Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

Сурет 1.1 – Мекеме құрылымы

1. Ақпараттық-әдістемелік бөлімнің негізгі мақсаттары:

  • Ақпараттық-әдістемелік семинарлар, мастер-класстар өткізу;

  • Жаңа аөпараттық технологиялар мен электрондық оқу-әдістемелік құралдары қолданумен инновациялық тәжірибені тарату;

  • оқу-әдістемелік құралдарды электронды және қағаз тасымалдаушыларында әзірлеу;

  • білімді ақпараттандыру саласында облыс және қала білім беру қызметкерлері арасында конкурстар ұйымдастыру жіне өткізу;

  • Павлодар облысының білім беру басқармасы мен ПО АТО сайттарын ақпараттық қолдау;

  • Павлодар облысының білім беру ұйымдарынан ақпараттандыру саласында келіп түсетін ақпаратты жинау, өңдеу және анализдеу;

  • Ақпараттық қамту бойынша облыс білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен ұстаздарына кеңес беру.

2. Сервистік және техникалық қызмет көрсету бөлімінің негізгі мақсаттары:

  • Павлодар облысының білім беру басқармасының коппьютерлік техникасы мен оргтехникасын жөндеу және қызмет көрсету;

  • білім беру ұйымдарында компьютерлік техникасы мен оргтехникасын техниклық тексерістен өткізу;

  • білім беру ұйымдарында компьютерлік техника мен оргтехниканы баптау бойынша практикалық көмек көрсету.

3. Желілік және бағдарламалық жасақтау бөлімінің негізгі мақсаттары:

  • білім беру ұйымдарының сайттарын құру және сүйемелдеу;

  • Интернет-басылымдарды дайындау және жариялау;

  • разработка и построение сетей;

  • Интернет желісінің түрлі жүйелері мен сервистерін жобалу және енгізу;

  • заманауи ақпараттық технологиялар негізінде ортақ біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістік құру және оған қызмет көрсету;

  • бағдарламалық қамтаманы (БҚ) сүйемелдеу.

  • білім беру Интернет-сайттарын ақпараттық сүйемелдеу;

  • облыстық телекоммуникациялық жобаларды, білім алушылар мен білім беру қызметкерлері үшін он-лайн сабақтар ұйымдастыру және өткізу.

4. Электрондық оқыту бөлімінің негізгі мақсаттары:

  • Ұлттық білім беру мәліметтер қорын (ҰБМҚ), Портал бөлімшелерін, электроныдқ оқыту жүйелерін толтыру кезінде кеңес берер көмек көрсету;

  • ҰБМҚ толтыру, ЭОЖ өз уақытында толтыру мен ЭОЖ мәліметтерінің жаңару мониторингін жасау;

  • ЭОЖ қолданушылары үшін оқытатын семинарлар өткізу.

  • 2012-2013 оқу жылында Орталықпен облыс педагогтері үшін 72 оқыту семинарлары өткізілді және 1704 ұстаздар оқытылды. Семинарлар Орталық негізінде сонымен қатар жолға шығатын түрде екі тілде келесі тақырыптар бойынша өткізіледі:

  • «ActivInspire бағдарламалық қамтамсымен оқу процесінде интерактивті жабдықтың мүмкіндіктерін қолдану »;

  • «XXI ғасыр ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе»;

  • «kaz.net web-сервистерін қолдану, интерактивті және мультимедиялық жабдықты баптау»;

  • «"Pythagoras" мультимедиялық бағдарламалық кешенін оқу процесніде қолдану»;

  • «Физика, химия, биология және информатика кабинеттері лаборанттарының біліктілігін жоғарылату»;

  • «ЭОЖ енгізу шартында білім беру контенттерін жасау технологиясы»;

  • «PASCO жабдығын химия, биология, физика пәндері бойынша зертханалық-тәжірибелік жұмыстары үшін қолдану».

Сонымен бірге Орталық компьютерлендіру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік, жобалық жұмысты жүзеге асырады. Интерактивті сабақтар, он-лайн режимінде семинарлар ұйымдастырады және өткізеді, жеке сабқтар мен мұғалімдерге кеңес беруді өткізеді. 2012-2013 оқу жылы ішінде 2 мастер-класс және 12 вебинарлар он-лайн режимде өткізілді, ҰБМҚ және электронды оқыту жүйе бөлімшелерін толтыру бойынша онлайн-кеңестер өткізеді.

Жыл сайын ақпараттық технологиялар орталығы білім беру басқармасы жоспарына сәйкес АКТ саласында педагогикалық тәжірибені тарату мен жалпылау бойынша облыстық конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді: «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты», "Ең үздік интерактивті сабақ "педагогикалық ойлардың Интернет-фестивалі.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарлығымен бекітілген 2011-2020 ж.ж. Білім беруді мемлекеттік дамыту бағдарламасына және Білім беру министрлігінің 2012 жылы 27 желтоқсанынан № 570 «Білм беру мониторингі аясында әкімшілік мәліметтер формасын бекіту жқнінде» бұйрығы негізіндегі Ұлттық білім беру мәліметтер қорын құруына сәйкес электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізумен байланысты электрондық оқыту бөлімі ашылды.

Жүйе Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары жайлы аұпартпен ҚР Білім және ғылым министрлігі үшін статикалық мәліметтер қорын жасау үшін жауап береді.

Электрондық оқыту жүйесі (e-learning) бұл оқу процесін технологтендіруді, білім беруді басқаруды жүйесін автоматтандыруды, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылады.

Электрондық оқыту жүйесін (ЭОЖ) енгізудің мақсаты барлық білім беру процесінің қатысушылары үшін үздік білім беру ресурстарымен технологияларына бірдей қол жетімділікті қамту болып табылады.

Электрондық оқыту бөлімі Ұлттық білім беру мәліметтер қорын толтыру өз уақытында мониторингін, 162 әкімшілік мәліметтерді статикалық есептермен салыстыруды, Портал бөлімшелері мен электронды оқыту жүйесінің өз уақытында толтырылу мониторингін өткізеді (жұмыс оқу жоспарларын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды құру, бағаларды электронды журналға қою).Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады. Автоматты түрде есептерді жасау арқылы құжаттамамен барлық машақатты жұмысты одан да жылдам орындауға мүмкін. Сонымен қатар e-Learning жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Е-Learning жүйесінің интерфейсі қарапайым және қолайлы. Бұл ретте оқушылармен де, және әріптестермен де араласуға мүмкіндік беретін арнайы құралдардың бар болуы болжанады. Пікір алмасуды, тәжірибелі педагогтан кеңес сұрауға, үздік оқушыға ақыл-кеңес беруді және үлгермейтіндерге көмек беруді – осының барлығын e-Learning-те жасауға болады. Әрбір оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек бағаны ғана қоймай, және статистикалық деректерді талдаудың негізінде әрбір оқушының оқу үлгерімін қадағалай алады. Автоматты түрде есептерді жасау арқылы құжаттамамен барлық машақатты жұмысты одан да жылдам орындауға мүмкін. Сонымен қатар e-Learning жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі және облыстық білім беру орындарының жаңа құрылып келе жатқан ақпараттық инфрақұрылымының негізгі түйіні.

Жұмыс бағыттары:

  • ҚР ақпараттандыру аясында федералдық бағдарлама бойынша аймақтық деңгейде (аймақаралық деңгейде мамандандырылғандар үшін) жұмыстың координациясы, оның білім беру қызығушылықтарына бейімделуі.

  • Облыстық білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастыратын жобаларды қамтамасыз ету, құру және ұйымдастыру.

  • АКТ-ны оқытуда, ғылыми және ұйымдастырушылық іс-әрекетте қолдану аймағында профессорлық-оқытушылық құрамын даярлау (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру), кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату.

  • Педагогикалық бағдарламалық құралдарды, жоғары оқу орнында қашықтықтан оқытуда қолданылатын электрондық оқу курстарын, білім беру мекемелерінің тапсырысы бойынша білім беруді ақпараттандыру аймағында тауарлық өнімді жасау.

  • Білім беру саласындағы АКТ-ны кешенді қолдану облысында фундаменалды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу.

  • Кәсіби білім және мәліметтер қоры, мәдениет және білім беру аймағында ақпараттық аймақтық ресурстардың қалыптасуы және жүргізілуі.

  • ҚР ғылым және білім берудің бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық ақпараттық желісіндегі аймақтық тораптарының қызметтерін орындау.

Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының мақсаты Павлодар облысының білім беру мемлекеттік мекемелерінде электрондық оқытуды тиімді енгізу мен дамытуды қамтамасыз ететін білімді ақпараттандыруды дамыту болып табылады. Мемлекеттік мекеменің қызметінің объектісі болып заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде Павлодар облысның білім беру мекемелерінде ортақ ақпараттық жүйені құру болып табылады. Мақсатқа жету үшін Орталық келесідей қызметтерді орындайды: 1) ақпараттық жүйелерге техникалық қызмет көрсету мен қолданыстағы компьютерлік техника паркін жаңарту, орталықтандырылған базаларға жойылған қатынасты қамтамасыз ету және басқаруды жетілдіру жолымен Павлодар облысы білім беру басқармасында және білім беру ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз ету құралдарын, деректерді, байланыс және коммуникацияларды берудің желілерін ұүру және сүйемелдеу; 2) оқытудың озық ақпараттық технологияларының, мультимедиялық және коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру; 3) компьютерлендіру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік, жобалау енгізу, жөндеу, өндірістік жұмыстарын үйлестіру; 4) білімді бақылауды тестілеу әдістерін енгізу, оқытудың ақпараттық- технологияларын қолдану мәселелері, оқушылар арасында дистанциялық олимпиадаларды, зияткерлік сайыстарды, конкурстарды, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу бойынша ұйымдастыру-техникалық және оқу-әдістемелік функцияларды жүзеге асыру.