Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ практ.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
314.88 Кб
Скачать

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

Пән: Экономикалық теория негіздері

ҚТИМФ

2 кредита

3 семестр 2011-12 оқу жылы

Тәжірибе №6: Нарықтық шаруашылықтыц жалпы сипаттамасы.

Асс.проф. Суанбаева У.Н.

Рынок – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

Рыноктық қалыптасу жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ: рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы жағдайларын енгізумен байланысты.

Оларға жататындар:

- меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті, акционерлік, мемлекеттік);

- мемлекеттік реттеушілерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті демократизациялау;

-тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары және қаржы рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынокты инфроқұрылымды құру.

Екінші тобына құқықтық заңдарды дайындау және шаруашылықты жүргізудің рыноктық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі енеді.

Жалпы рынок мәні қызметтерінде толық көрінеді. Ең маңызды қызметтеріне жататындар:

- тауарлық өндіріс өзін-өзі реттеу қызметі;

- ынталандырушы қызметі;

-өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын орнаты қызметі;

- реттеуші қызметі;

- шаруашылық өнімді демократиялау, өзін-өзі басқару принциптерін іске асыру қызметі.

Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:

- маржиналдық (шекті) талдау;

- балама талдау шығындары;

- экономикалық рационалдық.

Негізінен экономика инфроқұрылымын үшке бөлуге болады:

- өндірістік;

- әлеуметтік - тұрмыстық;

- рыноктық.

Өндірістік инфрақұрылым - бұл негізгі қызметтер, өндірістік қызмет көрсетулер мен халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ету болып табылатын салалар мен салаішілерінің жиынтығы.

Әлеуметтік-түрмыстық инфроқұрылым – бұл халықтың дұрыс өмір сүру үшін материалдық, мәдени-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз ететін салалар мен салаішілер жиынтығы.

Рыноктық инфроқұрылым – бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы.

Рыноктық инфроқұрылым элементтері: тауар және қор биржалары; сауда үйлері; көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары; жәрмеңкелер мен көрмелер; аукциондар; делдалдық құрылымдар; сауда өнеркәсіптік палаталар; кедендік мекемелер; түрлі қызмет көрсететін ұйымдар.

Рыноктық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Рыноктық экономика мынадай артықшылықшылықтарғы ие:

- ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

- өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

- тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

- ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;

- өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.

Рыноктық экономикаға мынадай белгілі кемшіліктер тән:

- табыс алуға кепілдік бермейді;

- толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;

- қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

- ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Рыноктық пайда болуы мен қалыптасуының экономикалық және әлеуметтік шарттары.

2. Рыноктың мәні.

3. Рыноктың құрылымы, рыноктың түрлері және олардың жіктелуі. Рыноктық инфроқұрылым. Биржа, банк, сауда, коммерция.

4. Рыноктық экономиканың артықшылықтары және кемшіліктері.

5. Рыноктық экономиканың модельдері.

6. Рыноктардың типтері, бәсеке түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.

ТЕСТ

Меншiктiң экономикалық мазмұнын қандай қос-ұғым ашады:

А) иемдену-айыру.

В) негiз-құрылым.

С) мәнi-көрiнiсi.

D) себебi-салдары.

Е) тұлға-зат.

Иелiк құқығын қалай сипаттауға болады:

А) игiлiктi төтенше бақылау құқығы

В) заттың пайдалы қасиеттерiн алып шығару құқығы

С) заттың тағдырын шешу құқығы

D)игілікті мұрагерлікке қалдыру құқысы.

Е) заттың пайдалу мүмкіншілігін анықтау құқығы

Пайдалану құқығы қалай анықталады:

А) мұрагерлік құқығы

В) заттың тағдырын шешу құқығы.

С) заттың төтенше бақылау құқығы.

D) заттан оның пайдалы қасиеттерiн алу құқысы

Е)мұрагерлік және сыйға беру құқысы.

Билiк жүргізу құқығы қалай сипатталады:

А) затты иемдену мүмкiншiлiгiмен.

В) заттың нақты және заңды тағдырын анықтау мүмкiншiлiгiмен.

С) заттан оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алу мүмкiншiлiгiмен.

D) меншiктен табыс алу мүмкiншiлiгiмен.

Е) пайдалану мүмкiншiлiгiмен.

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2009.Есполов

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 1997.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 1997.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 1994,б.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 1995.

7.Саяси экономия. Оқүлық-Алматы, Ана тілі, 1992.

В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 1996.

9.Назарбаев Н.Ә. /Қазақстан- 2030/.Алматы, 1997.„

10.Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]