Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

7 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы судьяларының құқықтық мәртебесі.

    1. Судьялар - сот билігін жүргізушілер. Судьялардың құқықтық мәртебесі және оны заңнамалық реттеу.

    2. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері.

    3. Судьяларға өкілеттік беру тәртібі және судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар.

    4. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі. Тәртіптік істерді қарайтын органдар.

    5. Судьялар қоғамдастығы органдары.

1995 жылғы ҚР-сы Конституциясы сот билігін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде бөліп алып, заң шығарушылық және атқарушылық биліктен бөлуді жария етті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың, мемлекеттік құқық туралы барлық жан жалдар мен дауларды шешетін төрешінің, екіншіден, мемлекетте заңдылық режимінің орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ететін органдардың рөлі берілген.

Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттіктерін кәсіптік негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады.

Судьялардың құқықтық мәртебесі судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығын, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеушілігін қамтиды. Тәуелсіздік судьяның тәуелсіздігін және тек Конституцияға бағынатындығын көрсетеді. Ешкімнің де сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай да бір ықпал етуге құқығы жоқ. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.

Судьялардың құқықтық мәртебесі соттарды құру тәртібін, оларды ұйымдастыру қағидаттары мен қызметін, сот жүйесін, әрбір сот буының құрамын, құрылымын, құзіретін, сондай-ақ судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесін құрайтын ҚР-сы сот билігі заңнамасымен реттеледі.

Соттардың қызметін және судьялардың мәртебесін реттейтін негізгі құжаттар ҚР-сы Конституциясы мен сот жүйесі туралы конституциялық заң болып табылады.

  1. ҚР-сы Конституциясының 77 бабының 1 тармағына және сот жүйесі туралы конституциялық заңның 25 бабына сәйкес сот төрелігін атқару кезінде судья тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьялар оларға заңмен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде атқарушылық және заң шығарушылық мемлекеттік билік тармағының қандай да бір органы мен лауазымды адамына бағынбайды және жоғары тұрған сот сатыларына есеп бермейді.

Сот істерін қарау кезінде сот талқылауына қатысушылардың пікіріне байланысты емес, айыптау жағында, қорғау жағында қолдамайды. Судья істі қарау кезінде әділ болуға және қаралған дәлелдемелерге баға беруге негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға және бұл ретте тек Конституцияға мен заңды басшылыққа алуға тиіс.

Судьяның тәуелсіздігі Конституция мен заңда қорғалады және:

  • сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;

  • оның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын

араласумен жауапкершілігіне қауіп төндіруге тыйым салумен;

  • сотты сыйламағандығы үшін жауапкершілік белгілеумен;

  • белгіленген тәртіппен судьяны қызметке сайлау, тағайындау,

өкілеттігін тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, оның орнынан түсу құқығымен;

  • судьяларға мемлекет есебімен олардың мәртебесіне сәйкес

материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру арқылы қаматамасыз етіледі.

  1. Сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, аудандық соттың судьясы болып жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағлымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған ҚР-ның азаматы тағайындалуы мүмкін.

Көрсетілген талаптармен қатар, жаса, білім, кәсіпқойлық және моральдық шек қойылады. Бұл жеткілікті теориялық білім мен практикалық тәжірибенің болуымен қатар, жылдар бойы жинақталатын адаигершілік тазалықты талап ететін сот қызметінің өзгешілігіне байланысты. Судья ұқыпты әрі тәрбиелі адам, биязы мінезді, барлық жағдайларда өзін өзі ұстай білуге тиіс. Шыдамсыздық, ашуланшақтық, тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды төзіммен мыңдай білмеу төрелік шешімдердің адал шығарылуына кедергі келтіреді. Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларына сәйкес сот лауазымына үміткерлердің жоғары моральдық қасиеті мен қабілеті болуға тиіс.

    1. Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1 тармағының талаптарына сай келетін адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген, қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет біліктілік алқасы жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы лауазымының бос орнына кандидатураларды Жоғарғы сот төрағасы тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып, енгізген ұсыныс бойынша Әділет біліктілік алқасы қарайды.

Әділет біліктілік алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы қызметінің бос орнына кандидатты Әділет Министріне ұсынады, ол заңда белгіленген тәртіппен оны қызметке тағайындау үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады (көрсетілген заңның 30 бабының 2 тармағы).

Аудандық соттың судьясы Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды.

Аудандық соттардың төрағаларын Әділет министрінің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.

    1. Облыстық сот судьясы қызметіне кандидат іріктеуді бос қызмет орнында жұмыс істеуге өтініш берген және осы конституциялық заңның 29 бабының 2 тармағының талаптарына сай келетін адамдар конкурстық негізде Жоғарғы сот кеңесі жүзеге асырады. Жоғарғы сот кеңесі конкурстық қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандитатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады.

Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы сот төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды.

Жоғарғы сот кеңесі облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады.

Облыстық соттың судьясын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-сы Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.

  1. Жоғарғы сот алқасының төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы соттың төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасы, алқа төрағасы және судья қызметінің бос орнына кандидатураны ҚР-сы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады. ҚР-сы Жоғарғы сотының судьяларын ҚР-сы Президентінің Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

Жоғарғы соттың төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын

ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.

Жоғарғы соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкілеттіу мерзімдері аяқталғаннан кейін, егер олар бұрыңғы қызметтеріне енемесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.

  1. Сот жүйесі туралы заңның 27 бабында бекітілген судьяларға ешкімнің тиіспеуі судьяның қандайда бір жауапкершілікке тартылмайтынын білдірмейді. Осы заңның 39 бабына сәйкес мынадай бұзушылықтар үшін:

- егер судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзса, сот актісінің күшін жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескел бұзуға жол берілмеген және ол туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актісінде көрсетілмеген болса, өздігінен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды;

- егер судья қайшы келетін теріс қылық жасаса, бұл ретте қоғамдық орындарды мас күйінде жүру, бейпіл сөздер айту ұғынылады;

- еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Сот төрағалары және сот алқаларының төрағалары аталған заңда көзделген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңнамаға сәйкес судьяларға тәртіптік жазаның мына түрлері қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;

  • сөгіс;

  • біліктілік сыныбын төмендету;

  • қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметінен босату;

  • судья заңда көзделген негіздер бойынша судья қызметінен босату.

Әрбір тәртіп бұзушылық үшін тәртіптік теріс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кінәсінің дәрежесі ескеріле отырып, тек бір тәртіптік жаза қолданылады.

Тәртіптік іс қозғау құқығы:

  • ҚР-сы кез келген судьясына қатысты – Жоғарғы сот төрағасына;

  • Облыстық соттың алқа төрағасы мен судьяларына, аудандық соттың төрағасы мен судьяларына қатысты – облыстық сот төрағасына тиесілі болады;

Судьяға қатысты тәртіптік іс қарау, қызметтік тексеру мен судьяның дәлелді себептермен жұмыста болмаған уақыттын есепке алмағанда, теріс қылық анықталған күннен бастап – үш айдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қозғалуы мүмкін.

Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған сот актісі заңды күшіне енгізілген күн судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.

Тәртіптік іс қозғалған күнінен бастап екі ай мерзім ішінде қаралуға тиіс.

Тәртіптік істерді қарау жөніндегі органдар:

    1. Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қатысты тәртіптік істерді, сондай-ақ облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешімдеріне қатысты шағымдарды қарайды;

    2. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары облыстық соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік істерді қарайды.

Тәртіптік іс жөніндегі тәртіптік-біліктілік алқа:

  1. ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы;

  2. тәртіптік іс жүргізуді қысқарту туралы;

  3. қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін судьяның біліктілік сыныбын төмендету сот төрағасы немесе алқа төрағасын қызметінен босату және судьяның өкілеттігін тоқтату жөнінде тиісті органдарға немесе лауазымды тұлғаға ұсыныс жіберу туралы;

  4. төменгі тұрған тәртіптік-біліктілік алқаның шешімін өзгерту не оның күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін шығарады.

Егер судья жаа қолданылғна күннен бастап бір жыл бойы жаңадан тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.

Судья мінсіз тәртібімен өз міндеттерін адал атқарған жағдайда, тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін мерзімінен бұрын алынуы мүмкін.

Тәртіптік жазаны берген тәртіптік-біліктілік алқасы оны мерзімінен бұрын алуы мүмкін.

ҚР-сы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның немесе оның лауазымды тұлғасының кез келген әрекетіне не шешіміне белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін. Осы маңызды конституциялық принцип сот жүйесі туралы заңда көрсетілген. Аталған заңның 46 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының шешіміне өзіне қатысты шешім шығарылған судья, сондай-ақ тәртіптік іс қозғаған тұлға Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына шағымдануы мүмкін. Ал, Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

  1. Судьялар қоғамдастығы органдары

Судьяның өкілеттігі, егер:

  1. судья ҚР-сы Президентігіне, ҚР-сы Парламентінің немесе маслихатының депуттатығына кандидат болып тіркелінсе;

  2. судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кеткен деп танылса;

  3. судья қылмыстық жауапқа тартуға келісім берілсе;

  4. басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.

Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:

  1. Жоғарғы сот төрағасына қатысты - ҚР-сы Президенті;

  2. Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы сот төрағасы жүзеге асырады.

Судьяның өкілеттігі мынадай негіздерде:

  1. орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;

  2. медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

  3. судьяны іс әрекетке қабілетсіз немесе іс әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;

  4. осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

  5. ҚР-сының азаматтағынан айырылғанда;

  6. судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

  7. судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

  8. соттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, тоқтатылады.

Судьяның өкілеттігі судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе осы заңның 28 бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы шешіміне байланысты тоқтатылуы мүмкін.

Сот төрағасының не алқа төрағасының өкілеттіктері олар осы заңда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Судьяны қызметтен босату туралы шешім:

  1. Жоғарғы соттың төрағасы, алқа төрағалары мен сульяларына қатысты ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша - ҚР-сы Парламенті Сенатының қаулысымен;

  2. облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - ҚР-сы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

Судьяны қызметінен босату сонымен бір мезгілде тиісті соттың төрағасы немесе алқа төрағасы өкілеттіктерінің тоқтатылуына әкеп соғады.

Тиісті соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметінен босатуға әкеп соқпайды.

Судьяны орнынан түсуі нысанында қызметінен босату заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орнынан түскен судьяның:

  1. судьялар қоғамдастығында болуы және жеке басына тиіспеушілік кепілдіктері сақталады;

  2. судья ретіндегі жұмыс стажы бес жылдан кем болмаған жағдайда осы заңда көзделген жеңілдіктер сақталады;

  3. екі лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.

Зейнеткер жасына жеткенде және тиісті стажы мен еңбек сіңірген жылдары болған жағдайда судьяға қатысты ҚР-ның заңдарында көзделген шарттармен зейнетақы тағайындалады.

Судьяның орнынан түсуі:

  • судьяның қызметіне тағайындалғанда немесе оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрғанда;

  • ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда;

  • өз тілегі бойынша;

  • ҚР-ның азаматтығынан айырылғанда.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. Концепция развития судебной системы Республики Казахстан (проект). - "Юридическая газета" от 8 августа 2001 года, № 36 (404).

  6. "О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан" Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года, № 440.

  7. Конституционный Закон Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" от 25 декабря 2000 года, № 132-II. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000, № 23, ст. 410; "Казахстанская правда" от 30 декабря 2000 года, № 334-335; "Юридическая газета" от 10 января 2001 года, № 1.

  8. "О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования". - Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года, № 471 10 .

  9. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  10. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  11. Бойков А.Д. Третья власть в России. ( Очерки о правосудии, законности и судебной реформе). - М., 1997.

  12. Беленков Р.А. Правоохранительные органы (конспект лекций). М.: "Приор", 2000.

  13. Чувилев А.А., Чувилев А.А. Правоохранительные органы. М.: "Юриспруденция", 2000.

  14. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. М.: "Зерцало", 2000.

  15. Когамов М.Ч. Судебная власть и повышение эффективности расследования уголовных дел. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  16. Мухамеджанов Б.А. Авторитет судебной власти - авторитет государства. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  17. Стецовский Ю.И. Судебная власть. М.: "Дело", 1999.

  18. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в Республике Казахстан. Алмата, 1999.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]