Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

4 Web –бағдарламалаудың практикалық негіздері

4.1 Пәндік облысты анықтау

Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту  саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді. 

Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында  информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты. 

Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен  компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың  теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып, құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда. 

Информатиканы оқытудың мақсаты - әрбір оқушыға информатиканы ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін бері, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді.

Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез-келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешушінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді.

Алгоритм дегеніміз - іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі, яғни орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым.

Кез келген есепті компьютермен шешу үшін ең алдымен есептің математикалық қойылуын анықтау, алгоритмін құру, одан соң оны программалау тілінде жазу керек екені бнлгілі. Программалау тілінің бірі - Паскальдың негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды. Математика қанша дамыса да көптеген құбылысты математикалық түрде мазмұндап жазу әлі күнге мүмкін болмай отырғаны сияқты, көптеген есептер үшін алгоритмді жазу әлі күнге мүмкін болмай отыр.

Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде – тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, түрлі саналық инфорциямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.

Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктері бар:

• Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді;

• Тіл алгоритмді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте – бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет;

• Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;

• Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;

• Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді;

• Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға болады.

Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.