Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

5. Рента шарты

Меншіктен мүлікті иеліктен алу шарттарының ерекше түріне, қазіргі кезде рента шарты жатады. Бұрынғы заңда, ол өмір бойы асырауда ұстау негізінде тұрғын үйді оның иесінің (сатушының) иелігінен алу шарты болып танылған. Жаңа Азаматтық Кодекста рента шарты неғұрлым толық мазмұнына ие болып, ол екі түрге бөлінген: тұрақты рента және ғұмырлық рента. Ғұмырлық рентаның бір түрі – ол өмір бойы асырауда ұстау рентасы болады. Рента шарты бойынша бір жақ (рента алушы), екінші жаққа (рента төлеушіге) оның меншігіне мүлікті береді, ал рента төлеуші алған мүліктің орнына рента алушыға, белгілі бір ақшалай сома мөлшерінде ақы төлеп отыруға немесе оны асырауға міндеттенеді (517 б.). Рента – ол рента алушыға ақшалай және мүліктік нысанда төленетін төлем немесе оны асырау ұстау болып табылады. Шарт жазбаша нотариалды нысанда жасалады. Шарттың жақтары рента төлеуші және рента алушы деп аталады. Рента төлеуші әрекетке қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Тұрақты рента шартында, рента алушы, қоммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар болуы мүмкін, ал ғұмырлық асырау шарты бойынша, рента алушы еңбекке қабілеттілігіне және өзге табыстарының болуына қарамастан тек азамат бола алады. Рента төлемдері орнына, рента алушы рента төлеушіге кез келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті береді. Азаматтық құқық теориясында рента шарты тәуеклге байланысты деп аталатын шарттарға жатқызылады, ол рента төлеушінің міндеттерінен көрінеді. Мысалы, шарттың тәуекелге байланыстығы: төлемдердің ұзақ уақыт төленуінен (тұрақты немесе ғұмырлық болуынан), заң бойынша рента алушыға төленетін төлемдер орнына берілген мүлікке деген кепілдік құқығын беру, рента төлемінің ен төменгі мөлшерін бекіту жағдайларынан байқалады. Рента төлеуші үшін, оның тәуекелге байланыстығы: рента төлеу орнына берілген мүлік абайсызда жойылған немесе бүлінген жағдайда, оның рента төлеу міндетті тоқтатылмайтындықтан және ол міндеттің рента алушы қайтыс болған жағдайда да тоқтатылмайтындығынан байқалады.

Бақылау сұрақтары:

  • Энергиямен жабдықтау шартының анықтамасын беріңдер.

  • Тауар жеткізілімі шартының сипаттамасын беріңдер.

  • Келісім шарт жасасу шарты насанына қандай талаптар қойылады.

  • Айырбас және сыйға тарту шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері қандай болады.

  • Рента шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерін атаңдар.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4,5,10

3 Тақырып: Мүлікті уақытша пайдалануға беруден туындайтын міндеттемелер

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді мүлікті жалдау шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде мүлікті жалдау шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

  1. Мүлікті жалдау шартының анықтамасы, сипаттамасы мен нысаны

және элементтері.

  1. Мүлікті жалдау шартының мазмұны мен түрлері.

  2. Лизинг, прокат шарттары.

  3. Жылжымайтын мүлікті жалдау.

  1. Мүлікті жалдау шартының анықтамасы, сипаттамасы мен нысаны және элементтері.

Мүлікті иеленуге және пайдалануға беру міндеттемелері, мүлікті жалға беру шарттарынан мен оның түрлерінен туындайды. Мүлікті жалдау шартының ұғымы заңда келесі түрде берілген: мүлікті жалдау шарты бойынша бірінші жақ жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға буруге міндеттенеді (АК 540 б.). Жалға алған мүлікті, жалға алушы Азаматтық кодекста бекітілген жағдайда және тәртіппен, басқаруға құқылы болады. Бұл міндеттемелердің заты - мүлікті және мүліктік құқықтарды уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін, мүлік меншік иесіне немесе өзге заңды иеленушісіне қайтарылуы тиіс болады. Мүлікті жалдау шартының жақтары: жалға беруші (арендаға беруші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Оларға, әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлғалар жатқызылуы мүмкін. Мүлікті жалдау шартының заты - азаматтық өрістіктен алынбаған, жеке белгілерімен анықталған және тұтылмайтын, кез келген мүлік болуы мүмкін (541 б.). Объектісі жөніндегі жағдайлар, шарттың негізгі жағдайларының біріне жатады. Аренда алушының негізгі міндеттеріне: арендаға алынған мүлікті мақсатына қарай пайдалану, (егер шартта өзгеше көзделмесе) оны ағымды жөндеуден өткізу, жалдау ақысын шартта көзделген нысанда және уақытында төлеу және де жалдау мерзімі аяқталысымен, мүлікті қайтарып беру жатады. Мүлікті жалға берушінің міндеті: мүлікті жалға алушыға, барлық саймандарымен және құжаттарымен уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады.

Мүлікті жалдау ақысы, жақтардың келісімі бойынша келесі түрлерде төленуі мүмкін: 1) бір реттік немесе уақыт сайын төленетін тұрақты ақшалай төлем; 2) жалға алынған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған өнімдердің, жемістердің немесе кірістердің белгіленген бір үлесін беріп отыру; 3) жалға алушымен белгілі бір қызмет көрсету; 4) жалға алушымен жалға берушіге, шартта белгіленген мүлікті жалға немесе меншігіне беру; 5) жалға алушыға жалға алынған мүлікті жақсартуға кеткен шығындар ауыртпалығын жүктеу түрінде (546 б.). Бұл тізім онымен әлі де аяқталмайды.

  1. Мүлікті жалдау шартының мазмұны мен түрлері.

Шартты тоқтату кезінде, мүліктің одан бөлінетін және бөлінбейтін жақсартулары жөніндегі мәселелер әр қашан да ең даулы мәселелер болып табылады. Олардың тағдыры келесі түрде шешіледі: егер жақтар келісімінде өзгеше көзделмесе, кейбір жақсартулар жалға алушының меншігіне көшеді. Жалға берушінін келісімінсіз жасалған жақсартулардың ақысы төлеуге жатпайды (АК 555 б.). Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті күрделі жөндеуден өткізу міндеті, жалпы алғанда, жалға берушіге жүктеледі. Мүлікті жалдау шартының кейбір түрлерінде аталған ережелер өзгертіледі.