Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

3 Қолданылатын технологиялар

3.1 Сайт құрудың әдістері

Сайтты құру – бұл кәсіпқой емес адамның көзқарасымен бірінші рет ойлайтындай сондай оңай процесс емес. Желідегі қолданушылардың назарын аударатын сонымен қатар түрлі іздеу жүйелердегі жоғары талаптарды қанағаттандыра отырып эффективті сайт құру кез келген жасаушының қолынан келе бермейді. Үнемі сайт құрудың жаңа технологияларына ие бола отырып өз білімдерінді шыңдау керек.

Сайттар құрудың заманауи технологиялары оларға салынған қаражатты тез ақтайтын, оның иесіне сайтты маркетингтік құрал сонымен бірге қажетті ақпаратты тарату құралы ретінде қолдану жаңа мүмкіндіктер беретін веб-ресурстарды құруға мүмкіндік береді.

Сайттар құрудың заманауи технологиялары

Веб-сайттарды құрудың түрлі технологияларын иелену тек қана маманның қолынан келеді, ол үшін сайттарды құру – әрбір күнгі еібек. Тапсырыс беруші талаптарын қанағаттандыратын нәтижелерге қол жеткізу үшін сайттарды құрудың қандай технологияларын жетік меңгеру керек?

• PHP-скрипт – веб-сайттарды құрудың технологиялары ішінде ең әйгілі технологиялардың бірі; PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor — «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») — Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады. Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр. Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған. Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған. PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.

• Java Script – сайт құру процесінде үнемі жетілдірілетін технология; JavaScript - бұл қолданушы жағындағы бағдарламалау тілі ғана емес. JavaScript негізгі идеясы HTML-контейнерлерді HTML-беттерін қарау барысында оның атрибуттары мен қасиеттерін өзгертуге болады. Сонымен бірге беттерді қайта жүктеу қажет емес.

• HTML – кейін кез келген браузерде оңай оқылатын мәтін беттерін ұүруға қажетті технология; HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.

• МҚБЖ және MySQL – құрылымдық қорлармен жұмысқа арналған технологиялар. MySQL – дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS). Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. MySQL сөзіндегі "My" сөзі, бағдарлама жасаушысы Майкл Видньюс-тың (Michael Widenius) қызының аты - "My" сөзінен алынған. Ал SQLфразасы - Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі (Structured Query Language) дегенді білдіреді.

Әрбір жасаушы өзіне ыңғайлы деп санайтын сайт құру технологиясын таңдайды. Бірақ сауатты маман сайтты жасау барысында туындаған және ол максималды эффективті шеше алатын мәселелерге сүйене отырып технодлогияны таңдайды.

Сайттарды қолмен жасау әдістері айтарлықтай күрделі болып табылады, олар веб-бағдарламалау мен сайт дизайны салаларында елеулі білімдерді талап етеді. Бірақ олар бір талассыз артықшылыққа ие: сайтты қолмен құрған кезде қажетті нәрсеге қол жеткізе аласыз. Сайттарды құрудың «қолмен орындалатын» әдістерін веб-бағдарламлаудың көпшілік мінсіз манадары осы себеппен таңдайды.

Тегін онлайн-конструкторлар негізінде сайттарды жасау «өз күштерін сынаудыә қалайтын бастауыш веб-мастерлар үшін ыңғайлы болып табылады. Бұл әдіс күрделі емес қарапайым сайт, мысалы визитка-сайт құруға келеді.

Кез келген қиындықты сайттарды құрудың кең мүмкіндіктерін CMS ұсынады. Сайттарды құрудың дәл осы әдісі ең ыңғайлы әрі қолайлы түрі болып табылады. Баптаулардың иілгіш жүйесі,CMS-тың өзін редакциялау мүкіндігі, контентті енгізу мен өзгерту оңайлығыCMSнегізінде сайт құруды шынымен тиімді етеді.

WеbStudio2U веб-студииясының мамандары контентті басқару жүйесінің барлық артықшылықтарын бағалады және өз жұмыстарында сайт құрудың бұл әдісін қолданады.WеbStudio2U өз тұтынушыларына Joomla!-дасайтты құруды ұсынады – ашық кодты(Open Source CMS) контентті басқару жүйелердің әлемдегі ең бір қуаттысы.

Сайттарды құру технологиялдары бір орында тұрған жоқ, әрбір күн жұмыс барысында қолдануға болатын жаңалықтар пайда болады. Сайттарды құру – шығармашылық процесс, өз мақсаттарына жету үшін заманауи технологиялық базаға ие болып, веб-технологиялар саласында өз икемдіктерінді жетілдіру мен жаңа білімдерге ие болу керек.