Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost.docx
Скачиваний:
248
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.72 Mб
Скачать

03_06_ Каз

Хирургия 03_

Тақырыбы «Онкология маммологиямен» 06_

$$$001

Науқас Х. 63 жаста. Әкесі, ағасы тоқ ішектің қатерлі ісігінен көз жұмған. Өмір анамнезінде: жанұялық полипоз анықталған. Іш өтуіне, оң жақ іш аймағында ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: науқас астеникалық типті, тері жамылғысы бозғылт, іші жұмсақ, оң жақ іш аймағында ісікті түзіліс анықталып, ауырсыну байқалады. Ирригоскопия: тоқ ішектің оң жақ аймағында қуысы симметриялық дефектке байланысты тарылған. Фиброколоноскопия: тік ішекте патология анықталған жоқ, тоқ ішектің оң жақ аймағында экзофитті түзіліс нәтежесінде қуысы тарылған, көлемі 6 см дейін созылған, пальпация кезінде оңай қанайды. Гистологиялық зерттеу нәтежесі бойынша: аденокарцинома. Іш қуысының УДЗ: бауырдың оң жақ бөлігінде 2см көлемді түзіліс анықталады, айналасы тегіс емес.

Берілген аурудың диагнозын анықтаңыз?

  1. тік ішек карциномасы ST I T1NxM0

  2. тік ішек карциномасы ST II T2NxM0

  3. тік ішек карциномасы ST III T3NxM0

  4. тік ішек карциномасы ST III T3NxM0

  5. тік ішек карциномасы ST IV T2NxM1

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

Қандай белгілеріне қарап невустың малигнизация жасағаны анықталды?

  1. невустың түсінің өзгергені, тегіс емес түсі, терілік суретінің өзгерісі, невустің үлкеюі, некроз ошағы бар папилломатозды элементтердің пайда болуы, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

  2. невустің жедел пигментациялануы, тері суретінің өзгеруі, невустің өсуі, некроз ошағы бар папилломатозды элементтердің пайда болуы, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

  3. невус түсінің сақталуы, тері суретінің өзгерісі, невустің үлкеюі, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

  4. невус түсінің және тері суретінің сақталуы, невустың көлемінің үлкеюі және тығыздалуы

  5. невустің тегіс емес түске боялуы, тері суретінің өзгерісі, невустың үлкеюі, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=( Абисатов Х. А. Клиникалық онкология. 2-том. Алматы: Арыс. Т.2.- 2007.- 608 б.: ил.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

Қалқанша безінің және төменгі еріннің қатерлі ісігі кезінде көптеген немесе шектелген қозғалмайтын мойындырық венасының бойындағы метастаздарда немесе бұғана үстілік лимфа түйіндерінің үлкеюінде қолданылатын операция көлемі?

А) Ванаха операциясы – жақ асты және иек асты лимфа түйіндерін, жақ асты сілекей бездерімен бірге алып тастау

В) Крайля операциясы - мойын клетчаткасын мойындырық венасымен бірге фасциальді-футлярлы, төс-бұғана-емізікгелі бұлшықетпен, қосымша нервпен алып тастау

С) криогенді ем

D) мойын клетчаткасының фасциальді-футлярлы кесіп алу – көлемі айналасын қоршап жатқан май клетчаткасын және мойын жалпы фасциясын – жоғарғы, төменгі терең мойындырық венасы бойы, бұғана үсті, аксессорлы, жақ асты және иек асты сілекей бездері, сыртқы мойындырық венасы, тері асты бұлшық еті бірге алып тасталынады

Е) екі жақты Крайль операциясы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=( Абисатов Х. А. Клиникалық онкология. 2-том. Алматы: Арыс. Т.2.- 2007.- 608 б.: ил.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

Сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік және екіншілік алдын алуы дегенді қалай түсінесіз?

  1. сүт безінің қатерлі ісігі кезінде біріншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісігінің туындау факторларымен таныса отырып жүргізіледі. Екіншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын ерте анықтау болып табылады

  2. сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – аурудың этиологиялық факторларын зерттеу, канцерогенді әсерді азайту, қоршаған ортаға көмек арқылы түсіну болып табылады. Екіншілік алдын алука – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

  3. сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – аурудың қоршаған орта арқылы туындап, ерте бала болу қызметінің бұзылыстарын анықтау болып табылады. Екіншілік алдын алуға – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды анықтау болып табылады

  4. сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – ерте бала болу қызметінің бұзылыстарын анықтау және емізу болып табылады. Екіншілік алдын алуға – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

  5. сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – негізі болып этиологиялық факторларды және қауып факторларын ескере отырып, қоршаған орта әсерін және канцерогендер әсерімен бірге, ерте бала күту қызметінің және емізу қызметінің ескерілуі болып табылады. Екіншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

Сүт безінің қатерлі ісігінің лимфогенді метастаз беруінде эпигастральді және іш қуысы лимфа түйіндерінің қабынуы байқалады?

А) пекторальді жолымен

В) бұғана асты жолымен

C) қарама қарсы жол және тері асты жолы

D) төс арты жолы және транспекторальді жол

E) Геротт лимфа түйіндері арқылы жүретін жол

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

Науқас С., 40 жаста, оң жақ сүт безінде және оң жақ қолтық асты аймағында түзіліске шағымданады. Анамнезінен соңғы бір жыл ішінде түзілістің пайда болғанын анықтайды. Түсілістің өсуіне байланысты онколог көмегіне жүгінген. 25 жасында іріңді маститке байланысты оң жақ сүт безінде абсцесстің ашылғанын айтады. Іріңді маститтен кейін оң жақ сүт безінің тығыздалғанын байқайды. Маститтен кейін лактация болмаған. 32 жасында жатырдан тыс жүктілікке байланысты операция жасалған. Мамологта бақылауда болмаған. Қарау кезінде жалпы жағдайы жақсы, дене бітімі қалыпты, тынысы везикулярлы, жүрек тондары қалыпты АҚҚ 120/70 мм.сн.бб. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, Бауырымен талағы үлкеймеген. Дәреті бұзылмаған. Локальді: сүт бездері симметриялы, оң жақ сүт безінің емізікшесі ішіне енген, оң жақ сүт безінің сыртқы квадранттар шекарасында 5.5х6.0см көлемді түзіліс анықталады, ореолаға жақын орналасқан, терісі «лимон қабығы» типі бойынша өзгерген, түзіліс көлемі тегіс емес. Оң жақ қолтық астында 2.0см көлемді лимфа түйіні анықталады. Бұғана үсті лимфа түйіндері үлкеймеген. Клиникалық диагнозды анықтаңыз:

А) сүт безінің қатерлі ісігі ST III В T3N1M 0

В) сүт безінің қатерлі ісігі ST II А T2N0M 0

С) сүт безінің фиброаденомасы

D) инфильтарция дәрежесіндегі жедел мастит

E) сүт безінің фибросаркомасы

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$007

Сүт безінің қатерлі ісігінің ST II B T2N1M0 тағайындалған оперативті ем көлемі?

А) радикальді мастэктомия екі кеуде бұлшықетін сақтаумен қолтық асты лимфа диссекциямен

B) радикальді мастэктомия екі кеуде бұлшықетін алып тастаумен қолтық асты лимфа диссекциямен

C) сүт безінің ампутациясы

D) секторальді резекция

E) квадрантэктомия

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$008

Науқас 39 жаста, іш қуысының көлемінің ұлғаюына, іш қуысының төменгі бөлігінде ауырсыну және тарту сезіміне, соңғы 2 айда а 8 кг салмақ жоғалтуына, әлсіздікке шағымданып онкологқа келді. Анамнезінен – жоғарыдағы шағымдардың соңғы 8 ай ішінде азалап жүргенін айтады. Дәрігерге іш көлемінің үғаюына және ауырсыну сезімінің өршуіне байланысты келгенин айтты. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене бітімі қалыпты, тынысы везикулярлы, жүрек тондары қалыпты АҚҚ 120/70 мм.сн.бб. Іші асцитке байланысты үкейген, іш қуысының төменгі аймағында тығыз ісікті түзіліс анықталады. Үлкен дәреті қатқан. Кіші дәреті бұзылмаған. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. КТ зерттеуі бойынша – сол жақ аналық безінің түзілісі. Қанның онкомаркері СА 125 – 1200( нормада 30 дейін). Науқасқа қандай оперативті ем көрсетілген?

А) жатырдың кеңейтілген экстирпациясы екі жақты қосалқыларымен бірге және үлкен шажырқайымен

В) аналық без ісігін алып, экспресс гистологиялық зерттеу жасап, қатерлі ісік анықталған жағдайда жатырдың кеңейтілген экстирпациясы екі жақты қосалқыларымен бірге және үлкен шажырқайымен

D) цистэктомия

E) қосалқыларымен жатырдың экстирпациясы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$009

Науқас Ж.Е., 49 жаста, эпигастрии аймағында ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, ет тағамдарына тәбетінің болмауына, салмағының соңғы айларда 10 кг төмендегеніне, үлкен дәретінің түсінің өзгеруіне, әлсіздікке шағымданады. Анмнезінен: осыған дейін көп уақыт бойы гасторэнтерологта бақылауда болған, 5 жыл шамасында атрофиялық гастритке байланысты. 19 жыл бойы шылым шегеді. Онколгқа қаралуға келген. Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, астениялық типті, тері жамылғысы бозғылт. Өкпесінде везикула тынысы, жүрек тондары қалыпты. АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсыну. Перитонияльді белгілер жоқ. Бауырымен талағы ұлғаймаған. Үлкен дәреті қара түсті. Зәрі қалыпты. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. ФГДС – асқазанның денесінде инфильтративті түзіліс, қуысының бітелуімен, гистологиялық зерттеу нәтежесі бойынша – шектелген дифференциальді аденокарцинома. Комиссионды зерттеу нәтежесі бойынша клиникалық диагнозы – Асқазанның карциномасы ST III В T3N2M 0, оперативті емге жолданды. Науқасқа жасалатын оперативті ем көлемі қандай?

А) гастроспленэктомия лимфодиссекциямен (ЛД2)

В) гастроэктомия.

С) гастроспленэктомия D2 лимфодиссекциямен үлкен шажырқаймен бірге

D) операция Бильрот 2

E) гастроэктомия ЛД2 мен бірге.

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0010

Берілген маммография нәтежесіне интерпретация жасаңыз. Сүт безінің қатерлі ісігінің рентгенологиялық симптомдарын анықта?

А) архитектоникасының сақталуы

B) кальцинаттардың болуы

C) емізікшенің процесске енуі

D) жұлдызды контур, спикула тәрізді тәждер

E) контурының анықтығы

{Дұрыс жауап}=Д

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0011

Науқас, 69 жаста. Маңдай аймағында жаралы тері түзілісіне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша түзіліс сонғы жылдары пайда болған. Түзілістің жай өсуін байқаған. Соңғы 4 айда түзіліс аймағында жара аныталып, біртіндеп өскен. Қарау кезінде: маңдай аймағында 1,5х2,5 см көлемді түзіліс анықталады, тері бетінде шығыңқы, ортасында жаралы. Мойын лимфа түйіндері ұлғаймаған. Алғашқы диагноз қойыңыз?

А) меланома

В) базалиома

С) абсцедирленген фурункул

D) ксератоксанома

Е) Педжет ауруы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0012

Науқас Б. 61 жаста, 35 жыл бойы жол жұмысшысы, шылым шекпейді. Шешесі өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмған. Құрғақ жөтелге, кеуденің сол жақ аймағында ауырсынуға шағымданады. Объективті: перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, перкуторлы дыбыстың тынықталуы жоқ. Рентгенологиялық зерттеу нәтежесі: оң жақта- патологиясыз, сол жақта дөңгелек пішінді қуысы бар түзіліс анықталады, сәулелі контуры бар, көлемі 5 см дейін. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бронхоскопия: трахея және бронхтар патологиясыз. Іш

қуысының УДЗі: бауыр және талақ патологиясыз. Диагноз және емдеу тактикаңыз?

А) өкпенің қатерлі ісігі, оперативті ем тағайындалған

В) өкпенің эхинококкозы, оперативті ем тағайындалды

D) өкпенің гамартромасы, динамикалық бақылау тағайындалған

Е) өкпе метастазы, паллиативті химиотерапия тағайындалды.

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Клиникалық онкология: Оқулық Абисатов Х.А, «Арыс», 2007.- Т.П.-640с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]