Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

3 Тарау. Міндеттемелердің өзге де түрлері.

ГЛОССАРИЙ:

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер бойынша, жәбірленуші (несие беруші), борышкерден (зиян келтірушіден), заңсыз келтірілген зиянды заттай орындау немесе шығындарды өтеу арқылы, толық мөлшерде қайтаруды талап етуге құқылы болады.

Зиян – ол заңмен қорғалатын мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің кемуі.

Мұрагерлік құқық – ол мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы мұраға қалған мүлік жөніндегі қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың саласы.

10 Тақырып: Зиян келтіруден туындайтын

міндеттемелер. 4 сағат.

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер анықтамасы, сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

  1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер ұғымы мен

сипатаммасы.

  1. Зиян келтіруден туындайтын жауаптылық түрлері. Адам өмірі мен

денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.

3. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер.

1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер ұғымы мен

сипатаммасы.

Шарттан емес, өзге негіздерден туындайтын міндеттемелер, шарттан тыс міндеттемелер деп аталады, мысалы - зиян келтіруден туындайтын немесе негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер. Олардың жиі кездесетін түріне бір тұлғаға екінші бір тұлғамен зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер жатады. Бұл міндеттемелер, тұлганың зиян келтірілген мүліктік құқықтарын қалпына келтіруге бағытталады. Міндеттемелердің бұл тобының пайда болуына, құқықбұзушылық негіз болады. Құқық бұзушылық - латынша деликт деп аталады, сондықтан ол міндеттемелер деликтік міндеттемелер деп те аталады. Олар бұзылған қалыптағы құқық қатынастарды реттейді, сондықтан деликтік міндеттемелер жөніндегі нормалар - императивтік нормалар болып танылады. Олар қылмыстық, әкімшілік және еңбек құқығы нормаларымен бірге қолданылады. Яғни, құқықбұзушылықтың ауырлығына қарай, құқықбұзушыға, азаматты-құқықтық жауапкершілікпен қоса, қылмыстық немесе өзге де жауаптылық түрлері қолданылады. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер бойынша, жәбірленуші (несие беруші), борышкерден (зиян келтірушіден), заңсыз келтірілген зиянды заттай орындау немесе шығындарды өтеу арқылы, толық мөлшерде қайтаруды талап етуге құқылы болады. Зиян келтіруші мен жәбірленуші, азаматтық құқықтың кез келген субъектісі болуы мүмкін.

2. Зиян келтіруден туындайтын жауаптылық түрлері. Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.

Келтірілген зиянды өтеу азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түріне жатады. Бірақта бұл жауапкершілік түрі, шарттық міндеттемелер бойынша да қолданылады. Ал бұл жерде сөз шарттан тыс жауапкершілік жөнінде болады. Зиян келтіргені үшін, шарттан тыс жауапкершіліктің негіздері келесі болады: зиянның келтірілуі (мүліктік немесе моральдық); зиян келтірушініњ заңсыз әрекеті; заңсыз әрекет пен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланыс; зиян келтірушінің кінәсі.

Зиян – ол заңмен қорғалатын мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің кемуі. Мүліктік зиян – жәбірленушіге шығындар келтіруден тұрады (ҚР АК 9 бабын қара.), ал моральдық зиян – ол жәбірленушіні жан күйзеліс қалпына келтіру болып танылады (ҚР АК 951 б. қара). Кінә – ол құқықбұзушылықтың субъективтік жағы және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында болады. Қылмыстық құқыққа қарағанда, азаматтық құқықта, мүлікті немесе моральдық зиянды өтеу үшін кінә нысанының ешқандай маңызы жоқ. Және де азаматтық құқықта жауапкершілік еш бір кінәсіз де туындауы мүмкін.

Зиян келтіргені үшін жауапкершілік түрлері:

- шарттық немесе өзге де міндеттемелерді орындау кезінде азаматтың өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- шарттық немесе өзге де міндеттемелерді орындау кезінде азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

14 жасқа дейінгі жас өспірімдермен келтірілген зиян үшін және олардыњ өздеріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- 14 пен 18 жас аралығындағылармен келтірілген зиян үшін және олардың өздеріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалармен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- өз әрекеттері маңызын сезіне алмайтын азаматтармен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- аса қаүпті болып табылатын қайнар көзімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- заңды тұлға мен азаматтың қызметкерлерімен, өз қызмет міндеттерін атқару кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және олардың лауазымдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- тауарлардың, жумыстардың немесе қызметтердің кемшіліктерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;

- аса қажеттілік жағдайында немесе қажетті қорғану шегінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

Жауапкершіліктің алғашқы он бір түрі үшін, өтеуге жататын залалдың мөлшерін анықтау қажет болады. Мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін анықтау, бұл жерде, ешқандай қиыншылық тұғызбайды. Ал азаматтың өміріне, ден саулығына келтірілген залал мөлшерін анықтау, оған қарағанда қиын болады.

Аталған жағдайда жәбірленушінің орташа айлық жалақысы және өзге де кірістерінің мөлшері есепке алынады. Егер зиян тек ден саулығына келтірілген болса, онда арнайы Ережелерде көрсетілген тәртіппен (жұмыс істемейтіндер үшін), жалпы еңбекке қабілетінен (жұмыс істейтіндер үшін), кәсіби қабілетінен айрылу мөлшері анықталады. Еңбекке қабілеттілігінен айрылу денгейі, медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссиямен анықталады. Одан кейін, еңбек қабілеттілігінен айрылу пайысы орташа айлық жалақысына (кірістеріне) көбейтіледі және алып отырылатын айлық төлем мөлшері анықталады (ҚР АК 938 б.). Айлық төлем мөлшерін анықтау үшін, көптеген жағдайларда жәбірленушінін өз кінәсінің мөлшері де есептелуі қажет. Зиян, жәбірленушінің өміріне келтірілген жағдайда, яғни ол қайтыс болған жағдайда, асыраушысынан айрылуына байланысты төленетін төлемдерді алуға: оның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалары, еңбекке жарамсыз жұбайы және ата-аналары, асырауындағылар және қайтыс болғанның асырауында болған, он төрт жасқа толмаған бауырларына, қарындастарына, немерелеріне, балаларына қарауға байланысты еңбек етпейтін, еңбек етуге жарамды оның ата аналарының біреу, жұбайы немесе өзге отбасы мүшесі құқылы болады (ҚР АК 940 б.). Ол төлемдердің төлену мерзімдері: кәмелетке толмағандарға – олар 18 жасқа толғанға дейін, күндізгі бөлімдерде оқитындарға оқуларын бітіргенге дейін, бірақта жалпы 23 жасқа дейін; 58 жастан асқан әйелдерге және 63 жастан асқан ер адамдарға – ғұмыр бойы; мүгедектерге – мүгедек болу мерзімі аяқталғанға дейін. Асыраушысы қайтыс болғандарға төленетін төлемдер, қайтыс болғанның орташа айлық жалақысы мөлшерінде есептеледі, оны барлық асырауында болғандарға бөлу аркылы және оның ішіне өзіде кіреді. Сонымен бірге зиян келтіруші қайтыс болған азаматты жерлеуге кеткен шығындары да өтейтін болады (солай аталатын жәрдем ақыдан басқа) (ҚР АК 946 б.).

Бір мәрте төленетін төлемдер мен ай сайын төленетін төлемдер ретінде алып отыратын айрылған жалақысының өтемінен басқа: жәбірленуші емделуге, дәрі дәрмекке, оған қарауға кеткен, тамақтануға кеткен, протез салдыруға кеткен, санаторлық-курортық емдеуге кеткен қосымша шығындарын өтеп алуға құқылы болады. Бұл төлемдер оның алып отыратын зейнет ақысынның және жәрдем ақысының мөлшеріне қарамастан төленеді (ҚР АК 946 б.). Жоғарыда аталған есептеу тәртібі зиян келтіруден туындайтын барлық жауапкершілік түрлерінде қолданылады. Тек он төрт жасқа толмаған жас өспірімдерге келтірілген зиянды өтеуде алынбайды, оларға - емделуге, протез салдыруға, санаторийда емделуге кеткен бір реттік нақтылы шығындары өтеледі (АК 939б.).

Бұл тақырыпты оқу кезінде: аса қаупті болып танылатын қайнар көздердің ұғымын, бірлесіп қосымша және ортақтасып жауап беру ұғымдарын, еңбек және өзге де шарттық құқық қатынастарының анықтамасын білген жөн болады.

Моральдық зиян ұғымы ҚР АК- 951 бабында келтірілген. Ол жәбірленушіні оған қарсы жасалған құқықбұзулышық нәтижесінде күйзеліске келтіру болып танылады. Қазақстан заңдары, моральдық зиян келтірілуге байланысты жәбірленушілер қатарына - азаматтар мен қоса, заңды тұлғаларды жатқызады. Заңды тұлғаларға моральдық зиян келтіру - оның іскерлік беделін кемітуден және нақтылы келтірілген залал мен айрылып қалған табыстарынан тұрады. Бұл жерде, моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжрибесі туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысын білу қажет болады. ҚР АК- 952 б. 3 т. сәйкес, моральдық зиян, материалдық зиянды өтеуге қарамастан өтеледі. АК 951 б. 3 т. сәйкес моральдық зиян, зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтелуі мумкін.