Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Древ лит.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

5 Тақырып

Ежелгі Қытай әдебиеті

Қытай тарихының ежелгі кезеңі б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасы мен б.з. III ғ. қамтиды. Оның өзі үш үлкен: тайпалық одақтар дәуірі – Шань–Иньдік (б.з.д. ХVIІ-ХІI ғғ.) және Чжоулық – қалалар мен мемлекеттер дәуірі (б.з.д. ХІІ–VIII ғғ.) және Империя (б.з.д. ІІІ ғ. - б.з. ІІІ ғ.) аталатын дәуірлерден тұрады.

Археологиялық қазбаларға сүйенсек, Қытай территориясындағы Хуанхэ бассейнде Шань тайпалық одағының бірігуіне дейін, яғни б.з.д. ІІІ ғ. өзінде мәдениет пайда болған дейді. Табылған орнына байланысты ол Яншао мәдениеті аталады. Шань одағының уақытының Инь аталатын екінші кезеңінен қойдың жауырына не болмаса табақаның үстіңгі қаңқасына ойылған алғашқы жазба – буцылар – жорамал формулалары жеткен. Сол дәуірдегі өмірдің түрлі жақтары мен өзіндік ерекшеліктерінен мағлұмат алуда құнды жазбалар саналады. Бұлар өзі Қытайда жазудың ерте пайда болғанын әрі мәдениеттің жеткілікті дамығанын көрсетеді. Әдебиеттің бастауына эдиктер /заңдар/ мен ежелгі патшалардың бұйрықтарын т.б. жатқызуға болады.

Б.з.д. ХІІ ғ. ортасы тарихи маңыздылығы жағынан әлсіреу кезеңі аталған, Инь тайпалық одағының құлап, оның орнына Чжоу патшалығының келуімен сипатталады.

Чжоу патшалығының өркениеті ежелден-ақ Қытай тарихында «алтын ғасыры» аталған. Қытай мәдениетіндегі «алтын ғасыр» есімі әлемге әйгілі Конфуцийдің шығармашылығымен де (б.з.д. V-VІ ғғ.) байланысты.

Патшалықтың жүйесін суреттейтін - «Чжоу ли» ( Чжоу заңдары) - тарихи және ойдан құрастырылған аралас жүйе көрініс табатын ескерткіш.

Б.з.д. ХІІ ғ. соңында мыңдаған тайпалық топтардан тұрған Одақ б.з.д. VIII ғ. аяғында тайпалар саны жүзге дейін кеміген. Тайпалық одақтың өмір сүрген мекені «ди» (жер) деп аталды, оның орталығы (и) деп аталды. Тайпалық топтардың азаюынан немесе бір-бірімен бірігіп кетуінен күшті Чжоу патшалығы пайда болады. Бірнеше топтың бірігуі «го», ал олардың басшылары «хао» (князь) аталды. Чжоу патшалығы мемлекет шеңберінде құрылғандықтан жоғары жүйеленген мемлекет болды. Чжоу патшалығының басшысын «ван» – патша атады. Чжоу кезінде қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі алғаш рет көрініс табады. Ол құлдардың пайда болуымен байланысты. Құлдардың төрт категориясына кіретіндердің еркі болмаған. Ал еріктілер қатарына диқаншылар, қолөнершілер, қарапайым халық (шужэнь) жатқан. Қарапайым халықтың жағдайын «Лицзи» ережелер жазбасынан табуға болады.

Ежелгі қытай сөз өнеріне қатысты ескерткіштер б.з.д. ХІІ ғ. ортасына жататын гао-жолдау, эдикт-заң топтамасын құрайды. Ежелгі жазуларды зерттеушілер олардың тілі мен стилінің қиындығынан толық түсінуге мүмкіндіктің аздығын айтады. Б.з.д. VIIІ ғ. қытай оқымыстыларының бірі Хань Юй, көрнекті философ Чжу Си де сондай пікірде болған. Дегенмен Пань-гэн патшасының жолдауы жалпы түсінікті. Шань тайпасының көсемі, өзінің тайпасын Гао мекенінен Инь мемлекетіне көшуге шақыруы. Бұл кезде отырықшы өмір сүруге үйрене бастаған халық, патша ойы мен шешіміне наразы болады. Алайда Пань-гэн өзінің жолдауында тайпасына өзеннің тасуы қаупі барын, тасыған күні қайғы-қасіреттің бірге келетінін халқына жеткізген, жолдау нәтижесі Инь патшалығына көшумен аяқталады.

Келесі бір маңызды жолдау «Ұлы жолдау» (Дао гао) аталған. Ол Чжоу патшалығы кезеңіне жатады. Инь патшалығы құлағаннан кейін, жаңа патшалық тағына оның негізін қалаған У-ван келеді. Ол патшалықтың негізгі бөлігін құлаған Инь мемлекетінің патшаның ұлына қалдырып, өзінің үш сенімді адамын үстінен қарап жүруге қойды. Бірақ У-ван өлгеннен кейін көтеріліс бұрқ етеді. Чжоудың жаңа патшасы Чэн Вэн көтерілісшілерге қарсы шығуға мәжбүр болған. Сол жағдайдағы патшаның халқына жолдауы: «Сендерге өтінерім – сендер мемлекет басшысысыңдар...» деп басталады.

Кейінгі уақыттан жеткен ескерткіштердің стилі өзгере түседі. Бұлар енді эдикт - жолдаулар емес, декларация, манифест, қаулы ретіндегілер. Олардың ішінде белгілісі – «Хунь Фань» (Басқарудың ұлы заңы) Бұл құжат У-ван биллігі, яғни Чжоу патшалығының бас кезіне жатады. Кіріспе, негізгі бөлімінде белгіленген заңдар тізіледі, кейін түсіндірмесі беріледі. Мұнда «Бес апат» жөнінде айтылған. І апат - су, ІІ апат - от, ІІІ апат - ағаш, IV стихия - металл, V апат - жер. Түсіндірмесі: Су - ылғал, ол төменге ұмтылады. От - жалын, ол жоғары ұмтылады. Ағаш - қисық пен түзу. Металл - көнгіштік және өзгерушілік. Жер - дәнді және берік.

Және «Бес іс» жөнінде айтылған. Бірінші іс - өзіңді қалай ұстау керек, екіншісі - қалай сөйлеу керек, үшіншісі - қалай көру керек, төртіншісі - қалай есту керек, бесіншісі - қалай ойлау керектігі.

Түсіндірмесі: әдептілік – тәртіп негізі. Сәйкестілік (сөзде) – реттеулік негізі. Айқындық – көрегендік негізі. Айқын сөйлеу – даналық туғызады.

Ежелгі әйгілі шығармалар қатарына «Екі жинақ» және «Үш жоспар» да жатады. Бұлар декларациялар, манифестер, мемлекетті билеу туралы, адам мінезі туралы айтылған. Бұл шығармалардың тілі мен мазмұнынан кейінгі уақытқа жататыны байқалады. Бірақ негізгі кейіпкерлері /Яо, Шунь, Юн/ тіпті Инь заманына дейінгі аңыздық дана-патшалар болып табылады.

Б.з.д. V ғ. ортасынан жеткен «Луньюй» атты шығармада ежелгі «Шу» шығармасына сүйенген әйгілі Кун-цзы /Конфуций б.з.д. VI-V ғғ. өмір сүрген/ айтқандары мен істерін де қарастырған.

«Шуцзин» атауымен жеткен «Тарих кітабы» алғашында «Шан шу» аталған. «Шуцзинді» чжоулық сарай сауаттылары жазып қалдырған. Тарихшыға дерек ретінде маңызды бұл шығарманың тарихи мәнін эллиндік «Иллиадамен» салыстырады. Дей тұрғанмен Шуцзинді, ең алдымен, әдеби шығарма ретінде қараған жөн.

«Шуцзинді» риторикалық-поэтикалық проза ретінде қарастыруға болады. Мұнда сөз өнерінің түрлі тәсілдері қолданылған. Айталық, төрт мордан тұратын буын үндестігі мен қатарлардың біркелкілігіне негізделген.

«Луньюй» бойынша Конфуций «Шу»мен бірге «Ши» туралы да айтқан. Ол ертеректегі, шамамен ХІІ ғ. сөз өнерінің үлгісі болып табылады. «Ши» тақпақ деп аударылады, әуенге құрылған бұл «ши»лар - әндер жинағы. Ғалымдар «Шицзиннің» /Өлеңдер кітабы/ жасын шамамен б.з.д. ХІІ мен VIІ ғасырларға жатқызды.

«Шуцзиннің» бір бөлігі болып табылатын «Шуньдяньда»: «ши – ойлар туралы сөз, ал гэ – сөздердің әнмен айтылуы». Осы арадан ши – ән емес әннің сөздері екендігі шығады.

Қытай тілінде әр буын бір лексикалық бірлік болып табылғандықтан, әр қатарда белгілі бір буын саны бір жолды құрайды. Ең көп кездесетін түрі төрт буындық жолы:

Гуань гуань цзюй цзю

Цзай хэ чжи чжоу

Яо тяо шу нюй

Цзюн цзы хао цю

Дыбыстас өзара сөздердің соңғы бөліктері ұйқастықтың пайда болуына әкеп соғады. Оларды өлең ұйқасының әр түрлі жолын қолданған:

а – в – в - в,

а – в – а – в және т.б.

Сонымен қатар ұйқасқа қол жеткізу үшін басы бірдей немесе ұқсас дыбысталатын дауыссыз дыбыстар арқылы бастау (мысалы, линь–лань) немесе соңғы жағы бірдей дыбысталатын (тао-тяо). Өзіндік эвфоникалық эффект арқылы кейбір сөздер мен сөйлемдер түгелімен қайталанып отырған.

«Шицзиннің» поэтикасы риторикалық ерекшеліктерге ие. Ол кейбір жерлерде келесі баяндалатын оқиғалардың басын бастап кетіп, тақырыптың мазмұнын ашса, кей жерлерде жай жалпылама поэтикалық бастау ретінде қолданылады.

Жалпы алғанда, әндердің тақырыптары сан алуан. Соның ішінде махаббат тақырыбына мына өлең мысал бола алады:

Мен кімді сағынамын?

әрине Цзянымды

Осы жерде күт мені!

Шандунда күт мені

Циға дейін шығарып сал мені!

Астықты жұламын мен

Мэй аулындағы

Кімді сағынамын?

Менің Юнымды

Осы жерде күт мені1 , - т.б.

Қыздың жауабы өлең түрінде келеді:

Қайтадан біздің ауылға келмеуін

Менің талымның бұтақтарын сындырмауға

Мен оны қалай жақсы көре алам?

Әкем мен анамды ренжітуден қорқам

Чжунды мен енді жақсы көруіме болар еді.

Тек ата-ананың қатал сөздерінен

Қызға қорқу керек....

Той өлеңі ерекше орынды алады

Балтамен өзінді шапқанда –

Сен оны балтамен шабасын.

Егер өзіңе әйел таңдасаң

Жеңгесіз оны үйге кіргізе алмайсың

Жалпы алғанда, еңбекші халықтың өміріне арналған, соғыс тақырыбындағы поэтикалық жолдар жиі кездеседі. Олардың көбісі өз еңбектерінен айырылған жер иесінің, әйелін тастауға мәжбүр болған күйеудің, жалғыз қалған аға-інілердің мен апа-қарындастардың, алыста күйеуін ойлаған әйелдердің мұңын білдіреді.

Патшаға – тіс пен тырнақпыз

Сен неге бізді қайғыға итересің?

Үй де жоқ, нанда жоқ бізге

Соғыста патшаға тырнақпыз

Сен неге қайғыға итересің

Қазіргідей бізге қамқор жоқ

Сені ақылдыға санамаймын

Сен неге қайғыға итересің?

Көптеген өлеңдердің негізін азаматтық тақырыптар құрайды. Олардың ішінде негізгі орынды елдің ішіндегі сауатсыздық пен қараңғылық тақырыбы алады. Олар халықты қараңғылыққа, кедейшілікке итерген адамдар мен олардың зұлымдықтары туралы жазған. Ең алдымен олар билеушілер және олардың ақылшылары:

Алыстағы аспан жерге төселген

Оның мейірімсіздігі, кегі өте қатал

Патшаға берілген ақыл жамандық пен өтірікке негізделген

Жаманшылықтарын қашан тоқтатады екен?

Жақсы ақылды болады, бірақ олар орындалмайды.

Керісінше жамандық ақылдардың орындалуына әсерін тигізеді.

Халық жала жабушыларға, екі жүзділерге, өсекшілерге жек көрушілікпен қарайды:

Әсем ою көзге әдемі көрінеді,

Қабықшалармен тоқылған зерлі мата шығады.

Мен сіздерге қараймын, өсек шеберлері!

Сіздер әлдеқашан тоқыма өнерінен астыңыздар

Елеуіш шоқжұлдызы оңтүстікте жарқырайды

Көздің артынан шамадан тыс тіл созып

Мен сіздерге қараймын, өсек шеберлері

Кім негізгі кеңесте қазір бізде?

Берілген шығармадан ежелгі Ши кезіндегі лирикалық поэзия, яғни махаббат, тұрмыстық т.б. екенін көруге болады.

Лирикалық өлеңмен бірге Ежелгі Ши кезіндегі шығармалардың көбі эпостық жырға жатады. Соның ішінде тарихи сюжетті поэмаларды ерекше бөліп алуға болады. Осындай бірнеше поэмаларда Чжоу тайпалары өкілдері мен олардың билігінің алғашқы кезеңі әсерлі бейнеленген. Тарихи мазмұндағы поэмаларда варварларға қарсы шыққан жаулаушылық соғыстардың көрінісі тамаша берілген. Бірнеше поэмада ғұн тайпаларының ата-бабаларына шабуылы бейнеленген.

Ежелгі билеушілерге арналған поэтикалық панегириктер /мадақтау/ эпикалық шығармаларға жатады. Чжоу хандығының діңгегі атанған әке мен ұлы мадақтау панегириктеріне көп ие болғандар қатарына жатады. Вэн ванның /әке/ кезіндегі Инь патшалығымен соғыс көріністері және оның У ван /ұлы/ жаңа хандықтың мұрагері әрі бірінші билеушісі туралы. Патша мен оның үрім-бұтақтарының барлығы мадақталмаған. Шындығында, тек халық жақтаған билеуші ғана атаққа ие болған. Халық ұнатпаған билеушіге де «ерекше» көңілдегі поэтикалық уыт жолдар арналған. Мысалы, билеушілерге «сабақ атты» поэмасында:

Егер билеушінің біреуі адасса

Өз патшалығының мұңы болар

Бейғам тек бір шарапқа тиелді

Әкеңнің мұрасы жайлы ұмыттың ба?

Жан тәніңмен ұқсамайсың ежелгі патшаларға

Жарық заңға неге өзің қол жеткізбейсің

Біз «Баллада» деп отырған түсінігіміз эпикалық өлеңдерде де кездеседі. Осындай балладалардың бірі – «Тамаша жеті ай» өлеңі. Бұл өлеңде жылдың ауысуы, табиғат бейнесі және жыл мезгілінде тыным таппай еңбек ететін қарапайым халық бейнеленген.

Бірінші ай күнінде суық келер

Екінші айда қатал ызғар

Қой жүнінен жылы киім тапшылық

Кім бұл суықтан аман өте алар

Үшінші айда соқаны қолға аламыз

Төртіншіде егістікте шығамыз

Балаларымыз бен әйелдерімізге

Оңтүстіктен тамақ алып барамыз

Міне, Қытайдың ежелгі лирикалық эпикалық поэмасы осындай. Ол музыка, вокал аспаптарымен тығыз байланыста болған. Әуені, әрине, біздің заманымызға жетпегендіктен, олардан хабарымыз жоқ. Дегенмен бұл лирикалық және эпикалық өлеңдер эвфоникалық, ырғақтық және метрикалық үш элементті байланыстырған.

305 өлеңнен тұратын Шицзин жинағы әлем әдебиетінде өзіндік орнынға ие поэтикалық ескерткішке жатады. Риторикалық прозамен, лирикалық және эпикалық поэзиямен Қытайдың ежелгі өнер мұрасы шектелмейді. Оның тағы бір бөлігі – афористикалық проза саналады.

Луньюй беттерінде «Егер маған тағы да өмір берілген болса, мен тағы 50 жылдай «И»-ді жетік меңгеруші едім, сонда менің бұдан былай ешқандай қателіктерім болмаушы еді» дегенді Конфуций аузына салған («Луньюй, VII, 7»).

«И» немесе «Ицзин» /Өзгерістер/ дегеніміз сонда не жайлы?

«Шудың» өзінде болжау жайлы, яғни сәуегейлік жайлы айтылған болатын. Бірақ ертеде тек тасбақаның сауытына қарап болжам жасаған жоқ, сонымен қатар «ақ шешек» гүліне бал ашқан болатын. Оны еуропалықтар триграмма, ал ежелгі қытай сөзі «гуа» деп түсіндірген.

Гуа – үш бойлық сызықтан тұратын сызба. Оны қытай тіліндегі «сяо» сөзімен жеткізуге болады. Бұл сызықтардың екі түрі: тұтас және үзілген, яғни ортадан бөлінген, әр триграмма сол немесе басқа сызықшалардың әртүрлі қиысуларынан тұрады. Бір ғана тұтас сызықтан немесе үзік сызықтан тұратын триграммалар да кездеседі. Осындай қиыстырулар барлық саны - сегіз. Бұл «ба гуа», яғни болжау жүйесінің негізі «сегіз гуа» дегенді білдіреді.

Бұл жүйенің өзгешелігі, ол қарама-қарсы ұғымда болады: тұтас сызық – оң символ - Ян, үзік - бұрыс - Инь.

8 триграмма 64 гексаграмманың алты сызықтан тұратын сызба – екі триграмманың пайда болуына себепкер болады.

8 триграмма - аспанның, жердің, найзағайдың, судың, желдің, таудың, оттың, суқұйғыштың символы.

Алтыншыға: «жалған өтіріктің иесі – кедергі», «Дірілмен ортаны сақтау – бақыт», шеткері қалу – бақытсыздық.

Жиырма жетіншіге: «Кірсең – жамандық болмайды. Достарың келсе – жамандық болмайды. Жеті күннен кейін – қайтып келу. Қайда түсеріңді білу сәттілігі».

Мұндай формулаларды түсіну өте қиын. Оларға әртүрлі түсінік беретін ескі және жаңа әдебиет өмір сүреді. Бұлар белгілер, бал ашу, дуа, мақалдар т.б., яғни афоризмдер түрлері. Бұл триграмма мен гексаграмма афоризмдерінің қай уақытқа жататынын айту қиын, алайда сөзсіз ежелгі Қытай ерте кезеңдеріне жатады.

Афоризм ауызша шығармашылықтың түрі ретінде бір нәрсеге иландырады не бір нәрсені ұлағат етеді. Б.з. VIII ғ. өмір сүрген ғалым Хань Юй ертедегі тілдің, әдетте, түсініксіз болатынын айта келе, «Ицзин» афоризмдері туралы: «Олар ерекше және дәл әрі тура» деген. Туралық, яғни тілдік көріністерін жоғалтпау – афоризм талабы, өйткені афоризм адамның санасы мен сезіміне дәл әрі нақты әсер ету керек. Айқындықпен қоса, максималды мәнерді талап етеді, бұған образға не символға көңіл аударумен жетеді. Хань Юй атаған «ерекшелігін» дәл осы символ құрайды.

Триграмма мен гексаграмма кезіндегі афоризмдердің қай уақытқа жататынын айту қиын, дегенмен олардың Ежелгі Қытайдың ерте кезеңдеріне жататына сөзсіз. Дәлірек тағы сол Чжоу патшалығы кезеңіне жатуы әбден. Өйткені «И»-ді /Өзгерістер/ көп ретте «Чжоу И» /Чжоу Өзгерістері/ деп кездестіреміз. Ежелгі афоризмдік проза мақалдармен, дәстүрлі ырымдық белгілермен, дуалармен ғана бітпейді. Оған тағы да «Ли» - «Ережелер» қатарына кіретін нәрселердің бәрін жатқызады.

«Ережелер» өзіндік мағынасы ерекше маңызды: «Өлеңнен бастайды, ережелермен анықталады, музыкамен аяқтайды» - депті Конфуций («Луньюй», VIII, 8). Басқа жерінде ол: «Ереже емеске қарама! Ереже еместі тыңдама! Ереже еместі айтпа! Ережесіз әрекет жасама» ( «Луньюй» ХІІ, 1) деген.

«Ережелер» дегеннің өзі не екен? Конфуций: Ата-анаң бар кезінде солардың ережелеріне бағын. Олар өлген кезде, ереже бойынша жерле. Ережеге байланысты құрбандық шал» («Луньюй», XIV, 44). Конфуцийдің шәкірті Янь Юань «Ол (яғни Конфуций) маған білім берумен қатар, ережелерді үйретеді» деген екен («Луньюй», ІХ, 10).

Бұл мысалдар арқылы «Ережелердің»- адамдардың қоғамдық міндеттері мен өздерін қалай ұстауы тұрғысындағы рөлін оңай аңғаруға болады. Сонымен қатар мемлекет жүргізетін заңдар болып табылады. «Инь патшалығы Ся патшалығының ережелеріне бағынды; Чжоу патшалығы Инь ережелеріне бағынды» («Луньюй» ІІ, 23). Қысқаша айтқанда, «ережелер» дегеніміз – қарапайым заң нормалары және мемлекет заң нормалары; бірақ жасанды ойлап табылған және адамдардың жасаған заңы емес, өмірдің ағымы арқылы шыққан дүние. Олардың қашан және қалай құрылғандарын білмейміз, алайда «Лицзы», «Ережелер жазбалары», «Әдет-ғұрып кітабы» дегендердің Ежелден келе жатқанына күмән жоқ.

«Луньюй» ежелгі классикалық әдебиеттің алғашқы ескерткіші болса, Кун-цзы- осы әдебиеттің негізгі кейіпкері, тарихи тұлға2.

Бұл ескерткіште адам ерекшелігінің екі жағын басып көрсеткен. Алғашқысын «чжи», екіншісін «вэн» сөздерімен белгілеген. Чжи дегенміз адамдық қалып, оның табиғи белгісі. «Вэн» сөзі «чжиге» қарсы мағынада, яғни адамның қабылдағаны мен үйренгенін білдіреді. Мысалы Конфуций өзінің оқушылары туралы: олардың кейбіреуі өздерін тәрбие жағынан көрсете білсе, кейбіреуі шешендік өнерден, үшіншісі саясаттан, төртіншісі «вэн» өнерінен өздерін танытты. Басқаша, вэн - адам өзінің ішкі жандүниесін байытуы. «Ол мені осы вэн арқылы кеңейтеді дейді өзінің ұстазы туралы Ян Юань.

«Луньюй» деп «вэнді» айтады: «Баласы ата-анасына құрметпен қараса, інісіне де бауырмал болады». «Вэн» қарапайым адамдың өзінің ішлі жан-дүниесі байытуы, ол - моральдік қасиеттерге ие. Конфуций өзінің оқушылары туралы: олардың кейбіреуі өздерін тәрбие жағынан көрсете білсе, кейбіреуі шешендік өнерден, үшіншісі саясаттан, төртіншісі «вэн» өнерінен танытты. Алайда оқымысты мәдениетті дегенді білдіре ме? Адамдарда өз қалыбының қасиеті (чжи) жоғары болса, онда ол - жабайы, ал мәдениеті жоғары болса, ол ғалымдығы (ши) басым болады» - дейді Конфуций («Луньюй», VI, 18). Бұл үштік мынадай сөздермен аяқталады: адамдық қалыбының табиғи қасиеті – оның иеленген мәдениеті адамда бірдей білінсе, жарасса, онда ондай адам - биіктікке лайықты адам.

Қорыта айтсақ, ежелгі Қытайдың алғашқы әдеби концепциясы - ерекше түрдегі алғашқы қоғамдық категория. Осылайша қытай қоғамындағы әдебиет ұғымы ерекше категория ретінде пайда болды. Қоғамда қалыптасып жинақталған заңдар мен нормаларға тәуелді болды.

Қытай тарихының әкесі саналатын Сым Цяннің (б.з.д. 146-86) «Тарихи жазбаларында»: «Ежелгі уақыттағы ши өлеңдері 3000 астам болды. Конфуций оның ішіндегі қажеттісін алды. Вэн болуға жарайтын өлеңдер, қоғамдық нормаларға жауап бере алатындары, олар негізгі ұйымдастырылған қоғамдық өмірдің негізіне лайық есептелетіндері» деп жазған.

Ежелгі өлеңдердің барлығы «әдебиетке кіру» шарттарын қанағаттандыр-мады. Сондықтан лайықты деп 305 ғана өлең алынды.

Конфуций болашақ «Шицзиннің» құрастырушысы ғана емес, дерек көздеріне сенсек, ол «Шу» болашақ «Шуцзинді» де құрастырушы.

Осылай Ежелгі Қытайдың екінші, әрі ортаңғы мезгілі – оның «классикалық кезеңі» жалғасын табады.

Тарихта Инь тайпалық одағының Чжоу тайпалық одағымен ауысуы б.з.д. XII ғасырда болғаны айтылғанмен, тек б.з.д. VIII ғасырдан бері, яғни «Чжоудың Шығысқа ауысуы» кезеңімен нақтылана, растала түседі.

Сондай-ақ дәстүрлі тарихнамада Қытай халқының үлкен оқиғасы б.з.д. VIII ғасырдың I жартысында (б.з.д. 770 ж.) Чжоу әулеті билігінде болған тайпалар өздерінің астанасы Хао қаласы орналасқан ежелгі, байырғы Шэнси жерінен батыс шекарасындағы көшпелілердің кесірінен жер ауып, Шығыстағы Хэнань жеріне кетуге мәжбүр болды. Осылайша шығыс Чжоу патшалығының пайда болуы, жаңа астана – Ло қаласының қалыптасуымен басталды. Ескере кететін жайт, Чжоулық астаналар Қытайдағы екі маңызды саяси және мәдени ошақтардың пайда болуына негіз болды. б.з. XIII ғасырда моңғолдардың жаулап алушылықтарына дейін Чжоу елінің батыс астанасы саналған – Хао қаласы, кейіннен Чаньань қаласы аталды. Екіншісі Ло немесе Лоян –чжоулықтардың шығыстағы астанасы.

Чжоу патшалығының Шығысқа қарай ығысуынан олардың тайпалық бірлестіктерінің ыдырауы аяқталды; Ыдырау қытай халқының өмірлік тарихи дамуына дайындық деген түсінікте қалыптасты.

Олардың бір тектес тайпаларының байланысу мен бірігу уақыты орнады. Бұл бірігу уақытында географиялық және экономикалық ортақтық белең алды. Сонымен қатар, бұл процесс мемлекеттің орнығуына әкелді, соның негізінде еркін тайпалық одақтар мен еркін емес құлдардың келуіне себепші болды. Дәл осы шақта құл иеленушілік мемлекеттің дәуірі туды.

Бұл мемлекеттің тарихы жеткілікті түрде танымал. Солардың бірі – Чу патшалығының дүниеге келуі. Бұл факті өзінің ортақ тарихи мән-мағынасы бар сол кезеңде пайда болған Чжоу патшалығымен қатар қоюға болады. Соңғысы – бастапқыдағы жай бөлек тайпалық одақ, ал кейіннен бөлек иемдену конгломераты – сол кездегі Қытайдың солтүстік күйін танытты. Чу патшалығы оның оңтүстік бөлігінде пайда болған бірінші ел болды. Бұл патшалықтың халық құрамы тек қытайлықтар ғана болған жоқ: ханьуандықтармен бірге басқа да Қытайдың оңтүстік-шығысындағы аз ұлтты халықтың топтары, яғни этникалық мяо мен яо ұрпақтары болды. Бұл жерлерде өмір кешкен Хань тайпасының бұтағы солтүстіктен өмір сүру қағидалары, тіптен тіл жақтарымен ерекшеленіп, бөлектенді.

Қытайдағы мемлекеттердің құрылу үрдісі Қытайдың территориялық кеңеюімен де байланысты. Бөлек патшалықтар өз шекараларын жаңа бейтаныс жерлерге дейін созуға тырысып бақты. Сонда Қиыр Шығыстағы Ци патшалығы өз жолындағы кедергі болған көшпелі тайпаларды басып алып, теңізге дейін жетті. Оңтүстікте орналасқан орталық Чу патшалығы оңтүстік-шығысқа қарай бет алып, Янцзының төменгі ағысындағы У мен Юэ жерлерін өз иеліктеріне алды. Сонымен бірге осы кезеңде екінші бір жағынан оңтүстік-батысқа қарай да бет алды.

Б.з.д. 403 жылы кең көлемдегі үлкен Цзинь (басқа екі – Вэй мен Хань) патшалығының ыдырауы нәтижесінде пайда болған патшалықтардың бірі - Чжао Шэньси провинциясының батыс бөліктеріне енді, ал одан ары – Чахарға кірді. Солтүстік-шығыстағы Янь патшалығы Чахар бөліктерімен қоса, Жэхэ аймағын да басып алып, сондай-ақ оңтүстік Маньчжурияға да кірді.

Бұл кезеңнің тарихы өзімен бірге патшалықтардың пайда болу, олардың бөлшектену және нығаю сияқты ерекшеліктерін танытатын өте күрделі бейнені көрсетті. Б.з.д. IV ғасырда бұл кең территорияда жеті үлкен патшалықтар өмір сүріп жатты, олар: Янь, Ци, Хань, Вэй, Чжао, Чу мен Цинь. Бұлардың бәрінің тарихында екі кезеңдік оқиғаларды қамтитын щұбарлылық жатты.

Бастапқы кезеңде болған «бөлек мемлекеттердің» келбеті – лего немесе «қала-мемлекеттер», бұл атау қытай жәдігерлігінің Ескілігінде осындай мағынада болды. «Мемлекет» жайлы түсінік Чжоу дәуірінің соңғы кезеңіне дейін «қала» деген түсінікпен бір ізділікте болды; соның өзінде сол кездегі аймақтарда қалалар болған жоқ, оның орнына ауылдық жерлер, қыстақтар мен ауылдар ғана болды. Бұл қала-мемлекеттер бір тектес тайпалардың бірігуінен өсті, алайда оларда басқа әлеуметтк-экономикалық құрылыс орнығып жатты. Б.з.д. VII-VI ғасырларда ауыл шаруашылығында өте көп алға басушылықтар болды: темір құрал-саймандарды қолдану ұлғая түсті, салық жүйесіндегі мал шаруашылығы, әсіресе мал бағушыларға арналған түрі.

Бұл екі жағдайдың өзі ауыл шаруашылығық еңбегінің өнімділігінің өсуіне әсер етті. Жұмыс күші – көп адамдар тобымен, үлкен отбасы мүшелерінің бәрі қызмет ететіндей жәрежеге жетті. Негізгі қоғамдық бастауыш ұйым кішігірім отбасыларға айналды. Үшнегізді ұрпақ түсінігі: «менің әкем – мен – менің балам» түсінігі қалыптасты.

Бұрынғы ескі тұқымдық ортақ шаруашылықтың орнына жеке отбасылық шаруашылық қалыптасты. Ал бұл қағида маңызы ерекше жолдарға ұласты: кішігірім отбасылардың бірлестігімен өңделген жер иеліктері бойынша бөлінді. Осы негізде ауыл шаруашылығының еңбегімен айналысатын негізгі халық легі қоғамның ерекше тобын құрады. Бұнымен бірге басқа да адамдар тобы қалыптасты: әскери қызмет атқаратын адамдар, саудагерлер мен қолөнершілер. Бұл төрт топ «Гуань-цзы» ескерткішінде б.з.д. VII-VI ғасырда орнағандығы жайлы айтылады.

Жерге жеке меншіктің пайда болуы екі түрлі нәтижеге алып келді: жер бір қауымдыққа берілді, басқасы жеке меншіктің жаңа формасына әкелді. Әлеуметтік қатынастар сол кезеңдегі әдебиетте жиі ұшырасатын бір сөйлемшемен айқындалды, ол сөйлемше: «әлсіздің еті күштінің азығы болды».

Қала-мемлекеттердің дамуы Қытай Ескілігінің бірінші кезеңінің орта кезеңін құрайды. Екінші кезеңі – бұл интеграцияның саяси, мәдени кезеңі. Адамдардың түйсігінде «бөлек мемлекеттер», яғни лего жайлы бейне күңгірттенді, оның орнына «Тянься» (Аспан асты) бейнесі келді.

Интеграция үрдісі қандай да бір патшалық гегемониясының қалыптасу кезеңімен өтті. Осындай гегемонияның орнығуы бірлестіктердің пайда болуымен еріп қатар жүрді. Сосын интеграция процесі бір патшалықтың гегемониясының бүкіл Қытай территориясының бөлек патшалықтарының ликвидациясына алып келді. Мұндай біріктіруші патшалық болған Цинь болды. Сонымен, б.з.д. III ғасырдың екінші жартысында бұл процестің соңғы актісі болп өтті: қандай бір он жыл ішінде Цинь патшалығы сол кездегі бүкіл Қытай территориясында қалған барлық мемлекеттерді талқандауға күтері әбден жетті: Хань (б.з.д. 230 жыл), Чжао (228 жыл), Янь (226 жыл), Вэй (225 жыл), ең қуатты болған соңғылары: Чу (225-223 жылдар) мен Ци (221 жыл).

Осыдан барып, Қытай Ескілігінің үшінші үлкен дәуірі – империя ғасыры басталды.

Б.з.д. VIII–III ғасырлар аралығы Қытай тарихындағы патшалықтар – өркениетінің тез дамуының тарихи кезі. Құл иеленушілік құрылыс сол кездің өзінде өндіруші күш пен мәдениеттің дамуына үлкен мүмкінліктер туғызды.

Халықтың негізгі күші – еңбекші-жер иеленушілер, яғни құлдар бір бірлестікке қосатын топтар кең көлемдегі және әр қилы ауыл шаруашылық өнімдерді шығарды. Жер иеленушілер арасында қолөнершілер саны да өсе түсті. Елде сауда жүрді, базарлар, металл ақшалар пайда болды. Чжоу патшалығының ескі астаналары – Хао (батыс) мен Ло (шығыс) жерлерінде басқа патшалықтардың үлкен қала орталықтары өсе түсті, мысалы, Цидағы – Линьцзы, Чжаодағы – Ханьдань, Вэйдағы – Далян, Ханьдағы – Яньди. Бұл қалалар мыңдаған қолөнершілердің, саудагерлердің, сонымен бірге әскери қызметшілердің қалалары болды. Сауда-саттықтың дамығандығы, өте көп пайда түсіретіндігі сондай, ел арасында тіптен мәтел пайда болды: «Кедейліктен арылып, бай болғың келсе, жер иеленумен емес, қолөнершілікпен айналыс, ал одан да жақсысы – қолөнершілікпен емес, саудамен айналыс ».

Ци патшалығының астанасы Линьцзы қаласы ерекше бір еске аларлықтай мәнге ие: б.з.д. IV ғасырдың II жартысында бұл қала бүкіл елдің мәдени орталығына айналды.

Бұл қала 70 ли ұзындықтағы, яғни 32 шақырым болатын дуалдармен қоршалған. Осы дуалдарда он үш қақпа болған.Срның бірі оңтүстік қақпасы, атауы – Цзимынь, қақпа алдындағы Өзеннің арғы жағында орналасқан Цзи тауының атына байланысты туған. Б.з.д. IV ғасырда Ци патшалығының билеушілері сол дәуірдің барша оқымыстыларын өздеріне қаратуға күйлері жетті. Олар үшін қалада арнайы кішігірім қалашықтар салынды. Деректерге жүгінсек, бұл қалада әр кезеңде жетпістен аса адамдар келген, олардың ішінде сол кезеңдегі әйгілі адамдардың бірі Конфуциандық бағыттың ойлаушысы Мэн-цзы, Сун Хэ мен Инь Вэнь, Мо-цзы, Хуань Юань, Лао-цзылар сындылар болды. Осы патшалықта сондай-ақ ертеде атағы жер жарған министр Гуань Чжун өмір сүрген. Оның есімі сол дәуірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағының ең керемет ескерткіші болған «Гуань-цзы» трактатымен байланысты.

Бұл ғасырлардың қоғамдық өмірлерінің ерекшеліктеріне келсек, олар рухани мәдениеттің, әдебиеттің, демократияның дамуында маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ сауатты, білімді адамдардың, қазіргі тілмен айтқанда интеллигенция тобының адамдары пайда болды. Бұл ортадан сол уақыттың негізгі айнасына айналған екі қалпы, яғни оратор мен мұғалім шықты. Әдетте, бұл екі амплуа бір адамның бетінде сыйыса алды.: сол кездегі оқу – «сөйлеу», ал сөйлеу – «оқу» болды. Сондықтан да оратор тілінің өнері қоғамдық өмірдің негізі, «дана, ақылгөй» мағынасындағы көзқараста болды.

Көне Қытай патшалығы өз арасында аяқталмас соғыста болды, көп жағдайда - әскери, ылғи да – саяси. Со кезде кеңесші-мамандар қажет-ақ болды. Деректер көзінде кездесетін сөздер бар, оның бірі: «Чудың таланттылары Цзиньнің қызметінде». Бұл формуладан көретініміз, қандай да бір патшалықта болмасын, тәжірибелі, дарынды, өз патшалығына тәуелсіз адамдар қызықтырды. Басқаша айтқанда, сол кезеңнің мәдени тобы у немесе цзиньдік емес, жалпы қытайлықтар болды.

Тарихи дерек көздері бізге көптеген даңқты, атақты болған кеңесші-мамандардың есімін жеткізді: Гуань Чжун (б.з.д. 645 жылы қайтыс болған), Шан Ян (б.з.д. 338 жылы қайтыс болған), Хань Фэй-Цзы (б.з.д. 233 жылы қайтыс болған), сондай-ақ әскери шеберлер: әскери трактаттардың авторлары Сунь У (VI–V ғасырлар) мен У Ци (V- IV ғасырлар).

Білімді адамдардың арасында аристократиялық идеологияның шеңберінде ойлайтын мүлде басқа ойшылдар да болды. Соның біріне бастау салған Кун-Цзы (Конфуций, 551-479 жж) болды. Ол қоғам біреу шығаоған заңмен емес, әдеттегі құқықтың ережелерімен басқарылуы тиіс деп санады. Ол ережені шығарушылар әкенің билігі түгел қамтыған отбасында дүниеге келгендер болуы керек деп санады. Бұл тұжырымдама бойынша Чжоу патшалығындағы құртыла қоймаған патриархалдық тенденцияның, қала-мемлекеттердің саяси шындық бейнесін көрсететін түсініктер, яғни билеуші мен қол астындағы бағыныштылардың арасындағы қатынастар, мемлекеттік отбасылар жайлы түсініктер қарастырылды.

Құл иеленушілік қатынастың негізінде құрылатын қоғамдық топ адамдар арасындағы теңсіздікті тудырды, теңсіздіктің өзі еркін ортада да орын алды. Теңсіздік идеясы адам табиғатына да әсер етті: адамдар этикалық бағалы және этикалық бағалы емес болып бөліне бастады. Конфуций біріншісін «толыққанды ер-азаматтар» (цзюньцзы), екіншісін – «кіші адамдар» (сяоэиэнь) деп атады. Сол адамдық табиғатта Конфуций құқықтық тәртіптің түп-тамырын табуға тырысты. Оны ол бір сөзбен, яғни жэнь – адамдағы «адамдық бастау» деген атауды қойды. Бұл бастаудың мән-мағынасы деп ол «тура көзділік, әділдік пен ықыластылық, қайырымдылық» деп түсінді. Оның бұл жөнінде айтын кеткен бір сөзі – «өзіңе қаламағанды басқаға да істеме».

«Адамдарға деген махаббат» жайлы түсінік – еркін әрі «толыққанды» адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарда орын алған, ал Конфуций үшін тек аристократияға арналған ұғым Мо Дидің (479-400 жж.) білім жолында болды дейді. Мо Ди – Конфуцийден кейінгі ұрпақтар арасындағы ойшылдардың бірегейі. Оның тұжырымдамасы абсолюттелген: «басқаға деген махаббатты» сақтау тек қоғамның жағдайын міндетті түрдегі қалыптастыру; ешқандай заңның немесе ереженің керегі жоқ.

Бұл ақырғы шек болды, басқа шектер секілді альтруизм тұжырымдамасы басқаша шекке әкелді. Мо Дидің замандасы Ян Чжу «эгоизмнің» абсолюттелген тұжырымдамасын ұсынды: «басқа біреу үшін ол өзінің бір тал шашын да жұлмас еді».

Бұл екі шектіктен шығу және ұрпақтар қабылдайтын формула, яғни «адамдарға деген махаббат» өсиетін Конфуцийден кейінгі конфуцийшілдіктің діңгегі болған Мэн-цзы (370-280 жж.) өзгертуге тырысты. Мэн-цзы Конфуийдің «адамдық бастау»-ды толық мақұлдап, Конфуций қалай ойласа, солай түсініп, алайда бұл қағидаға тағы «міндет» ережесін, яғни адамдарға деген махаббатты тудырудың «міндетін» қосты.

Келесі кезекте Сюнь-цзы (298-238 жж.) конфуцийшілдер ұрпағының Мэн-цзыдан кейінгі уәкілі Мэн-цзыдан гөрі басқаша тұжырымдады. Оның айтуы бойынша адамдық табиғаттың негізінде қатыгездік жатыр және өзімен-өзі жұмыс істеген адам сол қатігездікті жеңеді дейді. Қатігездікті жеңу үшін ережелер мен музыка – адамдық қызмет пен тәрбиені реттеу үшін жүрекке жақын рухани гармониялық қарулар деп есептеді.

«Гуань-цзы»да төрт топ: әскери қызметтегі адамдар, жер иеленушілер, қолөнершілер мен саудагерлер жайлы айтылады. Бұл бөліністің негізінде функциялық белгі, яғни әрбір адамның мемлекеттегі орны бойынша, Қытайдың қоғамдық өміріне әсер етті.

«Гуань цзы» естелігінде бірінші кезекте нақты әрі қысқа берілген: «Жер – мемлекеттік басқарудың негізгі жүйесі. Басқару – заңдылықтың негізгі міндеті. Базар – бағаның өлшемі. Алтын – меншіктің өлшенуі» - формулалар қалпы, міне, осындай.

Шығармада суреттеу тәсілі де кең көлемде қолданылған. Мысалы, жер иеленушінің бейнесі былай суреттелген: «Оның басында қамыс қалпақ, денесінде сабаннан жасалған күртеше. Денесі терге малшынып, су болып кеткен, ал аяғы болса кір. Аптап ыстықтан оның шашы мен терісі күйіп кеткен...».

Бұл оның сыртқы бейнесі. Ал оның ішкі жан-дүниесі: «Ол өзінің қолы мен аяғындағы бар күшін қатайтып алған, жерді өңдеуге шамасы әбден келеді. Өзінің еңбек дағдысын кішкентай кезінен-ақ қалыптастырған. Оның жан-дүниесінде сабырлылық көрінеді. Ол бір істі аяқтамай, екіншісіне қарай өтпейді және еш қайғырушылық қалпын көрсетпейді. Сол үшін де жер иеленушілердің балалары да болашақта жер иеленуші болады. Олар қарапайым, надан, бірақ та ешбір құртылмаған жандар...».

«Гуань цзы»-ның кейбір тақырыптары диалог түрінде берілген.

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Ежелгі кезеңдегі үлкен баяндамалау формасының пайда болуы ?

  2. Ежелгі лирикалық және эпикалық Қытай поэзиясы немен байланысты?

  3. Бань Гу шығармашылығын сипаттаңыз

  4. Қытайдағы Шань тайпалық одағының алдында б.з.д. ІІІ ғ. пайда мәдениеті жөнінде не айтасыз?

  5. «Шуцзин» мен «Луньюй» туындыларына тоқталыңыз

  6. Лирикалық туындылар Қытайдың қай кезеңіне тән?

  7. «И» немесе «Ицзин» деген не?

  8. «Әдебиет» деген ұғымның Қытайдағы алғашқы мазмұны қандай?