Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

3.3 Мәліметтер қорымен жұмыс

Мәліметтер қоры әр түрлі мәліметтерді сақтауға, оларды реттеуге, оларды белгілі алгоритмдар бойынша бір-бірімен байланыстыруға және т.б. иүикіндік береді. Мәліметтер қорын басқару үшін арнайы бағдарламалар – мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) қолданылады. Құжаттарды жинау, сақтау және классификациялау идеясы компьютерлік жүйелер пайда болмай-ақ тұрып көп жыл бұрын пайда болды. Мәліметтер бумалар бойынша жиналды, оның әрбіреуі реттік саны бар белгілі ұяшықта орналасты, оның әрбіреуі жоғары деңгейлі сақтау орнында сақталады және т.б.

Компьютерлік желілердің пайда болуымен ақпаратты өңдеу принципиалды жоғары деңгейге қадам жасады. Бір немесе бірнеше жүйелердің ішінде орналасатын мәліметтердің үлкен архивтарды сақтау мүмкін болды. Ол да барлығы емес. Ақпаратты сақтау бұл әрине жақсы, бірақ мәліметтер массивтарында адаспау маңызды, талап етілетін құжатты тез әрі артық мәселесіз іздеу қажет. Бізге көмекке мәліметтер қоры және ол қорларды басқару жүйелері келеді.

MySQL кең қолданылатын МҚБЖ болып табылады, ол түрлі қиындылықты интернет-жобаларды жобалау кезінде қолданылады: қарапайым сайттардан бастап, көпмиллиондық порталдарға дейін. MySQL МҚБЖ түсінуге қарапайым, сенімді және жарамды тез әрекетілік деңгейін қамтамасыз етеді.

MySQL – дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS). Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. MySQL сөзіндегі "My" сөзі, бағдарлама жасаушысы Майкл Видньюс-тың (Michael Widenius) қызының аты - "My" сөзінен алынған. Ал SQLфразасы - Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі (Structured Query Language) дегенді білдіреді.

MySQL, проект қайнарын GNU General Public License (GPL) және әр түрлі жеке меншік лицензияларында шығарды. MySQL-ды кезінде MySQL AP атты Шведттық фирма демеу еткен, ал қазір оны толығымен Oracle корпорациясы сатып алды.

Толық функционалды мәліметтер қорын қажет ететін, қайнары тегін проекттер жиі MySQL-ды қолданады. Серверді коммерциялық проекттерде қолдану үшін, қосымша функциялармен ұсынылатын бірнеше нұсқалары бар. MySQL-ді қолданатын бағдарламаларға TYPO3, Joomla, WordPress, phpBB, MyBB, Drupal және де басқа LAMP бағдарламаларын жатқызуға болады. MySQL сонымен қатар Google, Wikipedia, Facebook және Twitter сияқты дүниежүзілік және кең ауқымды web-бағдарламаларында қолданылады. MySQL серверін қайнардың өзінен жинап орнатуға болады. Бірақ бұл біршама уақыт қажет ететін және жалықтыратын процесс. Бұл операция көбінесе егер сізге ерекше конфигурацияда сервер қажет болса ғана істеледі. Linux операциялық жүйесінің бағдарлама пакеттерін басқаруға арналған жүйесі бұндай жұмыстарды минималды қимылмен орындатқызады. Дей тұрғанмен, әдетте орнатудан кейін қауіпсіздік және оңтайландыруға байланысты конфигурациялық жұмыстар жасау керек болады.

MySQL нарықтағы ірі және ақылы мәліметтер қорларына балама ретінде жасалса да, кең ауқымды мәліметтерге байланысты талаптарды орындай алады. Ол көбінесе кіші және орта көлемді бір-серверлік LAMP-негізінде жасалған бағдарламаларға компонент ретінде немесе жеке сервер ретінде қолданылады. MySQL-ге деген тартымдылық - оны қолдану оңайлығында. Мүны phpMyAdmin сияқты қайнары ашық және тегін бағдарламалардан көруге болады. Орта бағамен есептегенде, MySQL-ді бірнеше гигабайт жадты және бірнеше процессорлы қуатты аппараттық құрылғыларда ауқымды етіп қолдану әбден мүмкін. Бірақ та жалғыз серверлік ауқымдатуда қуаттылық жағынан шектеулер бар, сондықтан кеңірек ауқымдатуда, жоғары өнімділік пен сенімделікті қамтамасыздандыру үшін мульти-серверлік MySQL орнатулары қажет. Әдеттегі жоғарғы класстағы конфигурация жазу операцияларын орындайтын қуатты "master", "master"-дегі мәліметтердің көшірмесін сақтайтын және оқу операцияларын орындайтын бірнеше "slave" серверлерден тұрады.

"Master" сервері әрдайым "slave" серверлерімен синхронда болады, сондықтан кездейсоқ бір уақытта "master" өшіп қалса, бір "slave" жүйе жаңа "master"-ге автоматты түрде көшеді. Cөйтіп жұмыссыз уақыт көлемі кішірейтіледі. Өнімділікті ары қарай жақсарту үшін, мәліметтер қорынан алынған нәтижелерді memcached деп аталатын бағдарламаны қолдану арқылы жадта сақтауға ұсынылады немесе мәліметтер қорын "shard" деп аталатын бірнеше бөліктерге бөліп оны бөлісілген сервер класстерлеріне жаюға болады.

MySQL – бұл реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі. Яғни бұл оның базалардағы мәліметтері логикалық байланысқан кестелер, оларға рұқсат SQL сұраныстары тілі арқылы жүзеге асады. Ол кез келген сайтқа сәйкес келетін жылдам, сенімді және қарапайым МҚБЖ.

База данных MySQL мәліметтер қоры әлемдегі кең танымал болып табылады. Бұд қолдану қарапйымдылығы мен берілген МҚБЖ толық тегіндігімен байланысты. PHP-дың мәліметтер қорына рұқсата жасайтын маңызды функциялары төменде келтірілген:

  • mysql_connect (сервер_саты,қолданушы_аты,құпия сөз) –MySQL-мен қосылуды жасайды.

  • mysql_select_db (қор_аты, байланыс_ идентификаторы) – мәліметтер қорын таңдауға мүмкіндік береді. " Байланыс_ идентификаторы " – mysql_connect функциясымен жасалатын қормен ашық байланысқа сілтеме.

  • mysql_query (запрос sql) –қорға SQL сұраныс жасауға мүмкіндік береді .

  • mysql_fetch_array (resourse result) – мәліметтер қорынан жолды шығарады және оны массивке түрлендіреді.

  • mysql_close (link_identifier) – мәліметтер қорымен байланысты жабады.

Мәліметтер қорымен жұмыс үшін бізге мәліметтер қорымен жұмыс істей алатын қолданушыны және құпия сөзді жасау керек. Ол үшін Denwer WEB-серверіне еніп «К началу» сілтемесіне басамыз.

«Привилегии» пунктіне басамыз. Кейін «Добавить нового пользователя»(сурет 3.2). Denis қолданушы атын нұсқаймыз , хост localhost, құпия сөз 12345. Барлық артықшылықтарды таңдап «Пошел» басамыз.

Сурет 3.2 Жаңа қолданушыны енгізу