Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

Сұрақтар:

  1. Мамандандырылған прокуратураларды ұйымдастыру қажеттілігі неде.

  2. Аумақтық прокуратура органдары мен мамандандырылған прокуратуралардың жалпы және нақты міндеттері қандай.

  3. Мамандандырылған прокуратуралардың қызметтерін реттейтін құқықтық актілер қандай.

  4. Мамандандырылған прокуратура қызметкерлеріне қойылатын талаптар қандай.

Тапсырма 10. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары

  1. Қылмыстарды алдын алу, анықтау және тергеу - құқық қорғау қызметінің бір бағыты ретінде.

  2. Сот төрелігі мен алдын ала тергеу, олардың байланысы.

  3. Прокурорлық қадағалау мен алдын ала тергеу, олардың байланысы.

  4. Анықтау органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері.

  5. Алдын ала тергеу органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері.

  6. Ішкі істер органдарының тергеу аппараты.

  7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппараты.

  8. Қаржы полиция органдарының тергеу аппараты.

  9. Тергеуші, оған қойылатын талаптар және оның өкілеттіктері.

Әдістемелік ұсыныстар:

Құқық қорғау қызметінің маңызды бір бағыты ретінде өзінің тиімділігін көрсетіп отырған ол қылмыстарды алдын алу, анықтау мен тергеу. Соның нәтижесінде, алдын ала тергеу сот төрелігі және прокурорлық қадағалаумен тығыз байланыста және студенттер олардың арасындағы байланыстарға баға беру қажет. Алдын ала тергеу қызметтері алуан түрлі және күрделі қызмет, сондықтан оны бірқатар органдар атқарып келеді. Осы органдардың міндеттерін, өкілеттіктері және жүйесін жақсы меңгеру қажеттілігі туындалады. Қылмыстарды алдын алу, анықтау және тергеу қызметін саралауда алдымен осы органдардағы тергеу аппаратын зерттеу қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның 12 тақырыбында берілген.

Сұрақтар:

  1. Қылмыстар қоғамға және азаматтарға әкелетін зардаптардың ерекшеліктері.

  2. Қылмыстарды алдын алу, анықтау мен оларды жою қызметтері мемлекетте неліктен маңызды орын алады.

  3. Құқық қорғау органдары жүйесіндегі алдын ала тергеу органдарының алатын орны, рөлі мен маңызы қандай.

  4. Алдын ала тергеу органдарының қызметтері қандай құқықтық актілермен реттелді.

  5. Алдын ала тергеу органдарының міндеттерін атап шығыңыз.

  6. Қандай құқық қорғау органдарында тергеушілер бар.

Тақырып 11. Қр-ның Әділет органдары

  1. ҚР-сы Әділет министрлігінің мақсаттары мен міндеттері.

  2. ҚР-сы Әділет министрлігі қызметтерінің басты бағыттары мен мазмұны.

  3. ҚР-сы Әділет министрлігінің заң жобаларын дайындау жұмыстарын жүзеге асыру ерекшеліктері.

  4. Әділет органдарының жүйесі.

  5. Әділет органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы.

Әдістемелік ұсыныстар:

ҚР-сы Әділет министрлігі құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ішінде ерекше орын алады. ҚР-сы Әділет Министрлігінің мақсаттары мен міндеттерін зерттеу алдымен, осы органның қалыптасуы мен даму тарихына көңіл бөлу қажет. Себебі, Әділет министрлігі кейінгі жылдары бірқатар қайта құрулардан, реформалардан бастан кешті. Әділет министрлігінің басты қызметі заң жобаларын дайындау болғандықтан, осы қызметтен басқа жүзеге асыратын жұмыстардың көлемі де зерттелеуі тиіс. Сонымен бірге, студенттер әділет органдарының жүйесін жақсы меңгеру керек, ол сол органның қызметтерін дұрыс игеруіне әсер етеді. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №10 тақырыбында берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]