Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

3.2 Denwer 3 Web – сервер эмуляторы

Денвер – бұл бағдарламалық қабықша (unix жүйесіндегі веб сервер эмуляторы) өз ішіне Интернет желісіне шығусыз (локальды, http://localhost) компьютерде немесе ноутбукта сайттарды баптау үшін қажетті дистибутивтер мен модульдерд жиынынан тұрады (Apache+SSL, PHP5, MySQL5, phpMyAdmin және т.б.).

Денвердің кілтті ерекшелігі — бір уақытта бірнеше веб-жобалармен жұмысты қолдауы, олардың әрбіреуі жеке виртуалды хостта орналасады (жеке бума түрінде). Виртуалды хосттар жоба үшін автоматты түрде құрылады: мысалы, сізге жоба файлдарын /home/ВебЖобаАты.ру/www көшірген жеткілікті, ол http://ВебЖобаАты.ру адресі бойынша қол жетімді болады. Ары қарай толығырақ қарастырамыз.

Денвердің барлық компоненттері бапталған және жұмысқа дайын (жекелей алғанда, MySQL, SSL және т.б. тіл кодировкасы дұрыс орнатылған). Бұдан басқа сіз Денвердің кез келген сервистерін (Apache, PHP, MySQL және т.б.) жаңарта аласыз, ол үшін жай дистрибутив жаңа версиясын ескісінің үстіне көшіру керек.

Денвер базалық пакет құрамы:

1. Apache 2 SSL және mod_rewrite қолдауымен.

2. PHP5: орындалатын файлдар, Apache веб-сервері үшін модуль, дистрибутивті және адаптирленген конфигурациялық файл, GD библиотекасы, MySQL және sqLite қолдау модульдері.

3. MySQL5 InnoDB, транзакциялар мен орыс кодировкаларын (windows-1251) қолдауымен.

4. phpMyAdmin —MySQL мәліметтер қорын басқару панелі,сонымен бірге MySQL жаңа қолданушысын қосуды оңайлататын скрипт.

5. Баптайтын эмулятор sendmail (/usr/sbin/sendmail), ол хаттарды жібермейді, ал оларды /tmp/!sendmail директориясына жазады.

6. Виртуалды хосттарды автоматты іздеу және hosts жүйелік файлын жаңарту жүйесі, сонымен қатар Apache конфигурациялары. Оның арқасында жаңа виртуалды хостты (немесе үшінші деңгейлі доменді) /home-да қарапайым каталог құру жолымен қосу болып табылады. Барлық өзгерістер конфигурациялық және жүйелік файлдарға автоматты түрде енгізіледі, бірақ сіз бқл процесті хосттардың шаблондары механизмі арқылы басқара аласыз. (қара /usr/local/apache/conf/httpd.conf түсіндірулер үшін).Web-бағдарламашыға интернет-беттердің толық түрін тексеру қажет жағдайлар туындайды. Бірақ та оны үйде жұмыс істеген кезде жасау мүмкін емес – себебі SSI (Server-Side Includes — Сервер жақтағы қосылулар), CGI (Common Gateway Interface — жалпы шлюздық интерфейс) және РНР технологиялары сервер қолдануды қажет етеді. Бұл мәселені шешу үшін мамандар үйдегі дербес компьютерге (интернетке қосылмаған) аранайы бағдарламаны – Web-сервер Denwer 3 орнатады. Denwer «Денвер» —«Д.н.w.р» Web-өндіруші Дмитрий Котеров жобасы Джентльмендік жиыны — бұл дистрибутивтердің жиыны (Apache, PHP, MySQL, Perl и т.д.) және Web-өндірушімен «үйдегі» (локалды) Windows-машинада Интернет желісіне шығу қажетінсіз сайттаржы жасауға пайдаланатын бағдарламалық қабықша. денвердің басты ерекшелігі – бірнеше тәуелсіз жобамен бір уақытта жұмыс кезінде ыңғайлығы және Flash-жинағышта орналастыру мүмкіндігі. Web-бағдарламалау мамандарының ойы бойынша, Denwer 3 веб-сервер эмуляторы өз хостингті жасауға келеді, сонымен бірге мәліметтер қорын басқару жүйесінде MySQL – сұраныстар құрастыру тілін пайдалана отырып өз сайттарында мәліметтер қорын құруға мүмкіндік береді.

Денверді жіберу үшін жұмыс үстелінде құрылған «Start Denwer» жарлыққа басамыз және браузер адрестік жолында http://localhost/ тереміз. Нәтижесніде бағдарлама жіберілу терезесі пайда болады. (сурет 3.1).

Сурет 3.1 Denwer 3 бағдарламасының жіберілуі

Denwerweb – серверінде интернет-беттерін сақтау бумасын құрамыз.

Ол үшін келесі нұсқауды пайдаланамыз:

  • Локалды дискіге енеміз С – WebServers – home

  • Нome бумасында орындалған курстық жұмысты сақтайтын тағы бума жасау керек.

  • Өз аты-жөнінңізді көрсетіңіз, мысылы, «Ivanov.ru». «Ivanov.ru» бумасында «WWW» бумасын құру қажет.

  • Орындалған жұмыстарды «.php » кеңейтілуімен сақтаңыз.

  • Орындалған жұмыстарды келесі жолмен қарауға болады: Denwer 3 жібереміз. Одан кейін кез келген браузерді ашып адрестік жолда келесіні тереміз: http://www.ivanov.ru/hello.php.