Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

21. Жергілікті жерде арақашықтықтарды өлшеу және қолданылатын құрал-саймандар

Жер бетіндегі нүктелердің арақашықтығын тікелей өлшеуге немесе есептелген басқа шамалар арқылы,яғни жанама әдіспен анықтауға болады.Әр тәсілдің өз аспаптары,әдістері болады.

Тікелей әдіс кезінде ұзындықтарды өлшеуге рулеткалардың, таспалардың және сымдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Оларды болаттан немесе инвардан жасайды. Инварлық өлшеуіш аспаптардың сызықтық ұлғаю коэффиценті өте аз.Болат өлшеуіш аспаптар арақашықтықтарды 1:10000, 1:25000, ал инварлық 1:25000,1:1000000 шамасындай салыстырмалы қателікпен өлшеуге мүмкіндік береді.

Жанама әдісте арақашықтықтарды өлшеу үшін оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық және радиоқашықтық өлшеуіштер кеңінен қолданылады.Ізделініп отырған арақашықтықты аналитикалық жолмен есептеп шығару үшін өлшенген базистер мен бұрыштардың геометриялық арақатынасы пайдаланылады.Оптикалық қашықтық өлшеуіштермен арақашықтықты анықтаудың салыстырмалы қателіктері 1:200-ден 1:500-ге дейін, ал жарық және радиоқашықтық өлшеуіштерде 1:10000-нан 1:250000-ға дейінгі аралықтарда болады.

24. Геодезиялық жұмыстарда бүрыштар, арақашықтықтар, биіктік өсімшелері қлшенеді: аудандар, көлемдер, т.б. анықталады. Міне , сындай бір шаманың өлшеуі деп оны салыстыру бірлігі ретінде қабылданған басқа бір шамамен салыстыруды атайды.

Өлшеулер тікелей және жанама өлшеулер болып бөләнедә. Анықталған шама тікелей өлшеу нәтижесінде алынса, онда мұндай өлшеулерді тікелей өлшеулер дейді

Егер өлшеудің нәтижесі анықталатын шамамен матеаматикалық тәуелділіктегі бір немесе бірнеше шамаларды тікелец өлшеу нәтижесінен есептеу арқылы алынса, ондай өлшеулерді жанама өлшеулер дейді.

Өлшеу кезінде кететін қателер үш топқа бөлінеді ; өрескел, жүйелі, кездейсоқ.

Өрескел қателер өлшеуқш адамның біржайтты аңғармай қалуынан , өлшеу аспаптарының көрсеткен цифрын шала оқудан , кейбір қажетті шарттарға көңіл аудармаудан болады.

Жүйелі қателер өлшеу аспаптарының құрылысындағы кемшіліктердің , аспаптардың дұрыс орнатылмауынан, сыртқы ортаның әсерінен, т.б.

Кездейсоқ қателер түпкі тегі мәлімсіз , кездейсоқ себептерден пайда болатын, өлшеу нәтижелерін біресе арттырып, біресе кемітіп отырытын қателер.

Өлшеу нәтижелері кездейсоқ ұателерсіз болмайды. Олардың дәл мәнін табуға арналған тәсілдерді зерттейтін қателер теориясы деп аталатын математиканың арнаулы саласы бар

Кездейсоқ қателердің қасиеттерін зерттеу осы қателердің үлестіру заңдарын анықтауға , өлшеу нәтижелері бойынша шаманың бағаламасын шығаруға , бағаламаның дәлдігін табуға және кеткен қателерді түзету әдістерін табуға және тексеруге мүмкіндік береді. Қателер теориясындағы кездейсоқ қателердің мынадай қасиеттерін ерекше атап айтуға болады;

1)Бір жағдайда өлшенген шамалардың кездейсоқ қателері белгілі бір шектен аспайда

2) Оң және теріс таңбалы қателер саны бірдей жиі кездеспейді

3)Шама неғұрлым көп өлшенсе , солғұрлым абсолюттік шамасы жиі кездеседі

4) Өлшеу санын шексіз көбейте берсек , кездейсоқ қателердің арифметикалық ортасы нөлге жақындай береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]