Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

Сөж тапсырмасын орындау тәртібі

Тақырып

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Бақылау нысаны

Тапсыру мерзімі

Бағалау (балл)

1

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері

Құқық қорғау қызметтерінің ерекшеліктерін аныќтау үшін жоғарыдағы еңбекті оқып-меңгерудің маңызы зор. Онда ҚР-нда қалыптасқан құқық қорғау органдарының қызметтері қарастырылады. Құқық қорғау органдарының қызметтерін дұрыс арқылы елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіп деңгейінің сақталуы мәселелері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жағдайының ахуалы түсіндіріледі.

  1. Г.Ж. Сулейменованың «Суд и судебная власть» оқылығын оќып-зерттеп, конспектілеу

  2. Құқық қорғау қызметіне және оның бағыттарына сипаттама беру

3 апта

2

2

Сот билігі

Тақырып бойынша берілген нормативтік актілермен танысу барысында студенттер олардың жеке түрлеріне ғана емес, өзара байланысына да назар аударулары қажет. Себебі, сот билігінің мәселелерін анықтау оның басқа органдармен ара қатынас арқылы беріледі. Сот билігі органдарының құрылу және әрекет ету тәртібін нақты анықтау үшін міндетті түрде жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілермер танысу және оларды терең зерделеу қажеттілігі туындалады. Аталған актілерді білу Қазақстан Республикасы сот билігінің басқа мемлекеттік биліктер өкілеттіктерінен ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде студенттердің сот билігі туралы дұрыс түсінік алуына жол ашады.

Мына нормативтік-құқықтық актілерді конспектілеу:

Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.

Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.

Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №24.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы (жоба). Заң газетасы, 2001 8 тамыз.

ҚР-сы Президентінің “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту шаралар туралы” 2000 жылы 1 қыркүйек. Егемен Қазақстан. 2000 жыл 1 қыркүйек.

6 апта

2

3

Прокуратура органдарының ќұрылымы және жүйесі

Прокуратура органдарының жүйесін дұрыс түсіну арқылы прокуратураның қандай жұмыс жасап отырғанына толық мәліметтер береді. Сондықтан да, тақырыптың сұрақтарына жеткілікті назар аудару ќажет. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптерінің ішінде орталықтандырылған және біртұтастық принцип ерекше орында тұрады. Осыған сәйкес келетін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметтерін сипаттауда оның жүйесін жетік білу аса маңызды. Соның ішінде прокурорлық қадағалаудың салаларының пәні мен құқықтық реттеу әдістерін білу тіпті де қажет.

Прокуратура органдарының жүйесінің ұғымы және оның мәні

Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметтерінің принциптері

Прокуратура органдарының қызметтерінің басты бағыттары

Прокурорлық қадағалаудың мәні мен пәні

Прокурорлық қадағалау салаларына жалпы шолу

9 апта

2

4

ҚР-ндағы алдын ала және анықтау органдары

Алдын ала тергеу қызметтерін жүзеге асыратын органдар мен субъектілері елімізде құқықтық тәртіп пен заңдылық талаптарын сақталуын жүзеге асыра алуы үшін қажет. Сондықтан студент алдын ала тергеу органдары мен субъектілерінің қылмыстарды тергеу бойынша әдістері мен тәсілдерін білуге тиісті. Алдын ала тергеу екі нысанға бөлінеді, алдын ала тергеу мен анықтау. Студенттер осы екі нысанның ерекшеліктері мен өзара қатынас жасау қызметтерін ажырата алуы қажет. Сонымен бірге, қылмыстарды анықтау мен ескертуде жедел-іздестіру қызметі маңызды орында тұратындығын естен шығармау қажет.

Алдын ала тергеудің түсінігі мен маңызы

Алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдар

Алдын ала тергеудің түрлері

Анықтау органдары

Анықтаушы мен тергеушінің байлынысы мен ерекшеліктері

Жедел-іздестіру қызметінің мәні мен маңызы

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдары

11 апта

2

5

ҚР-ның Адвокатурасы

Адвокатура қызметтерінің мәселесі мемлекетте күрделі және маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тақырыпты жетік меңгеру үшін әртүрлі нұсқаларды, қайнар көздерді қатар пайдаланған жөн.

Адвокатураның елімізде алатын орны мен маңызы

Адвокатураның түсінігі, мақсаттары мен міндеттері

Адвокаттар алқасы мен оның органдары

Адвокаттардың құқықтық мәртебесі

12 апта

2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]