Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

3. Лизинг, прокат шарттары.

Мысалы прокат шарты, жария шарт болып табылады, жалға беруші кәсіпкер (коммерциялық ұйым немесе жеке кәсіпкер) ретінде тіркелуі қажет болады; шарттың мақсаты – жалға алушының тұрмыстық, отбасылық қажеттіліктерін қанағаттандыру; қосалқы жалдау, бұл жерде мүмкін емес болады; ағымды және күрделі жөндеуден өткізу міндеті жалға берушіге жүктеледі және т. б. (АК 595-600 б., б.).

Лизинг шарты бойынша бірінші жақ лизинг беруші, лизинг алушы көрсеткен мүлікті, сатушыдан өз меншігіне сатып алып, оны лизинг алушыға кәсіпкерлік мақсатта, ақы үшін иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді (ҚР АК 565 б.). Бұл шарттың заты: жер телімдері, кәсіпкерлікте ұзақ қолданылатын қымбат тұратын құралдар, техника және көлік құралдары (ұшақтар, комбайындар) және табиғи ресурстардан басқа өзге де заттар болады. Шартта, егер төленген лизинг төлемдерінің сомасы, жалға алынған мүліктің құнынан кем емес болса, лизинг алушымен мүлікті меншігіне алу көзделуі мүмкін. Лизинг шартының ерекшелігі: лизинг алушы, сатушыдан мүлікті сатып алу сату шарты немесе тауар жеткізілімі шарты бойынша алған кезде, оны лизинг шарты бойынша басқа тұлғаға жалға беретіні жөнінде ескертуі қажет. Сондықтан, лизинг алушы арендаға алған мүліктің кемшіліктері байқалған жағдайда, жалға алушы, ол жөнінде тікелей сатушыға жүгінуге құқылы болады. Азаматтық кодекспен қоса, Қазақстанда, лизинг қатынастары, «Қаржы лизингы туралы» Заңмен де реттеледі.

4. Жылжымайтын мүлікті жалдау.

Кәсіпорынды жалдау шарты (АК 573-580 б., б.), міндетті түрде жазбаша жасалуы және мемлекеттік тіркеуден өткізілуі қажет. Ағымды және күрделі жөндеуден өткізу міндеттері арендаға алушыға жүктеледі. Шарт мақсаты – кәсіпкерлік болады, сондықтан жақтар кәсіпкерлер ретінде тіркеуден өткен болуы қажет. Жақсартулар өткізу үшін, бұл шарт бойынша, аренда алушының келісімі қажет емес болады, өйткені оған кеткен шығындар міндетті түрде өтелуі тиіс.

Тұрғын үйді жалдау шарты, жазбаша нысанда жасалуы және заң актілерімен көзделген жағдайда, мемлекеттік тіркеуден өткізілуі қажет. Мемелекеттік тұрғын үйлер қорындағы үйлерді жалға алу мен жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жалға алу жеке бөлінеді (601-603 б., б.).

Бақылау сұрақтары:

- Мүлікті жалдау шартының анықтамасы, сипаттамасы мен нысаны

және элементтері.

  • Мүлікті жалдау шартының мазмұны мен түрлері.

  • Лизинг, прокат шарттары.

  • Жылжымайтын мүлікті жалдау.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2,3

4,5, 6,11

4 Тақырып: Мердігерлік шарты мен оның түрлері.

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді мердігерлік шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде мердігерлік шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

  1. Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен элементтері. Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

  2. Құрылыс салу мердігерлігі. Тұрмыстық мердігерлік. Мердігерлік шартының өзге де түрлері.

  1. Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен элементтері. Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

Жұмыстар өткізу міндеттемелері – мердігерлік шарттарынан және оның түрлерінен пайда болады (ҚР АК 32 Тарауы). Бұл міндеттемелердің заты: жаңа бір объект жасау немесе бұрынғы объектіні неғұрлым өзгерту немесе жақсарту болады. Шарт объектісі ретінде заң, «жұмыс нәтижесін» атайды. Шарттың жақтары: мердігер және тапсырысшы деп аталады. Мердігер өз саласының маманы болуы қажет және көптеген жағдайларда мердігерлік жұмыстардың тиісті бір түрін өткізу үшін, лицензия алуы кажет болады. Мердігерге өз саласының маманы болуы талабының қойылуы мен қоса, оған мүліктің абайсызда жойылуы немесе бүліну қауіпі, жумыс нәтижесіне жетпеу қауіпі, жұмыс сапасы ушін жауапкершілік ауыртпалықтары және т.б. жүктеледі. Мердігерлік шарты бойынша, бірінші жақ (мердігер), екінші жақ (тапсырысшының) тапсырысы бойнша, белгілі бір жұмысты орындап, оның нәтижесін бекітілген мерзімде тапсырысшыға тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырысшы, жұмыстың нәтижесін қабылдап алып, оның ақысын төлеуге міндеттенеді (АК 616 б.). Шарт консенсуалды, екі жақты міндеттейтін, ақылы болады. Тапсырысшының міндетінің бірі – ол, мердігерге тапсырма беру болады, ал мердігердің міндеті – ол, тапсырманы тапсырысшының нұсқаулары бойынша орындау болады.

  1. Құрылыс салу мердігерлігі. Тұрмыстық мердігерлік. Мердігерлік шартының өзге де түрлері.

Тұрмыстық мердігерлік шарты өзге мердігерлік шарттарына қарағанда, заңмен жария шарттарына жатқызылған, оның мақсаты - тапсырысшының тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру болады. Мердігер кәсіпкер ретінде тіркелген болуы қажет. Жұмыс жөнінде және жұмыс нәтижелері жөнінде тапсырысшыға мәліметтер беру - мердігердің қосымша міндеті болып табылады. Ескертілгеннен кейін, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдап алмаған жағдайда, заң, мердігерге оны ашық сату (аукцион) өткізу арқылы сатып, одан алған сомадан өзінің кеткен шығындарын өтеп алуға рұқсат етеді.

Құрылыс салу мердігерлігінің заты - белгілі бір жаңа объектінің құрылысын салу немесе өзге құрылыс жұмыстарын (жөндеу, қайта жөндеу, өндірісті қайта құралдандыру, технологияны жаңарту, монтаждық жұмыстар және іске қосу жумыстарын) өткізу болады. Құрылыс салу мердігерлігі бойынша, бірінші жақ мердігер, бекітілген мерзім ішінде тапсырма бойынша белгілі бір объектіні салуға немесе өзге құрылыс жұмыстарын өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы, мердігерге жумыстар өткізуге қажетті жағдай жасауға, жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оның ақысын төлеуге міндеттенеді (АК 651 б. 1т.). Мердігерге қажетті жағдай жасау – ол, оны жұмыспен қамтамасыз ету, яғни құрылыс алаңын тазалап, жерді бөлу жµнінде құжаттарды алу, коммуналдық жүйелерге қосылуға рұқсат алу және т.б. болып табылады Тапсырысшының тапсырысы жобалау-сметалау құжаттарында көрсетіледі, оларды тапсырысшы береді. Бірақта, жаңа АК бойынша, жақтарға өздеріне тәртіп ережелерін таңдауға рұқсат етіледі және жоба мен сметаны жасау міндеті мердігерге жүктелуі де мүмкін болады.

Тапсырысшы, жумысты қабылдауды өткізуге міндетті болады. Қабылдап алу, жұмыс аяқталмай және аяқталғаннан кейін өткізілуі мүмкін. Қабылдап алу уақыты мен орны жөнінде, тапсырысшыны мердігер ескертеді. Тапсырысшының өкілі дәлелді себепсіз, жұмыстың жеке кезеңдерін қабылдап алуға келмей қалған жағдайда, мердігер қабылдап алу актісін өзі жасауы мүмкін, осыдан кейін, тапсырысшының талабымен, өндірілген жұмыстарды ашып қарау, оның есбінен өткізіледі.

Жобалау және іздестіру жұмыстарын өткізу шартының заты (АК 667 б.) -жобалау-сметалау құжаттарын жасау және іздестіру жұмыстарын өткізу болады. Ал ғылыми-зеррттеу жұмыстарын, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды өткізу мердігерлігінің заты - а) ғылыми зерттеулер; б) жаңа өнімнің үлгісін, оның конструкторлық құжаттарын жасау; жаңа технологиялар жасау немесе үлгілер жасау болады. Жақтар: орындаушы (іздестіруші) және тапсырысшы деп аталады; табиғаты бойынша, бұл шарттар консенсуалды, екі жақты міндеттейтін, ақылы болады. Аталған шарттардың ерекшелігі – ол, жұмыстар нәтижелеріне жете алмау қаупі тапсырушыға жүктеледі. Ғылыми мердігерлік шарттарының өзге ерекшелігі – ол, шартты орындау кезінде, жақтармен алынған мәліметтердің құпиясы туралы жағдайларды еңгізу болады; өйткені олар ғылыми-шығармашылықпен байланысты және, оларды орындау нәтижесінде, заңмен қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері жасалуы мүмкін болады. Бұл шарттарға көбінде мердігерлік жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

  • Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен

элементтері.

  • Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

  • Құрылыс салу мердігерлігі.

  • Тұрмыстық мердігерлік.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 1,2

3, 4, 5, 6, 9