Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Сұрақтар:

  1. Әдiлет министрлiгiнiң мiндетi, ұйымдастыру мен қызметiнiң принциптерi. Әдiлет министрi, оны лауазымға тағайындау мен босату тәртiбi, өкiлеттiгi.

  2. Әдiлет министрлiгiнiң функциялары.

  3. Әділет министрлігінің міндеттер мен мақсаттары

Тапсырмалар: мына тақырыптарда баяндама жазу:

    1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қызметтерінің басты бағыттары.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобаларын дайындау қызметі.

    3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүйесі мен оның органдары.

Әдістемелік ұсыныстар: Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге де әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу қажет.

10 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетудi ұйымдастыру. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - әр адамның бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы туралы.

  2. Адвокаттардың азаматтар және заңды тұлғаларға көрсететiн заңды көмек түрлерi.

  3. Адвокатура мiндеттерi мен мақсаттары.

  4. Адвокатураның ұйымдастырушылық құрылымы. Адвокаттар алқасы, құрылу тәртiбi.

  5. Адвокаттар алқасының жалпы жиналысы, оның өкiлеттiгi.

  6. Адвокаттар алқасының төралқасы, құрылу тәртiбi, өкiлеттiгi.

  7. Заң консультациясы, оның құрылу тәртiбi.

  8. Адвокаттық контора, құрылу тәртiбi, құқытық жағдайы.

  9. Адвокаттарды адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртiбi. Адвокаттың құқықтары, мiндеттерi, еңбек ақысы. Адвокаттың көмекшiлерi, стажерлары, олардың құқықтық мәртебесi.

  10. Нотариаттың түсінігі, маңызы, міндеттері мен мақсаттары.

  11. Нотариаттың басты функциялары мен өкілеттіктері.

  12. Нотариалдық қызметті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалар, олардың жалпы сипаттамалары мен өкілеттіктері.

Тапсырмалар: мына тақырыптарда рефераттар жазу:

    1. Қазақстан Республикасы адвокатурасының қызметтері, оның мәні мен маңызы.

    2. Қазақстан Республикасы адвокатурасының мақсаттары мен міндеттері.

    3. Адвокаттар алқасы, оның органдары.

    4. Адвокаттардың құқықтық жағдайы.

    5. Адвокаттық қызметтің нысандары.

    6. Нотариат қызметінің мәні мен маңызы.

    7. Нотариаттың функциялары мен өкілеттіктерінің ерекшеліктері.

Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырыпқа дайындалу барысында адвокатураның қалыптасуы мен даму тарихы ерекшеліктерін дұрыс түсіне отырып, оның қазіргі уақыттағы мәселелерімен өзара салыстырып оқыған жөн. Сонымен бірге, адвокатура мен нотариаттың қызметтерін зерттеуіне бағытталған қосымша әдебиеттерді оқыған дұрыс.

VII. Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөж бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар

1 Тапсырма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ КОНЦЕПЦИЯСЫ – 1 сағ.

1 Қазіргі уақыттағы сот жүйесінің жағдайына талдау жасау.

2 Мамандандырылған соттарды одан әрі дамытудың қажеттілігі туралы мәселелер.

3 Жекелеген тергеу әрекеттеріне соттық бақылауды белгілеудің мәселелері.

4 Сот присяжныйлары институтын енгізу.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақстан Республикасы құқықтық және демократиялық мемлекет құруға бет алғандықтан, сот жүйесін реформалау қолға алына бастады. Себебі, сот жүйесінің қалыптасуы мен орнығуы көп жағдайда еліміздегі құқық жағдайына әсер етеді. Сондықтан, кейінге кезде мамандандырылған соттарды құру мен олардың қызметтерін одан әрі жетілдіру мәселелері белгілі бір бағытқа арналды. Сол себеппен, экономикалық, әкімшілік соттар құрылды, ал олар өздірінің тиімділігін барған сайын дәлелдеп отыр. ҚР-сы сот присяжныйлар институтын енгізу мәселелері өзекті бір мәселеге айналды. Сондықтан, сот присяжныйлар институтын елімізде қалыптастырудың қажеттілігі мен негіздеріне баға беру қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер Лекцияның №1,2,3 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

  1. Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының маңызды ережелерін жүзеге асыру барысына құқықтық талдау жасау.

  2. Сот билігі мемлекеттік билігінің дербес, тәуелсіз әрі мықты тармағы ретінде Қазақстан Республикасында орнығуына жасалған шараларға сипаттама беріңіз.

  3. Сот реформасының ережелерін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін басты заңдық актілерге жалпы сипаттама.

  4. Сот ісін жүргізуде тараптардың тең құқылығы мен жарыспалылығын қамтамасыз ету.

  5. Соттық бақылаудың түсінігі, мақсаты мен маңызы.

  6. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялардың тәуелсіздігін нығайту мәселелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]