Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоргалка персонал1_22.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
81.27 Кб
Скачать

22Билет

1 Бас аспаз

Бас аспаздың басты тапсырмасы - мейрамхананың асханасында болып жататын өндiрiстiк процестерді бақылау.

Бас аспаз өз мiндеттерiнiң шеңберлерiнде келесi сұрақтарға тиiсінше жауап бередi:

1) өндiрiстiк процестi дұрыс ұйымдастыруды жүзеге асырады, жаңа жабдық және озық технологияны қолдануды, тиiмдi еңбектi ұйымдастыруды және жұмыстың алдынғы әдiстерiн қамтамасыз етедi;

2) басқару және азық және тағамдарды ресiмдеу дайындауға қатысты операциялардың үйлестiруiне; азық-түлiк нүктелерiнде асханалық өндiрiстiң ұйымы, азықтың дайындауды, тағамдарды беруге жауап бередi ; Нақтылы бөлiмшенiң аспазы:

1) өз бөлiмшесiнде және басқа бөлiмшелермен жұмыстың келiсушiлiгi асхананың нақтылы бөлiмшесi, қызыметшiнiң жұмысына жауап бередi;

2) тағамды дайындап ресiмдейдi, осы бөлiмше үшiн типтi, тиiстi стандарттары бар сәйкестiкте және белгiленген тәртiпте;

3) өз бөлiмшесiнiң барлық қызыметшiсiн тексерiп отырады;

2 Қонақ үйдегі кадрдың қызметі функциональді – қосалқы бөлімше

болып есептелінеді. Бұл кадр қызметкерлерінің қонақ үй қызметін құрастыруда жанама қатысуымен байланысты. Ереже бойынша, кадр қызметінің жұмыскерлері линиядағы бастықтарға сараптамалық ақылшы ретінде жұмысқа қабылдау және шығару, жаңа лауазымға орналастыру, кәсіби тәлім – тәрбие алуға бағыттау, қызметақыны көтермелеу және т.б. сұрақтарға шешім қабылдауда қатысады.

Орталықтандырылған басқару жүйесінің саябырсуынан персоналды басқаруға байланысты жаңа принципиальды тапсырмалар пайда бола бастады.Бұрынғы документация, есеп жүргізу, әлеуметтік мәдени іс-шаралар, еңбек кітапшасын жасаумен шектеле алмайсың, себебі қазіргі кезде бұл тапсырмаларды шешу үшін жаңа қабілет пен біліктілік керек. Сол себепке байланысты бүгінгі таңда басқа орталықтандырылған бөлімінен ауысып келген кадр жұмыскерлері қонақ үйдегі персоналды басқаруға байланысты проблемаларды шеше алмайды. Сондықтан да "персонал-менеджер", яғни персоналды басқарушылар жаңа мамандығы пайда болды. Персоналды басқарушылар – бұл менеджерлер маманының кәсіби тиянақты тобы, басты мақсаты

3 Адамдар да, жағдайлар да тез өзгеріп тұрғандықтан, менеджер икемді болуы керек. Жағдайды түсіне отырып, адам ресурстарымен қалай басқару керектігін біле отырып, менеджер өз жұмысын жоғары деңгейде жасау керек.

Бұрынғы КСРО заманындағы талаптардың саяси білімділігі, моральдік тұрақтылығы, біліктілігі және ұйымдастырушылық қабілеттілігі ғана қажет болса, қазіргі заманда талаптар өзгерді.

* олар білім

* жекетұлғалық қасиеттер

* этикалық нормаларды сақтау

* қабілеттілігі және ұйымдастыру қабілеті

Менеджердің білімі. Менеджер өз жұмысында шыңдарға жету үшін, қоластындағы қызметкерлермен дұрыс қарым – қатынас құру қажет, сондықтан әлеуметтік психология негіздерін білу және мамандығының ерекшеліктерін білуі қажет.

Жекебасының қасиеттері – ерекше шешім қабылдай білу, батылдық, қайсарлық таныта білу, уәдені және міндеттерді орындау, эрудицианың жоғарғы деңгейлігі, мінезінің тұрақтылығы, әділеттілігі, әдептілігі, ұқыптылығы, өзіне қарата білетін, әзіл – оспақты түсіне білу, денсаулығының мықты болуы.

Этикалық нормалар менеджердің жұмысы түптеп келгенде іскерлік әдебінің нормаларын ұстануы болып табылады:

* Пайданың өсуі қоршаған ортаны күйзелтудің нәтижесінде жету емес

* Бәсекелі күресте рұқсат етілген ғана шараларды қолдау, яғни нарықтың заңды ережелерін сақтау

* материалдық игіліктердің әділетті бөлінуі

* жұмыста және тұрмыста этикалық нормаларды сақтауда жеке бастық үлгі болуы

* тәртіптілік және моральдік тұрақтылық