Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1011.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.87 Mб
Скачать

29

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Қорғауға жіберілді»

_______________ Кафедра меңгерушісі ___________ Д.К. Джусупбеков

МЕТЕОРОЛОГИЯ ОҚУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕП

«5В061200 – Метеорология» мамандығы бойынша

Орындаған:

И.П.Салықбай

Д.Т.Жүнісбай

Ұ.М.Сапар

Ә.С.Тоқтаров

Ш.М.Мамрайм

Л.К.Қабдилдина

Ж.Е Есенғазы.

А.Б.Бажан

Практика жетекшілері:

аға оқытушылар:

Ғ.Т.Сүлейменова

А.Р.Сүлейменова

Э.Қ.Талипова

Норма бақылаушы:

А.Д.Утепова

МАЗМҰНЫ

б.

Кіріспе

3

1

Метеорология ғылымы

5

1.1

Метеорологияның қысқаша тарихы

5

1.2

Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы

6

1.3

Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері

7

1.4

Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері

8

1.5

Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері

9

2

Қазақстандағы метеорологиялық қызмет

12

3

Физико-географиялық сипаттама

14

3.1

«Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

14

3.2

«Үлкен Алматы көлі» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

15

3.3

«Алматы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

17

3.4

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

18

4

Метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі

20

4.1

Бұлттылық мөлшерінің тәуліктік жүрісі

20

4.2

Ауа температурасының тәуліктік жүрісі

21

4.3

Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі

22

4.4

Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі

23

4.5

Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі

24

4.6

Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі

25

5

әл-Фараби атындагы КазҰУ-нің метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі

27

6

Ауа райы күйіне шолу жасау

31

Қорытынды

35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

36

КІРІСПЕ

Метеорология (гректің meteora – атмосфералық құбылыстар және logos – ілім деген сөзінен шыққан ) - жердің ауа қабаты - атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі – атмосфера.

Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және т.б. құбылыстар дамиды. Атмосфераның қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.

Метеорологияның негізгі шешетін мәселелеріне атмосферада жүріп жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеу, олардың пайда болу заңдылықтарын анықтап, болашақта дамуын болжау және оларды басқару мүмкіндіктерін анықтау жатады.

Қандай ғылымның болмасын түпкі мақсаты адамзаттың қажетін қанағаттандыру болып табылады. Атмосфераның физикалық күйі адамзат тұрмысының барлық жағына әсер тигізеді. Әсіресе ауыл және су шаруашылығы, авиация, құрлық және су транспорты, энергетика, құрылыс шаруашылығы, медицина және т.б. атмосфералық процестерге бағынышты.

Халық шаруашылығына қолайсыз метеорологиялық құбылыстар қуаңшылық, су тасқыны, қар көшкіні, қарлы және құмды борасын, көктайғақ, үсік, бұршақ және т.б. орасан зиян келтіреді. Сондықтан да метеорологияның практика жүзінде атқаратын жұмыстарына келесілер жатады:

1) экономиканың әр түрлі салаларын (энергетика, транспорт, авиация, ауыл шаруашылығы және т.б.) қажетті метеорологиялық мәліметтермен қамтамасыз ету;

2) гидрометеорологиялық болжамдар жасау, олармен және қоршаған орта мен климат жағдайлары туралы мәліметтермен әсіресе төтенше жағдайларда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды, өнеркәсіптерді қамтамасыздандыру;

3) мемлекеттің шаруашылық комплексінің пайдасы үшін гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсенді әсер жасаудың тәсілдерін табу, оларды іске асыру.

Берілген уақыттағы атмосфераның төменгі бөлігінің метеорологиялық өлшемдермен және атмосфералық құбылыстармен сипатталатын физикалық күйін ауа райы деп атайды. Ауа райы ұғымымен климат ұғымы тығыз байланысты. Климат деп берілген жердің өзіне тән ауа райының көпжылдық орташа режимін айтамыз. Климат ауа райына қарағанда тұрақты және маңызды физико-географиялық сипаттама болып табылады.

Белгілі бір ортаның қалыптасқан ауа-райы күйін, яғни климатын зерттеу мақсатында метеорология ғылымының дамуы ықпалымен көптеген орындарда метеостанциялар (МС) қызмет атқарады.

Бүгінгі таңда ғылымның кез-келген түрін жете түсініп, мамандықты жақсы меңгеру үшін практикалық жұмыстардың маңыздылығы ерекше. Осы себеппен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология мамандығының студенттерін оқытуға арналған оқу бағдарламасына сәйкес аталмыш бөлімнің студенттері Үлкен Алматы Көлі метеостанциясының және Айдарлы метеостанциясының және Алматы МС жұмысымен танысып қайтты. Төменде көрсетілетін мәліметтер жоғарыда аталған студенттерінің практикалық жұмыс негізінде зерттеліп жасалған жұмыстарының есебі болып табылады.

1 МЕТЕОРОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ

Жер планета ретінде үш қабықшадан тұрады: қатты (литосфера), сұйық (гидросфера) және газдық (атмосфера). Бұл қабықшалардағы физикалық және химиялық процестерді «Жер туралы ғылым» деп аталатын бағытқа кіретін көптеген ғылым салалары зерттейді, ал жердің газдық қабығын зерттеумен «метеорология» айналысады.

1.1 Метеорологияның қысқаша тарихы

Атмосфералық құбылыстарды бақылап, зерттеу туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Қытай, Үндістан, Мысыр, Грекия және Рим мемлекеттерінің жазба қағаздарынан табылған. Ежелгі грек философы Аристотель кейбір атмосфералық құбылыстардың болу есебіне түсініктеме беруге тырысқан. Георграфиялық ұлы жаңалықтардың ашылу дәуірінде (15 - 16 ғасырлар) ашылған жерлер мен елдердің климатына сипаттама беріле бастады. Бірақ атмосфераны ғылыми түрде зерттеу 17 ғасырдан басталды. Бұл кезде алғашқы метеорологиялық аспаптар жасалды: термометр (Галилей, 1597 жыл), сынап барометрі (Торричелли, 1643 жыл), барометр-анероид (Лейбниц, 1700 жыл), флюгер, жауын өлшегіш және т.б. Құрал-аспаптардың жасалуы метеорологиялық бақылау мәліметтерін жинауға мүмкіндік беріп, метеорологиялық жеке ғылым болып қалыптасуына негіз болды.Алғашқы аспаптық бақылауларды Еуропада «Флорентий тәжірибе академиясында» Галлилейдің шәкірттері жүргізді (1654 жыл). Ресейде ауа райын аспаппен бақылау Петербургта Петр І кезінде ұйымдастырылды. Петр I ғылым академиясы ашылғанда (1725 жыл) академиктерге үздіксіз метеорлогиялық бақлаулар жүргізу түралы нұсқау берді. Метеорологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов, ол анемометр және теңіз барометрі сияқты біраз аспаптарды ойлап тауып, құрастырды. М.В.Ломоносов найзағайдың пайда болу схемасын жасады, температураның биіктік бойынша өзгеру туралы, атмосферадағы горизонтальды және вертикальды қозғалыстар туралы, ауа райын болжау мүмкіндігі туралы маңызда ойлар айтты.

18 ғасырдың екінші жартысында жеке адамның ынтасы бойынша Маннгеймнің метеорологиялық қоғамы құрылып, Еуропада біртекті аспаптармен жабдықталған 39 cтанциялар (оның үшеуі Ресейде Петербург, Москва, Пышмен заводы) торабы құрылды. Ол станциялар торабы 12 жыл жұмыс істеп тұрды. Ең алғашқы ғылыми метеорологиялық мекеме — Бас физикалық обсерватория 1849 жылы Ресейде ашылды. Оның негізгі мақсаты бүкіл Ресей территориясында метеорологиялық бақылау жүргізіп, алынған мәліметтерді өңдеп, талдау жасау болды. Бұл кезде басқа да Еуропа елдерінде мемлекеттік метеорологиялық станциялар торабы құрылып, ғылыми-зерттеу институттар мен обсерваториялар ашыла бастады.

Шамамен 1820 жылдары Г.В. Врандесу (Германия) Маннгейм станциялары торабының бақылау мәліметтерін географиялық картаға түсірді. Осылайша жоғарғы және төменгі қысым аймақтары бейнеленген алғашқы синоптикалық карталар пайда болды. Ондағы қысым аймақтарының батыстан шығысқа қарай жылжитыны анықталды.

19 ғасырда біршама физикалық заңдардың ашылуы мен көптеген атмосфералық құбылыстар түсіндіріліп метеорология ғылымы жылдам дами бастады.19 ғасырдың екінші жартысында атмосфералық процестерді зерттеуде гидромеханика және гидродинамика заңдарын қолдану арқасында динамикалық метеорологияның негізі қаланды. Осы ғасырдың аяғында атмосферадағы радиациялық және электрлік процесстерді зерттеу дами бастады. Метеорологияның 20 ғасырда дамуы өте қарқынды жүргізілді. 1920 жылы норвегиялық ғалымдар ауа массалары мен атмосфералық шептер туралы білімінің негізін қалады. 1930 жылы П.А. Молчановтың радиозондты ойлап табуы арқасында аэрологиялық бақылаулар жүргізіле бастады. 20 ғасырда жеке ғылыми пән ретінде құрылған актинометрия мен агрометеорологиялық ғылымдары да қарқынды дамыды. Актинометрия саласында ерекше еңбек сіңірген ғалымдар О.Д. Хвольсон, В.А. Михельсон, С.И. Савинов, Ю.Д. Янишевский, А. Онгстрен, С. Ланглей мен Г. Аббот. Агрометеорология саласында А.И. Воейков, П.И. Броунов, Ф.Ф Давитая, С.А. Сапожникова, Ю.И. Чирков, П.И. Колосков, И.Г. Грингоф сияқты ғалымдарды атап өтсе болады.

Қазақстан ауа райын алғаш зерттеген ғалым Шоқан Уалиханов болатын. Ол Іле Жоңғар Алатауындағы атмосфера қысымын, ауа температурасы мен ылғалдылығын, жел күшін құрал-аспаптармен бақылап зерттеген.

1.2 Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы

Атмосфералық процестерді зерттегенде әртүрлі физикалық заңдылықтар қолданылады. Атмосфера әрдайым жер бетімен әрекеттесіп жататындықтан географиялық факторлардың әсері де ескеріледі. Сонымен қатар метеорология гидрологиямен, океоналогиямен және басқа да қолданбалы сипатты пәндермен тығыз байланыста. Метеорология пәнін игеру үшін математика, теориялық механика, гидромеханика, география, астрономия және химия негіздерін білу керек. Атмосфералық процестер мен құбылыстар туралы білімнің тереңдеп және кеңуі нәтижесінде метеорология ғылымы бірнеше ғылыми пәндерге бөлінді.

Метеорологияны практика жүзінде қолдану процесінде бірнеше қолданбалы ғылыми пәндер пайда болды. Олардың негізгілері: авиациялық, медициналық метеорология, агрометеорология, ядролық метеорология, т.б.

1.3 Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері

Метеорологияда негізінен физикалық зерттеу әдістері кең қолданалады. Олардың негізгілері:

1) бақылау әдісі;

2) эксперименттік әдіс;

3) теориялық (математикалық) әдістері.

Метеорологиялық бақылау дегеніміз - метеорологиялық өлшемдер мен құбылыстарды аспаптармен өлшеп және көз мөлшермен бағалап, оларға сандық және сапалық баға беру. Себебі, бұл ғылымда атмосфералық құбылыстар табиғи жағдайда бақыланып зерттеледі. Метеорологиялық құбылыстарды дер кезінде анықтап, олардың әрі қарай дамуын білу үшін метеорологиялық бақылаулар кеңістік пен уақыт бойынша үздіксіз жүргізілуі тиіс.Үлкен кеңістіктегі атмосфералық процестерді үздіксіз бақылау үшін барлық мемлекеттерде метеорологиялық станциялар торабы бар. Ол станцияларда бекітілген ортақ бағдарлама бойынша біртекті құрал-аспаптармен белгілі уақыттарда метеорологиялық өлшемдер мен құбылыстарға бақылаулар жүргізіледі. Қазіргі кезде метеорологтар әр түрлі құрал-аспаптармен бірге қашықтық автоматтандырылған гидрометеорологиялық станциялар, ұшқыш шар, радиозондтар, радиолокаторлар, лидарлар, ауа райы кемелері, ұшақтар, метеорологиялық және геофизикалық ракеталар мен Жердің жасанды метеорологиялық серіктерін қолданады.

Тікелей бақылаулармен бірге жанама бақылаулар да жүргізіледі. Мысалы бұлттардың қозғалысын бақылау биіктіктегі жел туралы мәлімет жинайды, поляр шұғыласын бақылау арқылы атмосфераның биік қабаттарындағы ауа құрамын анықтайды, т.б. Эксперименттік әдіс. Қазіргі кезде лабораторияда және табиғи жағдайда тәжірибелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мысалы, бұлттардағы физикалық процестерді модельдеу, арнайы камерада жасанды бұлт жасап, оның дамуын бақылау арқылы жүргізіледі. Мұндай камераларда әр түрлі қысым мен температура жағдайында тамшы немесе мұз кристалдармен бірге ауаның жоғары немес төмен бағытталған қозғалыстарын туғызуға болады.

Математикалық әдістер. Көпжылдық метеорологиялық бақылау нәтижелерін талдап, атмосфералық процестердің заңдылықтарын анықтауға болады. Ол үшін статистикалық талдау әдістері қолданылады. Статистикалық әдіспен, берілген метеорологиялық сандық қатарды статистикалық сипаттамалары (орташа мәні, шеткі мәндер, орташа квадраттық ауытқуы, вариация коэффициенті, ассиметрия, эксесс, т.б.). Сонымен қатар әр түрклі метеорологиялық өлшеулердің арасындағы байланыс тығыздығы (корреляция коэффициенті, т.б.) анықталады.

Атмосфераның құрылымын және дамуын математикалық модельдер жасау арқылы да сипаттауға болады. Математикалық модель дегеніміз — зерттеуші объектінің құрылуы және дамуы заңдылықтарын сипаттайтын формулалар мен теңдеулер жүйесі. Оны қолданып объекті туралы сандық және графиктік мәліметтер алуға болады. Математикалық модельдер өте күрделі жүйе болғандықтан оларды жасау үшін компьютерлік техника қолданылады. Қазіргі таңда гидрометеорологиялық болжау әдістерінің бәрі де әртүрлі дәрежедегі математикалық модельдер болып табылады.

1.4 Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері

Көптеген метеорологиялық элементтерге бақылаулар метеорологиялық алаң деп аталатын арнайы орында жүргізіледі (1 сурет).

Метеорологиялық алаң – ашық, тегіс және жазық болуы тиіс. Метеорологиялық алаң жан-жағынан биік құрылыс нысандарымен, биік ағаштармен т.б жабылмауы керек. Ол квадрат пішінді солтүстіктен оңтүстікке бағытталып орналасады. Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнайы жоспарға сай орналасады. Метеорологиялық аспаптар келесі ретпен орналасады:

1) станцияның геодезиялық рейпері;

2) жеңіл тақтайшалы флюгер;

3) анеморумбометр;

4) ауыр тақтайшалы флюгер;

5) мұз өрнек станогы;

6) психометрлік будка;

7) қар өлшегіш рейка;

8) қосымша психометрлік будка;

9) тіркеу құралдарына арналған будка;

10) көріну қашықтығын өлшеуге арналған орын;

11) жауын өлшегіш;

12) плювиограф;

13) жауын өлшегішінің қосымша бағаны;

14) қар өлшегіш рейка;

15) гелиограф;

16. ледоскоп;

17) росограф;

18, 19, 20) топырақ термометрлері, Савиновтың иінді термометрлері орналасатын өсімдіксіз орын;

21) қар өлшегіш рейка;

22, 23) топырақтық суырмалы термометрлері, мерзлометр аспабын орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар алаң;

24) ауа температурасымен, ылғалдылығымен, вертикаль градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы;

25) жел жылдамдығын биіктік бойынша өзгерушілігін өлшеуге арналған қондырғы;

26) актинометрлік қондырғы.

1 Сурет - Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы

1.5 Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері

Метеорологиялық бақылау жүргізу арнайы бақылау мерзімдерінде жүргізіледі. Бақылау мерзімібарлық станцияда метеорологиялық бақылаулар жүргізу уақытынан бастап анықталған уақыт сәттері. Дүние жүзі бойынша бақылаулар Гриндвич уақытымен негізгі синоптикалық мерзімдерде 00, 03, 06, 09, 12, 15,18, 21 сағаттарда жүргізіледі. Жер беті метеорологиялық бақылаулары метеорологиялық станцияларда жүргізіледі.

Негізгі типті метеорологиялық станцияларда келесі метеорологиялық шамалар тіркеледі:

1) жер бетінен 2 метр биіктіктегі ауа температурасы;

2) атмосфералық қысым;

3) ауа ылғалдылығы-ауадағы су буының парциалды қысымы және салыстырмалы ылғалдылық;

4) жел - жер бетінен 10-12 метр биіктіктегі ауаның горизонталь қозғалысы (жылдамдығы мен бағыты);

5) бұлттардан жауатын жауын-шашын мөлшері, түрлері;

6) бұлттылық-аспанның бұлттармен жабылу дәрежесі. Бұлттың түрлері және ондағы төменгі шекараның биіктігі;

7) жер бетінде және ондағы заттың бетінде пайда болатын әр түрлі жауын-шашындар, сонымен қатар тұман және оның қарқындылығы;

8) көріну қашықтығы;

9) күн шұғыласының ұзақтығы;

10) топырақ бетінің және тереңдіктегі температурасы;

11) топырақ бетінің күйі;

12) қар жамылғысының биіктігі мен тығыздығы.

Станциядағы жұмыстардың орындалуында келесі жағдайлар сақталуы тиіс:

1) бақылауға 40 минут қалғанға дейін барлық құралдар мен қондырғылар тексеріліп, бақылауға дайын болу керек;

2) ауа температурасы мен ылғалдылықты өлшеу, бақылау мерзіміне 10 минут қалғанда жүргізіледі;

3) атмосфералық қысымды өлшеу бақылау мерзіміне 2 минут қалғанда жүргізіледі;

4) термограф пен гигрограф бланкларына белгі ауа температурасы ылғалдылыққа өлшеу жүргізгенге дейін алыну керек. Бланканы ауыстыру уақыты минуттық дәлдікпен орындалу керек;

5) егер бақылау жүргізу кезінде қауіпті құбылыс байқалса, онда бақылауды тоқтатып, штормдық телеграмма құрастырып жіберу керек. Содан кейін станция бағдарламасына сәйкес бақылауды жалғастыру керек;

6) жел сипаттамаларын өлшеу үшін флюгер қолданылса, онда онымен бақылау психометрлік будкадағы аспаптардан бұрын жүргізілу керек; 7) бақылау нәтижелерін кітапшаға жазу және өңдеу бақылау кезінде немесе одан кейін жүргізіледі;

8) ауа райы туралы мәліметті мерзім аяқталғанға дейін (мерзімге дейінгі 10 минут аралығында) жіберуге болмайды.

Метеорологиялық бақылау жүргізудің арнайы типтік бағдарламасы:

1) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 20 минут (бақылау мерзімдеріне 40 минут қалғанда) жүргізілетін жұмыстар: метеорологиялық алаңды қарап шығу, аспаптармен қондырғыларды тексеру, аспаптарды бақылауға дайындау, М-63-М1 анеморумбометрді іске қосу;

2) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 40 минут (бақылау мерзіміне 20 минут қалғанда) топырақ температурасына жүргізілетін жұмыстар: топырақ бетіндегі термометрлері, Савиновтың иінді термометрлерімен суырмалы топырақтық тереңдік термометрлерімен өлшеу;

3) белдеулік декреттік уақыттың 8 сағатқа жақын мерзіміне 42 минутында (бақылау мерзіміне 18 минут қалғанда) төселме беткейдің күйі; қар жамылғысына жүргізілетін жұмыстар: төселме беткейдің күйін көз мөлшерімен бағалау (топырақ не қар);

4) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 45 минут (бақылау мерзіміне 15 минут қалғанда): бұлттылыққа жүргізілетін жұмыстар: бұлттардың түрі мен мөлшерін анықтау;

5) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 46 минут (бақылау мерзіміне 14 минут қалғанда) метеорологиялық көріну қашықтығына жургізілетін жұмыстар: М-53(М-73) құралы бойынша өлшеу не метеорологиялық көріну қашықтығын объектілері бойынша көз мөлшерімен анықталады;

6) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 48 минут (бақылау мерзіміне 12 минут қалғанда) ауа температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашынға жүргізілетін жұмыстар: термограф, гигрограф, плювиограф, диаграммалық уақыттық белгі салу;

7) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 50 минут (бақылау мерзіміне 10 минут қалғанда) ауа температурасы мен ылғалдылығына жүргізілетін жұмыстар: психрометрлік будкадағы термометрлержәне гигрометр бойынша көрсеткіштерді алу;

8) белдеулік декреттік уақыттың 8 және 20 сағатқа жақын мерзімінде 52 минуты (бақылау мерзіміне 8 минут қалғанда) жауын-шашынға жүргізілетін жұмыстар: жауын өлшеуіш ыдысын ауыстыру;

9) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 53 минут (бақылау мерзіміне 7 минут қалғанда) метеорологиялық алаңнан жұмыс бөлмесіне келу, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшегіш құралды қосу;

10) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 54 минут (бақылау мерзіміне 6 минут қалғанда) бұлттылыққа жүргізілетін жұмыстар: бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшеу құралының көмегімен өлшеу жүргізу;

11) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 55 минут (бақылау мерзіміне 5 минут қалғанда) желге жүргізілетін жұмыстар анеморумбометр бойынша жел сипаттамаларын өлшеу;

12) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 57 минут (бақылау мерзіміне 3 минут қалғанда) жауын-шашын мөлшерін өлшеу. Термометрлер көрсеткіштеріне түзету енгізу және ылғалдылық сипаттамаларын анықтау;

13) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 58 минут (бақылау мерзіміне 2 минут қалғанда) атмосфералық қысымға жүргізілетін жұмыстар барометр бойынша көрсеткіш алу, барограф бойынша барометрлік тенденция сипаттамаларын анықтау, бақылау нәтижелерін өңдеу;

14) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 59 минут (бақылау мерзіміне 1 минут қалғанда) ауа райы күйінің сипаттамасына жүргізілетін жұмыстар: мерзімдік және мерзімаралық ауа райы күйінің сипаттамасын анықтау;

15) 00, 03, 06, 09, 12, 15, 18, 21 сағат 00 минутта жүргізілетін жұмыстар: синоптикалық телеграмма құрастыру және оны байланыс каналдары бойынша жөнелту.

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Қазақстанда алғашқы асапаптық метеорологиялық бақылау жүргізу 1855 жылы Қазалы және Семей қалаларында басталды. Ал 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станциялар мен 49 бекеттер бекеттері жұмыс істеді. 1922 жылдың 23 қаңтарында Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасы (Қазақ АКСР) Жер жөніндегі халық комиссариатына қарасты физикалық бас обсерваториясында Орынбор облыстық метеорологиялық бюро құру туралы үкім бекітілді. Ол бюро 1925 жылы Қазақстанның орталық метеорологиялық бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорологиялық комитеті болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ АКСР-ның Қазақ гидрометеорологиялық қызметінің бірыңғай басқармасы құрылды. Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің бірінші басшысы болып, Қазақстанның белгілі саяси қайраткері - Ораз Қиқымұлы Жандосов жұмыс атқарды.

1999 жылы 2-наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №185 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Қазгидромет кәсіпорны қызметінің негізгі мақсаты: қысқа және ұзақ мерзімдік метеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдар жасау; гидрометеорологиялық апатты құбылыстардың пайда болу мүмкіндіктері туралы алдын ала хабарлау; гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның ластануы бойынша мәліметтер қорын жасау; Қазақстан Республикасының өнеркәсіптерін, ауыл шаруашылығын және экономикасының басқа да салаларын гидрометеорологиялық қамтамасыздауды іске асыру; ауа-райы мен климаты туралы, нақты және болашақтағы гидрометеорологиялық жағдайлар туралы табиғи қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтер беруі арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының экономика салаларының және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазгидромет келесі жұмыстарды атқарады:

1) қоршаған табиғи ортаның күйі мен жағдайына жүйелі түрде бақылаулар жүргізу;

2) метеорологиялық құбылыстарды болжау әдістерін жетілдіру;

Қазақстан Республикасының кәсіпорындар мен мекемелерін метеорологиялық қамтамасыздау бойынша жобалау және іздестіру , ғылыми зерттеу, технологиялық, экологиялық аудит жұмыстары бойынша, сонымен қатар гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсенді әсер жасау бойынша ұсыныстар дайындау:

1) Қазақстан Республикасы территориясын табиғи орта жағдайы және климаты туралы агрометеорологиялық жағдай мен су ресурстары туралы ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттер дайындау;

2) гидрометеорологиялық қызмет саласында халықаралық ынтымақ-тастықты жүзеге асыру;

3) метеорологиялық жағдайлар мен климаттың, халық денсаулығыны, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне әсері бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету;

4) метеорологиялық сипаттамаларды ескере отырып құрылыстық жобалау нормалары мен ережелерін дайындауға қатысу және т.б.

Қазгидрометтің негізгі міндеттері: республикада гидрометеорологиялық және қоршаған орта мониторингісі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу; әртүрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды мемлекет халқын қазіргі және болашақ тағы климат пен қоршаған орта мәліметтерімен қамтамасыздандыру; қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін анықтап, ұсыныстар жасау және т.б. Бұл міндеттерді орындауды Қазгидрометтің барлық облыстарда орналасқан гидрометеорологиялық орталықтары мен Астана қаласындағы гидрометеорологиялық орталығы жүзеге асырады. Қазіргі таңда Қазгидромет жүйесінде метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 500-ден астам (1985 жылы 1050 болған).

3 ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

3.1 «Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

Айдарлы елді мекені Қазақстанның Шу - Іле таулы - қыратты ауданының шөлейтті аумағында орналасқан. Батыс бағыттан оңтүстік - шығысқа қарай Жусандала жазығы созылып жатыр. Шығыс және солтүтігінде Сары Тау Құм құмдары орналасқан, ал солтүстік батысында Тау - Құм шөлі созылып жатыр. Елді мекеннің оңтүстік және оңтүстік батысына қарай жергілікті рельеф ірі төбешіктерге айналады. Елді мекеннен 50 километр шығысқа қарай Күрті өзені (Іле өзенінің саласы) оңтүстіктен солтүстік шығыс бағытқа қарай ағып жатыр. Одан басқа ауылға жақын маңда су көзі жоқ. Айдарлы тоғайлысы топырақтардың сипаты бойынша белдің тасты шөлдерінің аймағына жатады. Топырағы бурыл шөлді сахаралық. Өсетін өсімдіктер түрі: жусан,бетеге т.б, ірі ағаш текті өсімдіктер жоқ. Өсімдіктер күзгі, қысқы және көктемгі уақыттарға мал шаруашылығында қорек ретінде пайдаланылады. Мәдени өсімдіктер өсірілмейді. Метеорологиялық алаң станцияның ұйымдастыруымен 1947 жылы желтоқсан айында ашық және тегіс аймақта орналастырылды (2 сурет). Ең жақын құрылыс аймақтар: метеоалаңнан 50 метр солтүстік –батысқа қарай биіктігі 5 метр болатын метеостанциялық үй орналасқан. Солтүстік-шығысқа қарай 10 метр қашықтықта дейін 3 метр дуалмен қоршалған отарлы мал шаруашылығының штабының ауласы үйлерімен орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]