Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1011.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.87 Mб
Скачать

2 Сурет - Айдарлы метеостанциясы

1948 жылы метеостанция алғашқы орнынан 200 метр шығысқа қарай көшірілді. Ал 1958 жылы метеоалаң батыс - солтүстік - батыс бағытқа қарай 120 м жерге, бұрынғы орнынан биіктеу жерге көшірілді. Метеоалаңнан батыс және солтүстік батыс бағытқа қарай 20 - 30 метр қашықтықта 3 - 5 метр болатын биік ағаштар, бақшалар орналасқан. Үйлер мен дүкендер 50 - 60 метр арақашықтықта орналасқан. Метеоалаңнан оңтүстікке қарай 100 метр қашықтықта құдық бар. Метеоаланның беткі қабатына биіктігі 10 – 15 сантиметрлік шөлейтті өсімдік өседі, олар жазғы маусымда күйіп кетеді. Топырақ қабаттары келесідей: 1) 0-40 – құм және қиыршықты тас;

2) 40-100 - тасты құм және қиыршық тас;

3) 100-130 – әк пен тас қабаттарының қоспасы;

4) 130-240 – қиыршықты құм;

5) 240-одан төмен қиыршықты құмды тасты қабат.

Грунт суларының деңгейі біркелкі емес. Метеоалаңда 8 метрден төмен болса, алаңнан 100 - 200 метр оңтүстікке қарай құдық орналасқан аймақта 4-5 метр көктемгі қар еру мерзімінде грунт суларының деңгейі көтеріліп құдықтардың бетіне дейін көтеріледі.

3.2 Үлкен Алматы көлі метеостанциясының физико-географиялық сипаттамалары

Үлкен Алматы көлі метеостанциясы (ҮАК МС) 1915 жылы ашылды. Ол 1916 жылдың 1 қаңтарынан 1925 жылдың 14 шілдесіне дейінгі аралықта қадағаланбады. 1925 жылдан бастап көңіл бөлінді. Желді М-63-М1 құралы бойынша бақылайды, ол 1980 жылы құрылған, М-63-М1 құралы орналастырылған биіктік 8,8 метр, ал Флюгер бойынша 9,9 метр биіктікте орналастырылған. Третьяков жауын-шашын өлшегіші 2 метр жоғарыда орналасқан. Ол 2007 жылдан бастап құрылды және автоматты метеорологиялық станцияда тәжірибелі режимде жұмыс істеп тұр. Метеостанция Үлкен Алматы көлі Қазақстанның Іле-Күнгей-Алатау таулы ауданында, Алматы қаласынан оңтүстікке 20 километр Іле-Алатауының жота сызығымен жоғары 7-8 километр солтүстікте орналасқан (3 сурет).

Ауданы жіңішке үлкен емес, таулы шұңқырлы, үлкен таулармен қоршалған және Үлкен Алматы өзенінің солтүстік бойымен, солтүстік-солтүстік-шығыстан оңтүстік-оңтүсік-батысқа қарай шығып кетеді. Өзен ағып өтетін таулы шатқалда солтүстіктен оңтүстікке ағып өтетін ұзын көлді Сүлекті өсімдік – тау баурайындағы шыршалы орман. Метеостанциясының ауданында өсімдіктердің түрлері - альпі жуасынан бастап таулы-жуалы әртүрлі өсімдіктер кездеседі. Топырақтың үлгісі - тасты - қатпарлы, топырақтың тілігі 0-15 сантиметр, 15-30 сантиметр құм, 30-50 сантиметр галька, 50 сантиметр тұрғылықты тұқымдар. Топырақ суының тереңдігі 10-15 сантиметр.

Өзен ағып өтетін таулы шатқалда солтүстіктен оңтүстікке ағып өтетін ұзын көл. Көлдің ауданы 1 километрден үлкен, тереңдігі 40 метр. Балдыр және балық жоқ.

3 Сурет - Үлкен Алматы Көлі метеостанциясының көрінісі

Батыс беткейден өзенге жағалауындан шыршалы орман, оңтүстігіндегі тауда тасты тасқорымдар болып келеді. Батыстан өзенге қарай Серке - Бұлақ жылғасы құлап ағады. Көлден шыға берісінде өзен екі сарқырамаға бөлінеді, бірі көлге жақын, екіншісі ағыс бойымен 15 километр төменде. Көлден батысқа қарай, 3 километр, теңіз деңгейінен 3584 метр биіктікте Алматы шоқысы орналасқан. Іле-Алатауы шоқысы бойымен 5-8 километр оңтүстік-батысқа, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жеке шыңдары 4000 метрге жетеді. Осы бағытта тау аралықтарында көптеген өзеншелер мен жылғаларды қоректендіретін шатқалдар және мұзды, қарлы жондар орналасқан. Метеостанция стандартты: 20 х 20 метр. Метеостанция шағын ғана күншығыс баурайда, батыстан шығысқа қарай қисықтау, 15-20 метр теңіз деңгейінен биікте орналақан. Метеостанциядан 50 метр қашықтықта оңтүстік және оңтүстік-батыста ұзындығы 15 метрге жететін шыршалар бар. Метеостанция беті альпі жуасы тектес тығыз шөптермен жабылған.

3.3 Алматы метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

Теңіз деңгейінен метеорологиялық алаңның биіктігі 671 метр. Теңіз деңгейінен барометр биіктігі 676,7 метр, ал жеңіл тақтайшалы флюгер биіктігі 9,8 метр, ауыр тақтайшалы флюгер 9,6 метр. Станция тарихы. Алматы станциясында метеорологиялық бақылаулар 1935 жылы қазанда екінші разрядты метеостанция бағдарламасы бойынша жүргізіле бастаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]