Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

3. Курстың постреквизиттері:

Пәнді оқып игергеннен кейін “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы”, “ҚР Қылмыстық құқығы”, “Криминалистика”, “ҚР прокурорлық қадағалау”, “ҚР Адвокатурасы” және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып үйренген абзал.

4. Пәннің жалпы сипаттамасы:

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәні ретінде, ол барлық құқық қорғау қызметтері мен құқық қорғау органдарының қызметтеріне байланысты мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәні студенттерге мемлекеттегі құқық қорғау органдары туралы, қазіргі қоғам өміріндегі құқық қорғау қызметінің орны мен рөлі туралы, заңдылық, құқықшығармашылық пен құқық қолданушылық, құқық бұзушылық пен адам құқықтары мен бостандықтары туралы қазіргі білім жүйесін беруге арналған.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын” заң факультетінің бірінші курсында оқытудың мақсаты студенттерге құқық қорғау қызметінің, құқық қорғау органдарының қызметтерін құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, құқық қорғау органдары туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады.

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәнін оқып-үйрену барысында студенттер, сонымен бірге құқық қорғау қызметтерінің салалары бойынша білімдерді игереді, олардың қызметтерін реттейтін заңдармен танысады, заңнаманы даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардың тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының құқықтық мемлекетті қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады.

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәні ретінде белгілі бір мағынада мамандыққа кіріспе болып табылады, аталған курсты оқыту барысында қоғам өмірінің тиісті әрі маңызды құқық қорғау қызметтерінің дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, құқық қорғау органдарының практикасы шығармашылықпен пайдаланылады.

III. Дәрістің тақырыптық жоспары

Дәріс сабағы

Семинар сабағы

Модуль пәнінің тақырыбы

Көлемі

Модуль пәнінің тақырыбы

Көлемі

1

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” курсының түсінігі, пәні, міндеттері

1

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» курсының түсінігі, пәні, міндеттері

1

2

Қазақстан Республикасының сот билігі

2

Қазақстан Республикасының сот билігі

1

3

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

2

Сот төрелігі және оның принциптері

1

4

Сот төрелігі мен оның принциптері

1

Аудандық және оған теңестірілген соттар, Облыстық және оған теңестірілген соттар

1

5

Аудандық және оған теңестірілген соттар

1

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

1

6

Облыстық және оған теңестірілген соттар

1

7

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

1

1 аралық бақылау

5

8

Қазақстан Республикасының судьяларының мәртебесі

2

Қазақстан Республикасының судьялардың мәртебесі. Қазақстан Республикасы соттардың қызметтерін қамтамасыз ету

1

9

Қазақстан Республикасы соттардың қызметтерін қамтамасыз ету

1

Қазақстан Республикасы прокуратурасының қызметтері мен ұйымдастырылуы

1

10

Қазақстан Республикасы прокуратураның қызметі мен ұйымдастырылуы

2

Қылмыстарды ашу, жою және тергеуді ұйымдастыру

1

11

Қылмыстарды ашу, жою және тергеуді ұйымдастыру

2

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

1

12

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

2

Құқықтық көмек көрсету. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

13

Құқықтық көмек көрсету

1

2 аралық бақылау

5

14

Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

Барлығы

20

Барлығы

10

ІV. Пәннің мазмұны

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Бірінші кезекте құқық қорғау қызметтері, оның салалары, сот төрелігі, оның принциптері, сот билігі, сот жүйесі оқытылады. Бұл тақырыптарды оқу курсына 9 сағат дәріс арналады, аяқталған соң студенттер бірінші аралық бақылау тапсырады. Екінші кезекте судьялардың мәртебелері, соттардың қызметтерін қамтамасыз ету, прокуратура органдары, әділет органдары, алдын ала тергеу органдары, адвокатура мен нотариат мәселелері оқытылады. Бұл бөлімде 11 сағат дәріс арналған, дәріс аяқталған соң екінші аралық бақылау өткізіледі.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқытылатын бөлімдері

Мақсаты

Міндеттері

Нәтижесі

«ҚР-сы құқық қорғау органдары» курсының түсінігі, пәні, міндеттері.

ҚР-сы сот билігі.

ҚР-сы сот жүйесі.

Сот төрелігі және оның принциптері.

Аудандық және оған теңестірілген соттар.

Облыстық және оған теңестірілген соттар.

ҚР-сы Жоғарғы сот.

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының қызметтері, олардың маңызы мен ерекшеліктерін ашып көрсету, құқық қорғау қызметтерінің түсінігі мен салаларының мәнін анықтау, сонымен қатар, құқық қорғау органдары мемлекеттік органдары жүйесінде алатын орнын қарастыру.

1.Құқық қорғау қызметінің түсінігін және белгілерін ашып түсіну.

2. Құқық қорғау қызметірінің мәні мен салаларын талдау.

3.Сот билігі түсінігін анықтау мен саралау.

4.Сот билігінің нысандарының түсінігі және жіктелуін қарастыру.

5.Сот билігінің атқарушы, заң шығарушы биліктері түсінігін ажырата білу.

6.Сот төрелігі түсінігін және оны құрайтын элементтерді білу.

7.Сот төрелігі принциптерінің түсінігін және құрылымын анықтау. Сот төрелігінің белгілерінің ара қатынасын зерттеу.

8.Сот жүйесі түсінігі мен белгілерін толық меңгеру.

9.Аудандық және оған теңестірілген соттардың өкілеттіктерін анықтау.

10. Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот жүйесінде алатын орнын білу.

11. Жоғарғы сот еліміздегі ең жоғары сот буыны ретіндегі ерекшеліктерін қарастыру.

І аралық бақылу өткізіледі.

Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады.

Студенттер мемлекеттегі құқық қорғау органдары қызметтерінің құқықтық табиғаты, болмысы туралы толық, кең түсінік алуы керек. Құқық қорғау қызметінің басқа мемлекеттік қызметінің түсінігінен айыра білген жөн.

Құқық қорғау органдары қызметтерін дұрыс түсінбей заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелерін меңгеру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының судьялардың мәртебесі. Қазақстан Республикасы соттардың қызметтерін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы прокуратурасының қызметтері мен ұйымдастырылуы

Қылмыстарды ашу, жою және тергеуді ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

Құқықтық көмек көрсету. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

ҚР-сы судьялардың мәртебелерінің ерекшеліктерінің мазмұнына талдау жасау, соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін қарыстыру, прокуратура органдарының қызметтері, бағыттары, өкілеттіктерінің мазмұнын анықтау, әділет органдарының заң жобаларын дайындау жұмыстарының мәнін қарастыру, алдын ала тергеу мен анықтау органдарының қылмыстармен күресудегі қызметтерін зерделеу, адвокаттық және нотариаттық қызметтерінің мәнін ашып қарастыру

1.Судьялардың мәртебесінің түсінігі және олардың кепілдіктерін білу.

2.Судьяларға қойылатын талаптардың маңызын анықтау.

3.Соттардың қызметтерін қамтамасыз ету қызметінің мәні мен маңызын түсіну.

5.Соттардың қызметтерін қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын органдардың қайнар көзін білу.

6.Прокурорлық қадағалау түсінігі мен мәнін, пәнін ажырата алу.

7.Прокуратура органдары қызметтерінің түсінігі және белгілерін, жүйесін білу.

8.Прокурорлық қадағалау актілерінің түсінігі және оның құрылымын меңгеру.

9.Прокуратура органдарының жүйесінің түсінігі және түрлерін білу.

10.Алдын ала тергеу қызметінің түсінігі және нысандарын талдау.

Алдын ала тергеу органдарын білу.

11.Тергеуші және оларға қойылатын негізгі талаптарды білу.

12.Әділет органдары қызметінің түсінігін, құрылымын және жүйесін білу.

13.Заң жобаларды дайындау жұмыстарының түсінігін аша алуы.

14.Адвокаттық қызметтің түсінігін, құрылымын және түрлерін білу.

15.Адвокаттар алқасы және оның органдарын білу.

16.Нотариалдық қызметтің түсінігін және олардың жіктелуін толық меңгеру.

ІІ аралық бақылау өткізу.

Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады.

Заң факультет студенттері құқық және құқықтық жүйе бойынша теориялық біліммен жабдықталуы қажет. Сонымен қоса заңдылық, тәртіп және құқықбұзушылық ұғымын жете меңгерген дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]