Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоргалка персонал1_22.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
81.27 Кб
Скачать

11 Билет

1 Сауда-өндірістік әрекеттің сипаттамасы. Басты критериі болып табылады, осыған байланысты барлық тамақтандыру мекемелері келесідей түрлерге бөлінеді:

♦мейрамхана;

♦ кафе;

♦ бар;

♦ буфет;

♦ дәмхана;

♦ асхана және т.б.

Әрбір тамақтандыру мекемесі үшін осы жіктеменің осы белгісі бойынша сәйкес тағамдар және сусындар ассортименті, қызмет көрсету формасы, орналасу орны, қызмет көрсетілетін тұтынушылардың контингенті – жіктеменің басқа да критериилерінің үйлесуі тән.

Мейрамхана – қонақтарға тағам, сусын, кондитерлік өнімдер, оның ішінде фирмалық және қиын дайындалатын өнімдер ұсынатын тамақтандыру мекемесі. Мейрамханадағы жоғарғы қызмет көрсету деңгейі маманданған аспазшылар, даяшылар, метрдотельдермен қамтамасыз етіледі және сауықтыру және демалыс ұйымымен үйлеседі.

2Орналасқан орны. Орналасқан орнына байланысты:

♦ қалалық мейрамханалар. Қаланың шекарасында орналасқан және тағамдардың, тістемелердің, сусындардың алуан түрін ұсынады немесе түскі және кешкі астарды ұсынуға маманданады. Белгілі сағаттарда ғана жұмыс істейді және көптеген тұтынушыларға ие;

♦ вокзалдық мейрамханалар. Теміржол және аэровокзалдарда орналасқан. Тәулік бойы жұмыс істейді. Тағамдар, тістемелер, сусындардың шектелген таңдауы, бағалардың төмен деңгейі және салыстырмалы түрде «жылдам» қызмет көрсету тән;

♦ мейрамхана – вагондар. Негізінен ұзақ қашықтыққа жүретін поездтарда бар және жолдағы жолаушыларға қызмет көрсетуге бағытталған. Мейрамхана-вагондардың мәзіріне барлық вагондарда даяшылар сататын суық тістемелер, бірінші және екінші тағамдар, ыстық сусындар, сонымен қатар пакеттегі жол жиынтықтары, кондитерлік өнімдерғ жемістер, шырындар, минералды және жеміс сусындары кіреді;

♦ Теплохдтардағы мейрамханалар. Жолдағы туристер мен жолаушыларға қызмет көретуге арналған. Оларда таңғы, түскі және кешкі астар ұсынады. Қызмет көрсетуді даяшылар жүргізеді, бірақ өз-өзіне қызмет көрсету де қарастырылған. Үлкен теплоходтарда бірнеше мейрамхана болуы мүмкін;

♦ автомобильдерін тастағысы келмейтін автотуристерге арналған мейрамханалар. Тас жол немесе ірі автотұрақтардың жанында орналасқан

3 Қонақ үй номерлерінде қызмет көрсетудің арнайы ережелері:

  1. Тапсырыс /таңғы ас, түскі ас, кешкі ас/ тапсырыс берушіге падноста, арнайы арбамен немесе столмен алып келуі қажет. Падноспен алып келгенде даяшы падносты сол қолымен ұстайды. Ал оң қол есікті ашып немесе жабуы, падносқа керек заттарды қою үшін және т.б бос болуы қажет. Коридор даяшы падносты иық деңгейінде ұстауы керек, тек бөлме алдына барғанда кеуде тұсына түсіреді.

  2. Номерге есікті алдын-ала қағып, рұхсат берген соң кіру керек.

  3. Қонақтармен сәлемдесу керек.

  4. Егер қонақ таңғы асты кроватында ішетін болса, оған тамақты шетінен әкеліп береді. Егер екі адам болса әрқайсына жеке поднос береді.

  5. Тапсырыс беру сервировкасы подносқа ресторан столы сияқты түрде жасалынып әкеледі.

  6. Егер қонақ тамақты столда немесе балконда ішетін болса, стол үстіне дастархан жайылады. Тамақ подноста немесе подностан алып стол үстіне қойылады.

  7. Номерде даяшы көп тұруға болмайды. Қонақпен тек қонақтың даяшыға қояр сұрағы болса ғана сойлесу керек. Басқа жағдайды сыпайылық сақтау қажет.