Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

9 Тақырып. Қр-ның Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметтерінің құқықтық негіздері

  1. Жоғары сот кеңесі, оның құрамы, құрылу тәртібі мен өкілеттіктері.

  2. Әділет біліктілік алқасы, оның құрамы, құрылу тәртібі мен өкілеттіктері.

Халықаралық принциптерге сәйкес, сот билігінің судьялардың мінез құлқын бақылайтын, оларды қызметке тағайындау, ауыстыру, көтеру, магистраттардың (судьялардың, прокурорлардың, сот тергеушінің) тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені шешетін арнайы органы болуы тиіс. Бұл орган соттарды бақылайды, судья лауазымына тағайындауға үміткерлерді ұсынады. Ол әр түрлі, мысалы Италияда, Францияда - Жоғары магистратура кеңесі, Украинада - Жоғары әділет кеңесі деп аталады. Әдетте, мұндай органның құрамына Жоғарғы сот төрағасы, Әділет Министрі, Бас прокурор кіреді: оның мүшелерінің жартысын мемлекет басшысы тағайындауы мүмкін, жартысын судьялардың жалпы мемлекеттік съезінде сайлануы мүмкін.

ҚР-сы Жоғары сот кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы тәуелсіз және дербес әрі елімізде судьялық корпусты қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҚР Жоғары сот кеңесі “Жоғары сот кеңесі туралы” 2001 жылғы 28 мамырдағы заңына сәйкес, ҚР-сы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҚР Президентінің конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында Президентке, қатарына осы Кеңес кіретін консультативтік-кеңесші орган құру құқығы берілді.

Жоғары сот кеңесі туралы заңына сәйкес:

Кеңестің құрамына биліктің барлық үш тармағының өкілдері кіреді:

  • Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы;

  • Конституциялық кеңес төрағасы;

  • Жоғарғы сот төрағасы;

  • Бас прокурор;

  • Әділет Министрі;

  • Парламент Сенатының екі депутаты;

  • Алты судья (Жоғары соттың екі судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттың екі судьясы, аудандық және оған теңестірілген соттың екі судьясы);

  • Кеңес хатшысы;

  • ҚР-сы Президенті тағайындайтын басқа да адамдар.

Конституциялық кеңестің төрағасы, Жоғарғы соттың төрағасы, Бас прокурор, Әділет Министрі Кеңес құрамына лауазымы бойынша кіреді.

Сенат депутаттарын Кеңес құрамына ҚР-сы Парламент Сенаты үш жыл мерзімге жібереді. Кеңестің құрамына екі жыл мерзімге тағайындау үшін судьялардың кандидатуралары тиісті соттардың жалпы отырыстарында ұсынылған кандидаттар арасынан Жоғарғы соттың жалпы отырысында қаралады.

Кеңес мүшелері арасынан адам шығып қалған жағдайда Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалуға тиіс.

Кеңес төрағасының өкілеттігі:

  • Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді;

  • Кеңестің отырыстарында төрағалық етеді. Ол болмаған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Кеңестің хатшысына жүктеледі. Хатшы болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерін атқару оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің біріне жүктеледі;

  • Кеңестің ұсыныстарына, қорытындыларына, шешімдеріне және басқа да құжаттарға қол қояды;

  • Кеңестің алдағы отырысының қарауына енгізілетін мәселелерді анықтайды, келіп түскен материалдарды зерделейді, қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды талап етеді және оларды тексеруді ұйымдастырады;

  • Заңда көзделген басқада ұйымдастырушы-өкімші міндеттерді жүзеге асырады.

Жоғары сот кеңесі хатшысының өкілеттігі:

  • Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелерді қалыптастырады және олар туралы Төрағаға алдын ала баяндайды;

  • Отырыстар хаттамаларынан, Кеңес қабылдаған ұсыныстар мен қорытындылардан алынған үзінділерді өзі қол қойып куәландырады;

  • Келіп түскен материалдарды зерделейді, олар туралы Төрағаға баяндайды, оның тапсыруы бойынша қосымша құжаттарды талап етеді;

  • Қажет болған жағдайда тексерулер ұйымдастырады;

  • Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін белгілейді;

  • Тағы басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғары сот кеңесінің өкілеттіктері:

  • судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеуі кепілдіктерін қамтамасыз етеді;

  • конкурстық негізде облыстық судьясы бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады;

  • конкурс қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы бос орнына кандитатты қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандитатураны қарайды;

  • Облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Жоғарғы сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Жоғарғы сот төрағасының қызметіне кандитатураны қарайды;

  • Жоғарғы сот төрағасының, алқа төрағасы мен судьясының бос орнына кандидатты ҚР Парламентінің Сенатына ұсыну үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Және тағы басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғары сот кеңесі отырыстары қажет болуына қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырсы заңды болып табылады.

Кеңес отырысының уақыты мен орны туралы оның мүшелеріне, сондай-ақ шақырылған адамдарға алдын ала хабарланады.

Кеңес отырысын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданатын регламентпен анықталады.

Материалдарды қарау тәртібі Жоғары сот кеңесі туралы заңның жетінші бабында белгіленген. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті қызметтерді иеленуге үміткер және атқарып отырған қызметтерінен босатылған адамдардың қатысуымен өткізіледі.

Отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның қатымпауы, егер оның тікелей қатысуы қажет болмаса, мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды. Қажет болған жағдайларда Кеңес отырыстар өткізуге құқылы.

Қаралатын мәселелер бойынша Кеңес ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқысы жоқ. Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес мүшесі өзінің ерекше пікірін баяндауға құқылы. Кеңес мүшесінің, егер ол өзіне қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы не жекжаты болса, Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарауға қатысуға құқығы жоқ.

Кеңес қызметін қамтамасыз етуді ҚР Президенті Әкімшілігі жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]