Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

2 Тапсырма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - 1 сағ.

  1. Жоғарғы сот - Қазақстан Республикасының жоғарғы сот органы.

  2. Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы: сот алқалары. Қадағалау алқасы. Жалпы сот отырысы. Олардың құрамы мен өкілеттіктері.

  3. Жоғарғы соттың аппараты. Жұмыстарды ұйымдастыру.

  4. Соттардың қызметтерін ұйымдастырудың түсінігі мен міндеттері.

  5. Жоғарғы сот кеңесі, құру тәртіптері, құрамы және өкілеттіктері.

  6. Әділет біліктілік алқасы, құру тәртіптері, құрамы және өкілеттіктері.

Әдістемелік нұсқаулар:

ҚР-сы Жоғарғы сотының елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауына өзіндік үлесі зор. Жоғарғы сот қылмыстық, азаматтық және басқада істер бойынша қарайтын жоғары тұратын буынды сот. Сондықтан, Жоғарғы сот белгілі бір жағдайларда сот төрелігі қалыпты жүзеге асырылуына әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге іс бойынша заңды әрі әділ үкім шығуына өз септігін тигізеді. Жоғарғы сотты дұрыс түсіну үшін алдымен олардың құрылысы мен өкілеттіктерін меңгеру қажет. Жоғарғы сот құрылысы күрделі және ауқымды. Жоғарғы сот дұрыс жұмыс жасауына оның аппараты көмектеседі. Соның нәтижесінде, сол аппараттың жұмысын білу қажеттілігі туындалады.

Соттардың қызметтерін ұйымдастыруда ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы үлкен қызметтер атқарады. Аталған органдардың қызметтері алуан түрлі, көп қырлы сипатта келеді. Сондықтан, Жоғары сот кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметтерін зерттеуде сол мәселелерге көңіл бөлу басты орынға шығуы қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №6,9 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

1 Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының құрылысының схемасын жасаңыз.

2 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға құқықтық талдау беріңіз.

3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сот корпусын құру тәртіптері.

4 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының соттылығы және істерді қараудың тәртіптері.

5 Жоғарғы сот органдарының өкілеттіктеріне сипаттама беріңіз.

6 28 мамыр 2001 жылғы «Жоғарғы сот кеңесі» туралы заңға сипаттама беріңіз.

  1. Әділет біліктілік алқасының мақсаты, маңызы мен өкілеттіктері.

Тапсырма 3

ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ - 1 сағ.

1 Қазақстан Республикасында жоғары қадағалау ретінде прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен басты белгілері.

2 Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері.

3 Прокуратура органдарының жүйесі және олардың сипаттамалары.

4 Прокуратура органдары қызметтерінің басты бағыттары.

5 Прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен оның салалары.

6 Прокуратура органдарының құқықтық актілері.

Әдістемелік нұсқаулар:

ҚР-сы прокуратура органдары елімізде заңдардың орындалуы мен сақталуына өзіндік бір үлесін қосып отыр. Себебі, прокуратура органдары ғана прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің маңызды әрі дербес, ерекше қызметінің бірі болғандықтан, мұқият көңіл бөлу керек. Прокурорлық қадағалау дұрыс жүзеге асырылуы үшін, ол нақты принциптерге бағынады. Ол прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері. Прокуратура органдары орталықтандырылған және біртұтас принципіне сәйкес, нақты бір, қатаң белгіленген жүйеден тұрады. Прокуратура органдарының жүйесі күрделі болғандықтан, оған аса көңіл бөлу қажет. Сонымен бірге, студенттер прокуратура органдарын дұрыс түсіну үшін прокуратура органдарының қызметтерін басты бағыттарына да баға беру тиіс. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №11 тақырыбында берілген.

Сұрақтар:

1 «Прокурорлық қадағалау», «қадағалау», «тексеру» ұғымдарына түсінік беріңіз.

2 Аталған ұғымдардың басты белгілерін атап шығыңыз.

3 «Прокурорлық қадағалау» және «прокуратура органдарының қызметтері» түсініктерінің ара қатынасын анықтаңыз.

4 Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың құқықтық негізі.

5 Прокуратура органдарының жүйесі. Мамандандырылған прокуратура органдарының қызметтерінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

6 Прокуратура органдарының басты бағыттарын схема түсіріңіз.

7 Прокуратура органдарының құқықтық актілерінің түрлері және олардың жіктелуі. Оларға жалпы сипаттама.

8 Прокурорлардың құқықтық жағдайы: құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері.

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының өкілеттіктері.

Тапсырма 4. Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері

  1. Сот сатыларының түсінігі, маңызы мен белгілері.

  2. Сот сатыларының түрлері.

  3. Бірінші сатылы сот, оның түсінігі мен маңызы.

  4. Апелляциялық сатылы сот, оның түсінігі мен маңызы.

  5. Қадағалау сатылы сот, оның түсінігі мен маңызы.

Әдістемелік ұсыныстар:

Сот жүйесінде сот сатылары маңызды орын алады. Себебі, сот сатылары істер бойынша заңды әрі әділ үкім шығауына әсер етеді. Сондықтан, сот төрелігі мен сот сатылары бір бірімен тығыз байланысты. ҚР-нда сот сатылары нақты құрылған. Сол себеппен, елімізде 1-ші сатылы сот, апелляциялық сатылы сот, қадағалау сатылы сот қалыптасқан. Міне, осы сот сатыларын дұрыс түсіну қажет. Сот сатыларының бір бірімен ерекшеліктері, айырмашылықтарын ескеру қажет. Сот сатыларын дұрыс түсінген жағдайда ғана сот төрелігін жақсы меңгеруге әсер ететіндігін ескеру керек. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның № 1,2,3 тақырыптарында берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]