Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

6. Топографиялық карта бойынша ара қашықтықты өлшеу тәсілдері

7. Топографиялық карта бойынша палетканың көмегімен ауданды өлшеу тәсілдері

Аудандарды анықтаудың әдістері анықталатын жер контурының түрі мен көлеміне, қолдағы план мен картаға, геодезиялық мәліметтерге, шешілетін инженерлік – техникалық және пландық – экономикалық есептердің қажетті дәлдігіне байланысты таңдалып алынады. Жерге орналастыру мәселелерін шешуде аналитикалық, механикалық және графикалық әдістері қолданылады.

Аудандарды палетка арқылы анықтауға да болады. Палетка дегеніміз бетіне квадраттар немесе параллель сызықтар сызылған мөлдір қағаз. Палетка торының көлемін карта масштабына сай етіп алып, анықталатын учаскенің үстіне салады да, контур ішіндегі палетка торларының санын есептейді. Бұл тәсілдің кемшілігі шеткі квадраттар көлемінің көзбен анықталуында.

Ал параллель сызықтардан тұратын палетканы пайдаланғанда, трапецияның ортаңғы сызықтары ,- циркуль өлшегенде немесе масштабты сызғыш арқылы өлшенеді. Содан кейін ол сызықтар қосындысын параллель сызықтар арақашықтықтарына көбейтеді, яғни S=a(+…)=a

Кесінділердің қосындысын сызық ұзындықтарын карта мен пландар өлшейтін курвиметр деген аспап арқылы анықтауға болады.Ол үшін курвиметрдің дөңгелегін өлшенетін сызық бойымен жүргізіп отырып, курвиметр циферблатынан алынған бастапқы және соңғы есептердің айырмашылығынан кесінділердің қосындысын сантиметрге алады.

8. Географиялық азимут туралы түсінік

Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеңде көбіне жүру маршрутын, яғни жер бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау дегеніміз, оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде негізгі азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан 360°-ка дейін өлшенеді. Негізгі азимут деп (9-сурет), сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты атайды.Қандай да бір АВ сызығының А нүктесінде анықталатын азимут тура азимут деп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимут деп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формуламен өрнектеледі: Лк = Лт + 180°+ү,

мұндағы ү — меридиандардың жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік меридианға параллель сызық арасында берілген бұрыш. Бұл бұрыштың мәні берілген нүктедегі әр зонаның осьтік меридианынан қашықтауына байланысты болады, әрі 0°-тан 3°-қа дейін ауытқуы мүмкін. Меридиандардû» жақындасуын мына формула бойынша анықтауға болады: мүндағы l —нүктелер арқылы өтетін меридиандар бойлығының айырмашылығы; - сызықтың орташа геодезиялық ендігі. Сызықты азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиындатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары геодезияда қолданылады. Магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианныц солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді:. Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мынаны шығарып аламыз: мұндағы бш , 66 —магнит тілінің сәйкесінше шығыс және батыс бұрылулары.

Магниттік азимуттан негізгі азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуьгның шамасын және атын (шығыс немесе батыс) білу қажет. Магниттік азимутты Ам, яғни негізгі азимут магниттік азимут пен магнит тілінің бұрылуының қосындысына тең. Жер бетінің әрбір нүктесінде магниттік бұрылудың шамасы әр түрлі және 500 жылға жуық кезең ішінде магнит тілі өзінің орнынан шамамен 22,5°-қа екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықты магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасаған кезде ғана қолданылады. Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесінде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондық бұрыш жиі қолданылады. Егер М2 нүктесінде сызықтың бағыты Л2 азимутымен емес а горизонталь бұрышымен анықталса және ол азимут сияқты сағат тілінің бағыты бойымен, бірақ нақты бір М2 нүкте меридианынан емес, дұрысында меридианға параллель бағыттан кез келген нүктеде, мәселен М1 нүктесінде есептелсе, онда мұндай бұрыш дирекциондық бұрыш деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]