Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

2. Сақтау шарты және оның түрлері.

Сақтау шарты бойынша, бірінші жақ (сақтаушы) оған екінші жақ (жүк берүші) берген мүлікті сақтауға міндеттенеді (ҚР АК 768 б.). Шарт: реалды, мерзімді, ақылы (ақысыз болуы да мүмкін). Шарттың жеке түрлері, мысалы, егер сақтаушы кәсіпкер болса, консенсуалды да болуы мүмкін. Бұл шарттар, заңда, жария шарттарына жатқызылады (ҚР АК 770 б.). Сақтау шартының заты - жалпы алғанда, жеке анықталған заттарды сақтау болады. Бірақта, заңда, тектік белгілерімен анықталған заттарды да сақтау көзделеді. (ҚР АК 771 б.). Шарт нысаны жазбаша болады, бірақта: жетон, номер немесе өзге таңбалар берумен де, рәсімделуі мүмкін. Негізіне қарай сақтау шарттарының келесі түрлерін бөлуге болады: кәсіби сақтау, ломбардта сақтау, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау, банкта құндылықтарды сақтау, ұйымдар киім ілгіштерінде сақтау, қонақ үйлерінде сақтау, тауар қоймаларында сақтау, секвестер (даулы заттарды сақтау). Жүк тапсырушының маңызды міндеті: ол, сақтаушыны заттың қасиеттері мен ерекшеліктері жөнінде ескерту болады (сынатындығы, жарылыс заты, ұлы зат болу жөнінде және т.б.).

Бақылау сұрақтары:

- Сақтандыру шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны,

элементтері мен мазмұны.

  • Сақтандыру түрлері.

  • Сақтау шарты және оның түрлері.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 1, 2,

3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

7 Тақырып: Банк қызметі шарттары.

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді банк қызметі шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде банк қызметі шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Есеп шот шарты.

2. Ақша аудару шарты. Банк салымдары шарты мен оның түрлері.

  1. Есеп шот шарты.

Банк шарттарына «Банк қызметін көрсету» туралы ҚР АК- 38 Тарауы арналған. Банк қызметтері: банк есеп шоты, ақша аудару, банк салымдары шарттарынан және өзге де шарттардан тұрады (ҚР АК 739 б.). Азаматтық кодекспен қоса, банк қызметін көрсету, банк заңдары деп аталатын, арнайы заңдар мен де реттеледі. Мысалы, «Ұлттық банк туралы», банк жүйесі туралы, төлемдер мен ақша аудару туралы, ақша жүйесі туралы заңдармен және көптеген заңға тәуелді актілермен. Бұл шарттарды орындаудағы банктердің негізгі қызметтерінің бірі - банк құпиясын сақтау болады (ҚР АК 745 б.). Банк қызметін көрсету жөніндегі шарттардың негізгі және жиі кездесетін түрі - банк есеп шоты шарты болады. Ол шарт бойынша, бірінші жақ (банк) екінші жақтың (клиенттің) пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, клиенттің, клиентке немесе үшінші жаққа ақшаның тиісті сомаларын аудару туралы нұсқауларын орындауға және шартта көзделген өзге де қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. Банк клиент есебіндегі ақшаны пайдалануға болады, бірақта клиенттің өз ақшасын еш бір кедергісіз басқару және кез келген уақытта талап етіп алу құқығын қамтамасыз ететіні жөнінде кепіл береді. Шарт консенсуалды, ақылы, екі жақты міндеттейтін болады, ол жазбаша нысанда жасалады.

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болатын клиент, жеке код беру арқылы олардағы атына ашылған шотта, өз ақшаларын «сақтауға» міндеттенеді. Клиенттің шотындағы ақшасын пайдаланғаны үшін банк пайыз төлейді. Банктің немесе өзге де банк мекемесінің лицензиясы болуы қажет. Банк клиенттері заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін, соның ішінде кәмелетке толмағандар да (ҚР АК 25 б. қара). Кәсіпкерлік мақсатта банк есеп шоты шартын жасау үшін, клиент, келесі құжаттарды тапсыруы қажет: есеп шотын ашу жөніндегі өтінішін, мемлекеттік тіркеүден өту туралы күәлігін және жарғысын, бірінші басшысының және бухгалтерінің қолдарының үлгілері мен нотариус күәландырған карточкасын, мөрінің үлгісімен қоса. Банк құпиясын сақтау міндетімен қоса, банк міндетіне - шот бойынша операцияларды тиісті орындау жатады (ҚР АК 750 б.). Бұл шартта банк ен әлді жақ болады, сондықтан заңда, міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін банк жауаптылығы бекітіледі.

  1. Ақша аудару шарты. Банк салымдары шарты мен оның түрлері.

Ақша аудару шарты бойынша, банк, клиенттің тапсырмасы бойынша, оған жеке код берместен, үшінші жаққа оның ақшасын аударуға міндеттенеді (ҚР АК 754 б.). Бұл шарт банк заңдарының арнайы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Банк салымдары шарты бойынша, банк, салымшының салым деп аталатын ақшаларын қабылдап алып, оған шартта көзделген мөлшерде және шартта көзделген тәртіп бойынша сый ақы төлеуге және заңмен шартта көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша оны қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 756 б.). Сондықтан, жақтардың құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін, АК 757 бабында көзделген банк салымдарының түрін білу қажет: ол, талап етуге дейінгі, мерзімді, шарттық салымдар. Тәжірибеде бұл шарттар депозит деп аталады. Шарт нысаны жазбаша жай болады. Бұл шарт - нақтылы, бір жақты және ақылы шарт болады. Салымшылар жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Жеке тұлғалар үшін, шарттың жазбаша жай нысаны - сертификат және атаулы немесе усынбалы болатын жинақтау кітапшасын беру арқылы рәсімделеді.

Бақылау сұрақтары:

- Есеп шот шарты.

  • Ақша аудару шарты.

  • Банк салымдары шарты мен оның түрлері.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4, 5, 9,11, 12.