Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

I. Түсіндірме беретін жазба

«Заңтану» мамандығы бойынша оқитын студенттер басты пәндердің бірі ретінде, осы мамандық үшін қажетті пәндердің бірі болып табылатын, негізгі ұғымдар мен түсініктерді қамтитын “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” курсын оқуы керек. Оларды білмейінше оқу бағдарламаның басқа тақырыптарын менгеруде қиындық туындайды. “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” курсы мемлекеттің маңызды деген құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдар мен ұйымдардың қызметтері, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін және аталған құқық қорғау органдарының бір бірімен қатынас жасау ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

Оқытудың кредиттік технологияға өту жағдайларында оқу-педагогикалық процесінің алдында келесі мәселелер тұр, оқу пәні ретінде “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” ерекшеліктерін нақты айқындау қажеттілігімен байланысты, кез келген студентке оның артықшылығы мен маңыздылығын жеткізу, оларға аталмыш ғылымның заңдық пәндер мен гуманитарлық білім жүйесіндегі оның алатын орнын көрсету.

Мүмкіндігінше, кредиттік жүйенің құрамдас бөліктерін толық көлемде жұмылдыру: қарастыратын тақырып бойынша дәріс алдында студенттерге «дайындық материалдар» ұсыну, СОӨЖ, СӨЖ мен семинар сабақтарына дайындалу мақсатында баяндамаларды бөліп беру, оқытушы студенттерге жеке кеңес беру, аралық бақылау өткізу, студенттердің білімін тексеруде тестілеуді және т.б. қолдану.

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәнін оқытудың мақсаты студенттерді қазіргі кездегі мемлекетте жүзеге асырылатын құқық қорғау қызметтері, олардың ерекшеліктері жайлы білімдерге жетелеу, оның түрлері, нысандары, және функциялары туралы, сот билігінің түсінігі, сот төрелігінің маңызы, прокурорлық қадағалау мазмұнын, құқық қорғау қызметтерін жүргізу кезінде адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады.

Пәнді оқып үйренудегі міндеттер:

  • Студенттердің заңи ойлауын, кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  • Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларды дұрыс бағдар жасау қабілетін жетілдіру.

  • Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтері туралы толық мағлұматтарды меңгеруіне әсер ету.

  • Сот билігі мен сот төрелігінің маңызы мен белгілерін дұрыс түсіну және олардың ерекшеліктері туралы білімдерді қалыптастыру.

  • Еліміздегі прокурорлық қадағалаудың мазмұны мен маңызын нақты түсінуіне жетелеу.

  • Қазақстан Республикасындағы алдын ала тергеу органдарының қызметтерінің ерекшеліктерін ажырата алуына септігін тигізу.

ІI. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус)

1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Жаубасов Бауыржан Жанатұлы - қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты.

Қазақ Гуманитарлық-Заң университеті, халықаралық және ұлттық құқық факультеті, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, каб. 352.

Жұмыс телефоны: 8 7172 70-30-45, e-mail: zhaubassov_b@mail.ru

  1. Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту басталғанға дейін оқушылардың орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық, тарихи және қоғамтану білімдері болуы қажет. Олардың қатарына Қазақстан тарихы, Жалпы тарих, Құқық негіздері, Қоғамтану кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]