Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

2. Сұрақ: Сатып алу сату шартының мазмұны мен түрлері.

Сатып алу сату шарттарының жалпы ережелерін айтып болғаннан кейін, шарттың әр түрінің ерекшеліктеріне тоқтап өту қажет, шарт ұғымынан бастап. Сату сатып алу шарттарының жіктелуінің негізі, олардың бір бірінен сату тәсіліне және объектсіне қарай ажыратылуы. Сондықтан, сатып алу сату шарттарының барлық түрлерінің азаматтық–құқықтық сипаттамаларының ерекшеліктерін толық айтып өткен жөн болады. Мысалы, бөлшектеп сату шартында, сатушы тек кәсіпкер болады және бұл шарт бойынша тек жеке, үйде, отбасында тұтынатын тауарлар сатылатын болады. Жалпы сату сатып алу шартына қарағанда, бөлшектеп сату шарты - жария шарты болып табылады, ол жөнінде ҚР АК – 445 б. 2 тармағында айтылған. Басқа дәлелдемелер мен қоса, бұл шарт бойынша шарттың жасалу фактісін дәлелдеу үшін, сатып алушы күәлардың жауабына сүйенуіне болады. Бөлшектеп сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеттерінің бірі: сатып алушыға тауар жөнінде барлық мәліметтерді беру болып табылады (АК 448 б.). Бөлшектеп сату шарты, әр түрлі негіздер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: сатып алушымен тауарды белгілі бір мерзімде қабылдап алу шартымен жасалатын шарт; үлгілер бойынша сату; тауарды автоматтар арқылы сату; сатып алушыға тауарды жеткізіп беру шартымен сату; несиеге сату және т. б.

Сатушымен, сапасы жарамсыз тауарды айырбастап беру немесе қайтару жөніндегі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңынын баптары мен ҚР АК– 454 бабы нормаларының маңызы өте зор болады. Бірақта тәжірибеде, «тауар айырбастауға және қайтаруға жатпайды» деген хабарландырулар жасау арқылы, бұл нормаларды сатушылар өрескел бұзуға дейін барады.

ҚР АК– 455 бабында, оған сапасыз тауар сатылған жағдайда, сатып алушының құқығын қорғау шаралары көзделеді.

Бақылау сұрақтары:

  • Сатып алу сату шартының анықтамасын беріңдер.

  • Сатып алу сату шартыныңы сипаттамасын беріңдер.

  • Сатып алу сату шартының насанына қандай талаптар қойылады.

  • Стып алушының құқықтары мен міндеттері қандай болады.

  • Сатушының құқықтары мен міндеттерін атаңдар.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2,3, 4,5,6, 12

2 Тақырып: Сатып алу сату шартының жекелеген түрлері.

Дәріс мақсаты:

- студенттерді энергиямен жабдықтау, тауар жеткізілімі шартымен, келісім шарт жасасу шарты, айырбас және сыйға тарту шартымен, рента шартымен таныстыру;

- студенттердің сату-сатып алу шарттары түрлерінің ержелері жөніндегі біліктілігін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Энергиямен жабдықтау шарты.

2. Тауар жеткізілімі шарты.

3. Келісім шарт жасасу шарты.

4. Айырбас және сыйға тарту..

5. Рента шарты.

1. Энергиямен жабдықтау шарты.

Сатып алу сатудың ерекше түрлеріне, қазіргі уақытта, энергиямен жабдықтау шарты жатады (АК 25 таруының 6 парағы). Оның ерекшелігі: қосылған желілер арқылы ерекше мүлікті - энергияны беру болады. Бұл шарт бойынша, энергия арнайы техникалық құралдар арқылы, электр, су, газ және жылу желілері мен құбырлары арқылы, энергиямен жабдықтау мекемесімен тұтынушыға беріледі. Азаматтық кодекспен қоса, энергиямен жабдықтау шарты жақтарының ара қатынасы электр энергияны пайдалану жөніндегі Ережелермен, коммуналдық қызмет көрсету Ережелерімен және т. б. реттеледі. Шарт, тек энергиямен жабдықтау мекемесінің жүйесіне қосылуға болатын, абоненттың арнайы құралдары болғанда жасалады. Энергиямен жабдықтау ұйымы - ол қызметтің бұл түрімен шұғылдануға лицензия алған және қажетті құралдары мен саймандары бар, арнайы заңды тұлға болады. Ал абонент - ол заңды тұлға да, жеке тұлғада болуы мүмкін.

ҚР АК «Энергиямен жабдықтау» деген 25 Тарауының 6 Парағы, жекелеп сату рыногындағы тұтынушылар мен энергиямен жабдықтау ұйымы арасындағы қатынастарды реттейді. Одан басқа, энергиямен жабдықтаудың көптеп сату нарығы да бар, оның объектісі арнайы нормативтік құқықтық актілер мен реттелетін электр энергиясы болады. Көптеп сату нарығының қатысушылары энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен қоса Техникалық және нарық операторлары болады.

2. Тауар жеткізілімі шарты да жаңа азаматтық заңда сатып алу сату шарттарыныњ бір түрі ретінде қарастырылады. Ол тек кәсіпкерлік саласында жасалады, сондықтан оныњ жаќтары тек кәсіпкерлер болады (АК 458 б.). Жеткізілім шартының негізгі жағдайларына, тауардың заты мен санынан басқа, жеткізілім мерзімі жөніндегі жағдайлар жатады. Бұл шарт бойынша, жеткізілім кезеңдері бөлініп бекітіледі, ал алдын ала жеткізіп беру, сатып алушының келесімі болғанда ғана жасалуы мүмкін. Шарт нысаны тек жазбаша болады. ҚР АК– 459 бабында, жеткізілім шартын жасау кезінде туындаған келіспеушіліктерді 30 күндік мерзім ішінде шешу қажеттілігі жөніндегі арнайы ережелер бекітілген. Бұл шартты орындамаған жағдайда, кінәлі жақ, шарт бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешуден жалтаруға байланысты екінші жақтын шеккен шығындарын өтеуге міндетті болады. Бұл шартты сипаттау кезінде, шарттың тауардың қорабы жөніндегі, жеткізіп берушіден тауарды қабылдап алу тәртібі жөніндегі жағдайларына тоқтау қажет болады. Сондықтан 1994 жылғы өнімді (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртібі жөніндегі Нұсқауларды білу қажет. Қазіргі уақытта, кәсіпкерлер жеткізілім шарты орнына жиі «сатып алу сату шарты», «сатып алу сату актісі» деген ұғымды қолданады. Оның себептерінің бірі: жеткізіп берушінің шартқа жақтар жауаптылығы жөніндегі жағдайды еңгізуден жалтаруы.

Жақтардың бірімен шартты өрескел бұзу, шартты орындаудан бір жақпен бас тартуға әкелдіруі мүмкін. Шартты өрескел бұзу ұғымы жөніндегі жалпы ережелер ҚР АК 401 бабының 2 тармағында келтірілген. Ал АК 476 бабына сәй кес, жеткізіп беруші жағынан жеткізілім шартын өрескел бұзу болып: сатып алушымен тиімді мерзім ішінде жойылуы мүмкін емес, кемшіліктері бар сапасыз тауарды жеткізіп беру және жеткізілім мерзімдерін бір неше рет бұзу жатады. Сатып алушы жағынан шартты өрескел бұзу болып: төлемдер мерзімін бұзу және тауарды бір неше рет уақытында қабылдап алмау жатады.

ҚР АК- 477 бабында жеткізілім шарты бұзылған жағдайда шығындарды өтеу тәртібі бекітілген. Мысалы, сатушының кінәсімен шарт бұзылғаннан кейін, сатып алушы шартта көзделген тауарды өзге тұлғадан, шартта көзделген бағадан неғұрлым жоғары бағаға сатып алған болса, ол сатушыдан бұрынғы шартта көзделген баға мен сатып алған бағаның арасындағы айырмашылық мөлшерінде, өзінің шеккен шығындарын өтеуді талап етуі мүмкін. Егер шарт сатып алушының кінәсімен бұзылған болса, онда сатушы өз тауарын бұрынғыдан төмен бағаға сатуы мүмкін және сатып алушыдан осыған байланысты өзінің шеккен шығындарын өтеуді талап етуі мүмкін, және т.б.

3. Келісім шарт жасасу шарты – ол сатушының өзімен, яғни өндірушімен (шаруашылықпен) өндірілген немесе өсірген ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу сату болып табылады. Сатып алушы бұл шартта дайындаушы (контрактант) деп аталады. Бұл шарт фьючерс деп аталатын, яғни әлі өндірілмеген біракта болашақта болатын тауарды сатып алу сату жөнінде жасалатын шарт. Егер сатылатын ауыл шаруашылық өнімі сатушының өзімен өсірілмеген немесе өндірілмеген болса, жақтардың қатынастары келісім шарт жасасу шартының емес, жәй сатып алу сату шартының ережелерімен реттеледі. Шарт нысанасы – жазбаша жәй болады. Бұл шарт сатып алушыға (дайындаушыға), өндірушіге өнімді тиеп атқару, өнімді өндірілген жерде қабылдап алу, өнімнің сапасын анықтау жөнінде жәрдем беру ретінде қосымша міндет жүктейді (АК 479 б.). Өндіруші тек кінәлі болған жағдайда жауапты болады, яғни оған кәсіпкерлік тәуекел ауыртпалығы жүктелмейді.

4. Айырбас және сыйға тарту шарттары

Айырбас шарты, сатып алу сату шартына қарағанда, неғұрлым бұрын пайда болған, өйткені сатып алу сату шартында мүлік орнына ақша беріледі, ал акша, адамзат тарихында мүлікті мүлікке айырбастаудан кейін пайда болған. Айырбастау шартының екі жағы да, бір уақытта сатушы да сатып алушы да болады (АК 501-505 баптары). Ақылы болып танылатын айырбастау шартының мақсаты – жақтардың келісімі бойынша берілетін мүліктің орнына басқа мүлікті беру. Айырбастау шартының нысаны, шарт объектісіне байланысты болады. Мысалы, пәтерді айырбастау шарты, жазбаша нысанда жасалады және жылжымайтын мүлік Орталығында тіркеуден өтеді. Заттармен қоса, бұл шарттың объектісі жұмыстар мен қызметтер де болуы мүмкін. Жақтардың құқықтары мен міндеттері, сатып алушы мен сатушы құқығы сияқты болады. Егер айырбасталатын мүліктің бірінің бағасы төмен болса, қосымша төлем ретінде, бұл шартта ақша да төленуі мүмкін. Бірақта, айырбастау шартының, сатып алу сату шартынан негізгі айырмашылығы - мүліктің орнына басқа мүліктіњ берілуі болады. Сондықтан да, айырбастау шарты, ол әр қашанда ақылы шарт болады.

Сыйға тарту шарты, бұл шарттар тобының арасында, жаңғыз ақысыз шарт болып табылады. Егер шарт жасалған жерінде орындалатын болса, ол ауызша жасалады (ҚР АК 508 б. 1 т.); ал егер, сыйға тартушы заңды тұлға болса, сыйдың құны он есе айлық есептік көрсеткіштен асатын болса және де, егер шартта, сыйдың болашақта берілуі көзделсе, ол жазбаша жасалатын болады. Жақтар, сый тартушы және сый алушы деп аталады. Шарт реалды болады, бірақта қазіргі кездегі заңдарда, шарттың жаңа түрі көзделген – ол сыйды болашақта беру туралы үәде ету (ҚР АК 506 б. 2 т.), ал бұл шарт консенсуалды және жазбаша болады. Қозғалмайтын мүлікті, автокөлікті сыйға тарту шарттары да, жазбаша жасалуы тиіс (508 б.). Заңда, сыйға тартуға тиым салу және оны шектеу жағдайлары да қарастырылған. Сый алушы сый оған берілгенге дейін, кез келген уақытта сыйдан бас тартуға құқылы болады. Сыйға тартудың бір түріне, қайрымдылық жатады (АК 516 б.).