Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1011.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.87 Mб
Скачать

6 Сурет - Бұлттылық мөлшерінің тәуліктік жүрісі

Суреттен көріп отырғанымыздай, бұлттылықтың аз мөлшері Үлкен Алматы көлінде 18 сағатта 7 балл құраса, Айдарлы метеостанциясында 18 сағатта 2 балды құрады. Үлкен Алматы көлінде бұлттардың жауып жату дәрежесінің жоғары болу себебі, тауда орналасуы және тау аңғарларынан желдің әсерінен бұлттардың жиналуы. Айдарлы және ҮАК метеостанцияларында 2 балдан 10 балл аралығында өзгерген.

4.2 Ауа температурасының тәуліктік жүрісі

Ауа температурасы ауа күйінің ең маңызды термодинамикалық сипаттамасы болып табылады. Температура – дегеніміз молекулалар қозғалысының кинетикалық энергиясы. Ауа температурасының 3-5 минут аралығындағы орташа мәні өлшенеді. Орташалау термометрлердің инерциялығының және радиациялық қорғауда жүзеге асады. Жерге жақын қабатта ауа температурасы төселме беткейге дейінгі қашықтыққа байланысты едәуір өзгереді. Анықталуы дұрыс болу үшін метеорологиялық станцияларда ауа температурасы төселме беткейден 2 метр биіктікте өлшенеді. Қарастырылғын Алматы, Айдарлы және Үлкен Алматы көлі метеостанцияларындығы ауа температурасының мәндері төмендегі кестеде көрсетілген (2 кесте).

2 кесте - Ауа температурасының тәуліктік жүрісі

Бақылау мерзімі

00

03

06

09

12

15

18

21

Алматы МС

18,2

22,5

27,2

29,3

28,5

23,4

21,2

20,4

Айдарлы МС

21,4

29,5

30,7

32,1

30,4

24,4

24,4

21,6

ҮАК МС

9,5

12,8

8,3

6,0

9,1

7,9

9,2

10,0

Жоғарыда кестеде керсетілгендей, Алматы МС ауа температурасының максимумы ОГУ бойынша 09 сағатта 29,3 °C болса, минимумы 00 сағатта 18,2 ºС байқалған. Айдарлы метеостанциясында ауа температурасының максимумы ОГУ бойынша 09 сағатта 32,1 °C болса, ал минимумы 00 сағатта 21,4 °C бақыланған. Үлкен Алматы көлінде ауа температурасының максимумы сағат 03-те 12,8 °C байқалса, минимумы 09 сағатта 6,0 °C болды. Кестеге сәйкес график құрылды (7 сурет).

7 Сурет - Ауа температурасының тәуліктік жүрісі

Суреттен көргеніміздей, ауа температурасының тәуліктік жүрісінде максимумы Айдарлы және Алматы метеостанцияларында ОГУ бойынша 09 сағаттарда бақыланса, сол сағаттарда ҮАК метеостанциясында минимум мәні бақыланған. Себебі, Үлкен Алматы көлі метеостанциясының географиялық орналасуына жағдайына байланысты.

4.3 Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі

Топырақ беті негізінен күн радиациясын жұту арқылы қызады.Топырақ қызғаннан кейін өзі инфроқызыл жылулық радиация шашады (жылу бөледі). Топырақ бетінің температурасының тәулік бойынша тербелісін, оның тәуліктік жүру жолы дейді. Топырақ температурасының төменгі мәні күн шығар алдында радиациялық баланс теріс кезінде, ал жоғарғы мәні бұлтсыз күні 13 - 14 сағатта радиациялық баланстың максималды кезінде байқалады. Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі төменде көрсетілген (3 кесте, 8 сурет).

3 кесте - Топырақ температурасы тәуліктік жүрісі

Бақылау мерзімі

00

03

06

09

12

15

18

21

Айдарлы МС

18,0

35,5

40,7

45,8

30,8

20,6

20,0

18,5

ҮАК МС

6,3

13,7

12,1

9,3

10,3

7,2

6,4

4,5

Көрсетілген кестеге сәйкес топырақ температурасы тәуліктік жүрісінің графигі тұрғызылды (8 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]