Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

8 Тақырып: Тапсырма, комиссия және мүлікті

сенімгерлікпен басқару ШАРТТАРЫ

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді тапсырма, комиссия және мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде тапсырма, комиссия мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

  1. Тапсырма шартының анықтамасы мен сипаттамасы.

  2. Комиссия шарты.

  3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.

  1. Тапсырма шартының анықтамасы мен сипаттамасы.

Тапсырма шарты бойынша, бірінші жақ (сенім білдірілген өкіл) екінші жақтың (сенім білдірушінің) атынан және оның есебінен, белгілі бір заңды әрекеттерді жасауға міндеттенеді (ҚР АК 846 б.). Сенім білдірілген өкіл жасаған міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер, сенім білдірушіде пайда болады. Шарт нысаны ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Сенім білдірушінің міндеттері: сенім білдірілген өкілге тапсырма беру; оны, тапсырманы орындау үшін қажетті қуралдармен қамтамасыз ету; орындалғанды қабылдап алу; сенім білдірілген өкілдің шығындарын және шартта көзделген ақысын төлеу. Шарт ақылы болуы мен қоса, ақысыз да болуы мүмкін, әсіресе егер ол, жақтардың арасындағы жеке сенімгерлік қатынастарға негізделетін болса.

Сенім білдірілген өкілдің міндеттері: сенім білдірушінің нұскаулары бойынша тапсырманы орындау; сенім білдірушінің талабы бойынша тапсырманың орындалуы жөнінде есеп беру; сенім білдірушіге мәміле бойынша барлық алғанды беру; орындағаны жөнінде есеп беру; тапсырманы орындап болғаннан кейін өзіне сенім білдірушімен берілген сенімхатты қайтарып беру болады. Кейбір жағдайларда заң, сенім білдірілген өкілге сенімді басқаға аударуға рұқсат етеді (сенімхат туралы ережелерді қара). Егер біреудің мүддесі үшін жасалған әрекеттер, оның тапсыруынсыз, яғни шартқа отырмастан жасалған болса, кейнде оның әрекеттерін сол адам қолдаған болса, онда сенім білдірілген өкіл өз шығындарын өндіріп алуға және одан сыйақы алуға құқылы болады, сонда ғана бұл әрекеттерге тапсырма шарты жөніндегі ережелер қолданылады (ҚР АК 855-857 б., б.).

  1. Комиссия шарты.

Комиссия шарты бойынша, бірінші жақ (комиссионер) екінші жақ (комитенттің) тапсырмасы бойынша ақы үшін, өз атынан, бірақта комитент есебінен, бір немесе бірнеше мәмілелерді жасауға міндеттенеді (ҚР АК 865 б.1 т.). Шарт: консенсуалды, ақылы, екі жақты міндеттейтін болып табылады; шарт нысаны жазбаша болады. Комиссия шарты, жақтарының құқықтары мен міндеттері, тапсырма шарты жақтарының құқықтары мен міндеттеріне тең болады. Шарттың ерекшелігіне – комиссионермен, комитент есебінен түскен сомалардан шарт бойынша оған тиесілі ақшалай соманы ұстап қалу құқығы жатады. ҚР АК 868 бабының 2-ші тармағында шарттың тағы бір ерекшелігі көзделген – ол, егер шартта өзгеше көзделмесе, комиссионердің жасаған мәмілелерінен түскен пайда комитент нұсқауларында көзделген пайдадан неғұрлым жоғары болған жағдайда, асқаны екі жаққа тең бөлінетін болуында.

3 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.

Мүлікті сенімгерліпен басқару, ағылшын-саксон құқық жүйесінен алынған және онда ол сенімгерлік меншігі деп аталатын азаматты құқықтың жаңа институтының бірі болып табылады. ҚР заңдары бойынша мүлікті сенімгерлікпен басқару, мәміле жасаудан, сот шешімінен, әкімшілік актісінен және заңда көзделген өзге де негіздерден пайда болуы мүмкін (ҚР АК 883 б. 2 т.). Сенімгерлікпен басқару субъектілері – ол басқаруды тағайындаушы, сенімгерлікпен басқарушы және пайда көздеуші болады. Тәжірибеде, көптеген жағдайларда, пайда көздеуші мен басқаруды тағайындаушы бір тұлға болады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының ұғымы АК 886 бабында берілген. Ол шарт бойынша, бірінші жақ (сенімгерлікпен басқаруды тағайындаушы), екінші жаққа (сенімгерлікпен басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруѓа беруге міндеттенеді, ал сенімгерлікпен басқарушы, пайда көрушінің мүддесіне мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. Бұл шарттың жақтары кез келген заңды және жеке тұлға болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік қызметкердің мүлкін сенімгерлікпен басқарудың тағайындаушысы тек мемлекеттік қызметкер болуы мүмкін және мүлік пен мүліктік құқықтарды сенімгрлікпен беру ол үшін құқық емес, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында көзделген міндет болып танылады. Мұраға қалдырылған мүліктің сенімгерлікпен басқаруға беруді тағайындаушы, тек мұра қалдырушы болуы мүмкін (бұл жерде мұраға қалдырылған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру, міндет емес құқық болады) және т.б. Сенімгерлікпен басқарушы тек әрекетке қабілетті азамат немесе бұл қызметпен айналысуға құқылы заңды тұлға болуы мүмкін. Сенімгерлікпен басқаруды тағайындаушы, мүлік пен мүліктік құқықты сенімгерлік басқаруға беру кезінде мүлікті иелену, пайдалану және басқару құқықтарын емес, оларды өз атынан жүзеге асыру құқығын береді. Ал иелену, пайдалану және билік ету құқықтарының өздері, басқаруды тағайындаушыда қалады, бірақта шарттың мерзімі ішінде ол өзі, аталған құқықтарын жүзеге асыра алмайды. Шарт реалды, екі жақты, ақылы және ақысыз да болуы мүмкін; ол ерікті шарт және ол қатысушыларының пайдасына да, үшінші жақ пайдасына да жасалуы мүмкін.

Сенімгерлікпен басқарудың объектісі - жеке-белгіленген заттар, олардың ішінде: қазіргі кезде бар және болашақта болатын заттар да және мүліктік құқықтар да болуы мүмкін. Шарт нысаны жазбаша, қажетті жағдайларда ол мемелекеттік тіркеуден өткізіледі (егер оның объектісі қозғалмайтын мүлік болса), немесе нотариалдық күәландырылады (егер ол өсиет орындаушыны тағайындау өµнінде болса). Сенімгерлікпен басқарушының міндеттері - оған сеніп тапсырылған мүлікті тиісті дәрежеде басқару; ол үшін оған тапсырылған мүлікті өз мүлкінен бөлек және жеке есеп шот ашу арқылы, жеке баланста ұстау болады. Сонымен коса, сенімгерлікпен басқарушы, мүлікті басқаруды жоғары кәсіби деңгейде орындауы тиіс, мүлікті бір қалыпта ұстап оның сақталуын қамтамасыз етуі қажет; оның құнсыз болып қалмауы үшін қажетті шараларды қолдануы тиіс; өз қызметі жөнінде басқаруды тағайындаушы мен пайда көздеушіге есеп беріп отыруы қажет; шарт тоқтатылған жағдайда, басқаруды тағайындаушыға немесе пайда көздеушіге мүлікті қайтаруға міндетті. Заңда көзделген жағдайда, сенімгерлікпен басқарушы, мүлікті басқаруды басқа тұлғаға қайта сеніп тапсыруы мүмкін. Сенімгерлікпен басқаруды тағайындаушының негізгі міндеті – сенімгерлікпен басқарушыға, шартта көзделген сыйақысын төлеу болады. Жатардың жауапкершілігі, азаматтық– құқықтық жауапкершіліктің жалпы ережелеріне және диспозитивтік қағидаларға, яғни шартта жақтармен келісіп бекіткен жауапкершілік түрлеріне сүйенеді.

Бақылау сұрақтары:

- Тапсырма шартының анықтамасы мен сипаттамасы.

  • Комиссия шарты.

  • Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4, 5, 6,10, 13