Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:

  1. прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, заңды түсіндіру;

  2. прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

Прокуратура органдарының жүйесі.

ҚР прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны Бас прокурор басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылмын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. Департаменттер, басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлар қызмет атқарады.

Бас прокуратураның өкілеттіктері:

  1. республика прокуратура органдарының іс қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестрілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;

  2. Республика заңдарының орындалуын, заңдылықтың жай күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;

  3. прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  4. республика прокурату органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;

  5. заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;

  6. норма шығармашылық қызметіне қатысады;

  7. халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.

Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық жүйесін басқарады және Бас прокуратураға тікелей басшылықты жасайды.

Бас прокурор прокуратура органдарының қызметіне басшелық етеді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті, прокуратура жүйесінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін және аталған қызметкерлерді материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларын іске асыру тәртібін реттейтін бұйрықтар, нұсқаулықтар, өкімдер, ережелер шығарады.

Бас прокурор департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, кеңесшілерін, Бас прокурордың және оның орынбасарларының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерін, басқарамалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Бас прокурор заңға сәйкес прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік көтереді. Жыл сайын ҚР Президентке еліміздегі заңдылықтың және құқық тәртібінің жай күйі туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама ұсынады. Бас прокурор болмағанда немесе өз міндеттерін орындау орындау мүмкін болмаған жағдайда оларды оның бірінші орынбасары орындайды. Егер соңғысы да болмағанда немесе қандай да біо мән жайларға байланысты Бс прокурордың міндеттерін орындай алмаса, оларды орындау оның орынбасарларының біріне жүктеледі.

Бас прокурордың орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлуді Бас прокурор жүргізеді.

Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылым мен аумақтық бөлуге сәйкес құрылады. Әр облыста негізінен облыстың атауына сай келетін атауы бар прокуратура болады. Сонымен қатар, облыстық прокуратуралар құқығында Астана қаласының прокуратурасы және Алматы қаласының прокуратурасы, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді.

Облыстық прокуратураларын және оларға теңестірілген прокуратураларды ҚР Президенттің келісім бойынша Бас прокурор тағайындайтын прокурор басқарады. Облыс прокурорларының Бас прокурор тағайындайтын бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар өз құрылымына өз деңгейіндегі органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың заңдарды орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын басқармалар мен бөлімдерді, және қалалардың, аудандардың және өзге де әкімшілік аумақтық бөлімдердің прокуратураларының қызметін бақылауды қамтиды.

Облыс прокуроры. Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды Бас прокурор қызметке тағайындайды. Облыс прокурорлар Бас прокурорға есеп береді және оны қызметтен босатады. Олар қалалық және аудандық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне аумақта қолданылатын заңдардың негізінде басшлық етеді, барлық бағыныстағы қызметкерлердің орындауы міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер шағарады, өз аппаратының және қарамағындағы прокурорлардың штат кестелеріне Бас прокурор белгілеген штат саны мен ақы төлеу қорының шегінде өзгерістер енгізе алады.

Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өз отырыстарында прокурорлық органдардың қызметіндегі аса маңызды мәселелерді, Бас прокурордың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқарма және бөлім бастықтарының, төмен тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадраларды іріктейді, орналастырады және тәрбилеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талқылайды.

Аумақтық прокуратуралардың төменгі буыны қалалардағы және аудандардағы прокуратуралар болып табалады. Бірқатар жерлерде заң құзыры екі ауданға немесе ауданға және облыстық бағыныстағы қалаға қолданылатын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді.

Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорының ұсынуы бойынша Бас прокурор бес жыл мерзімге тағайындайды.

Жұмыс көлемі үлкен аудандардың және қалалардың прокуратураларының прокурорларында орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.

Аудан (қала) прокуроры.

Қалалар мен аудандардың прокуратураларын, оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. Оларды Бас прокурор қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары тұрған прокурор мен Бас прокурорға бағынады және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағыныстағы көмекшілердің, жұмысына басшылық жасау, оның барлық бағыттар бойынша қадағалауды жүзеге асыру және соттардың қылмыстық және азаматтық істерін қарауға қатысу кіреді. Аудандық бөлінісі бар қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың қызметіне басшылық етеді, жоғары тұрған прокурорларға өз аппаратының және бағынысты прокурорлардың штат санын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныс енгізеді.

Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колония және түрмелер) заңдардың орындалуына қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.

Әскери, көлік және табиғат қорғау прокуратуралары аудандарға теңестірілген прокуратураларға және облыстарға теңестірілген прокуратураларға бөлінеді. Мамандандырылған прокуратуралардың төменгі буыны тиісті жоғары тұрған прокуратуралардың қарамағына кіреді. Прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралардың құқығында Алматы, Целинный және Батыс Қазақстан көлік прокуратуралары жұмыс істейді.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. октября 2000 года, № 471 10 .

  6. О Прокуратуре Республики Казахстан. - Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года, № 2709 - // Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995, № 24, ст.156.

  7. Об органах внутренних дел Республики Казахстан. - Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года. - // Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995, № 23, ст. 154.

  8. Закон Республики Казахстан "Об органах национальной безопасности" от 21 декабря 1995 года, № 2710. - // Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 24, ст. 157.

  9. Закон Республики Казахстан "Об органах финансовой полиции Республики Казахстан" от 4 июля 2002 года, № 336.

  10. Закон Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан" от 20 июля 1995 года, № 2368.- // Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995, № 13, 23, ст.152.

  11. ст.206.

  12. Закон Республики Казахстан "Об оперативно-розыскной деятельности" от 15 сентября 1994 года. - // Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 13, ст. 199.

  13. Назарбаев Н.А. Наша Конституция - это осознанный выбор народа Казахстана. - "Казахстанская правда" от 30 августа 2002 года

  14. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  15. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  16. Темирбулатов С.Г. О некоторых вопросах конституционной законности. // Закон и время, 1996, № 4.

  17. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть. Алматы., 2001.

  18. Алиев М.М. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. Астана., 2004.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]