Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11,20.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
40.64 Кб
Скачать

11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)

Милет мектебі б.д.д VI г. Ежелгі Грецияда — Кіші АзияныңІрі сауда кәсіптік-полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталган ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды.Олардын әйгілері:

1. Фалес

2. Анаксимандр

3. Анаксимен болды.

Милет мектебінің өкілдері:

1. материалистік позицияны ұстанды;

2. философиямен ғана емес баска да накты жаратылыстык гылымдармен айналысты;

3. табигат заңдарын тусіндіруге тырысты (сол ушін оларга «физиктер» — «табиғатты зерттеушілер» деген екінші ат танылды);

4. субстанцияны - дуние жаратылган бастапкы негізді іздеді.

Фалес (б.д.д. 640-560 ж.ж.) - Милет мектебінің негізін калаушы, улкен философиялык мура калдырган алгашкы грек философы. Фалес:

1. дуние негізінде су (архэ) жатыр дел есептед1;

2. жердің жан-жагын су коршаган жалпақ диск турінде елестеті;

3. өлі табигаттың, барлық заттардың жаны болады деп түсінді (гилозоизм – барлық нәрсенің жаны бар деп есептеу).

4. құдайлар бар және көп деп сенді;

5. әлемнің орталығы жер деп ойлады;

6. жылдың 365 тәліктен туратындыгын аныктады;

7. математикалық жаңалыктар ашты («Фалес теоремасы»)

Фалестің шәкірттері Анаксимандр (б.д.д. 610-540 ж.ж.)

1. дуние негізінде мәңгі, шектік өлшеуге келмейтін субстанция - «алейрон» жатыр деп түсінді.

2. материяның сақталу заңын тужырымдады (заттың атомдық құрылымын ашты), барлық заттар мен тірі тіршілік микроскоптық денгейдегі элементтерден турады; тірі организмнің тіршілігінің тоқтауы, заттардың ыдырауынан кейін де оны құраган элементтер - («атомдар») калып, жана организмдерді құрайды;

3. алғаш болып эволюция нәтижесінде адамдардың басқа жануарлардан шыкканын айтты (Ч.Дарвин ілімінің ең ежелгі антикалык нұсқасы);

Анаксимандрдың шәкірті Анаксимен (б.д.д. 546-526 ж.ж.)

1. дуние негізі - ауа деп санады;

2. жер бетіндегі заттар - турлі ауа концентрациясының нәтижесі деп санады: ауа тығыздала келіп алдымен ауаға, содан-соң балдырга (батпакка), содан-соң жерге, одан соң тасқа, т.б. айналады.

3. адам жаны («психэ») мен «космостың жаны» ауа (пневма) арасындағы процестер ұксайтындығын айтты.

4. құдайларды табиғат күштеріне және аспан шырағдандарына теңеді.

12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.

Фома Аквинский (1225-1274жж.) – орта ғасыр философиясының орталық фигурасы, көрнекті философ, ортодоксальды схоластиканы жүйелендіруші, томизм бағытының негізін қалаушысы. Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі категориясы болып болмыс табылады. Ол бар және ол ақиқат.

Ф. Аквинский Құдайдың бар екендігінің онтологиялық дәлелі жеткіліксіз деп есептеді. Оған дейінгі Аврелий Августин “ Құдай жаратқан дүниенің болуы – Құдайдың бар екендігіне жеткілікті дәлел ” деп санаған. Соңғы шындық болып Құдай табылады және оның күші үнемі іс-әрекетте.Ф.Аквинский өз еңбектерінде Құдай болмысының бес дәлелін құрастырды:1. Егерде қозғалысты тек механикалық деп алмай толығымен алса бірінші қозғаушыға, яғни Құдайға келмеуге болмайды.2. Егерде дүниедегі барлығының себебі болса, онда бірінші себеп болуы керек, яғни Құдай.3. Дүниедегі мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтардың көптігінің бәрі қажетті абсолютті себептілікпен басқарушы керек, яғни Құдаймен.4. Дүниедегі барлығының жоғарғы дәрежесін өлшеу үшін барлық жоғарғылардың абсолютті өлшемі болуы керек, яғни Құдай.5. Барлық дүниедегі тіршілік етушілер анық мақсаттылық дәрежесі бар, сондықтан соңғы және негізгі мақсат Құдай болуы керек.Ф.Аквинский ілімі христиан шіркеуімен жоғары бағаланды, ол құдіреттілердің қатарына кірді.

Аврелий Августин Аврелий(354-430)-ежелгі рим философы, христиандық философияның негізін қалаушыларының бірі. Негізгі еңбектері: “Құдай қаласы туралы”, “Бессмертные души” және т.б. Философиялық көзқарастары.Өзінің “ Құдай қаласы туралы ” атты еңбегінде Августин иондық және италиялық философияны ажырата отырып грек философиясына талдау жасады. Ал “Акадеимктерге қарсы ” атты еңбегінде Орта кезеңдегі Платон Академиясында етек алған салыстырмалы скептицизмді сынайды. Еңбектері өте көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты

13. Адамның әлеуметтік мәні? Осы мәселеге байланысты философия тарихында орын алған қандай философтардың концепцияларын білесіз, мысал келтіріңіз. Адам — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы.  Адам барлық ғылымдардың объектісі болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары — барлық ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: “адам — заттардың өлшемі”, Сократ: “өзіңді өзің танып біл”). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек филос-сында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, “кіші әлем”, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Үнді филос-сындағы жанның көшуі туралы ілім тіршілік иелері арасындағы шекараны белгілейді, бірақ тек адам ғана эмпириялық өмір сүру тұсауынан кармасансара заңы арқылы құтылуға ұмтылады. Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғ. (ғылыми-революция ғ-ында) мен 18 ғ. (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классик. филос-сы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19-20 ғ. постклассик. философия (Ницше, Шопенгауэр, Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және тағы сол сияқты адамның ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық. факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеум. факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де “табиғи түрде” әрекет ететін биол. факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға.


Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]