызын қайтарып беруін жыламсырап сұрайды, көсем бас тартқан соң, ол Аполлоннан гректерден кегін алуды жалынып сұрайды. Өзінің абызының өтінішіне құлақ асқан Аполлон ахейлік әскерлеріне тоғыз күн бойы тоқтамаған апат жібереді. Оныншы күні Ахилл әскердің Трояда қалу немесе қалмауы туралы сұрақтарды шешу үшін халықтық жиналыс өткізеді. Көреген Калхант жиналғандарға Аполлонның ашуының себебі Хриске айтылған балағат сөздер екенін және құдайдың Хриске тұтқындалған қызын қайтып беруін талап ететіндігін айтып береді. Агамемнон Аполлон құдайдың тілегін орындаудан бас тарта алмады, бірақ ол Хрисеиданың орнына басқа сый сұрады. Ахилл тарапынан қарсылық көрген Агамемнон, одан әдемі Хрисеидадан кем түспейтін Брисеиданы тартып алатындығын айтады. Қызу ұрыс кезінде екі көсемнің арасындағы қарулы қақтығыстың алдын алған Афина құдайы болған еді. Ахилл өзінің еншісі – Брисеиданы қарумен қорғамайды, бірақ Агамемнонға ашуланып, оларға шарт қояды. Ахейліктердің жағдайы тым нашарлап, олардың өздері Ахиллге қымбат сыйлықтар беріп, майданға шақырмайынша алдағы соғыстарда қолына қару алмайтынын айтады.

Ахиллдің шайқасқа қатыспауынан басқа ахейлік қолбасшыларға майдан алаңында жасаған істерімен көзге түсулеріне жол ашылады. Алайда, Менелайдың Париспен қақтығысы, Диомед және басқа да грек батырларының қаһармандықтары, ерліктері де, Аякстің Троя басшысы Гектормен шайқасы да, тіпті құдайлардың араласуы да трояндықтардың басқыншылығын тоқтата алмайды. Себебі оларға Ахиллдің анасының өтінішімен Зевстің өзі көмек беріп отырған. Бұл шайқас көріністерінде тек Гектормен Андромаханың әйгілі кездесуін айтуға болады. Афина құдайына дұға қылып, оған құрбандығына мал шалынсын деген бұйрықтарын айтуға шайқас алаңынан қалаға келген Гектор осы жерде біраз кідіреді. Осы жерде Гектор әйелі мен баласын соңғы рет кездестіретін еді.

Ал осы арада, жағдайлары тым қиындап кеткен ахейліктер, Агамемнонды Ахиллмен достастыру үшін елшілер жіберуге көндірген. Бірақ қымбат деген сыйлықтар да, Бресеида және оған қоса тағы да жеті құлды беру уәдесі де Ахиллдің ашуын баса алмайды. Шайқас барысында ахейліктердің де кей жетістіктерге жеткен кездері болғанына қарамастан, олардың жағдайлары бірте-бірте нашарлай береді. Сондықтан гректерге жаны ашыған Гера құдайы бір айла жасап, Зевстің көңілін өзіне аударуына тура келеді. Зевстің көңілі Герада болған кезде, Аякс Гекторды жаралап, майдан алаңынан шығарады. Қолбасшыларынан айырылған трояндықтар, шегіне бастайды, алайда Зевстің қайта оянып, іске кірісуі Трояға қарсы болған құдайлардың жамандықтарына тоқтау салады. Аполлонның құдіретімен ғажайып жолмен сауығып кеткен Гектор ахейліктердің кемелеріне жақындап, тіпті олардың біреуін өртеп үлгереді. Ахейліктердің халі тым нашарласа Ахилл ашуынан қайтпайды. Ол шайқасқа өзінің досы Патроклды жіберуге ғана келіседі. Оны троялықтарды кемелердің қасына қууға, бірақ Трояны басып алуға тырыспауға насихаттайды. Жауларын қорқыту үшін Ахиллдің сауыт - саймандарын киіп алған Патрокл бірінші тапсырманы сәтті аяқтайды. Алайда ісінің жетістігімен шабыттанған, Патрокл Троядағы шайқасқа аттанып, Гектор қолынан өлім құшады.

Досы үшін кек алғысы келген Ахилл Агамемнонға деген ренішін артқа ысырады. Агамемнон қайтсе де оған уәде еткен сыйларын береді. Гектор Патроклдің үстінен Ахиллдің сауыт-саймандарын шешіп алуға үлгірген болатын. Сондықтан Фетиданың өтінішімен Гефест Пелид үшін өте әдемі жаңа саймандар жасап береді. Патрокл үшін ашу, ыза сезімі кернеген, досы үшін кек қайтарғысы келген Ахилл Троя алаңында қолынан қаза тапқан жауларының өліктерін Скамандра (Ксанфа) өзенінің ағысына үйіп тастайды. Бұған қарсы өзен құдайы Ахиллді өзен толқындарына батыруға тырысады, бірақ Гефест Ксанфаға от тастап, өзен суы қайнай бастайды. Шайқас алаңында Пелидпен кездесуін күтіп тұрған Гектор, Ахиллдің қолынан қаза табады....

Ашуы қайтпаған Ахилл Гектордың өлі денесін ат арбасына жегіп, сүйрейді. Троя қамалынан осыны көрген Приам мен Гекуба, Гектордың қарт ата-анасы жылайды. Жарының өлгенін естіген Андромаханы да қайғы басады. Міне, осы кезде Приамның басында Ахиллге өзі барып, Гектордың өлігін алу үшін құны жоқ байлықтар мен сыйлықтар беру туралы ой туады. Оның бұл ойы бірден жүзеге аспайды, себебі эпикалық автор Патроклдың жерлеу рәсімін жақсылап сипаттау керек еді. Содан кейін Приам құдайлардың көмегімен Ахиллдің шатырына келеді. Қарттың қайғысы мен қасіреті Ахиллге қатты әсер етіп, өзінің қайтыс болған әкесін есіне алады. Баласының мәйітін әкесіне қайтарып береді.

Келесі күні соғысты бірден бастамай, алдымен екі жақтың мәйіт болған әскерлерін арулап жерлеуге рұқсат беріледі. Дастанның оқиғасы грек батыры Патрокл мен троя батыры Гектордың жерлену сәтімен аяқталады.

«Одиссея» - «Илиаданың» занды жалғасы болып табылады. Бұл дастанның мазмұны Трояның құлаған оныншы жылымен байланысты болып келеді. «Илиада» дастанында көрініс табатын тұлғалар «Одиссеяның» да сюжетіне кіргізілген. «Одиссеяны» да антикалық ғалымдар 24 кітапқа бөлген. Дастанның қысқаша мазмұны былайша суреттеледі.

Троян соғысының бір көрінісін сипаттайтын «Илиададан» және «Одиссеяның» айырмашылығы, бұл поэмада Трояның құлауынан кейін айлакер Одиссейдің бастан кешірген оқиғалары мен оның Итакаға қайтып оралуы жайында сөз болады. Сонымен бірге поэма тікелей хронологиялық кезекпен баяндалмайды.

Поэманың ең басында құдайлардың Одиссеяға еліне қайтуға мүмкіндік берулері туралы шешім қабылдағаны баяндалады. Бұл хабарды Гермес Одиссейді жеті жыл бойы сиқырлы аралда ұстап отырған нимфо Калипсоға жеткізуі керек болған. Алайда тек бесінші кітаптың басында ғана Гермес Калипсоға жетеді. Алғашқы төрт кітаптардағы әрекеттер Одиссейдің ұлы Телемахтың айналасына шоғырланып, Итакада өтеді. Ол жерде белгілі атақты тайпалардың жастары Одиссейді өлді деп ойлап, оның әйелі Пенелопаның мазасын алады. Пенелопа жаңадан тұрмысқа шығуға асықпай жүргендіктен, күйеу жігіттер бүкіл күндерін Одиссейдің сарайында тойлаумен өтеді. Оның байлықтарын жояды. Телемах олардың ойран салуына тыйым сала аламайды. Афинаның кеңесімен Итакаға басқа елдің патшасы бейнесімен келген жас жігіт Пилос пен Спартаға, әкесінің бұрынғы достары Нестор мен Менелайға әкесі туралы хабар беру үшін барады. Телемах ештеңені анық біле алмаса да, Одиссейдің қайтып оралатынына үміт артады. Осы арада күйеу жігіттер оған қайтар жолында тосқауыл ұйымдастырады.

Осыдан кейін ғана автор керемет нимфаның тұтқыны – Одиссейдің тағдырына оралады... Құдайлардың Одиссейді босату үшін туралы бұйрық алғанн Калипсо, оған сал құрастыруына және жолға жиналуына көмектеседі. Ойдағыдай жүзіп келе жатқан кеме саяхатының 18 күні, Одиссей алдынан құрлық көреді. Бірақ сол мезетте оны кенеттен теңіз құдайы Посейдон байқап қояды да, теңізде қатты дауыл көтереді. Теңіз толқындары оны 2 күн, 2 түн бойы қарқынды теңізде алып жүреді; оны тек теңіз құдайы Левкотеяның араласуы және оның әрдайымғы қорғаушысы Афинаның көмегі құтқарады. Теңіз толқындары оны бейтаныс елдің таулы тасты жағалауына әкелгеннен кейін ғана Одиссей құрлыққа шығады.

Одиссейге баспана болған жер – Схерие аралы болып табылады. Бұл –бақытты да бай феак халқының елі болып шығады. Сүйікті құлының қамын ойлаған Афина жергілікті патшаның қызы Навсикаяны достарымен таңертең кір жуу үшін өзен жағалауына жібереді. Қыздардың дауысы бұталардың арасында ұйықтап кеткен Одиссейді оятады. Навсикая оны киіндіріп, тамақтандыруға бұйрық береді де, қалаға Алкиной патшаның сарайына жол көрсетеді. Одиссейді құрметпен күтіп алған феактар оны еліне жеткізуге уәде береді. Одиссей бұл жерде бай той дастархан үстінде демалады. Әнші Демодок өз өнерімен жиналғандардың көңілін көтереді. Қонақтың өтінішімен ол ағаш ат туралы, Трояның құлауы мен Одиссейдің ерліктері жайында ән шырқайды. Одиссейдің көзі жасын байқаған Алкиной Демодоктың әнін тоқтатып, Одиссейден өзі жайлы айтып беруін сұрайды.

Одиссейдің басынан өткен қызық жағдайлары туралы әңгімесі басталады. Жолаушылармен бірге Одиссей бір көзді Киклоптың үгіріне тап болады. Одан тірі құтылу үшін Одиссейге оны соқыр етуіне тура келеді. Ызаланған Киклоп Одиссейге әкесінің ашуын жаудыртады. Посейдон оның артынан феактардың еліне дейін қуып келген. Тағы да бір Алып (дәу) – жалмауыз (людоед) тайпасы – лестригондармен кезігу Одиссей кемесінен басқа барлық кемелердің адамдарымен бірге жойылуымен аяқталады. Бірақ құтқарылғандар Герместің көмегімен ғана сиқыршы Кирканың зұлымдығынан қашып құтыла алады. Қайтадан жолға жиналған Одиссей алдымен жерасты патшалығына барып, көреген Тиресиядан алдағы тағдырын білуі керек болды.

Сиреналардың өлім аралынан аман өтіп, кемемен алты басты айдаһар Скилладан және Харибда қарқынды су иірімінен өтіп, Одиссей Гелиостың мал үйірі жайылып жүрген Тринакия аралына жетеді. Осы жерде ол жолдастарына Гелиостың қасиетті сиырларына тимесе, елдеріне аман-есен оралатындарын айтады. Егер да олар кеңесті тыңдамай сиырларды жейтін болса, елдеріне жетпей өлетіндерін де ескертеді. Одиссей ескертулерді кемедегі азық біткенге дейін ғана іске асады. Аштан өлу қауіпінде қалған жолаушылар, Одиссей жоқта Гелиостың сиырларын сойып, рұқсатсыз той жасайды. Осыған байланысты Зевс кемеге дауыл мен найзағай жаудырады да, жалғыз Одиссей ғана тірі қалады. Тоғыз күн бойы теңіз толқындары құдай тектес Калипсоның аралына жетпейінше алып жүреді. Осылайша Одиссей әңгімесі автордың бесінші кітаптағы баяндамасына келіп оралады.

Поэманың екінші жартысында мазмұнның өрістеуі бұзылмайды. феактардың сиқырлы кемесі ұйықтап жатқан Одиссейді Итака жеріне, яғни үйіне жеткізеді. Осы арада оған Афина келіп, оған өз үйінде қауіп төніп тұрғанын ескертеді. Құдайдың көмегімен кедей кепіне айналған Одиссей алдымен бұрынғы қызметшісі Евмейге барады, кейін ол Афинаның көмегімен Пилостан аман-есен үйіне жеткен Телемахқа сырын ашып, өзінің шынымен кім екенін айтады. Одиссей бірінші өзінің сарайын қоныстануды, сол жерде күйеу жігіттердің көзін құрту үшін әрекет етуді шешеді.

Одиссей үйінде күйеу жігіттердің қыдырысын өз көзімен көріп, олардың тарапынан өзіне деген кемсітушілерді көреді. Сонымен қатар Одиссейді күтіп жүрген Пенелопаны да көреді де, оны жарының жақын арада оралатынына сендіруге тырысады. Пенелопа таныс емес жолаушыға сеніммен қарайды да, қарт қызметшісі Евриклеяға оның аяқтарын жуып, сарайға паналатуды бұйырады. Ханшайымның бұйрығын орындап жатып, қызметші Одиссейді аяғындағы дақ арқылы танып қояды. Одиссей оған сырын ашпауды бұйырады, себебі бұл оның күйеу жігіттерге қарсы ойластырған жоспарының жүзеге асуына кедергі келтіретін еді.

Келесі күні Афинаның сендіруі бойынша Пенелопа садақ ату сайысын ұйымдастырады. Алайда ешкімнің Одиссейді ескі садағын атуға күші жетпейді. Сол кезде Телемахтың рұқсатымен садақты Одиссей алады да, күйеу жігіттерді бір-бірлеп садақ оғымен өлтіре бастайды. Телемахтың екі адал құлдарының және Афинаның көмегімен Одиссей Пенелопаны әйелдікке алғысы келгендердің барлығын қырып салады. Әйелімен, қарт әкесі Лаэртпен табысқаннан кейін Одиссей күйеу жігіттердің ағайындарымен күресуге тура келеді. Бұл шайқаста Афинаның көмегімен тоқтатылып, Итакада бейбітшілік орнайды. Афина Одиссейге оның бұрынғы кейпін қайтаруды да ұмытпайды.

Батырлық эпостың басты ерекшелігі – оның сол кездегі әлеуметтік қатынастарымен бірлескен қандай да бір көне замандағы тарихи жағдайға байланыстылығында еді. Гомерлік поэмалар үшін мұндай тарихи оқиға Троян соғысы, Микен жайлы естеліктер болып табылады. Олардың қатарына, мысалы; кейіпкерлердің мыстан жасалған қару-жарақтарының сипаттамасы, көркем жиһаздар, ыдыстар мен ер тоқымдар, әскери ат - арбалардың қолданылуының өзі де жатады. Агамемнонның гректердің арасындағы беделі, микен дәуіріндегі орталықтанған биліктің болғанын білдіреді, ал кемелер каталогындағы 164 географиялық атаулардың ішінен шамамен тоқсаны мекендік Грецияда болған қалалар мен мекендердің атауына сәйкес келеді. Б.з.д II ғасырда гомерлік эпостар мен таяу шығыстық фольклордағы мотивтердің ұқсастықтары байқалады. Мысалы Ахилл мен Патрокл арасындағы қарым-қатынас аккад бяндамаларында сөз етілген, Гильгамеш пен Эндиктің достығына ұқсас келеді. Одиссей сапары жайлы әңгімелерінің прототипін ежелгі египеттік «Кеме апатын бастан кешіргендер» атты әңгімеден табуға болады.

Сонымен қатар, автор ежелгі ауыздан-ауызға тараған әңгімелерді өңдеген кезде бұрынғы батырлық эпостарға тән қиял-ғажайып белгілерді алып тастауға талпынғаны байқалады. Нәрестенің ғажайып жағдайда туылғаны, ғажайып балалық шағы, кішкентайынан үлкен күшке ие болатындығы, сиқырлы жануарлардың, әсіресе атының көмегі сияқты ғажайып оқиғалар гомерлік поэмада мүлдем кездеспейді деуге болады. Ал киім үлгілері мен шаш үлгісінің сипаттамасы кейіпкерлердің қалай қаруланғанының, мәйіттерді өртеу рәсімінің және осы сияқты басқа да әрекеттердің сипаттамасы микендік мәдениетке емес, VIII ғасырдағы Иондық мәдениетке, яғни Троян соғысының төрт-бес жүзжылдықпен алшақтанған дәуірге тән. Негізгісі поэмадағы сол дәуірге тән әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәліметтер, ең бастысы кейбір тайпалық бірлестіктердің басшылықта орын алуы мен аристократтардың болуы жайлы мағлұматтар да жатады. Ең жақсы да шұрайлы жерлер, көптеген мал үйірлері мен таңдаулы жайылымдар әйгілі көсемдердің еншісіне тиетін еді. Қолға түскен байлықтарды бөліскен кезде олар өздеріне ең жақсысын таңдап алған.

Атақты патшалар мен көсемдер екі поэманың да басты кейіпкерлері мен сол дәуірдің идеал бейнесін алғандықтан, буржуазиялық әдебиеттануда «аристократизм» туралы көзқарастар таралған. Зерттеушілердің ішінде бүкіл гомерлік эпосты «ойын-сауықтық» поэзия деп тапқандар да кездеседі.

Батырлық эпос алғашқы қауымдық құрылым кезінде пайда болып, оның құлаған кезінде біржолата қалыптасып бітті. Тайпа басшыларының басқарушылық рөлі бүкіл тайпаның оларды басқалардан едәуір күшті және қайсарлы болуымен айрықшаланатын, сондықтан да бүкіл тайпаның мүддесін қорғай алатын өздерінің қамқоршысы ретінде түсіндіріледі. Гомерлік көсемдер де өздеріне көрсетілген құрметтерге байланысты әскердің алдыңғы қатарына тұрып, жаудың негізгі күшін өздері қабылдау керек деп санайтындығын айтқан жөн. Көпғасырлық эпикалық үшін тайпа көсемдеріне, яғни батырлық поэманың кейіпкерлеріне идеалды қасиеттерді бөліп беруі табиғи жайт. Сонымен қатар оларға күш пен қайсарлықтан басқа, батырлық, намыс және өз-өзінің абыройын сақтау сезімі де тән, себебі көсемнің атақ-даңқы бүкіл тайпаға жайылады. Сондықтан жаудың ортасына түскен Одиссей де, Гектормен шайқасқа түскен Диомед те, трояндықтардың қысымына үлкен қиыншылықпен тойтарыс берген Аякс та шегінуді ойламайды, себебі олардың бұл әрекеті олар үшін де, олардың тайпасы үшін де масқара болады, олар өмірінің соңына дейін жақсы атақтан айрылады. Гомерлік бас кейіпкер үшін өлім алдындағы даңқы бос сөз емес еді.

Сондықтан да шайқасқа қатысудан бас тартқан Ахиллдің ашуы батырлық моральдің көрінісі еді. Себебі Агамемнон өзінің қылығымен аты шыққан батырдың намысын қорлады. Кейінгісіне өз абыройын қалпына келтіру үшін қолынан келген амалдарын істеуге рұқсат берілген. Демек, Ахилл ашуының себебі Брисеида емес еді. Егер одан еншісіне түскен басқа затты алып кететін болса да, оның ерліктерін айқындаушы, ал оларды алып кету намысын қадірлемей, абыройын түсіргені деп есептелінеді. Міне, осы үшін Ахиллді гректердің ортақ мүддесін сатқыншы деп жазғыру ахейліктердің біреуінің де басына келмейді. Осы дәуірде мемлекеттік ой өрістің алғашқы өскіні пайда бола бастайды. Бұл – Гектордың көз тартарлық бейнесін жасаған «Илиада» авторының көңілінен тыс қалмайды.

Басқа эпикалық көсемдер тәрізді Гектор да батырлық абырой кодексіне адал. Ахиллмен шайқастан бас тарту немесе ауытқу туралы ойламайды. Бірақ оның ахейлік батырлардан айырмашылығы – ол елін қорғау үшін күресті басқарып, трояндық әйелдер мен балаларды қорғайды. Шайқас барысында Гектор көптеген жағдайларды қолға түсетін еншіні ғана ойлайтын көсемдер сияқты емес, Отанын қорғауды және жеңісті мақсат еткен азаматтық көтерілістің басшысы сияқты әрекет етеді. Трояның құлайтынын біле тұра, Гектордың елі үшін қасық қаны қалғанша күресуге дайын болуы, оның тұлғасына шынымен – ақ трагедиялық айбындылық береді.

Батырлық «этиканың» белгілері «Одиссейде» одан бетер айқын білінеді. Бұл поэманың да басты кейіпкері ахейлік тайпаның жоғары әулетіне жатса, ақылы мен ептілігі арқасында атағы шыққан Одиссей үшін Ахилл мен Гектордың мінезінде кездеспейтін, икемділік, айлакерлік, барлық жерде мұқияттылық, тұйықтылық және тікелей қылымсулық тура қайсарлықпен ержүректілікке қарағанда құндырақ қасиеттер болып табылады. Поэмада Пенелопа құда түсуге келеген күйеу жігіттер жағымсыз жағынан көрсетіледі. Олар озбыр жолмен Одиссейдің үйін ойсыратады. Телемахтың олардың озбырлығын халықтық жиналыс арқылы басу талпынысы ешқандай нәтижеге алып келмейді. Міне, ақсүйек жастардың осындай қылығы тайпалық институттардың қандай дәрежеге жеткенін көрсетеді. «Илиадаға» қарағанда «Одиссеяда» құлдық еңбек туралы көбірек сөз етіледі. Бірақ ол заманда құлдық патриархалдық сипатта болады да, үй ішіндегі қызметпен шектеледі.

Гомерлік кейіпкерлердің әлеуметтік жағдайларында, поэмаларда эпикалық авторға тән құдайлардың «рөлі» келіп қосылады. Адамдардың өз қалауымен жасайтын жеке әрекеттері тағдырына жазылған немесе құдайлардың, әсіресе Зевстің ықпалымен деп қабыладанады. Осылайша «Илиаданың» басында болатын көптеген ахейліктердің жаппай қырылуы, Зевстің Ахиллмен Агамемнон арасындағы ұрыс үшін тартқан жазалары деп түсіндіріледі. Трояндықтардың сәтті шабуылы Ахиллдің майданға шықпағандығынан емес, тағы да сол Зевстің қалауымен болады. Гектордың Ахиллден жеңілуінің себебі ахейліктердің ең күшті батырымен шайқасқандығынан ғана емес. Шайқас алдында Зевс таразы арқылы тағдырдың қалауын айқындайды, сол кезде Гектордың ыдысы төменге, яғни «Аид патшалығына» түседі. Бұл оның тағдырының шешілгендігінің белгісі еді.

Осы сияқты деректерден кей кездерде эпос кейіпкерлеріне тән емес танымсыздық күшке – тағдырға немесе құдайдың еркіне байланыстылығы жөнінде қорытынды шығарады. Гомерлік кейіпкер тағдыры өзіне жат, қарсы немесе қарама-қарсы деп есептелмейді: «мойра» түсінігі, яғни аударғанда «тағдыр» адамның басына түскен еншісі дегеннен артық ештеңені білдірмейді. Өмірге келген әрбір адам қашан да бұл дүниеден өтуі кету керек. Бірақ санасында өлімнің болмай қалмайтындығын табиғи заң ретінде қабылдай отырып, гомерлік кейіпкерлер әрекетсіздікке, шарасыздыққа берілмейді.

Гомерліктердің дүниетанымына «құдайлар- адамдарды өнегелікке қарсы күнәлары үшін соттай алатын және жазалай алатын жоғарғы күш» деген ойлар тән. Гомерлік құдайлар адамдардан тек мәңгі өмірімен және күшімен айрықшаланады, өз араларындағы қарым-қатынасы мен адамдарға деген қатынасында әділеттілік емес, жеке көзқарастары мен керісінше жақсы көрмеулері жетекшілік етеді. Адамдардың тыңдамаушылығына деген құдайдың ашу-ызасы қауіпті, бірақ негізінен адамдардың жердегі өмірінің өлшемі оның істеріне емес, тағдырына байланысты. Тек «Одиссеяның» соңында ғана діни- этикалық мәселенің пайда болғаны байқалады. Құдайлар Одиссейдің жолдастарының немесе Пенелопаның күйеу жігіттерінің тағдырына араласпаса да, оларды масқара, арсыз әрекеттерден сақтандыруға тырысады. Ал күйеу жігіттердің өлімі ежелгі қонақжайлылық заңдарды бұзғандары үшін, Одиссейдің үйін қорлағаны үшін тартқан жазалары деп есептелінеді.

Қоғамдық қатынастардың дамымағандығы құдайлардың адам өміріне араласуының тағы бір формасын тудырады. Ол адамдардың ішкі жағдайын айқындайды. Осылай «Илиаданың» бірінші кітабындағы әйгілі көрінісінде, Агамемнонға ашуланған Ахилл, оған қылышымен тап беруге дайын тұрады. Кенеттен Олимптен түскен және тек қана Ахиллге көрінген Афина оны ұстап қалып, оған құдайлардың қалауын жеткізеді. Ол Агамемнонды қалай болса солай балағаттаса да, екеуінің арасындағы ұрысты оларға жаны ашыған құдайлар қаламайды екен. Бұл көріністі Афинаның қатынасынсыз да түсінуге болады: ызаланған Ахилл соңғы минутта ғана әрекетінің қандай нәтижеге алып келегендігін ойлап, қылышын тастайды. Алайда эпикалық автор әлі сезім мен ойдың күресі секілді күрделі психикалық актқа қол жеткізбеген. Гомер сезімді психикалық акт деп көрсетпейді, ол сезімді сыртқы жағдайлармен, құдайлардың араласуымен, олардың ықпалы арқылы түсіндіруге тырысады.

Эпикалық автордың көркем ойлауының бұл ерекшелігіне адамдардың психикалық жағдайын сыртқы белгілермен көрсетуі де байланысты. Толқу немесе қорқу кезінде гомерлік кейіпкерлердің аяқтары әлсіреп, дірілдейді, дауысы кесіліп, тістері қағылып, шаштары тік тұрады, беттері бозарады. Гомер кейіпкерлерінің сыртқы сезімдерін жарыққа шығаруын ескеруі оқырманға кейіпкердің мінездемесін оңай қабылдауына көмектеседі. Эпостың бұндай көркемдік мүмкіндіктерінің шектеулілігі тарихи жағынан түсінікті: кейінгі тайпалық құрылым кезінде тұлғалардың алғашқы қауымдық бірлестіктен бөлініп шығуы басталады, бірақ оның оқшаулануы адамның ішкі дүниесінің эстетикалық ой үшін жеке қызығушылық көрсете алатындай дәрежеге жетпеген болатын. Бұл - ерекшелік ежелгі грек эпостарының көркемдік құндылықтары-ның қайнар көзі.

Жеке тұлғалардың мүмкіндіктерін сезіну эпостық образдарды құрудың негізі болды. Образдардың әрқайсысының жеке белгілері бар: барлық көсемдерді парыз сезімі, батылдылық, қажымас қайсарлық сипаттайды, Ахиллге қажырлылық, туралылық және адалдылық, Агамемнонға атаққұмарлық, менмендік, мақтаншақтық, Одиссейге шешім қабылдаудағы асықпаушылық, сақтық пен айлакерлік тән. Екі гомерлік ақсақалдың ішінде Троя патшасы Приамның тағдырына шыншыл жанашырлық көрсетілсе, ал ахейлік Нестордың көпсөзді насихаттары мен кеңестеріне деген жеңіл ирония байқалады. Гомерлік поэмаларда көптеген әйел образдары суреттелген. Гекторға шын жүрекпен адал Андромаха, балаларын бірінен соң бірін жоғалтқан Гекуба, жоғалып кеткен жарын адал күтіп отырған Пенелопа және Одиссей сияқты адамға тұрмысқа шығуды армандайтын жас ханшайым Навсикая. Бұл кейіпкерлердің барлығы тек айрықша тағдырмен ғана емес, белгілі бір жан қасиеттерімен, мінез-құлықтарымен ерекшеленеді.

Эпикалық аңыздардың ерекшелігі - аңыздардың пысықтаулы және асығыссыз болуы. Өз кезеңінде Гетенің Шиллерге жазған хатында «эпикалық шығарманың басты қасиеті – оның бірде алға жылжуы, бірде артқа қайта келуі» болып табылады делінген. Бұған мысалды әр жерден табуға болады. Агамемнон өтірік түске сеніп, әскеріне сынақ өткізу мақсатында халық жиналысын өткізеді. Жиналыста қолына хандық скипетрді кім жасаған және оның Атридтің қолына қалай түскенін айтып кетуді жөн санайды. «Одиссеяның» XIX кітабындағы эпикалық реордация да көрнекті. Одиссейдің аяғын жууға кіріскен Евриклея, кедей бейнесінде тығылып жүрген қожайынын тізесіндегі тыртық арқылы танып қояды. Қазіргі заманғы оқырман осы жерде қарт қызметшінің сезімін ақтаруын күтер еді, бірақ эпикалық поэмада автор осы орайда бұл тыртықтың шығуы туралы әңгімесін бастайды. Одиссей кішкентай кезінде атасына қонаққа барып, ағайындарымен аңшылыққа шыққанында, тізесін қабанның тісімен жарақаттап алғандығы айтылады. Автор Одиссейдің үйіне сыйлықтар алып келгенін де айтуды ұмытпайды. Осының барлығын баяндап болғанан кейін ғана Евриклеяға оралады.

Балқан түбегіндегі Эгей аралын және кіші Азияның батыс жағалауын мекендеген ежелгі грек тайпаларының өмірінде теңіз өте үлкен роль ойнайды. Олар үшін бұл азық-түлік көзі және басқа тайпалармен қарым-қатынас құралы болады. Теңіз олардың отанының бір бөлігін алып жатты. Ежелгі грек жазушысы Ксенофонттың «Анабасис» атты еңбегінде келесідей жарқын көрініс кездеседі. Құрамында Ксенофонттың өзі болған грек әскерлері жеңіліске ұшырап, жабайы тайпалар мекендейтін Малазия түбегінің таулы аймақтарымен қашуы керек болады. Әйтеуір таулы аймақтардан шығып, жазықтардан, таусылмас қыраттар, жаулардың тосқауылдарынан өтіп, гректер алдарында жайылып жатқан теңізді көріп қуанады. Сауыт-саймандарын шешпеген әскерлер толқынға тізесіне шейін кіреді. Бұл табиғи жағдай еді, себебі Эгей архипелагының аралдары Еуропа мен Азияны жалғастырушы көпір сияқты болды. Бүкіл ірілі-кішілі аралдар бір-біріне жақын орналасты. Және бұл аралдарды мекендеген гректер үшін теңіз де құрлық сияқты әлемдерінің бір бөлігі болды. Сондықтан да дауылдар мен желді басқаратын теңіз құдайы Посейдонға табыну олардың дінінде маңызды орын алды.

Мифтерге қарағанда, Посейдон, «құдайлар мен адамдардың басшысы», аспан мен жердің патшасы Зевс құдайының інісі болды. Өз әкесі Кронды тақтан түсірген Зевс теңіздегі билікті інілеріне бөліп беріпті. Су стихиясындағы билікті Посейдонға, ал жерасты патшылығын Аидке берген. Ежелгі гректердің көзқарасы бойынша құдайлардың мекені Олимп тауының шыңында деп саналады. Ол жерде өнерлі суретші және қолөнерші Гефест құдайының қолымен жасалынған алтын мүсіндер туған. Сонда құдайлар мен әйел құдайлар, Зевспен оның жары Гераның балалары той-думандар ұйымдастыратын. Гера отбасылық өмір мен жанұялық ошақтың билеушісі болған. Ежелгі гректердің құдайлары біреулеріне көмектесу, екіншілеріне кедергі келтіру арқылы адамдардың өміріне араласқан. Гомердің «Илиада» және «Одиссея» атты шытырманға толы эпикалық поэмаларында құдайлар адамдар сияқты барлық оқиғаларға қатысып отырған. «Илиадада» Троян соғысының әр батырына қолдау жасайтын белгілі құдайы болған сияқты, «Одиссеяда» да поэманың басты кейіпкеріне әрдайым Олимптегі ең ақылгөй құдай саналатын Зевстің қызы Афина қолдау көрсетіп отырған. «Одиссея» поэмасының басында «Илиада» поэмасындағыдай олимпиялық құдайлардың қалай салтанатты үстелдің басында батырлардың тағдырларын талқылап отырғандары суреттелген. Троя жорығына қатысқандар-дың барлығы дерлік қайтып келген немесе жолда қаза тапқан, тек Итака аралының патшасы Одиссей ғана отанына орала алмай, он жыл бойы сенделіп жүрген. Себебі ол Посейдонның сүйікті ұлы, жалғыз көзді дәу Полифеманың көзін ағызып, қарғысына ұшыраған. Жолдастарынан айырылған Одиссей, Посейдонның қаһарының астында болып, сүйіктісі Пенелопа мен ұлы Телемахқа жете алмай, он жыл бойы ұшы-қиыры жоқ теңізді шарлады. Ақыры әйел құдай Афина Зевстан көмек сұрап, Одиссейді отанына қайтаруды өтінеді. Олар Посейдонның жоқтығын пайдаланып, екінші дәрежедегі құдай Калипсоға желаяқ Герместі жібереді. Калипсоға тұтқындағы Одиссейді босатып, оған кеме тұрғызуды әмір етеді. Ал Афинаның өзі болса, әкесінің орнында тайраңдаған анасының күйеусымақтарына қаны қайнап жүрген Одиссейдің ұлына жол көрсетпекші болады. Патшайым Пенелопа болса, үш жыл қатарынан күйеу жігіттерді алдаумен болды. Ол Одиссейдің әкесі Лаэртке арналған кілемді тоқып болғанда ғана тұрмысқа шығатынын айтқан. Сөйтіп айтқан да, күндіз тоқыған кілемін түнде сөгітіп отырған.

Посейдонның қаһарынан сескенген Зевс Афинаны Одиссейді құдайға теңеп, отанына оралуына көмектескені үшін тәрк еткен. Сол сәтте-ақ Афина аяқ киімінің алтын табанын іле сала, қолына атақты найзасын алып, Олимп шыңынан Итака аралына кетеді. Телемахқа әкесінің достарының бірі - Ментора кейіпінде келіп, әкесі Одиссейді іздеуге кеңес береді. Ол үшін алдымен троя жорығына қатысқан жолдастарынан мәлімет жинау керектігін айтады. Кейінірек Афинаның көмегімен кеме тауып, Пилостағы данышпан Несторға аттанады. Ол Телемахты ең соңында оралған патша Менелайға жібереді. Менелайдан әкесінің тірі және нимфалар аралында екенін естиді. Олимпте құдайлар жиналып, Посейдонның жоқтығын пайдаланып, Одиссейге көмек береді. Олар желаяқ Гермес арқылы Калипсоға хабар береді. Құдайлардың әміріне қарсы келмей, Калипсо Одиссейге кеме тұрғызады. Ал Посейдон қайтып келе жатып, теңіздегі Одиссейдің кемесін көріп, ашу-ызасы келіп, дауыл көтереді. Бірақ басқа құдайлардың көмегімен аман қалған Одиссей феактердің аралына жетеді. Таңертең оны жағалаудың жанынан феакиліктердің патшасының қызы Навсикай тауып алады. Сарайға бара жатқан жолда Одиссей өзінің қорғаушысы Афинаны феакилік қыздың бейнесінде көреді. Ол оны алтынмен апталған, күміспен қапталған сарайға әкеледі. Алкиной патша оны аса мейріммен қарсы алады. Оның үйіне қайтуына жәрдемдесетінін айтып, той жасайды. Тойға соқыр әнші Демодокты да шақырады. Оған бұл өнерді құдайлардың өздері тарту етіп, жүрегінің қалауымен ғана ән айтуды бұйырған екен. Демодокты қошаметпен ортаға әкеліп, алдына ас қояды. Қолына лираны ала салып, ол ержүрек Ахиллмен данышпан патша Одиссейдің арасындағы тартысты әндете жөнеледі. Бұны естіп отырған Одиссей көзіне жас алып және оны жасыру үшін шапанымен бүркенген еді. Одиссейдің батырлығын, айлакерлігін керемет суреттей отырып, Трояны қалай алғандығын айтады. Өзінің жеңістерін естіген Одиссей тағы да көзіне жас алады. Қонағының қобалжығанын сезген Алкиной патша оның аты-жөнін сұрастыра бастайды. Анық-қанығын білгеннен кейін, соңында не болғанын айтып беруін өтінеді. Одиссей болса басынан өткен таңғажайып оқиғалардың барлығын айтып береді. Одиссейдің әңгімесіне араласқан феакиліктер оны аяп кетеді. Оған деген қошаметтерін білдіріп, сый тарту етеді және өздерінің кемелерімен үйіне жеткізіп салады. Афина оған қойшы кейіпінде келіп, дөрекі күйеусымақтардан өзін қалай ұстауды айтады. Және де оны ешкім танымау үшін қайыршының келбетін беріп, Эвмей ұстаға жібереді. Одиссей Эвмейге барып Итака аралының патшасы тірі және жақында қайтып оралатынын айтады, бірақ өзінің кім екенін жасырады. Афина Телемахтың түсіне кіріп, Итакадағы Эвмейдің лашығына баруды әмір етеді. Одиссей өзінің ұлына құпиясын ашады. Афинаның сілтемесі бойынша ұлы екеуі дөрекі күйеусымақтардан қалай кек алу керектігін ойластырады. Телемах анасына Эвмейдің лашығындағы жолаушыда әкесі жайлы мәлімет бар екендігін айтады. Пенелопа күйеу жігіттердің кеткенін тосып, кейінірек Одиссейді өзіне шақырады. Ал ол күйеуінің тірі екенін және жақында оралатынын сүйіншілейді. Келесі күні күйеужігіттер қайтадан тайраңдап келеді және Телемахтан өлімін ойластырады. Сол кезде Пенелопа күйеуінің садағы мен оқтарын алып шығып, сайыста кім жеңсе соған күйеуге шығатынын айтады. Бірақ келгендердің ешқайсысы садақты тартпақ түгіл, көтере де алмайды. Сол кезде қайыршыға кезек бергенде, барлығы келемеждейді. Бірақ Одиссей атқан оқ нысанаға дәл тиеді, сонда Телемахқа күрес басталғаны туралы белгі береді. Телемах, Эвмей және сенімді құлы бей- жай отырған күйеужігіттерге тарпа бас салды. Олар қару алып тартысқанмен, бәрібір жеңіліске ұшырады. Сол кезде Одиссейді бала кезіндегі тәрбиешісі Эриклея ғана таниды. Пенелопаға бұл жайында айтқанда ол сенер сенбесін білмейді, тек Одиссей айтқанда ғана сенеді. Келесі күні Одиссей әкесі Лаэртті іздеп, оны егістікте еңбектеніп жүрген күйінде табады. Осы кезде жеңіліске ұшырағандар кек алмақ болып, бүлік шығарады, бірақ қайтып жеңіліске ұшырайды. Соңында Афина құдайдың көмегімен жеңіске жеткен Итака аралында бейбітшілік орнайды.

Оқырман бұл қысқартылып келген «Одиссея» поэмасының желісінен-ақ Гомердің «Илиадасына» қарағанда бірден ерекшеленетін маңызды кескін кейпетті көре алады. «Илиадада» тек қана әскери өмірді сипаттаса, «Одиссейде» бейбіт тұрмыстың да келбеті бар. Автор Одиссейдің басынан өткен таңғажайып оқиғалармен қатар, оның отанына деген сағынышын, жолдастарынан айырылған кездегі сағынышын, басқа да сезімдерін сипаттап кетеді. Одиссейдің батырлығы, айлакерлігі, отанына оралуға деген құлшынысын тіпті жебеушісі Афинаны да таңдай қақтырады.

«Илиада» және «Одиссея» дастандары ежелгі Эллада жеріндегі құрметке ие жыршылардың негізінде жазылған. Ежелгі гректерге «Илиада» мен «Одиссея» тек сүйікті жыр ғана емес, тәрбиелік мәні бар жалпыгректік мәдени туынды еді. Өлеңдерді мектептерде оқытты. Жасөспірім кездерінен бастап поэмадағы батырлардың ержүректілігін саналарына сіңіріп, тәрбиелей бастады. Бұл жайында Қара теңіздің жағасынан табылған, тастарға қашалып жазылған жазба ескерткіштер арқылы байқауға болады.

Ұлы итальян ақыны Данте Гомерді «ақындардың патшасы» деді. «Гомерді оқығанда көркемдік шығарманың шыңын көре аласыз, бірақ ол сіздің назарыңызды сіңірмейді; ең таңқалдырары эллиндік дәуірдің дүниетанымы...» деген болатын. В.Г.Белинский. Бұл жолдар «Илиада» поэмасын орыс тіліне аудару үшін жиырма жыл тер төгіп, тек 1822 жылы Н.И.Гнедичтің жарыққа шығаруынан кейін жазылған.

Егер ежелгі Грецияның картасына үңілетін болсақ, оның солтүстік бөлігіндегі жан-жағынан таулар қоршаған Фессалия деп аталатын облысынан әйгілі Олимпті – екі мың метр биктікке жететін ең биік шыңды көруге болады. Олимпті баурайы тік және үзік-үзік, шыңында мәңгілік қарлар жатыр. Көбінесе ол бұлттың жамылғысында болады. Мұнда ежелгі гректер түсінігі бойынша өлмес құдайлардың тұрағы болды. Бұл жерден құдайлар жерде болып жатқан істердің бәрін көрді, адамдардың тағдырлары мен істеріне әлі де көмектесіп не қарапайым адамдардың түпкі ойлары мен әрекеттеріне кедергі келтіру арқылы араласты. Ежелгі гректер бұлттың астындағы Олимп шыңдарында мәңгілік жаз орнаған және тамаша нұрмен азықтанған алтын сарайлар жарқырап тұр деп сенді. Мұнда адам кейіпінде керемет, күшті және мәңгі құдайлар тойлайды. Оның басшылығында құдайлар мен адамдардың патшасы – құдіретті Зевс тұр. Жер мен аспан оның билігінде. Ол қабағын түйген кезде бұлттар қоюлана түсіп, күн күркірейді, ал ашуланғанда найзағай ойнайды. Оны жай атқыш және бұлттарды қудалаушы деп атайды және гректердегі ең берік ант – Зевстің атымен аталған ант саналды, өйткені антын бұзған әрбір адамды Зевс найзағайдың соққысымен аяусыз жазалайды.

Бірақ Зевстің жалғыз өзіне жер мен аспанның, құдайлар мен адамдардың билеушісі болуы үшін ауыр күреске шыдауға тура келді. Зевстің әкесі Крон өзінің балаларының бірі оны биліктен тайдыратынын біліп, Реяға туған барлық балаларын оған тапсыруын бұйырды. Бейшара ана оған барлық нәрестелерді әкеліп жүреді, ал Крон оларды сол сәтте-ақ жұтып жібереді екен. Үміті үзілген әйелі Рея соңғы баласы Зевсті аяп, қатал жұбайын алдап, оның орнына Кронға құндақталған тасты береді. Құтқарылған сәби Зевсті анасы Крит аралындағы үңгірге тығып қойды, онда оны ешкі Амальтей өзінің сүтімен тамақтандырды. Кронға баласының жылаған даусын естіртпеу үшін үңгірді қорғап жүрген жас әскерлер қалқандарын семсерлерімен және найзаларымен ұру арқылы сүйемелденген билерін бастайтын. Ер жеткеннен кейін Зевс қас Кронды онымен жұтылған барлық балаларды шығаруға мәжбүрледі, одан кейін оны жердің астында орналасқан құзға - терең, қараңғы Тартарға тастады. Зевстің өзі бауырлары Посейдон және Аидпен әлемді басқару билігін бөлісіп алды. Посейдон теңіз астында билік етсе, Аид жерде өмір сүретіндердің бәрі шарасыз баратын жер асты патшалыққа билік етті. Тақты Зевспен бірге оның патшалық әйелі – Гера бөлісті. Ол өте әдемі және айбынды, оны құдайлармен адамдардың патшайымы және үй ордасының қамқоршы әйелі ретінде қадірлейді. Жарқыраған олимптік сарайларда Зевспен бірге тойлайтын мәңгі құдайлар тобының ішінде Зевстің көптеген балалары да бар. Ең әдемісі, Зевстің жақсы көретін баласы күн нұрының құдайы Аполлон болды, ол тойлаушы құдайлардың есту қабілетіне сүйеніп лира аспабымен ойнайтын керемет ойынмен рақаттандыратын өнердің қорғаншысы. Аполлонның апасы - әйел құдай Артемида – жүйрік және қажымас аңшы әйел, аңдардың қорғаушысы, аңшыларға ерекше құрметті, олар оған құрбандыққа бірінші өлтірілген аңды құрбан шалады. Сұлулықтың құдайы Афродита олимптік тойларды өзімен әшекейлеуі, бірақ Зефстің ең сүйікті қызы Афина болды, ол - ақылды, ғылым мен кәсіптің қорғаушысы, өзі әйелдің де, еркектің де ісінде шебер. Афинадан кәсіп жағынан шеберлігі кем емес, әсіресе темір соғатын және зергерлік кәсіптерге шебер құдай - Гефест. Гефест туылған кезде, баласының әдемі еместігін көріп ашуланған Гера Олимптен оны лақтырып жібереді, содан ақсақ болады. Бірақ Олимпке қайтқаннан соң, Гефест барлық олимптіктерге керемет алтын сарайлар соғып шығарады. Тойларда Гефест алтын тостағандарда құдай шірнесін - өлмейтіндердің сусынын тарататын шарап үлестірушінің қызметін де атқарды. Қаһарлы соғыс құдайы – қатал Арес адамдарға да, құдайларға да бірдей қорқынышты болды. Өз балалары Деймос (Ұрей) және Форостың (Қорқыныш) ере жүруімен ол соғыс алаңына келеді де, шайқасушылардың соғысқұмарлық рухын қыздырып кетеді. Арестің тоймас қан құмарлығын құдайлар да жақтырмайды. Ол дөрекі, күйгелек және тіпті той үстелінде де ызалы. Ареске қарсы әрдайым жайдары және қу адамдарды әліппеге, есепке, саудаға үйреткен жолдар мен жолаушылардың қамқоршысы Гермес саналған. Құдайлардың ерікті ұшқыр хабаршысы бала кезінен құдайлардың өзін күлкіге айналдыруды жақсы көрген. Сөйтіп, өзінің қатал әкесі Зевстің скиптерін (асыл тастармен безендірілген аса таяғын) ұрлап әкетті. Аполоннан бір күні бір табын бұқаларды алып қашты да, кейін оның садағы мен алтын жебелерін тығып қойды. Посейдоннан Гермес оның көмегімен теңіздің қатал құдайы толқын көтеріп, жаусытқан үш ашалы ұшын ермегін, ал Арестан – оның талқандаушы семсерін қымқырды. Герместі ежелгі гректің қу ұрылары өзінің қамқоршысы ретінде құрмет көрсету мақсатымен еске алуы кездейсоқ емес. Дегенмен Гермеске сонымен қатар қайғылы міндет атқаруға тура келді – көңілсіз Аидтың жер асты патшалығына өлгендердің жандарын шығарып салып жүрді.

Олимп құдайларынының бәрі өзара туысқандық қатынастар байланысты-рып тұрады және ежелгі гректердің түсінігі бойынша қарапайым олар да адамдар секілді белгілерге ие. Олар кейде дөрекі, әділетсіз, қатал және кекшіл болды. Көбінесе өздерінің жердегі қалаулыларына қамқоршы бола отырып, құдайлар басқа адамдарға көп қайғы мен ауыртпалықтар алып келді.

Оқырмандар Гомердің атақты «Илиадасының» алғы сөзіне қандай мақсатпен ежелгі грек дінінің негізгі тәңірлері туралы мына қысқа мәліметтерді келтірілген деп сұрақ қоюға құқылы. Бұл сұраққа жауап беру оңай. Әңгіме мынада «Илиадада» олимптік құдайлар адамдар секілді қатысушы кейіпкерлер болып табылды. Олардың поэмада суреттелетін бұлттың артындағы әлемі жер әлеміне ұқсатылып, оның бейнесі бойынша құрылған. Құдайларды қарапайым адамдардан тек әдемілік, ерекше күш-қуат, кез-келген организмге айналдыра алатындықтары мен ең басты өлмейтіндіктері ерекшелеп тұрды.

Адамдар сияқты жоғарғы құдайлар өзара жиі жанжалдасып қалады және тіпті жауласады да. Оындай жанжалдардың бірі «Илиаданың» басында берілген, онда Зевс той үстелінің басында отырып, өзінің қызғаншақ және ашуланшақ әйелін оған қарсы шығайын деп тұрғанын көріп, соқырлармен қорқытады. Ақсақ Гефест анасын қарапайым адамдар үшін Зевспен ұрыспауға көндіреді. Оның тырысуымен бейбітшілік пен шаттық орнайды. Алтын бұйра шашты Аполлон керемет музыкалардың хорын сүйемелдей отырып, лирада ойнайды. Күннің батуымен той аяқталады да, құдайлар шебер Гефестің «көп төбелі Олимпте» олар үшін тұрғызған, өздерінің сарайларына тарайды.

Шамамен екі мың жарым жылдан астам уақыт бұрын (ғалымдар олардың құрылуын б.з.д. VIII ғасырға жатқызады) қалыптасқан «Илиада» Гомермен құрастырылған хикая болып келеді. Поэмалар жырлардан құралады, олардың әрбірін жеке әңгіме ретінде оның кейіпкерлерінің өмірінің оқиғалары жөнінде бөлек орындауға болатын. Аңыз айтушы ақынды (ежелгі гректерде ол аэд, кейін рапсод деп атаған) тойларда ұзақ, түрлі оқиғалармен әбден сіңген поэманың белгілі бір бөлігін (жырлар) ән салып айтуды сұрайтынын елестетуге болады. Егер тойлаушылар ежелгі Троя түбіндегі ерлік істер туралы естігілері келсе, ақын-жыршы кифараның дыбыстарының сүйемелдеуімен керемет «мықты дуалданған» Троя (Илион) орналасқан Кіші Азия жағалауына Грекиядан «қара қабырғалы кемелерде» жүзіп келген «сары сауыт киген жауынгер» ахейліктер (гректер) мен туған қаласының қорғаушылары батыл трояндық жауынгерлер арасында туындаған Троян соғысы туралы өлең айтты.

Трояны алу кезіндегі қанды оқиғалар туралы римдік ақын Вергилийдің б.з.д. I ғасырда жазылған «Энеида» поэмасында да баяндалады. Бұл поэманың батыры талқандалған және жанып жатқан қаладан қашып кете алған трояндық Эней болды. Вергилий сөзсіз Илионның (Троя) күйзелісі туралы поэманы білді, себебі ол Демодоктың «Одиссеядағы» әңгімесінде кездеспейтін егжей-тегжей-лілікті еске алады.

«Илиада» поэмасының негізігі мазмұны қысқаша мазмұндағанның өзінде оқырман шынайы өмірдің құбылыстары мен ежелгі грек тайпаларының тұрмысы ашық көрінетіндігі туралы айтылуы мүмкін. Әскери кезең тұрмысының бейнесі басым келеді, оның үстіне поэма жауынгерлердің шынайы өлім көріністерінің оқиғасына, мейірімсіз зақымдануларға, өлім алдындағы денелердің қатты қалтырауына бай. Гомермен сондай әдемі суреттелген батырлардың ерліктері ақынның көзқарасынан соғыстың барлық ауыр халдерін кетіре алмайды. Ол ашық және шынайы әшкерелеуші бояулармен күштеу көріністері мен жеңушілердің аяусыз қаталдықтарын суреттейді. Патша Приам өзінің басласы Гекторды Ахиллдың қатыгездігінен Трояның қабырғасына тығылуын жалбарынғанда, ақын қарт патшаның аузымен дұшпанның қаланы басып алудағы жан түршігерлік көрінісін бейнелейді. Жоқ, Гомер соғыстың қаталдықтарына жаны ашымайды. Ол сондай мүмкін болған терең адамгершілік сезімге толы эпизодтарды қарама-қарсы қояды, мысалға: трояндық көсем Гекторды әйелі Андромахамен туған қала үшін шешуші шайқаста кешіруін, патшайым Гекубаның жылауын және патша Приамның Ахилл шытырында жалбарынуын келтіруге болады. Мұнда өзінің сүйіктісі батырын да, кек қайтаруда қаһарлы Ахиллды мойымас ашуда болса да, ақын көңілін жібітіп, Приаммен бірге жылатып қояды. Жауласқан тараптар арасында кескілескен айқастың айқын көріністерінің маңызды қарама-қайшылығы Ахиллдың қалқанында Гефестпен бейнеленген бейбіт өмірдің көріністерін анық сипаттауды көрсетеді. Үлкен жылылықпен ақын масақпен дән босаңдап кеткен шұрайлы көгал туралы, алқапта жайылып жүрген сан жоқ үйірлер туралы, асып-тасқан жүзім егісі жайлы және ең бастысы барлық осы молшылықты құрған, өздерінің еңбектерінің жемістерімен және бейбіт өмірдің тыныштығымен рақаттанып жатқан еңбекқор адамдар туралы айтады.

«Илиада» мен «Одиссея» поэмалары батырлық өлең-хикаялар негізінде ежелгі Элладаның жерін аралап жүре отырып, ақын-аэдтармен орындалады.

Ұзақ уақыт бойы Гомер поэмасында суреттелген оқиғалар ойдан шығарылған керемет жырларға салынған, өзіндік шынайылылыққа ие емес әдемі аңыз деп есептелінеді. Гомердің «Илиадасымен» тарихи өмір сүрген Трояны табу идеясын ұстанған археолог, әуесқой Генрих Шлиман сол кездегі барлық ғалымдардың, мамандардың тек күлкісін келтіріп қана жүрді. Олар гомерлік Трояны іздеу ертедегі «жеті қырдың астындағы патшалықты» іздеу секілді мәнсіз деп есептелінеді. Бірақ Шлиман көптеген қиыншылықтардан кейін бір кезде Гомердің «қасиетті Троясы» тұрған Кіші Азиядағы Гиссарлық төбесінде (қазіргі Түркияның территориясында) ежелгі қалалардың қалың қабаттарын ашу бақытына жеткен. Шлиман бірнеше мың алтын заттардан құралған құнсыз қазына - әшекейлер мен Приам патшаның қазынасы деп атаған тостағандарды тапқан. Трояны ашу табысынан кейін Шлиман Гомер поэмасындағы аталған ежелгі қалалар Микен мен Тиринфті іздеуге кірісті. Керемет әуесқой-археолог осы жолы да бақытқа кенелді. Ол ерекше өзінің маңызына қарай ескерткіштер ашты, жартаста жазылған патшалық жерлеулер, бағалы металдардан жасалған көптеген бұйымдардың ішінен өлгендердің бетін жапқан және бет әлпетінің ұқсастығы сақталған жұқа алтын пластиналар ерекше қызығушылықты тудырды. Тек Шлиманның табысынан соң ғана ұзақ жылдарғы еңбектері мен Гомерге деген шексіз сенімінің ақталып, ісінің табысты аяқталуынан кейін, Гомердің дұрыстығына және Шлиманның құлшынысына бірдей сенбеген барлық парасатты ғалымдар оның туралығын мойындауға мәжбүр болды. Шлиманның ашулары микендік кезең деп аталатын ежелгі Грекия тарихын зерттеуге бастау болды. Крит аралында және ежелгі Пилос қаласында орасан зор көп бөлмелі сарайлар табылды, олардың қабырғалары бұл сарайлардың тұрғындарының өмірінен түрлі көріністерді бейнелеген әшекейлермен безедірілген. Ғылым үшін ең құндысы түсініксіз белгілермен шимайланған сансыз көп саз тақташалар болды. «Сызықты хаттар» деп аталған бұл белгілер өз кезегінде ағылшын архитекторы М.Вентриспен ашылып танылған, бұл тақтайшаларда жазылған мағлұматтар арқылы ғалымдар Крит, Пилос, Микен тұрғындарының гомерлік поэмалар құрылғанға дейін болып өткен кезеңдегі тұрмыстық әдет-ғұрыптары жөнінде түсінік береді.

Археологтар, тарихшылар мен филологтардың тырысуымен гомерлік кезеңге дейінгі және гомерлік кезеңдегі ежелгі грек тайпалары өмірінің кең көрінісі жаңғыртылды. Дегенмен қазір ешкім гомерлік хикаяның негізі белгілі бір Троя, Микен, Пилос, Аргос, Тиринф сияқты жерлерге ғана орайластыру керек деп ойламайды, себебі олардың шын мәнінде кезең білмеген темір қару туралы еске алу кездеседі. Шамасы ежелгі гректердің батырлық эпосы біртіндеп бірнеше кезеңнің тарихи шындығы негізінде жетілген, ақырғысы шамамен б.з.д. VIII ғасырда қалыптасқан. Біздің кезімізге дейін жеткен ежелгі сансыз көп әдеби шығармалардың ішінде біреуі де жалпы адам мәдениетінің одан әрі дамуына «Илиада» мен «Одиссея» секілді қатты әсер ететіндей болмады. К.Маркстің пікірінше, екі поэма да өзінің тұтастығы мен үйлесімділігі жағынан «қол жетпейтін үлгі» ретінде жалпы мойындауға ие болды.

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Антикалық дәуір мәдениеті мен әдебиетінің хронологиялық шекарасы және бөлінуі

  2. Антикалық дәуірдің алғашқы кезеңіндегі әдеби жанрларға тоқталыңыз

  3. Гомердің «Илиада» және «Одиссея» эпостарына тән басты ерекшелік

  4. «Илиада» және «Одиссея» эпостарының кейіпкелеріне сипаттама беріңіз

  5. Гректік мифтер жайлы айтыңыз