Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Экономиканы мемлекеттік реттеу

.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
53.18 Кб
Скачать

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. Бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджет тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).

Ұлттық Банктің қызметтері мен операциялары-2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзгерістер пайда болды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктеліп отыр.

Соған сәйкес, барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді.Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:

  • ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды шығару;

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • несие беру;

  • депозит қабылдау;

  • төлем жүйесін ұйымдастыру;

  • валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • төлем балансын құрастыру.Сонымен қатар, Ұлттық Банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктеледі:

  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде

  • Банктер;

  • Сақтандыру ұйымдары;

  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;

  • Жинақтаушы зейнетақы корлары.

  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.Ұлттық Банктің негізгі міндеті мен қызметтерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсаты көрсетіштер үшін Ұлттық Банктің жауапкершілігін күшейтеді.Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;

  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

  • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жьшға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

  • депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы кағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

  • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

  • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

  • чектерді жазып вексельдерді береді;

  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.[1]

Тұтыну қоржыны – елде (мемлекетте) қалыптасқан нақты жағдайлар мен ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, белгілі бір уақыт бөлігінде адамның нақты атқарымдық қажеттерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтердің ғылыми тұрғыда негізделіп, теңдестірілген жиынтығы. Ол адамның немесе отбасының тамаққа: нан мен нан тағамдарына, ет пен ет тағамдарына, сүт пен сүт тағамдарына, жұмыртқаға, балық пен балық тағамдарына, картопқа, көкөніске,жеміс пен жидекке, өсімдік майы мен маргаринге, қант пен кондитер тағамдарына, басқа да азық-түлікке; киім-кешекке, ішкиімге, аяқ киімге; дәрі-дәрмекке, санитария мен тазалық заттарына; жиһазға, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық заттарына; тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге; тұрмыстық қызметтерге, көлікке, байланысқа; балаларды мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбиелеуге жұмсайтын шығынының негізгі баптары бойынша қалыптасады. Оның құрылымы мен құрамы әлеум.-экон. дамуды, тұтыну нормасындағы өзгерістерді ескере отырып, кем дегенде бес жылда бір рет қайта қаралып отырады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз – экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге, автоматты түрде өздігінен шешілмейтін не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты жұмыс жасауына, дамуына себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне жататындар:1) экономикалық цикл; 2) секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы; 3) капиталдың қорға айналу жағдайы; 4) жұмыспен қамту; 5) ақша айналымы;6)төлем балансы;7)баға; 8)ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс; 9) бәсекелестік жағдайы; 10) әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру; 11) мамандарды даярлау және қайта даярлау; 12) қоршаған орта; 13) сыртқы экономикалық байланыстар және т.б.

 Баға белгілеуіне мемлекеттің қатысуы. ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады. Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалағы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағлау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.Мем қадағалау мен бақылау жұмыстары мемстандарттың міндетті шарт, талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы бағыттағы мем.басқару орындары мем.қадағалау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы: •    санитарлық-эпидемиялық қызмет; •    мал дәрігерлік қызмет; •    фитобақылау; •    экологиялық қызмет; •    атом өндірісін қадағалау; •    көлікті бақылау; •    дәрі-дәрмекті бақылау; •    кедендік бақылау; Мем.стандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздеренің аумақтық орындарын құрады.Мем.бақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мем стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау мем стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді.Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже нормалар негізінде реттеліп жүргізіледі.  Қадағалау, бақылау жұмыстарының нәтижесінде тиісті құжаттар даярланып, кемшілік орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.   Мемлекеттік қадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды.Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты: •    өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету; •    өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту; •    өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету; •    сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау; •    сапасыз өнім  шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану; •    аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;  Стандарт талаптарын орындау, өлшем құралдары мен сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және аумақтық ұйымдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау ұйымының негізін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стнадартының аумақтық ұйымдарының мамандары құрайды. Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.

 Бағаны белгілеуге мемлекеттің қатысуы Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады. 2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр. 3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр. 4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады. 5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта — теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне   нарықтағы бәсеке деңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:Еркін бағалар (нарықтқк бағалар) – осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар: сұраныс бағасы  сатып алушы нарығында  қалыптасатын бағалар;—   ұсыныс бағасы  сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;—   өндіріс базасы  барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;—   реттелетін бағалар – мемлекеттік басқару органдары ор­нататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:— шектеулі бағалар – кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;— бекітілген бағалар  белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.

Трансферттік төлем Үкіметтің немесе фирманың үй қожалығына немесе компанияға ақша төлеуін (немесе тауар беруін, қызмет көрсетуін) трансферттік төлем дейді. Бұл төлемнің өтеуіне төлемші тікелей тауар немесе көрсетілетін қызметті алмайды. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік трансферттік төлем – әлеуметтік сақтандыру бойынша төлем, жұмыссыздық жәрдемақысы, ардагерлерге зейнетақы, тағы басқа (бұл төлемдер және оларды алушылар өндірістің ағымдағы көлемін жасауға ешқандай үлес қоспайды); жекеше трансферттік төлем – студенттер ата-аналарынан және басқа туысқандарынан алатын ай сайынғы жәрдемқаражат, түрлі сипаттағы тарту-таралғы, тағы басқа (яғни, өндірістің нәтижесі емес, қаражатты бір иеленушіден екінші біреуге табыстау). Ақшалай қаражатты бір жақты, өтеусіз төлеу "ағымдағы Трансферт" деп аталады. Тұтыну мақсатына өтеусіз көмек беру осындай ағымдағы Трансферттың мысалы болып табылады. Салық, айыппұл, өсімақы төлеу де осыған жатады. "Капиталдық Трансферт" – бір институттық бірліктің (мысалы, өндіруші-кәсіпорынның) екінші бірлікке (тұтынушыға, үй қожалығына) активтерді сатып алу кепілдігімен өтеусіз табыстауы. Мұндай Трансферт ұлттық шаруашылықтың резиденттері арасында да, резиденттері мен бейрезиденттері арасында да орын алуы мүмкін;

  1. мемлекеттің жалпы ұлттық өнімді қайта бөлу барысында экономикалық агенттерге өтеусіз төлем төлеуі;

  2. демографияда – азаматтардың бір елден екінші елге көшуі; халықты мемлекеттер арасында халықаралық келісім негізінде алмасу, азаматтықты бірден өзгерту; туристерді әуежайдан мейманханаға, қалалар арасына тасымалдау;

  3. банк ісінде – мәміле бойынша төлемақыны, қаражатты бір шоттан екінші шотқа көшіру.

Азық түлік қауыпсіздікті реттеу.Кез-келген экономикалық даму үрдісіндегі мемлекеттің басты мақсаты ауыл шаруашылық өндірісін қолдайтын, халқын азық-түлікпен жабдықтауға және азық-түлік тәуелсіздігіне кепіл беретін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нарықтың шырқау шыңына жетіп тұрған кезде өте күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсізідігінің бір бөлігі болып табылады. Себебі, бірде-бір мемлекет халықтық сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмастан, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсізідігін қамтамасыз ету туралы айту әрине оңайға соқпайды. Мемлекетіміздегі азық-түлік қауіпсізідігін толыққанды қамтамасыз ету үшін, оның ерекше мемлекеттік маңыздылығын ескере отырып, менің ойымша еліміздің ата заңы Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алу қажет. Онда адам және азамат тарауына адам мен азаматтың сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдеріне деген құқығын бекіту қажет.  Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігі, яғни, тамақ өнімдерінің оларды әдеттегі жағдайда пайдалану кезінде зиянды болып табылмайтындығы мен қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығына қауіп туғызбайтындығына негізделген сенімділік күйінің болуы мен сапа деңгейі болып табылады. Соңғы жылдары бұл мәселе аса маңыздылыққа ие, себебі, тамақ өнімдерінің отандық нарығына түсетін өнімдердің төменгі сапалы деңгейі байқалуда. Отандық өнімдер нарығына сақтау мерзімі, адам денсаулығына қауіпсіздің сапаларына жауап бермейтін, көп жағдайда генетикалық түрлендірілген шикізаттардан жасайтын импортты өнімдер келіп түсуде. Генетикалық түрлендірілген объектілер дегеніміз – гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер. Әрине, айтылған жайттар ұрпағымыздың болашағына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай факторлардың орын алуы тамақ өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің тиімсіздігінен болып отыр, яғни, елімізге әкелінетін тамақ өнімдеріне, балалар тамақтарына, гендік түрлендірілген организмдердің, тамақ қоспалары мен бояғыштардың, биологиялық белсенді қоспалардың айналымына әлі де болса бақылаудың күшейтілуін талап етеді.Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің сапа­лылығына көп көңіл бөлуіміз керек. Біздің елі­мізде Қазақстан Республикасы Кеден Ода­ғына мүше болғаннан бері бірталай тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын, тасы­малдануы мен өткізілуін реттейтін техни­калық регламенттер қабылданған. Бірақ бұл аталған нормативтік актілердің талап­тары орындалмай отыр. Мәселен нан және нан өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар регламентіне сәйкес, аталған өнімдер химиялық зиянды заттардан бөлек сақталуы, тасымалдануы тиіс делінген. 

Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.

Болжаудың экономика-математикалық әдістері Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процессі болжау деп аталады. Болжау — қоғам өмірінің барлық саласында даму теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің болашактағы перспективасын, жәй-күнін суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалык болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде қолданылады.Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.Жоспар жасау логикасы — барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін калыптастыру (логиканың негізгі пункті);2. базистік   кезеңдегі   экономика  дамуын   талдау   және   оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;3. жоспарлы  кезеңдегі  қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын аныктау;4. қоғамның   қорлары   мен   кажеттіліктерін   үйлестіру   және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті  заңдарының талаптары, отандық   және   шет   елдік   тәжірибе   мен   ғылымының   жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені,    нақты    қалыптасқан    жағдаиларды    елемеумен    және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.2. Жоспарлаудың   үздіксіз   болуы.   Ұзақ  мерзімдік  жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар   мен  жеке   адамдардың  мүдделерімен   қаншалықты  тиімді үйлескеніне     байланысты.     Аталған     мүдделерді     назарға     ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.4. Жетекші   салаларды   белгілеу   аркылы   экономикада   тиімді үйлесімділікті     (сандық    катынастарды)    қалыптастыру    қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.5. Жалпымемлекеттік   жоспарлардың  бірлігі   мен   кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың     методологиясының, көрсеткіштер    жүйесі    мен    реттегіштерінін    бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі.    Жоспарлардың   кешенді    болуы   кез   келген деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалык даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардын орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық әдістері қолданылады.Экономика дамуы жоспарының барлық көрстеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдык, еңбек ресурстары, кұндык баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы. және .маман кадрларымен камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтык өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.Жоспардың экономнкалық тнімділік тұрғысынан оптималді вариантын аныктау үшін экономикалык-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математнкалық модельдері кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралык өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.