Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ практ.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
314.88 Кб
Скачать

2011 Белсенді тарату материалы

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

Пән: Экономикалық теория негіздері

ҚТИМФ

2 кредита

1-2 семестр 2011-12 оқу жылы

Тәжірибе №1: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері.

Асс.проф. Суанбаева У.Н.

Негізінен экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп, капиталлдың даму бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Европада XVI-XVII ғасырды қамтиды. Ал Ресейде товар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Ал Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында сауда капиталлы , товар-ақша айналымы, халықаралық рынок еңбек бөліндісінде қамту процесі бірте-бірте жанданған. Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің бағыты миркантелистер мектебі. Ол «мирконтэ» деген италиян сөзінен аударғанда сауда, пайда табу деген мағынаны білдіреді.

Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын адамның әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады. Екінші сөзбен айтқанда тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар жаңа құн жасамайды. Миркантелистердің осы осалдығын физократтар байқады да, қоғамдық байлық саудада емес өнеркәсіпте екенін дәлелдеді. Бірақ физокрттар Ф.Кенэ, А.Тюрго және т.б. өндіріс қатарына тек қана ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше қоғам байлығын ауыл шаруашылығының өнімдері болып табылады. Физократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық болды. Бірақ олардың өндіріске тек қана ауыл шаруашылығын жатқызып, басқа халық шаруашылығын салаларын дұрыс болмады. Оны буржуазиялық саяси экономиканың өкілдері А. Смитт, Петти, Д.Рикардо еңбектері айқын көрсетті.

Экономикалық теория- адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек

шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.

Функциялары.

Танымдық – экономикалық құбылыстарды, заңдарды зерттеу және түсіндіру.

Практикалық – іс жүзінде зерттелген обьектілер теориясын қолдану. Мемлекеттің экономикалық

саясатының негізін құру.

Болжамдық – экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.

Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру.

Методологикалық – экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методологикалық негіз

болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Экономикалық теория, саяси экономия және экономикс үғымдарының өзара байланыстығы.

2. Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) жөне құрылымы.

3.Экономикалық категориялар және заңцар.

4.Позитивті жоне нормативті экономика.

5.Экономикалық теорияның қызметтері: төжірибелік,теориялық,

методологиялық ж.б. Экономикалық теория жөне экономикалық саясат.

ТЕСТ

"Экономия" атауын алғашқы болып ұсынған:

А) В.И. Ленин.

В) Аристотель.

С) К. Маркс.

D) Ксенофонт.

Е) Ф. Энгельс.

Экономиканы техно-экономикалық тұрғыдан қарау немен сипатталады:

А) қоғам қолындағы ресурстарды өнiмге айналдыру процесi және экономиканың материалдық-заттық жағымен.

В) қоғам қолындағы ресурстарды өнiмге айналдыру процесiмен.

С) экономиканың материалдық-заттық жағы және экономиканың материалдық-заттық жағымен.

D) экономиканың әлеуметтiк-экономикалық бағытымен.

Е) экономиканы ұйымдастыру-экономикалық тұстарымен.

Экономикаға ұйымдастыру-экономикалық жағынан келiп анықтау - бұл:

А) қоғамдық еңбек бөлiнiсiне, өндiрiстiң мамандануына қоғамдануына, өндiрiстi ұйымдастыру формаларының көптүрлi болуына, еңбек пен басқарудың жан-жақтылығына негiзделген көзқарас.

В) ресурстарды оңтайлы пайдалану және ұдайы өндiру қатынастарын бөлiп көрсету әдiсi.

С) адамның өмiр сүру формаларының әртүрлi болуы.

D) экономикада жалпы мен жекенiң айырмашылығы.

Е) өндiрiстiк қатынастарын өндiргiш күштер формасы ретiнде талдау.

Экономиканы әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан қарастыру:

А) басқа қатынастарды анықтайтын негiзгi қатынастарды, меншiк қатынастары мен табыстарды бөлудi зерттеу.

В) басқа қатынастарды анықтайтын негiзгi қатынастарды зерттеу.

С) меншiк қатынастары мен табыстарды бөлудi зерттеу, қоғамның өндiргiш күштерiн анықтау.

D) қоғамнық өндiргiш күштерiн анықтау, меншiк қатынастары мен табыстарды бөлудi зерттеу

Е) өндiрiстiң технологиясын айқындау.

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ университеті.2009.Есполов

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы. ҚазМБА. 1997.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 1994,б.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.Алматы. Экономика, 1995

6.Суанбаева У.Н.Экономикалық теория негіздері оқу құралы Алматы әққі ж

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]