Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

3.4.4 Drupal

Drupal – PHP тілінде жазылған сайтты басқару жүйесі (CMS) және реляциондық дерекқор қоймасы ретінде пайдаланылады (MySQL,PostgreSQL және басқалары қолдалады). Drupal GPL лицензиясымен қорғалған тегін бағдарлама болып саналады және әлемдегі энтузиастар көмегімен дамып келеді.

Техникалық ерекешеліктері

Drupal архитектурасы әр түрлі сайттарды кұрастыруға мүмкіндік беред – блог пен форумдардан бастап, жаңалықтар сайты мен ақпараттық архивтерге дейін. Әдепкілей келетін функционалды қосымша кеңейтулерді қондыру арқылы көбейтуге болады – Drupal терминологиясында “модуль” деп аталады. Drupal жинағында келетін ең маңызды функциялары:

  • барлық контент түрлерінің бірегей санатталуы (таксономия) — формудық жазбалардын бастап, блог пен жаңалықтарға дейін;

  • рубрикатор құрастырғанда қолданыталын теңшелімдердің кең жинағы: тегіс тізімдер, иерархиялар, синонимдер, туыс санаттар;

  • санаттардың кез келген тереңдікке кіруі;

  • сайт материалдары бойынша іздеу, сонымен қатар таксономия және қолданушылар бойынша іздеу;

  • қолданушылардың материалдарға қол жетімділігін реттеу (рөлдік модель).

  • мәзірдің динамикалық түрде құрастырылуы;

  • XML-форматтарын қолдау;

  • материалдарды RDF/RSS форматында шығару;

  • материалдарды басқа сайттардан агрегациялау;

  • сыртқы бағдарламалар көмегімен материалдарды жариялау үшін арналған BlogAPI; OpenID арқылы авторизациялау;

  • мағыналы URL (басқаша «адамға-түсінікті»);

  • интерфейсті басқа тілдерге аудару мүмкіндігі және әр түрлі тілді контентпен жұмысты қолдау;

  • қиылысатын мазмұны бар сайттарды жасау мүмкіндігі (мысалы ортақ қолданушылар қоры немесе ортақ теңшелімдері бар сайттар);

  • сайттың әр түрлі виртуалды хосттарға арналған бөлек конфигурациялары (соның ішінде әр бір ішіндегі сайтқа өзіндік модуль жинақтары мен темалар);

  • сайт жүктелуін щектеуге арналған механизм (жоғары келім кезінде автоматы түрде ақпараттық блоктарды және модульдерді сөндіру);

  • модульдердің жаңартулары турады хабарландыру;

Локализацияларды қолдау

Жүйе интерфейсті әр түрлі тілдердің локализациясын қолдайды. Drupal 5 интерфейсы 33 тілге аударылған, Drupal 6 – 70-тен астам тілге аударылған (алайда кейбір аудармалар толық емес). Қазақ . В Drupal-да локализация үшін өзіндік механизм қолданылады және аудармаларды дерекқорда сақтайды. Сонымен қатар стандартты gettext кітапханасымен жұмысқа адаптация оңай болып келеді. Аудармалардың импорты мен экспорты po-файлдары көмегімен орындалады (gettext кітапханасы қолданатын формат).

Сайттың толық локализациясы сыртқы модульдер көмегімен орындалады (олар Drupal-дың стандартты жинағына кірмейді, алайда қолданушы оларды әзірлеуші сайтынан жүктей алады).

Қазақ тілі үшін жеке локализация сервері бар, онда сіз Drupal өзегінің және әр түрлі модульдердың аудармаларын таба аласыз.

Мазмұнды құрылымдастыру тәсілдері

Drupal таксономияға негізделген, сайт құрылысын ұйымдастыруға арналған икемді тәсіл ұсынады. Таксономия — сайт мазмұнына арналған тақырыптық санаттар жасауға және оларды ақпарат енгізу және шығаруға арналған модульдермен байланыстыруға мүмкіндік беретін механизм. Санаттар жазық тізімді немесе иерархиялы болуы мүмкін немесе әр элемент бірнеше ата-ана мен бірнеше еншісіндегі элементі бар күрделі құрылым болуы мүмкін.

Drupal-ға арналған Content Construction Kit (CCK) кеңейтілімі пайда болғаннан кейін басқа парадигма пайда болды. CCK құжаттарды әр түрлі өрістермен толықтыруға мүмкіндік береді —URL және email енгізуге арналған өрістерден бастап, мультимедиялық файлдарды сақтауға және көрсетуге арналған өрістерге дейін. Сонымен қатар CCK-ге арналған қосымша модульдер көмегімен (мысалы Node reference) құжаттар арасындағы байланыстарды таксономия көмегісіз ұйымдастыруға болады.