Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

19. Топографиялық картаның проекциясы

Әр түрлі тәжіребиелік және инженерлік тапсырмаларды шешуде жер бетінің бейнесі қолданылады.Олар, жергілікті жердің нысандарының контуры бейнеленген (орман, өзендер мен көлдер, жолдар, ғимараттар, электр желілері, байланыс желілері және жергілікті жердің жер бедері және т.б.) план карта түрінде немесе жергілікті жердің сандық үлгісі мен электронды карта түрінде беріледі.

Жер бетінің A,B,C,D және E нүктелерін тіктеуіш сызықпен MN деңгейлік бетке жобалап, жердің физикалық бетіндегі нүктелерге сәйкес горизонталь проекциясын a,b,c,d және e алады.

Жобаланатын жергілікті жердің аумағы үлкен болмаған жағдайда MN жазықтығында бейнелеуге болады.

Деңгейлік беттен жердің физикалық бетіндегі нүктелерге дейінгі арақашықтық нүктенің абсолют биіктігі деп аталады.Шартты деңгейлік беттен берілген нүктеге дейінгі арақашықтық нүктенің шартты биіктігі деп аталады.

Бір нүктенің екінші бір нүктенің деңгейлік бетінен біршама қашықтығының айырмасы биік айырым h деп,вертикаль қашықтықтың сандық мәні биіктік деп аталады.

Деңгейлік беттің орташа жағдайын мұхит деңгейін көп жылдар бойы бақылау арқылы анықтайды.Қазақстанда абсолют биіктіктің бастапқы саны ретінде Санкт- Петербург қаласындағы Кронштад футштогының нөлі қабылданған.Футшток дегеніміз – бөліктері бар мыс тақта, осы бөліктер бойынша оқтын-оқтын теңіз деңгейі есептеліп отырады.Кронштад футштогының нөлдік бөлігі шамамен Балтық теңізінің орташа деңгейімен дәл келеді.

Жердің физикалық бетін зерттеудегі тапсырмалар:

-жергілікті жердегі нүктелердің горизонталь проекциясын қандай да бір координаталар жүйесіне сәйкес деңгейлік бетте анықтау;

-осы деңгейлік бет негізінде нүктелердің биіктігін анықтау;

-сфералық деңгейлік бетті жазық картографиялық проекцияға салу сияқты түрден тұрады.

20. Геометриялық нивелирлеу

Нивелирлеу жер бетіндегі нүктенің биіктігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир деп аталатын аспап пен рейкалар арқылы анықталады, нивелир горизонталь жазықтыққа келтірілген дүрбі арқылы рейкадан есеп алуға негізделген.Геометриялық ниверлеудің ортадан және алға нивелирлеу деген әдісі бар.

Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир нүктелер арасына, ал рейкалар сол нүктелерге орнатылады.

Содан кейін А және В нүктелерінде тұрған рейкаларға кезекпен қарап, дүрбінің визир сәулесінің осы нүктелерден биіктіктері “a” және “b” есептеліп алынады.Егер А нүктесін артқы, ал В нүктесін алдыңғы деп белгілесек, онда “a”- рейкадан алынған артқы есеп, “b”-алдыңғы есеп болады.Содан В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктігінің айырмашылығы былайша анықталады: h=a-b

Мұндағы, h-биіктік өсімшесі.

Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артқы және алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.Ескере кететін жағдай, егер a>b болса,онда h оң таңбалы, ал a<b болса, онда h теріс таңбалы болады.

Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін осылайша анықтауды ортадан нивелирлеу д.а.

Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық нивелирлеу жұмыстың дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты және де екі қашықтық бір-біріне тең болу қажет.

Алға нивелирлеу әдісінде нивелир дүрбісінің окуляры мен А нүктесі бір тіктеуіш сызық бойында орналасады да, есеп алынатын рейка екінші нүктеге орнатылады.Бұл жағдайда визирлік осьтің А нүктесінен биіктігін i рулеткамен өлшеп, В нүктесі тұрған рейкадан “b” есебін алады.Көрсетілген суретке сай, биіктік өсімшесі былайша анықталады:

h=i-b

мұндағы i-аспап биіктігі.

Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктін мына формула анықтауға болады: =+h

яғни келесі нүктенің биіктігі алдыңғы нүкте биіктігіне өсімшені қосқанға тең.

Деңгей жазықтықтан нивелирдің визирлік осіне дейінгі тіктеуіш сызықты аспаптың горизонты ГИ деп атайды.Аспап горизонты мынаған тең:

ГИ= +a немесе ГИ=+b

яғни аспап горизонты ГИ нүкте биіктігіне НА сол нүктеде орналасқан рейкадан алынған есепті “a” қосқанға тең.Аспап горизонты арқылы да нүктелер биіктіктерін анықтауға болады.

Егер нивелирленетін екі нүктенің арасы 100 м-ден аспаса, онда екеуінің арасындағы биіктік өсімі жалғыз станциядан анықталады, мұны қарапайым нивелирлеу д.а.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]