Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать
  1. Румб және дирекциондық бұрыш

Карталар мен пландар координаталардың зоналық тік бұрышты жүйесінде жасалатындықтан, геодезияда дирекциондық бұрыштар жиі қолданылады. Дирекциондық бұрыш (α) деп осьтік меридианның солтүстік жағынан сағат тілінің бағытымен бір нақты сызыққа дейінгі горизонталь бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыштар азимуттар сияқты 0º- тан 360º-қа дейін өзгереді. Әрбір сызықтың түрлі нүктелеріндегі дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда тұрақты болып қалады. АВ бағытының а дирекциондық бұрышы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кері бұрыш деп аталады.

яғни кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрышпен 180°-тың қосындысына тең. Практикада а>180° болған кезде, кері дирекциондық бұрышты мына формуламен анықтаған қолайлы:.

Сызықтарды бағдарлау және өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде румб деп аталатын сүйір бұрыш пайдаланылады.Шамасы 0º-тан 90º- қа дейін өзгеретін осьтік меридианның солтүстік не оңтүстік жағынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрышты румб дейді.Дирекциондық бұрыштарды румбтарға (таблицалық бұрыштарға) аударғанымыз, тригонометриялық функциялардың 0º-тан 90º аралығындағы кестелік нақтылы мәндерін пайдалануға мүмкіндік береді.Әрбір ширекте румбтар мен дирекциондық бұрыштар арасында мынадай байланыстар болатынын көреміз.Румбтар 0°-тан 90°-қа дейін өзгереді және әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбтың сандық мәнінің алдында ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс).

Мысалы, дирекциондық бұрыш a=230010' делік. Алдымен осы бағыттың қай ширекте жатқанын анықтаймыз, яғни III ширек (ОБ).

2. Топография мен геодезияның шаруашылықтағы маңыздылығы

Геодезияның ғылыми зерттеулерде, жерді үйлестіруде, маркшейдерлік істе, құрылыста, еліміздің әскери қорғанысында маңызы.

Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер жолдар, каналдар, жерасты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылады.

Қолданбалы немесе инженерлік геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдыктарды құрастыру, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда геодезиялық әдістері кең пайдаланылады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.

Геодезия жерді орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, әскери операцияларға талдау жасау және тағы да басқалары үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде "ОР5" спутниктік навигация жүйесінің пайда болуына байланысты жер бетіндегі нүктелердің үш өлшемді координаталарын анықтау тез және жоғары дәлдікпен орындалатын болды. Геодезиялық түсірулерді жүргізу мақсатымен жетілдірілген электрондық тахеометрлер, сандық нивелирлер, лазерлік рулеткалар және тағы да басқалары шығарыла бастады. Осыған орай геодезия ғылымында инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жургізудің технологиясы мен әдістері біршама езгеруде. Геодезияның, картографияның , аэротүсірудің, электрониканыц және ғарыш геодезиясының соңғы жетістіктері инженерлік объектілерді жобалаудың, салудың және пайдаланудың автоматтандырылған жүйесінің жаңа технологиясын жасауға және оған өтуге мүмкіндік тудыруда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]