Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1011.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.87 Mб
Скачать

8 Сурет - Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі

Графикте көрсетілгендей, топырақ температурасының жоғарғы минимум мәні ОГУ бойынша Айдарлы МС 00 сағатта 18,0 °C, ал Үлкен Алматы көлінде 21 сағатта 4,5 °C болды. Максимум мәндері Айдарлы МС 09 сағатта 45,8 °C болса, Үлкен Алматы көлінде 03 сағатта 13,7 °C болып байқалды.

4.4 Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі

Метеорологияда атмосферадағы су буының мөлшерін ылғалдылық сипаттамалары арқылы бағалайды. Салыстырмалы ылғалдылық деп, су буының парциалды қысымының сол температурадағы қанығу қысымына қатынасын айтады. Салыстырмалы ылғалдылық пайызбен белгіленеді және оның мәні нольден жүзге дейін өзгереді, яғни ауа су буына қаныққан кезде байқалады (4 кесте).

4 кесте - Cалыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі

Бақылау мерзімі

00

03

06

09

12

15

18

21

Алматы МС

39

26

22

22

24

41

37

32

Айдарлы МС

24

19

17

14

18

41

30

26

ҮАК МС

59

43

74

84

59

72

43

59

Қарастырылған Алматы, Айдарлы және ҮАК метеостанцияларындағы салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі келесі суретте көрсетілген (9 сурет).

9 Сурет - Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі

Жоғарыда көрсетілген графикте станциялардың салыстырмалы ылғалдылықтың ОГУ бойынша тәуліктік жүрісі сипатталған. Алматы метеостанциясында салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарғы мәні 15 сағатта 41 пайыз құрады, ал минимумы таңғы 06 сағатта 22 пайыз тіркелген. Айдарлы метеостанциясында максимумы 15 сағатта 41 пайыз құраса, минимумы 09 сағатта 14 пайыз құраған. Үлкен Алматы көлінде салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарғы мәні 09 сағатта 84 пайыз құраса, төменгі мәні 03 және 18 сағаттарда 43 пайыз байқалған. Себебі, таулы аймақта орналасуы және ондағы ауа температурасының төмен болуы салыстырмалы ылғалдылықтың артуына себепші болады. Яғни, салыстырмалы ылғалдылықтың ең жоғарғы мәні Үлкен Алматы көлінде тіркелсе, ең төменгі мәні Айдарлы метеостанциясында тіркелген. Себебі, Айдарлы МС-да ауа температурасы және буланушылық жоғары болғандықтан.Сондықтан бұл өзгеріс тәуліктік уақыттың ауысуына негізделген.

4.5 Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі

Атмосфера қысымы барлық жоғарғы ауа қабаты салмағы арқасында жасалынатын атмосферадағы ауа бағанының гидростатикалық қысымы болып табылады. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), паскальмен (Па), ал метеорологиялық ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр анероидпен өлшейді. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 километр биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 километр биіктікте 4 есе, 15 километр биіктікте 8 есе кемиді. Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген бөліктерінде үздіксіз өзгеріп отырады (5 кесте).

5 кесте - Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі

Бақылау мерзімі

00

03

06

09

12

15

18

21

Алматы МС

919,5

919,2

917,8

916,1

914,8

915,0

920,2

919,5

Айдарлы МС

951,5

951,6

951,8

951,2

950,9

951,9

953,2

953,2

ҮАК МС

754,8

753,8

754,8

755,2

754,9

755,5

750,0

754,6

Кестеде көріп отырғанымыздай барлық қарастырылған станцияларда қысымның мәні біркелкі өзгермеген. Кестеге сәйкес станцияларға график тұрғызылды (10 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]