Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.26 Mб
Скачать

3.5.5 Модульдер мен компоненттер

Система управления контентом «Joomla!» контентті басқару жүйесі модульді құрылымды болады және өзінің базалық вариантында дайын жобаны жүзеге асыру үшін талап етілетін мүмкіндіктерді қамтамасыз етпейді.

«Joomla!»-да компоненеттер мен модульдерге бөлініс бар. «Компоненттер» деп контентті басқару жұмысына қосымша функционалды қосуға мүмкіндік беретін кеңейтулер аталады. «Модульдер» деп веб-сайттың әрбір беті үшін жеке бапталатын мәліметтерді енгізу элементтері аталады. Әдетте, интерактивті элементтерді шығаруды қамтамасыз ететін компоненттер мен модульдер комплектісінде болады.

Сурет 3.6 Компоненттер

Модуль – бұл сайттың анықталған бөлігі, оның позициясы администратор интерфейсі арқылы анықталады. Модуль ретінде болуы мүмкін: сайт менюі, соңғы мақалалар тізімі, кіру санағыштары, іздеу, қолданушылардың авторизациясы, сұраныс пен контактілер формалары, кез келген қолданушы тапсырған статикалық және динамикалық ақпарат.

Сурет 3.7 Модульдер менеджері

Бетте әрекет ететін ресімдеу шаблонында модульдердің шығару позициялары анықталатынын айта кету керек. Бұдан басқа, «Joomla!»-да арнайы модульдер позициясы кестесі бар. Жүйеде модуль позициясын анықтау үшін, менюдің келесі пунктіне кіру керек: «Сайт» – «Шаблоны» – «Расположение модулей».

Ресімдеудің стандартты шаблондарын немесе дизайнның стандартты макеттері негізіндегі шаблондарды қолданған кезде, ешқандай өзгерістер жасауға керек емес. Өзгерістерге қажеттілік шаблонды қосымша позицияларға модульдерді шығару үшін қолданған кезде пайда болады.

Компоненттік құрылым жүйенің жоғары функционалдық мүмкіндіктері мен икемділігін қаматамсыз етуге мүмкіндік береді. Сайт жұмысы үшін қажетті модульдер мен компоненттерді қолдана отырып веб-ресурс администарторлары өздерін әрекет етпейтін компоненттердегі тар орындар мен әлсіздіктерден қорғайды.

Стандартты жиын құрамына келесі компоненттер кіреді:

  • «joomlaXplorer» – «Lavra Edition» жинағына қосылған ең бірқызықты компоненттердің бірі. Өзі администраторға қажетті кез-келген операцияларды орындайтын файлдар менеджері – көшіру, атын өзгерту, жою, редактирлеу, директориялар архивын құру. Барлық бұл мүмкіндіктер әкімшідік интерфейс негізінде жүзеге асырылған және басқа қосымшаларды қажет етпейді.

  • «PentaChat» – стандартты жинақ құрамына кірсе де, көптеген қолданушылар үшін ол қажетсіз саналады. Негізгі функциясы веб-камералары бар сайт қолданушылары арасындағы видео-чатты ұйымдастыру болып табылады. Танысу порталдарында және оған ұқсастарында қолданылады.

  • «Syndicate» – RSS‑форматында сайтпен генерацияланатын жаңалықтар жолағын экспорты үшін арналған.Өз жаңалықтарынның осы технологияны қолдайтын басқа интернет-ресурстарына экспорты үшін тиімді.

  • «Баннеры» – сайт беттерінде жарнамалық компаниялар мүмкіндік беретін компонент. Белгілі ішкі беттерге жетектейтін графикалық жарнамалық хабарландыруларды көрсету үшін жарамды. Көрсетулер мен баннер бойынша өтулерді санайды.

  • «Голосования» – сайт қолданушылары мен келушілерді электронды сауалнама жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыратын компонент. Қажет болса, тек қана тіркелген қолданушыларға ғана қол жетімді дауыс беруге шектейді. Дауыс беруді және нәтижелерді көрсету баптаудың иілгіш жүйесі бар

  • «Импорт лент новостей (RSS)» –«Syndicate» компонентіне қарама-қарсы компонент. RSS форматындағы жаңалық жоғалақтарын басқа интернет-ресурстарын импортын мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Шығарылатын мәліметтер түрі, оның саны және шығару орны толығымен бапталады.

  • «Контакты» – контактілі адамдар құрылымдық тізімі ұйымдастыруға және бұл тізімді сайтқа шығаруға арналған компонент. Иілгіш ақпаратты шығару шаблондары жоқтығымен ыңғайлы емес. Бейімделу үшін шығару шаблоны физикалық түрде кодтан керек емес файлдарды жою қажет.

  • «Массовая рассылка» – қолданушыларға немесе нақты бір қолданушылар тобына ескертулер мен хабарландырулар жіберу.

  • «Ссылки» – сілтемелер каталогы, басқа веб-ресурстарына сілтемелер құрылымдық каталогын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша компоненттерді арнайы библиотекадан жүктеуге болады, бұл өндірушілер сайтында орналасады. Олардың руссификацияланған интерфейсі ақылы болып табылады. Осы жұмысты жазу кезінде сайтта 440 компонентке жуық бар.

CMS «Joomla!»-ға қосымша компоненттер ретінде орнату мүмкін: форумдар, қонақ кітаптары, блогтар, галереялар, интернет-дүкендер, видео-конференциялар, құжаттар базасы и және тағы басқалар.

Қажет болса, тапсырыс берушілердің техникалық тапсырмасымен компонеттерді құру бойынша ақылы қызмет көрсететін көптеген компанаиялар бар. Нақтырақ – администарторға қажет кез келген есепті басқа компоненттер интеграциясы жолымен шешуге болады.

Мысал үшін, «Joomla!» контентті басқару жүйесінде қосымша компонент «Гостевая книга» орнатуды ұғынайық.

Бастапқы орнату компонентті жүйеге жүктеуден басталады. Басқару менюінің «Расширения» – «Менеджер расширений» пунктері арқылы енгізілген «Менеджер пасширений» пунктін қолдануға болады.

Администратор «Менеджер компонентов» бола тұра контентті басқару жүйесінің компоненттерін орнату және жою операцияларын жасау мүмкіндігі бар. Контенттерді басқару интерфейсі жаңа компонентті архивті жүктеу жолымен орнатуға болады, не компонентті сервердегі нақты бумадан жүктеуге болады. Интерфейстің сыртқы құрылғысы сурет 3.8-де көрсетілген.

Сурет 3.8 Кеңейтулер

Администратор компьютерінен компонентті жүктеу үшін «Обзор» батырмасына басу керек және қажет компонент орналасуын көрсету керек. Ары қарай, «Загрузить и установить» батырмасын қолданып, веб-ресурс администраторы компонентті автоматты орнатуды жібереді.

Мысал үшін элетронды оқулықта тестілеуді ұйымдастыру үшін қажетті клмпонентті Ari Quiz Lite орнатайық. Ол үшін жоғарыда айтлығандай әрекетер бойынша com_ariquiz.zip файлын таңдаймыз да, автоматты орнатуға жібереміз (сурет 3.9).

Cурет 3.9 Ari Quiz Lite компонентін орнату

Біздің жағдайда, Ari Quiz Lite қонақ кітабы компонентті сәтті жүктеледі және контентті басқару жүйесінде орнатылады.