Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

6 Тақырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

1.Жоғарғы соттың өкілеттігі.

2. Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы.

3. Жоғарғы сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес.

ҚР-сы Жоғарғы сотының өкілеттігі өз өкілеттігінің шегінде бірінші сатыдағы сот ретінде, апелляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істерді қараудан тұрады. ҚР-сы Конституциясының 81 бабы мен сот жүйесі туралы заңның 17 бабына сәйкес “ҚР-ның Жоғарғы соты жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа да істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады”.

Ол еліміздің барлық сот жүйесін басқарады және барлық төменгі тұрған соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады. ҚР-сы Жоғарғы сотының жоғарғы сот органы ретіндегі жағдайы Конституция мен тиісті заңдарда берілген өкілеттіктердің; оны құрудың ерекшеліктері мен тәртібінің сипатына; қаралатын істердің өзгешелігіне, сондай-ақ сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беретін ол шығаратын нормативтік қаулылардың елімізде қолданылатын құқық көзіне жататындығымен байланысты.

Бірінші саты бойынша істерді қарау Жоғарғы сотта іс жүргізу заңнамасында белгіленген жалпы тәртіп бойынша үкім, қаулы, шешім немесе ұйғарым шығара отырып жүргізіледі.

Бірінші саты бойынша қылмыстық істерді қараудың ерекшелігі соттылықтың дербес белгілеріне шарттастырылған олардың өзгешілігі болып табылады. Мәселен, ҚР-сы ҚІЖК-нің 292 бабының 2 тармағына сәйкес, Жоғарғы сот бірінші саты бойынша қарайды:

  1. адамның ҚР-сы Президентінің міндеттерін атқаруы кезеңінде жасаған мемлекеттік опасыздығы туралы;

  2. адамдардың ҚР-сы Жоғарғы соты судьялары, ҚР-сы Парламентінің депутаты, ҚР-сы Бас прокуроры, ҚР-сы Конституциялық кеңесінің төрағасы не мүшесі міндеттерін атқару кезеңіндегі жасаған қылмыстары;

3 ҚР-сы Үкіметі мүшелірінің, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ ҚР-сы Президентіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жасаған қылмыстары туралы істер жатады.

Қарауына жататын азаматтық істер заңда нақты айқындалмаған: ҚР-сы Жоғарғы соты тек істің қаралуына қатысы бар адамдардың келісімімен кез келген соттан кез келген істі алуға және өзіне іс жүргізуге қабылдауға құқығы бар. Әдетте, бұлар ерекше күрделі немесе айрықша маңызды істер.

Мемлекеттің жоғарғы сот органы бола отырып, Жоғарғы сот іс жүргізу заңнамасында көзделген нысандарда соттардың нақты азаматтық, қылмыстық істердің шешуінің заңдылығы мен негізділігін тексеру арқылы төменгі тұрған соттардың сот қызметтерін қадағалауды жүзеге асырады.

Жоғарғы сот жүзеге асыратын сот қадағалауының нысаны сот істерін апелляциялық тәртіппен, сот қадағалауы тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қайта қарау болып табылады.

ҚР-сы Жоғарғы соты облыстық соттар үшін апелляциялық саты бола отырып, облыстық сот алқасының заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне наразылықтар мен шағымдар бойынша істерді қарайды. Қадағалау тәртібімен ҚР-сы Жоғарғы соты республикадағы барлық соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен шешімдеріне ҚР-сы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.

Сонымен қатар, ҚР-сы Жоғарғы соты, егер тиісті іс бойынша қадағалау тәртібімен осы соттың қадағалау алқасының қаулысы болған жағдайларда, жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істі қайта қарауға құқылы.

Жоғарғы сот жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын барлық істер бойынша соңғы сот сатысы болып табылады.

2. Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы.

Негізгі және орта буындағы соттардан айырмашылығы Жоғарғы соттың судьялық корпусын құрамында төраға, сот алқалырының төрағалары мен тұрақты судьялармен ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің ұсынымына негізделген ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша ҚР-сы Парламентінің Сенаты сайлайды.

Жоғарғы соттың сандық құрамын Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті белгілейді.

Сот жүйесі туралы заңның 17 бабының 2 тармағына сәйкес:

  1. өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен матариалдарын қарайды;

  1. сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

  1. сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

  2. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы сот құрылымы мен құрамы аталған заңның 18 бабында айқындалған. Жоғарғы сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті белгілейді.

Жоғарғы сот органдары мыналар:

  1. қадағалау алқасы;

  1. азаматтық істер жөніндегі алқа;

  1. қылмыстық істер жөніндегі алқа;

  2. соттың жалпы отырысы.

Жоғарғы соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес және баспа органы құрылады.

Жоғарғы сот төрағасы.

Жоғарғы сот төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

  1. судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

  1. қадағалау алқасын басқарады, алқада сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

  1. Жоғарғы соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

  2. Жоғарғы соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;

  3. Жоғарғы соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы соттың жалпы отырысы хатшысының және ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;

  4. және т.б. өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы сот төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімімен бұрын тоқтатылған басқа да жағдайда төрағанің міндетін уақытша атқаруды ҚР-сы Президенті Жоғарғы сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.

Сот алқалары.

Сот алқалары олардың төрағалары мен Жоғарғы соттың судьяларынан тұрады: олардың құрамын Жоғарғы соттың төрағасы бекітеді.

Сот жүйесі туралы заңның 19 бабында Жоғарғы сот алқасның құрамы айқындалған:

  1. Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы соттың төрағасы басқарады.

  1. әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.

  1. қадағалау алқасы Жоғарғы сотттың жалпы отырысында жасырын дауыс бері арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4. Жоғарғы соттың төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Жоғарғы соттың сот алқалары бірінші саты бойынша, апелляциялық, сондай-ақ қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша сот істерін қарайды.

Сот алқалары бірінші сатыдағы сот ретінде ҚР-сы Жоғарғы сотының құзіретіне заңмен жатқызылған азаматтық, қылмыстық істерді қарайды және шешеді. Қылмыстық істер жөніндегі алқасы шығарған үкімдерге аппелляциялық та, қадағалау тәртібімен де наразылық келтірілуі және шағым берілуі мүмкін. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімдері оларды жария еткеннен кейін дереу заңды күшіне енеді және тек сот қадағалауы тәртібімен Жоғарғы соттың қадағалау алқасына наразылық білдірілуі мүмкін.

Сот алқалары облыстық соттар үшін аппеляциялық саты болып табылады. Олар облыстық соттағы сот алқаларының заңды күшіне енбеген үкімдерге және шешімдерге шағым мен наразылық бойынша істерді қарауға құқылы.

Жоғарғы сот алқасының төрағасы.

  1. Жоғарғы сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқаруымен қатар:

  1. алқаның сот отырыстарында төрағалық етеді;

  1. сот практикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

  1. Жоғарғы соттың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді;

  2. Жоғарғы соттың жалпы отырысын алқа қызметі туралы ақпарат береді;

  3. заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Алқа төрағасы орнында уақытша болмаған жағдайда оның міндетін атқару Жоғарғы сот төрағасының өкімі бойынша алқа судьяларының біріне жүктеледі.

Жоғарғы соттың қадағалау алқасы Жоғарғы соттың төрағасынан және жалпы отырыста жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Қадағалау алқасының сот алқаларынан айырмашылығы сот істерін қадағалау ретінде қарайды; сонымен қатар, ұйымдастыру функцияларын да жүзеге асырады.

Қадағалау сатысындағы сот ретінде қадағалау алқасы:

  1. бірінші саты бойынша істі қарау кезінде ҚР-сы Жоғарғы соты алқасының үкімдеріне, қаулыларына;

  1. аппелляциялық және қадағалау тәртібімен істі қарау кезінде шығарылған ҚР-сы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа қаулыларына.

Тұрақты жұмыс істейтін сот алқаларынан айырмашылығы қадағалау алқасының отырысы жиі, қажеттілігіне қарай кемінде айына бір рет өткізіледі. Қадағалау алқасы оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда заңд болып табылады. Қадағалау алқасының қаулысы дауыс беруге қатысқан қадағалау алқасы мүшелерінің ашық дауыс беруімен қабылданады және оған төрағалық етуші қол қояды.

Жалпы отырыс.

Жалпы отырыс ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасынан, сот алқалары төрағаларынан және барлық судьялардың жиналысын білдіреді. Жалпы отырыс үнемі жұмыс істемейді, қажеттіліген қарай жиі, бірақ кемінде бір жылда екі рет шақырылады. Оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, онда оның отырысы заңды болып есептеледі.

Жалпы отырыстың қаулысы дауыс беруге қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс санын есептеуді жалпы отырыстың хатшысы жүргізеді. Жалпы отырыстың қаулысы жазбаша түрде рәсімделеді және оған Жоғарғы сот төрағасы мен жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.

Заңнаманы қолдануға байланысты мәселелер бойынша жалпы отырыстың қаулысы республикада бірыңғай сот практикасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге, олар тек соттардың ғана емес, қаулыда түсінік берілген, заңды қолданатын басқа да органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы қолданылатын құқық көздеріне жатады. Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларына заңнаманы қолдану мәселелері бойынша соттың түсініктері қамтылған және сот ісін жүргізу тұжырымдалған қаулылар жатады. ҚР-сындағы барлық соттар үшін міндетті болып табылатын мұндай нормативтік қаулылар сот практикасында тек заңнаманы, соның ішінде ҚР-сы Конституциясын қолдану мәселелері бойынша шығарылуы мүмкін.

Жоғарғы соттың жалпы отырысы:

1.алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;

  1. сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша ҚР-сы соттарының сот төрелігін іске асыру кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

  2. сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

  3. Жоғарғы сот алқалары төрағаларының және уәкілетті орган басшысының хабарламасын тыңдайды;

  4. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жалпы отырыс оған Жоғарғы сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

Жоғарғы сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзі бекітетін регламентпен белгіленеді.

Жоғарғы сот жанынан ғылыми-консультативтік кеңес құрылады, оның құрамы Жоғарғы соттың жалпы отырысында Жоғарғы сот мүшелері, тәжірибелі қызметкерлер мен құқық саласындағы ғалымдар кіреді. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, ғалым хатшы кіреді.

Ғылыми-консультативтік кеңес екі секциядан тұрады:

  1. азаматтық-құқықтық секция (конституциялық, азаматтық, еңбек, неке отбасылық құқықтар және азаматтық іс жүргізу;

  2. қылмыстық-құқықтық секция (қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу).

Ғылыми-консультативтік кеңес сот тәжірибесін, Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының жобаларын, сот тәжірибесі шолуларының жобаларын, әдістемелік хаттар мен басқа да құжаттарды зерделеуге және жинақтауға байланысты материалдардың дайындалуын қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып табылады. Ғылыми-консультативтік кеңем соттар мен ғылыми заң мекемелері арасындағы байланысты нығайтуга жәрдемдеседі.

Жоғарғы сот аппараты. Жоғарғы соттың оны ұстауға бөлінген қаражат шегінде Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті бекіткен өз аппараты, құрылымы мен штаттары болады. Аппарат өз өкілеттіктерін жүзеге асыру, сот тәжірибесін жинақтау және сот статистикасын талдау, судьялар мен процеске қатысушыларды қорғау, сондай-ақ басқа да функцияларды орындау бойынша Жоғарғы сот судьяларының қызметін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы сот аппараты мынадай бөлімшелерден тұрады:

  • Жоғарғы соттың аппараты;

  • Жоғарғы сот төрғасының хатшылығы;

  • жалпы бөлім;

  • ұйымдастыру-талдау бөлімі;

  • кадр жұмысы басқармасы;

  • материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы;

  • баспасөз қызметі;

  • халықаралық байланыс және хаттама бөлісі;

  • заң шығару жұмыстары жөніндегі сектор;

  • және т.б.

Жоғарғы сот аппаратының құрылымдық бөлімшелері мынадай функцияларды орындайды:

  • іс қағаздарын жүрізуді ұйымдастыру, келіп түсетін істерді, материалдарды, хаттарды, арыздар мен шағымдарды қабылдау, есепке алу және бақылау;

  • шығыс істерді, құжаттар мен басқа да хат хабардарды рәсімдеу және және жөнелту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру, судьяларды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Жоғарғы сот жұмысының жұмыс жоспарларын дайындау және әзірлеу; сот тәжірибесін жерделеу және жинақтау, сот статистикасын талдау; сот алқалары, Жоғарғы сот қызметі туралы есептер, ақпараттық, шолу және басқа да анықтамалар дайындау;

  • Жалпы отырыстар үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар қабылдау және т.б. Жұмысты бөлімдерде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде меңгерушілер, ал аппараттың барлық жұмысын аппарат басшысы бақылайды және ұйымдастырады. Аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару Жоғарғы сот төрағасына жүктелген.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. Концепция развития судебной системы Республики Казахстан (проект). - "Юридическая газета" от 8 августа 2001 года, № 36 (404).

  6. "О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан" Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года, № 440.

  7. Конституционный Закон Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" от 25 декабря 2000 года, № 132-II. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000, № 23, ст. 410; "Казахстанская правда" от 30 декабря 2000 года, № 334-335; "Юридическая газета" от 10 января 2001 года, № 1.

  8. "О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования". - Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года, № 471 10 .

  9. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  10. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  11. Темирбулатов С.Г. О некоторых вопросах конституционной законности. // Закон и время, 1996, № 4.

  12. Туякбаев Ж.А. Развитие прокуратуры Казахстана в период государственно-правовой реформы. // Автореф. диссертации на соискание ученой степени канд. юрид. наук. - М., 1997.

  13. Бахтыбаев И.Ж. Конституционный надзор прокуратуры Республики Казахстан. - Алматы: "Жети Жаргы", 2000.

  14. Бойков А.Д. Третья власть в России. ( Очерки о правосудии, законности и судебной реформе). - М., 1997.

  15. Беленков Р.А. Правоохранительные органы (конспект лекций). М.: "Приор", 2000.

  16. Чувилев А.А., Чувилев А.А. Правоохранительные органы. М.: "Юриспруденция", 2000.

  17. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. М.: "Зерцало", 2000.

  18. Когамов М.Ч. Судебная власть и повышение эффективности расследования уголовных дел. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  19. Мухамеджанов Б.А. Авторитет судебной власти - авторитет государства. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  20. Сарсембаев М.А. Таможенное право. - Алматы: "Данекер", 2000.

  21. Алиев Р.М. Налоговая полиция в системе обеспечения экономической безопасности Республики Казахстан. - // Научные труды Академии налоговой полиции, вып.1, Алматы, 2000, с. 5-9.

  22. Нуртаев Р. Проблемы гуманизации уголовной политики в отправлении правосудия. - // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с.169.

  23. Алпысбаева М.А. Правовое положение УВД области в системе органов внутренних дел Республики Казахстан. - Алматы: "Данекер", 2000.

  24. Стецовский Ю.И. Судебная власть. М.: "Дело", 1999.

  25. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в Республике Казахстан. Алмата, 1999.

  26. Тленчиева Г.Д. Судебно-правовая реформа требует новых подходов. - // Тура би, № 1, 1999, с. 18-2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]