Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

4.5 Меню элементтерін құру

Барлық материалды қосқаннан кейін сайттың ақпараттық құрылымын құрудың соңғы кезеңіне өтуге мүмкіндік туындайды. «Joomla!» контентті басқару жүйесінде категориялар, бөлімдер мен меню элементтері арасында тура тәуелділік жоқ. Ресурс администраторы қандай сілтемелерді ол сайт менюінде қорсететінін өзі анықтайды.

Контентті басқару жүйесі құрылғысы мен пунктерін құру және жариялау процесіне өз шектеулерін ендіреді. Басы үшін сайттағы меню құрылымы схемасын қарастырайық.

Сурет 4.5 Материалдар

«Joomla!»-да меню – бұл алдын ала анықталатын орында көрінетін модуль, статикалық құжаттарға сілтемелерден тұрады, контентті басқару жұйесінің категориялары мен түрлі компоненттерден тұрады.

«Joomla!» графикалық шаблондар құрылымымен танысу кезінде модульдер орналасу контейнерлері туралы, оның мәні мен функциялары жайлы айтылған болатын. Атап өту керек, менюдің шығуы модуль шығуы үшін контейнер орналасқан орында графикалық шаблон орнында мүмкін болады. Менюдің көрінуі үшін арнайы жасалған дайын, коммерциялық және тегін шаблондарда контейнерлер болады. Администратордың ыңғайлылығы үшін, олар жоғары, бүйір жақта, төменгі бөлікте орналасады.

«Joomla!»-да менюді енгізуді ұйымдастырудың бірінші қадамы модульді құру, оның позициясын анықтап және бетте көрінетін қасиеттерін анықтау болып табылады.

Бастапқы орнатудан кейін, жүйеде менюдің «Главное меню», «Меню пользователя», «Другое меню», «Верхнее меню» стандартты модульдері болады. Бастыпқы үш элементтің атаулары бойынша көрінетіні – бүйірде, соңғылары – жоғарыда. Меню қалай аталатыны маңызды емес, ең ма ңызыдысы – оның баптауларында шаблон контейнері орнатылуы керек, ол қажет орнында орналасады.

Сурет 4.6 Меню менеджері

Бүйір жақтағы менюді көрсету үшін «Модули» – «Модули сайта» пунктін ашамыз, онда ары қарай «Главное меню» таңдаймыз.

Модульді конфигурациялау бетінде параметерлерге баса назар аудару керек:

  • «Заголовок» –«Показывать заголовок» функциясын қосқан кезде сайт беттерінде шығатын меню тақырыбы;

  • «Позиция» – меню модулін шығаратын контейнер атауы;

  • «Порядок» – сайтты ресімдеу шаблоны контейнерінде модульді шығару тізбегі (егер бірден бір контейнерде бірнеше модульдер шығарылады);

  • «Уровень доступа» – менюдің берілген модулі көрінетін қолданушылар тобын анықтауға мүмкіндік береді (сайттың кейбір бөлімдеріне қол жетімділіктің шектеу үшін тиімді);

  • «Публикация» – сайт менюі көрінуі қосылды ма жоқ па анықтайды;

  • «Имя меню» – жалпы тізімдегі меню берілген модульде көрінуі үшін қажеттіні таңдауға мұмкіндік береді;

  • «Стиль меню» – батырмалардың вертикалды немесе горизонтальды орналасуы (жоғары және бүйір жақтағы меню шығару кезінде өзгереді);

  • «Развернуть меню» – ағаш түріндегі құрылымда барлық бөлімшелерді және менюдің негізгі пунктерімен көрсетіп ашыға мүмкіндік береді.

Модуль конфигурация сыртқы түрі сурет 4.7-де көрсетілген.

Сурет 4.7 Модульді баптау

Базовая конфигурация модуля «Главное меню» модулі базалық конфигурациясы «mainmenu» блогынан вертикалды менюді сілтемелер шығуын қолдайды, осыдан, кәдімгі көрініске ешқандай өзгерістер енгізу керек емес.

Жоғарыда аталған барлық параметерлер бапталады және кез келген меню блоктары үшін де беттің қай бөлігінде олар көрінетініне де байланысты.

Жоба бойынша, екі меню бір-бірін қайталайды және «Верхнее меню» конфигурациясын ұқсас жолмен орындау қажет. Баптауларға кіргеннее кейін, «Имя меню» – «mainmenu» нұсқау керек және берілген модуль жариялануын қосу керек.

Меню модульдерін конфигурациясын аяқтағаннан кейін, сайт беттерінде шығатын сілтемелері бар блоктарды толтыруға өтуге тура келеді.

Меню сілтемелерімен басқару үшін администрациялық интерфейс басты бетте «Меню» батырмасы бар немесе «Меню» – «mainmenu» батырмасымен қолдануға болады.

«Менеджер меню» бөлімі контентті басқару жүйесінде түрлі топтармен операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Жоғарыда меню көрінуі модульдерін қосу процесі сипатталды, онда «Имя меню» – «mainmenu» нұсқауы қажеттілігі туралы айтылды. Меню менеджері сілтемелер тобында редиктирлеу үшін арнайы құрылды, мысалы «mainmenu» сияқты. Администратор кез келген топтар санын құра алады және оны модульдер көмегімен сайтқа шығаруға болады.

«Главное меню» модулімен сайтқа шығарылатын «mainmenu» сілтемелер тобын редиктирлеу үшін админитсративтік менюінде «Меню» – «mainmenu» пунктерін таңдау керек немесе «mainmenu» атауына қарама-қарсы «Редактировать пункты меню» батырмасын басу керек.

Сурет 4.8 Меню менеджері

Менеджер менюінде келесідей батырмалар қол жетімді: «Публикация», «Скрыть», «Перенести», «Копия», «В корзину», «Правка», «Новый», «Справка». Жаңа сілтемелерді қосу үшін экранның жоғары бөлігіндегі «Новый» батырмасын қолдану қажет.

Контентті басқару жүйелерінде сайттың түрлі объектілеріне сілтемелер жасауға мүмкіндік береді, администартор қажеттігіне бацланысты мынадай болуы мүмкін:

  • «Блог – материалы категории» – сілтеме бойынша өту кезінде қолданушыға берілген категорияның барлық материалдары шығарылады;

  • «Блог – материалы раздела» – сілтеме бойынша өту кезінде қолданушыға берілген бөлімнің барлық материалдары шығарылады;

  • «Ссылка на материал» – сілтеме бойынша өту кезінде қолданушы белгілі материалдармен бетке өтеді;

  • «Ссылка на статическую страницу» – сілтеме бойынша өту кезінде қолданушы «статическую страница» бетіне өтеді;

  • «Таблица – материалы категории» – таңдалған категорияның барлық материалдры тақырыптарынан тұратын кестені бетке шығаруға мүмкіндік береді;

  • «Таблица – материалы раздела» – берілген бөлімдегі материалдардың тақырыптарынан тұратын кестені бетке шығаруға мүмкіндік береді;

  • «Компонент» – компонент объектісіне сілтеме береді, мысалы, контакт формасына немесе қонақ кітабына.

Іс жүзінде, таңдалған сілтеме типі мәліметтердің бетте көріну түрін анықтайды.

«Статикаческая страница»-ға меню сілтемесін қосу үшін меню менеджерінің «Новый» батырмасын қолдану қажет, пацйда болған терезеде «Ссылка – статичный материал» таңдау керек.

Жаңа терезеде администратор 2.3.2. бөлімінде құрылуы сипатталған бар статикалық беттерден таңдау беріледі. Бұдан басқа, «Имя ссылки», «Родительский элемент меню», «Уровень доступа» және «Публикация» енгізу ұсынылады. «Публикация» параметрінің оң мәні болмаса, сайт менюінде сілтеме болмайды.

Менюдің басқа пунктін ата-аналық деп таңдағанда құрылатын сілтеме оның бөлімшесіне айналады.

«Материалы категории» сілтемесін енгізу үшін меню менеджерінің «Новый» батырмасын қолдану керек, пайда болған терезеде «Блог – содержимое категории» таңдау керек.

Жаңа терезеде статикалық беттер жағдайындағыдай администратор сайтта бар категориялардан таңдау ұсынылады. «Joomla!» контентті басқару жүйесі менюдің бір сілтемесі бойынша бірнеше категориялардың материалдарын шығаруға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті жүзеге асыру үшін сілтеме құрған кезде қажет категорияларды таңдау керек.

Категорияны нұсқағаннан басқа осы сілтеме бойынша шығатын материалдар жүйе администраторы «Имя ссылки»; «Родительский пункт меню»; толығымен шығатын материалдар санын; тек қана кіріспе мәтінмен берілетін материал санын; сілтеме ретінде ұсынылатын материалдар санын нұсқауы керек.

«Joomla!» нақты компонентіне сілтеме ұқсас жолмен жүзеге асады. Меню менеджеріндегі «Новый» батырмасын қолданып, «Компонент» пунктін таңдау керек.

Пайда болған терезеде жүйе администраторы сілтеме орнатуы мүмкін компоненттерден таңдау ұсынылады. Бұдан басқа сайт менюінде көрінетін «Имя ссылки» нұсқау керек.

«Менеджер меню» басты бетінде редактирленетін меню барлық сілтемелері иерархиялық түрде ұсынылады. Используя переключатель «Публикация» қосқышын қолданып, администратордың меню жеке элементтерінің көріну параметрлерін орнатуға мүмкіндігі бар. Сілтемелер тізбегін өзгерту үшін, «Порядок» және «Двигать» өрістерін қолдану керек. «Менеджер меню» интерфейсі қосымша 9-да көрсетілген.