Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

3. Масштаб.Масштабтың түрлері

Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір көрсету мүмкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб: 1:500, 1:1000, 1:10000, 1:50 000 және т.с.с. алынады. Осындай масштаб сандык, масштаб деп аталады, онын бөлімі жердегі сызықтардың план мен картада кескіндеу кезінде каншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1:1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1 000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасынын. онтүстік қабырғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінін ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтыкты өлшеп, онын. жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1:1 000, пландағы ұзындығы 145,3: 10=14,53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1:10 000 (яғни 1 см – 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100 = 913 м болады. Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының ұзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге болады. Сызықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір 1–2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тік сызық болып табылады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлікке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкес келеді. Нөлдік сызықшадан оңға карай салынған кесінділер 1 : 2 000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80, 100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы аb кесіндісіне жердегі 88 м ұзындығы сәйкес келеді. Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге және салуға болады. Ара қашықтықты өте дәлдікпен аныктау үшін көлденең масштабты қолданады. Көлденең масштаб кесінділерді пропорционал бөлуге негізделген график болып табылады. Көлденең масштабты салу үшін түзуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикуляр тұрғызылады. Масштабтың негізіне параллель тең аралықта перпендикуляр арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі сол жақтарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке (2 мм-ден) түзулермен қосады. ВЕ сызығына параллель көлбеу сызықтардың арасындағы кесінділер АВ табанының оннан бір бөлігіне тең болады, яғни ЕD= АВ /10, ал ВD перпендикуляры мен ВЕ көлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб

табанының жүзден бір бөлігіне тең, Сірә, осы кесінділердің ең кіші (t) ЕD кесіндісінен 10 есе кем, яғни . Осындай масштаб нормальды жүздік көлденең масштаб деп аталады. Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабынын бөліміне көбейтілгенде неге тең болатынын білу қажет. Мысалы, 1 : 5000 масштабтағы план үшін – 100 м, 5 м, 0,5 м. Өлшеу кезінде циркуль арасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы, масштабтары үшін олардың дәлдігі 0,05 м, 0,1 м, 0,2 м, 0,5 м, 1,0 м-ге тең. Демек, осы көрсетілген кесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]