Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

12. Географиялық координаталар туралы жалпы түсінік

Жер бетіндегі нүктелердің орнын оның координаталары, яғни алынған координаталар жүйесінің бастапқы жазықтықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда қолданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістіктегі және жазықтықтағы жүйелері болып екіге бөлінеді.

Координаттардың кеңістіктегі жүйелерінің ішінде көпшілікке ең белгілісі – географиялық координаттар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды географиялық ендік (φ) және географиялық бойлық (λ) деп ажыратады.

Географиялық ендік (φ) – жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтықтағы арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа – солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 0º-ден 90º-қа дейін өзгеріп отырады.

Географиялық бойлық (λ) –бастапқы меридиан жазықтықтағы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтықтағы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы мередианнан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0º-ден 180º-қа дейін салынады.

13. Топографиялық карталар бойынша географиялық координаталарды анықтау тәсілдері

Басылып шығарылатын ірі масштабты және орта масштабты топографиялық карталардың көлемдері территория мен масштабына байланысты белгілі бір ендік және бойлықтармен шектеледі.Картаның солтүстік және оңтүстік ішкі сызықтары параллельдер, ал батыс және шығыс рамкалары меридиандар болып табылады.Карта рамкасының ішкі бұрыштарында олардың ендігі мен бойлық координаталары жазылған.

Картадағы кесінделген заттар мен жергілікті жер контурларының географиялық координаталарын анықтау үшін, картада градус рамкасы болады, ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ бөліктермен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты нүктелер арқылы арақашықтығы 10-ға тең секундтық бөліктерге бөлінген. Градус рамкасының бөліктерін пайдаланып, карта бетінде градус торын жүргізуге болады. Олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.

Картада градус торынан басқа жазық тік бұрышты координаталар зоналық жүйесінің квадратты координаталар торы салынады.Осы тор квадратының қабырғасы, әдетте километрдің толық санымен белгіленетіндіктен, оны километрлік тор деп атайды.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізілген километрлік тор сызықтары зонаның осьтік меридианына параллель болады.

Горизонталь сызықтардың жазуы экватордан километрмен берілген арақашықтыққа, ал вертикаль сызықтардың жазуы олардың келтірілген ординаталарына сәйкес.Километрлік тордың көмегімен нүктелердің тік бұрышты координаталары анықталады.

Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады. Оның сыртында орналасқан жазулар мен графиктердің барлығы сыртқы безендіруге жатады.

А нүктесінің ендігі мен бойлығын анықтау үшін сол нүкте арқылы картаның сыртқы рамасымен қиылысқанша параллельдер мен меридиандар жүргізіліп, минуттық рама көмегімен қиылысу нүктесінің географиялық координаталары анықталады.Мысалы: және=

Демек, градустық және минуттық рамканың көмегімен кез келген нүктенің географиялық координаталарын анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]