Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

2 Бөлім дәрістер кешені: дәрістер тезистері

1 Тарау. Мүлікті иеліктен алудан туындайтын міндеттмелер:

ГЛОССАРИЙ: Сатып алу сату шарты бойынша бір жақ (сатушы) екінші жақтың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел (оралымды) басқаруына белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге міндеттенеді.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша бір тарап энергиямен жабдықтаушы ұйым екінші тарап абонентке қосылған желілер арқылы энергияны беріп тұруға, ал екінші тарап абонент энергияны алғаны үшін уақытында ақысын төлеп тұруға және энергиямен жабдықтау құралдарының бір қалыпта кауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Келісім шарт жасасу шарты бойынша бір тарап ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіруші екінші тарапқа даярлаушыға өзі өсірген, өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін, қайта өндеу немесе сату үшін ақы төлеп беруге міндеттенеді.

Рента шарты бойынша бір жақ (рента алушы), екінші жаққа (рента төлеушіге) оның меншігіне мүлікті береді, ал рента төлеуші алған мүліктің орнына рента алушыға, белгілі бір ақшалай сома мөлшерінде ақы төлеп отыруға немесе оны асырауға міндеттенеді

Лизинг шарты бойынша бірінші жақ лизинг беруші, лизинг алушы көрсеткен мүлікті, сатушыдан өз меншігіне сатып алып, оны лизинг алушыға кәсіпкерлік мақсатта, ақы үшін иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді

1 Тақырып: Сатып алу сату шарты ерЕжелері мен түрлері.

Дәріс мақсаты:

- студенттерді сату-сатып алу шартының ұғымы, сипаттамасы және мазмұнымен таныстыру;

- студенттердің сату-сатып алу шартының ержелері жөніндегі біліктілігін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Сатып алу сату шартыныңы ұғымы, сипаттамасы, нысаны.

2. Сатып алу сату шартының мазмұны мен түрлері.

  1. Сұрақ: Сатып алу сату шартыныңы ұғымы, сипаттамасы, нысаны.

Мүлікті меншікке немесе шаруашылық жүргізуге, жедел (оралымды) басқаруға беруден туындайтын міндеттемелер, сатып алу - сату шартынан, оның түрлерінен және айырбас, сыйға тарту және рента шарттарынан туындайды. Қазіргі кезде сатып алу - сату шарты, оның: көптеп және бөлшектеп (жекелеп) сатып алу - сату, жеткізілім, энергиямен жабдықтау, келісім жасасу шарттары сияқты түрлеріне қатысты, тектік ұғым ретінде қарастырылады. Ал бөлшектеп (жекелеп) сатып алу- сату шартының келесі түрлері болады: үлгілер бойынша сату, несиеге сату, автоматтар арқылы сату, жеткізіп беру тәсілімен сату және т. б.

Азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің барысында, шарттар мен міндеттемелердің жеке түрлерін сипаттауда бұл міндеттеме түрлерінің анықтамасын, олардың затын (нысанасын), өзге шарттық міндеттемелерден айырмашылығын білу; және бұл міндеттемелер түрлерінің пайда болуына әкелдіретін барлық шарттарды атап, сипаттап өту қажет болады. Бұл шарттардың әр түрін сипаттау кезінде, жауап келесі үлгіде беріледі: шарттың ұғымы; жақтардың атаулары; әр шарттын субъектілеріне қойылатын талаптар; нақтылы немесе консенсуалды, ақылы немесе ақысыз, екі жақты міндеттейтін немесе бір жақты міндеттейтін, мерзімді әлде мерзімсіз бе және қандай нормативтік құқықтық актілермен реттелетіні аталады. Осыдан кейін жақтардың құқықтары мен міндеттерінің, олардың жауаптылығының сипаттамасы беріледі.

Сатып алу сату шарты бойынша бір жақ (сатушы) екінші жақтың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел (оралымды) басқаруына белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге міндеттенеді. Шарт жақтары (тараптары) – сатушы және сатып алушы болады. Олар әрекет қабілеттілігіне қарай кез келген жеке немесе заңды тұлға және мемлекет де болады. Шарттың заты (нысанасы), азаматтық айналымнан алынбаған кез келген мүлік (тауар) және мүліктік емес құқық болады (АК 406 б. 4 т.). Айналымы шектеулі мүлік, тек арнайы рұқсат (лицензия) бойынша сатылады. Шарт консенсуалды, екі жақты міндеттейтін және ақылы болады. Шарттың елеулі жағдайларына тауардың атауы және саны жатады (АК 407 б. 3 т.). Сатып алу - сату шарттарының кей бір түрлері ҚР АК 25–ші тарауымен қоса арнайы заңдармен: ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңымен т.б. заңдармен реттеледі.

Шарт консенсуалды болғандықтан, жақтардың құқықтары мен міндеттері де, олар заң қажет ететін нысанда келісімге келген уақытта пайда болады. Сатушының міндеттеріне: затты оның барлық құжаттарымен, саймандарымен, тиісті сапасы мен санында, ассортиментінде, қапталған түрінде және үшінші жақтардың талап етуінен босатылған түрде беру болып табылады (АК 408 б.). Сатушымен тауарды беру міндетін орындау уақыты жөнінде, ерекше атап өткен жөн болады (АК 410 б.). Шарт, бар тауарды беру жөнінде де және болашақта, жасалғаннан кейін немесе сатып алғаннан кейін, болатын тауарды беру жөнініде де жасалуы мүмкін (АК 407 б. 2 т.). Сатып алушының міндеттері: тауарды қабылдап алудан және қажет болған жағдайда, ол жөнінде қолхат беруден және тауарды қабылдап алу жөнінде акт жасап толтырудан тұрады. Сатып алушының ең негізгі міндеті сатып алу ақысын төлеу болады (АК 439 б.). Кей бір жағдайларда сатып алушыға, тауарды сақтандыру және сатушыны шарттың тисті дәрежеде орындалғаны жөнінде ескерту міндеттері жүктеледі. Жақтардың құқықтары қарсы жақтың міндеттеріне сәйкес келеді. Мысалы, сатушының тауарды беру міндеті, сатып алушының тауарды тиісті сапа мен санында, барлық саймандары мен және құжаттарымен беруді талап ету құқќыѓап ет‰бер‰жєанында, барлыќығына сәйкес келеді және т. б. Сатушының тауар ақысын төлеу міндеті сатып алушының тауардың ақысын толық және тиісті уақытта төлеуді талап ету құқығына сәйкес болады.

Сатушы мен сатып алушының жауаптылығы жалпы ереже бойынша, әр жақ өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда туындайды. Олардың жауаптылығының негізгі түрі: шығындарды өтеу және айып төлеу болады. Қазіргі уақытта, айып төлеу тек шарртық түрде болады. Сондықтан шарт жасасу кезінде тиісті жауаптылық шараларын қарастыруды ұмытпау қажет. Заңды айып төлеу, тек біреудің ақшаларын заңсыз пайдаланудан туындайтын ақшалай міндеттемелер бойынша қолданылады (ҚР АК 353 б.).