Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Экономиканы мемлекеттік реттеу

.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
53.18 Кб
Скачать

Кедейшілік. Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік ұғымдары арасында айырмашылық жүргізу кеңінен мойындалған.

-Абсолютті мағынада айқындалған кедейшілік адам аштан өлмеу үшін қажет ресурстардың жетіспейтінін білдіретін ахуал жөнінде қолданылады. Әлеуметтанушылар артықкөретін әсіресе дамыған елдердегі кедейшілікті парықтағанда салыстырмалы кедейшілік адамда немесе адамдар тобында қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда ресурстардың жетіспейтіндігіне, басқаша айтқанда, олардың салыстырмалы тұрмысына қолданылады.

-Салыстырмалы кедейшілік — материалдық ресурстарға ие болу деңгейіндегі айырмашылық, нақты айтқанда, олардың қоғамда маңызды мәселесі болғандықтан, салыстырмалы кедейшілік көрсеткіштері былай қараганда, абсолютті кедейшілік көрсеткіштерінен кем объективті бола коймайды. Бұл жай ғана субъективті кедейшілік сезімі емес, дегенмен кедейшілік салдарларын талдағанда ондай сезім маңызды болып шығуы мүмкін.Кедейшіліктің күн көру қаражатының болмауына негізделген анықтамалары дүние елдеріндей кедейшілікті парықтауда маңызды мәнге ие болады және әлемде күн көру қаражатымен өлшенген кедейшіліктің жалпы деңгейі өте жоғары. Кейбір зерттеулерде кедей елдер халықтарының жартысына жуығы абсолютті кедейшілік камтиды деп топшыланады. Кіріс деңгейі күнкөріс қаражатына ие болудың тек дәл емес көрсеткіштерін беріп, жүрт кедейшіліктің дәл бағасын алу қиын болғанымен, кедейшіліктің жоғары деңгейі — даусыз факт. Чарли Бут пен Сиб Раугари Ұлыбританиядағы кедейшілікті зерттеген классикалық жұмыстарыңда да күнкөріс қаражаты негіз болған кедейшілік анықтамаларын қолданылғаны көп нәрсені аңғартады. Олар кедейшіліктің деңгейі әлем елдеріндегідей болмағанымен, бұл елде де едәуір жоғары екендігін көрсетті. Өздерінің он жеті томдық еңбектерінде олар кедейшілікті көрсеткіш ретінде пайдаланды. Кедейшілік ұғымын енгізіп, одан төмен болған жағдайда отбасылар күнкөріс үшін кажет қаражат таба алмайтынын көрсетіп, Бут Лондон жұртынын үштен біріне жуығы кедейшілікте тұратынын айғақтайтын мәліметтер берді. Раунтридің жаңа ғасыр табалдырығындағы кедейшілікті зерттейтін жұмысыңда да күнкөріс каражаты жоқ болған жағдайдағы кедейшілік анықтамасы пайдаланылды. Алайда ол қару үшін қажет тамақтанудың негізгі мерзімін анықтау, содан кейін киім мен баспанаға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, сол мерзімді қамтамасыз ету үшін қажет болатын кірісті есептеп шығаруға тырысып, неғұрлым кеңірек анықтама енгізді. Оның мәліметтері Нью-Йоркжұртының 15 пайызға жуығы кіріс негізгі кажеттерін қанағаттандыруға жетпейінше бастапқы кедейшілік жағдайында өмір сүретінін көрсетті. Табыс басқа нәрселерге жұмсалып кететін екінші деңгейден кедейшілікті қосканда халықтың 28 пайыздан астамы анық мұқтаждық немесе қайыршылық жағдайында күн көрген.Алпысыншы жылдары (XX ғасыр) кедейшілік қайтадан кең зерттеле бастады. Ұлыбританияда Брайан Абель Смит пен Питер ТаунСеңц секілді авторлар былай пайымдады: Раунтри секілді зерттеушілер пайдаланған көрсеткіштер, кезінде дұрыс түзетілмеген, өйткені уақыт өте келе сатып алу қабілеті өзгеретіні ескерілмеген, сөйтіп күнкөріс қаражаты терминіне анықталған кедейшілік деген қате бағаланған. Олар сондай-ақ кедейшілікті абсолютті мәндерде емес, салыстырмалы мәнде қарастырған абзал деп санады.Отбасы күнкөріс үшін жеткілікті қаржы табуы мүмкін. Бірақ бұл олардың жылы баспанада тұруға немесе барған сайын қажет болып отырған, үзақ пайдаланылатын теледидар немесе тоңазытқыш секілді тұтынушылық тауарлар алуға, яғни қоғамдық қызметке қатысуға немесе бос уақытын басқалар секілді қанағат алатындай өткізуге жеткілікті қаржысы бар деген сөз емес. Олар "қоғамдастықтың әдеттегі әлеуметтік өмірінен бірте-бірте шеттеп қала берді. Абель-Смит пен Таун-Сендсалыстырмалы кедейшіліктің көрсеткіші ретінде отбасының жағдайын әлеуметтік қорғау (әлеуметтік жәрдем төлемдері) дегенмен салыстырып, жұрттың 15 пайызы кедейшілікте тұратынын ашты. Таун-Сеңдтің 1978 жылы жарық көрген іргелі еңбегі секілді кейінгі зерттеулерде кедейшілік көрсеткіштері жетілдіріліп, кедейшілік пайызы айтарлықтай екені байқалды, бұл пайыз әлеуметтік жәрдем берудегі теңсіздіктің өсуіне және оның қысқартылуына байланысты арта түсті. Соңғы мәліметтер Ұлыбританияның әрбір бесінші түрғыны кедейшілікте өмір сүреді деген сөз, дегенмен бұл пікірталас тақырыбы бола алады, өйткені бұл мәліметтер іс жүзінде өнеркәсібі дамыған барлық елдерге тән.Кедейшіліктің тікелей себептері уақыт өте келе заман циклі барысында өзгеріп отырады. Бут пен Раунтри кедейшіліктің негізгі себебі тұраксыз кіріс деп санаған болатын. Алайда Раунтри 1936 жылы жүргізген зерттеуде жұмыссыздық пен қартандық бұрын көрсетілгендермен салыстырғанда әлдеқайда елеулі себептер деп топшыланды. Таун-Сеңдтің зерттеуі жарыққа шыққан тұста кедейшіліктің негізгі тікелей себептері аз жалақы, отбасының асыраушысынан айырылуы, денсаулықтың нашар болуы. Кедейшіліктің негізгі топтары қарт адамдар, жалғыз басты ата-ана, әйелдер әртүрлі науқастар мен мүгедектер, аз жалақылы қызметкерлер мен жұмыссыздар болды.

Кәсіпкерлік– азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген. Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге  ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1). Бюджеттік (ведомстволық);

2). Қоғамдық (корпорациялар);

3). Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта білді.Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996 жылдың басында  Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне белгілі ақыда тасымалданады.Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер кіші мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жасау мен іске асыру арқылы жүзеге асыралады.Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған тәжірибемен бекітіледі.